46
«Қазақ тілі» оқу пәні
(оқыту қазақ тілінде)
«Қазақ тілі» пәні – бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің
бастапқы өзегі. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты –
сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту
арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту
және оны тілдік нормаларды
сақтай отырып оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану.
Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі – білім алушылардың
сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын
жүргізіп отыру.
Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 2-сыныпта – аптасына 4 сағатты, оқу жылында – 136 сағатты;
2) 3-сыныпта – аптасына 4 сағатты, оқу жылында – 136 сағатты;
3) 4-сыныпта – аптасына 4 сағатты, оқу жылында – 136 сағатты құрайды.
«Қазақ тілі» пәнін оқытуда мынадай педагогикалық тәсілдемелер мен
технологияларды қолдануға болады:
1) оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі –
әрекеттік тәсілдеме (сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша дамыту);
2) дамыта оқыту технологиясы (білім алушылар оқу әрекетінің жүйесін
игереді, өзінің іс-әрекетін жоспарлауды және оны басқаруды үйренеді);
3) зерттеушілік тәсілдеме (білім алушылар «нені білемін?,
нені білгім
келеді?, нені үйрендім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
4) саралап оқыту технологиясы (білім алушыларды қабілетіне,
мүмкіндігіне, ерекшелігіне қарай оқыту міндетін қою);
5) жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (білім алушы білімді дайын күйінде алмай,
оны өзі өндіруден, өз оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынудан, оның
ережелер жүйесін түсіну
мен қабылдаудан, жетілдіруге белсенді қатысудан
тұрады).
Пәннің мазмұны мәтін түрлері, көркем шығармалар мен аутентті
материалдар арқылы білім алушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен
толықтыруды, оқығаны бойынша пікір
білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі
бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және
жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып,
мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалауды,
мәтін бөлімдері
арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, сөйлеу мәдениетін
қалыптастыруды қамтиды.
Тілдің
фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық
құбылыстары мен фактілері өзара байланыста
оқытылады және олар білім
алушылардың сөйлеу практикасында қолдануға бағытталады.
Оқу мақсаты бір тоқсан ішінде сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша
үйлестіріледі. Сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, айтылым, оқылым,
жазылым) бойынша оқу мақсаттарын біріктіре алады. Бір сабақта
әртүрлі негізгі дағдылардың 2-3 оқу мақсатын біріктіруге болады. Білім
47
алушылардың оқу мақсатын меңгеру деңгейіне қарай
мұғалім сағат санын өзі
бөле алады.
Пән бойынша 2-4-сыныптардағы жазба жұмыстарының көлемі келесі
кестеде көрсетілген (2-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: