Қазақстан Республикасының Конституциясы


-бап. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу



Pdf көрінісі
бет109/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy

135-бап. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы бапта көзделген ұйымдардың табыстарына осы бапта белгіленген талаптар 
сақталған кезде салық салуға жатпайды.
2. Осы Кодекстің мақсаты үшін қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын 
ұйымдарға осы тармақта көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын, өтеусіз алынған 
мүлік түріндегі табыстар және депозиттер бойынша сыйақылар ескеріле отырып, олардан 
алынатын табыстар осындай ұйымдардың жылдық жиынтық табысының кемінде 90 
процентін құрайтын ұйымдар жатады.
Әлеуметтік саладағы қызметке мынадай қызмет түрлері:
1) косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтерді қоспағанда, медициналық 
қызметтер көрсету; 
2) білім беру қызметін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге 
асырылатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, 
орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ 
қосымша білім беру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жөнінде қызметтер көрсету; 
3) ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-
техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылым (ғылыми зерттеулер жүргізуді, 
автордың ғылыми зияткерлік меншікті пайдалануын, оның ішінде іске асыруын қоса 
алғанда), спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық іс-шараларынан басқа), 
мәдениет (кәсіпкерлік қызметтен басқа), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 
тарихи-мәдени игілік объектілерінің тізіліміне немесе Тарих және мәдениет 
ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра мен мәдени 
құндылықтарды сақтау (ақпарат таратуды және насихатты қоспағанда) бойынша 
қызметтер көрсету саласындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектерді 
әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызмет; 
4) кітапхана қызметі жатады. 
Осы тармақта көзделген ұйымдардың табыстары олар көрсетілген қызмет түрлерін 
жүзеге асыруға жұмсалған кезде салық салуға жатпайды. 
3. Осы Кодекстің мақсаты үшін қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын 
ұйымдарға мынадай талаптарға сай келетін: 
1) салық кезеңінде мүгедектер саны қызметкерлердің жалпы санының кемінде 51 
процентін құрайтын; 
2) салық кезеңінде мүгедектердің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар еңбекке ақы 
төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемінде 51 процентін (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру 
қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда - кемінде 
35 процентін) құрайтын ұйымдар да жатады. 
4. Қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға акцизделетін тауарлар 
өндіру мен өткізу жөніндегі қызметтен табыстар алатын ұйымдар жатпайды. 
5. Осы бапта көзделген шарттар бұзылған жағдайда, алынған табыстар осы Кодексте 
белгіленген тәртіппен салық салуға жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет