11) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі импорттайтыннан басқа,
бір мезгілде
мынадай талаптарға сәйкес болған:
қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде импортталған инвестициялық
алтынның жалпы салмағы 32 троя унциясынан аспайтын;
қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде импортталған инвестициялық
алтынның жалпы құны мынадай:
импортталған инвестициялық алтынның салмағын
өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы
қауымдастығы белгілеген
алтынның таңертеңгі фиксингіне (бағаның бағамдалуы)
көбейту
өткізу күніне белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына
көбейту
тәртібімен есептелген сомаларды жинақтау жолымен қалыптасқан сомадан аспайтын
кезде инвестициялық алтын импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаның ережелері инвестициялық алтынды:
құймалар;
пластиналар;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған алтын монеталар нысанында
өткізу кезінде қолданылады.
12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі импорттайтын инвестициялық алтын
импорты қосылған құн салығынан босатылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан
босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: