6. АТА-АНАЛАРМЕН ЖӘНЕ АТА-АНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫМЕН ЖҰМЫС
Ата-аналармен және ата-аналар қауымдастығымен жұмыс
Модельдің 48-51 т.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі алдынаМодельді іске асырудабалаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жауапкершілікті жүзеге асыруда ата-аналарға көмек көрсету жолымен оларды педагогикалық процеске белсенді қатысушылар ретінде тарту мақсаты қойылған. Аталған мақсатқа қол жеткізуде мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін:
1) әр тәрбиеленушінің отбасымен әріптестік қарым-қатынас орнату;
2) балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру;
3) өзара түсіністік атмосферасын құру, мүдделердің ортақтығын, мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілері мен педагогтері, ата-аналар арасында қарым-қатынасқа деген оң көзқарас пен тілектестікті қолдау;
4) балалардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен сындарлы ынтымақтастықта қарым-қатынас орнату үшін педагогтерді даярлау көзделеді.
Ата-аналармен жұмыста ата-аналар жиналыстарының жаңа форматтары, олар тренингтер, семинарлар, «игі істер күндері», ата-аналардың қатысуымен педагогикалық кеңес, ата-аналар конференциясы, ата-аналармен бейресми байланыс орнатуға, олардың назарын мектепке дейінгі ұйымға аударуға бағытталған дәстүрлі емес қарым-қатынас нысандары түрінде өтуге тиіс, ата-аналар өз баласын жақсы білуі керек, оны басқа, өзі үшін таныс емес жағынан көруі тиіс, педагогтермен өзара қарым-қатынаста болуы қажет. Сонымен қатар, жеке және топтық консультациялар, ата-аналар жиналыстарын, проблема бойынша пікірталастар, «ауызша журналдар», педагогикалық қонақ бөлмелерін, сұрақ-жауап кештерін, «ток-шоу» өткізу, ұйымдастырылған оқу қызметінің бейнежазбаларын және режимдік сәттерді қарау, содан кейін талқылау және басқалары ұсынылады.Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың ата-аналары үшін белсенді етудің интерактивті әдістерін қолдану, сұхбаттасу, талқыланатын проблеманы рейтингтік бағалау, әрқилы бірнеше көзқарасты талқылау ұсынылады.
Отбасымен жұмысты ұйымдастырудың негізгі қағидалары:
- ашықтық;
- ынтымақтастық;
- формализмнің болмауы;
- белсенді дамытушы орта құру;
- диагностика;
- бақылау.
Педагогтердің міндеті ата-аналармен өзара қарым-қатынастың оң эмоционалды микроклиматын құру, отбасын біріңғай білім беру кеңістігіне тарту болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |