Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет116/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy

373-бап

Төлеушілер
1. Мынадай: 
1) жеке меншік құқығындағы; 
2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы; 
3) бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар 
жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады. 
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жерінде 
салық салынатын объектілер бойынша осындай құрылымдық бөлімшесін жер салығын 
дербес төлеуші деп тануға құқылы. 
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай 
тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 
қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше жер салығын дербес төлеуші деп 
танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық 
бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан 
кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 
3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе мыналар: 
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын 
қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер; 
2) мемлекеттік мекемелер; 
3) уәкілетті мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу 
мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары; 
4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан 
соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы 
КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 
маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет 
өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз 
әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен 
наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-анасының 
біpeyі: 
тұрғын-үй қоры, соның ішінде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар 
орналасқан жер учаскелері; 
үй маңындағы жер учаскелері; 
өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу, бағбандық үшін берілген және құрылыс 
алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері; 
гаражға арналған жер учаскелері бойынша; 
5) «Ардақты ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп 
балалы аналар: 


тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар 
орналасқан жер учаскелерi бойынша; 
үй маңындағы жер учаскелерi бойынша; 
6) жеке тұратын зейнеткерлер: 
тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар 
орналасқан жер учаскелерi бойынша; 
үй маңындағы жер учаскелерi бойынша; 
7) діни бірлестіктер жер салығын төлеушілер болып табылмайды. 
4. Осы баптың 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында аталған салық төлеушілер 
пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берілген жер учаскелері бойынша 
салық төлеушілер болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет