6. Тұтыну кооперативiнiң құқықтық жағдайы, сондай-ақ оның мүшелерiнiң құқықтары
мен мiндеттерi осы Кодекске сәйкес заң құжаттарында белгiленедi.
7. Селолық тұтыну кооперативтерi тек өз мүшелерiнiң ғана емес,
селолық жерлерде
тұратын басқа адамдардың да материалдық және өзге қажеттерiн қанағаттандыру үшiн
құрылуы мүмкiн.
Селолық тұтыну кооперациясының ерекшелiктерi осы бапқа сәйкес арнайы заңда
белгiленедi.
8. Өзара сақтандыру қоғамдары - тұтыну кооперативтері қызметінің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: