188-бап.
Меншiк құқығы ұғымы және оның мазмұны
1. Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары
арқылы танылатын және
қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану
және оған билiк ету
құқығы.
Меншiк құқығы мәмiле жасалған кезде болған барлық жүктемелерiмен басқа адамға
берiледi.
2. Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады.
Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде
қамтамасыз ету.
Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы
табиғи қасиеттерiн алудың,
сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм, жемiс, төл
алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн.
Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзіндегі тағдырын белгiлеудiң заңмен
қамтамасыз етiлуi.
3. Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер
жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп,
иелiгiнен шығаруға,
өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету
жөніндегі өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен
ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы.
4. Меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттiң
құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға тиiс.
Құқықтар мен заңды
мүдделердi бұзушылық басқа нысандарымен қатар, меншiк иесiнiң өзiнiң монополиялық
және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрiнуi мүмкiн.
Меншiк иесi өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен
айналадағы ортаға келтiрiлуi мүмкiн зардаптарға жол
бермеу шараларын қолдануға
мiндеттi.
5. Меншiк құқығының мерзiмi шексiз. Мүлiкке меншiк құқығы осы Кодексте
көзделген негiздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкiн.
6. Заң құжаттарында
көзделген реттерде, жағдайлар мен шектерде меншiк иесi өз
мүлкiн басқа адамдардың шектеулi түрде пайдалануына жол беруге мiндеттi.
Достарыңызбен бөлісу: