Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет106/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy

заңнамасына
 сәйкес 
құрылған ислам арнайы қаржылық компаниясы алған борышты талап ету құқығын 
беруден түсетін табыстар; 
14-1) банкті қайта құрылымдаудың сот бекіткен жоспарында қамтылған, қайта 
құрылымданатын 
активтер 
мен 
міндеттемелер 
тізбесіне 
енгізілген 
банктің 
міндеттемелерін кредитордың есептен шығаруынан түсетін табыстар алып тасталуға 
жатады. 
Осы тармақшаның ережелері дауыс беретін акцияларының 80 пайыздан астамын банк 
кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің 
орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының банктер және 
банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банкке 
қолданылады; 
14-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға акцияларының 
бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, ұлттық даму институты болып 
табылатын банктен кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға 
байланысты алған, талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін табыстар алып 
тасталуға жатады. 
Осы тармақша акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, 
ұлттық даму институты болып табылатын банктің басқару органының осындай кредит 
(қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді жүргізу туралы шешімі болған 
кезде қолданылады. 
15) Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын 
резидент емес заңды тұлға, Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды 
қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып 
табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен алғанды (алуға 
жататынды) өткізуден түскен табыс алып тасталуға жатады. 
Бас банктің күмәнді және үмітсіз актвитерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының 
жылдық жиынтық табысынан Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі 
туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін, мұндай 
ұйымның жылдық жиынтық табысына енгізілген және мұндай ұйымға күмәнді және 
үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын берген банкке аударылған табыстар алып 
тасталады. 
Бұл ретте, алуға жататын табыстарды Қазақстан Республикасының банктер және банк 
қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін 
табыстарға жатқызу уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізіледі. 
Банктің жылдық жиынтық табысынан талап ету құқықтарын беруден түсетін, екінші 
деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс 
беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, 
кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтары мұндай ұйымға бұрын берілген 
ұйымнан сатып алуына байланысты алынған табыстар алып тасталады. 
2. Тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың салық төлеуші осының алдындағы 
салық кезеңінде қолданған әдісінен өзге әдіске ауысқан кезде салық төлеушінің жылдық 


жиынтық табысы бағалаудың жаңа әдісін қолдану нәтижесінде түзілген оң айырма 
сомасына ұлғайтылуға және теріс айырма сомасына азайтылуға жатады. 
Салық төлеуші тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың өзге әдісіне ауысуды 
салық кезеңінің басынан бастап жүргізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет