капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығының иелiктен шығарылғанын
(бiреуге берiлгенiн) растайтын құжат ұсынылады.
Егер шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі
(жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару
(біреуге беру) шартының тарапы жеке тұлға болып табылатын жағдайда,
жеке тұлға
қолының түпнұсқалығын нотариат куәландыруға тиіс.
Табиғи монополия субъектiлерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн табиғи монополиялар
салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi
органның келiсiмi талап етiледi; тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық
жағдайға ие нарық субъектiлерiн, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды
тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын,
олармен үлестес
тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында
тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта тiркеу үшiн монополияға қарсы
органның келiсiмi талап етіледi.
Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың, сақтандыру және
қайта сақтандыру ұйымдарының, сондай-ақ жинақтаушы
зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
тиісінше Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының
сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы
заңнамасында және Қазақстан
Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген
ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: