Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет102/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy

17-бап. Дауларды қарау
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден және филиалдарды (өкiлдiктердi) есептiк 
тiркеуден бас тарту, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтару, сол сияқты заңды тұлға 
құрылтайшылары мен тiркеуші органдар арасындағы өзге де даулар бойынша сотқа 
шағым жасауға болады. 
18-бап. Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк 
Мемлекеттік тiркеусiз заңды тұлға ретіндегі қызметке жол берiлмейдi. Мемлекеттік 
тiркеуден өтпей жасалған қызметтен алынған табыстар Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес республикалық бюджеттiң кiрiсiне алынады.
Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттік қайта тiркелуге әкеп соғатын заңды тұлға 
деректерiнiң өзгергенi туралы мәлiметтер бiр ай мерзiмде берілмегенi үшiн Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылық туындайды. 
Тiркеушi орган заңды тұлғаларды, филиалдарды (өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) 
тіркеуден (қайта тіркеуден), заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына, олардың 
филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды 


тіркеуден заңсыз бас тартқан жағдайда, өтініш берушi өзi шеккен залалдардың орнын 
толтыруды сот тәртiбiмен талап етуге құқылы. 
Акционерлік қоғам акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеуге немесе ұлттық 
бiрдейлендiру нөмiрлерiн алуға құжаттарды Ұлттық Банкке белгiленген мерзiмде табыс 
етпеген жағдайда, осы қоғам Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген 
тәртiппен таратылуға немесе қайта құрылуға тиiс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет