15-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк
қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң)
телнұсқасын беру
Тiркеушi орган заңды тұлғаның өтiнiшi бойынша үш жұмыс күнi iшiнде жеке
кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың
филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын бередi.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам,
олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын беру үшiн:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтiнiш;
2) жарғының (ереженiң) телнұсқасын алу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының
заңды тұлға мөрiмен бекемделген шешiмi не шешімінен үзiндi көшірме;
3) жарғы (ереже) түпнұсқасының жоғалғаны туралы ақпараттың мерзiмдi баспасөз
басылымында жарияланғанын растайтын құжат ұсынылады.