Осы тармақтың ережелері келісімшарт жасалған айдың алғашқы күнінен бастап
қолданылады және оның қолданысы келісімшарт жасалған күннен бастап жеті жылдан
аспайды.
3-2.
Технологиялық
парктер
Қазақстан
Республикасының
индустриялық-
инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамалық актісінде көзделген
қызметтің негізгі түрін жүзеге асыру үшін бөлінген жер учаскелері бойынша жер салығын
есептеу кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0,1 коэффициентін қолданады.
Осы тармақтың ережелерін бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық
қызметті мемлекеттік
қолдау туралы заңнамасына сәйкес құрылған;
2) осындай технологиялық парктердің жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу
үлестері) құнының елу немесе одан астам пайызы технологиялық дамыту саласындағы
ұлттық даму институтына тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы.
4. Осы баптың 2-тармағында аталған жер салығын төлеушілер жер учаскесін немесе
оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бірге не оларсыз)
жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру немесе коммерциялық мақсаттарда пайдалану
кезінде салықты 0,1
коэффициентті қолданбай, осы Кодекстің 55-тарауында белгіленген
тәртіппен есептейді.
5. Арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын
ұйымдар жер салығын осы Кодекстің 151-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында
белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: