Қазақстан Республикасының Конституциясы


-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ



Pdf көрінісі
бет98/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy

14-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ 
акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары 
(өкілдіктері) 
туралы 
ережелерге 
енгізілген 
өзгерістер 
мен 
толықтыруларды мемлекеттік тіркеу
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік 
қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге 
мемлекеттік (есептік) қайта тіркеуге әкеп соқпайтын өзгерістер мен толықтырулар 
енгізілген жағдайда заңды тұлға, филиал (өкілдік) тіркеуші органға бұл жөнінде жарғыға 
(ережеге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 
бір ай мерзімде хабарлайды. 
Хабарламаға заңды тұлға мөрімен бекемделген, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен 
толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен 
үзінді көшірме, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, 
сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары 
(өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні қоса 
беріледі. 
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік 
қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге 
енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу орналасқан жері өзгерген, 
жарғы (ереже) жаңа редакцияда қабылданған жағдайларда жүргізіледі. 
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік 
қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге 
енгізілген, мемлекеттік (есептік) қайта тіркеуге әкеп соқпайтын өзгерістер мен 
толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға: 
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш; 
2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер 
мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының заңды тұлға 
мөрімен бекемделген шешімі не шешімінен үзінді көшірме; 


3) заңды тұлға мөрімен бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал 
(өкілдік) туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мәтінінің үш данасы 
немесе жаңа редакцияда ресімделген, заңды тұлға құрылтай құжаттарының, филиал 
(өкілдік) туралы ереженің үш данасы; 
4) заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы 
ереженің түпнұсқалары; 
5) нақты орналасқан жерін (орналасқан жерін өзгерткен жағдайда) растайтын құжат 
ұсынылады. 
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік 
қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкiлдiктерi) туралы ережелерге 
енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуден бас тарту: 
1) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкiлдiк) туралы ережеге өзгерістер 
мен толықтырулар енгізу тәртібі бұзылған, құрылтай құжаттары (ереже) Қазақстан 
Республикасының заңына сәйкес келмеген; 
2) сот актілері және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдарының қаулылары 
(тыйым салулары, қамауға алулары) болған жағдайларда жүзеге асырылады. 
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік 
қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкiлдiктері) туралы ережелерге 
енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған жағдайда, 
тiркеушi орган оған ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамалық 
актiсiнiң талаптарына сәйкес келмейтiндiгіне сiлтеме жасалған жазбаша түрдегі дәлелдi 
бас тартуды осы Заңның 9-бабында көзделген мерзiмдерде бередi. 
Акционерлік қоғамды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды 
тұлғаның, олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) орналасқан жері ауысқан кезде заңды 
тұлға, филиал (өкілдік) нақты мекенжайы бойынша тіркеуші органға бұл жөнінде 
орналасқан жерін ауыстыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде 
хабарлайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет