Ұлттықтәрбие аясында жаңа оқу жылында білім алушылардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту мақсатында цифрлық дәуір ерекшеліктерімен байланыстыра отырып «Дәстүрменғұрып» жобасы іске асырылатын болады.
Әрбір халық өзінің төл мәдениетін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын салт- дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын сақтауы тиіс. Дәстүр жастарды тәрбиелеуде, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, ұлттық кодты сақтау қажет. Бұл жағдайда қазақ халқының мәдени мұрасын, салт-дәстүрлерін, сондай-ақ ұлттық тағамдарын т.б. зерделеу – өзекті міндеттердің бірі.
Оқушылар мемлекеттік тіл – қазақ тілін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік атрибуттары: мемлекеттік рәміздерін білуі тиіс. Осы негізде конкурстар мен олимпиадаларды тұрақты түрде өткізу; әрбір мектепте мұражай ашу; көрнекті тұлғалармен, даңқты спортшылармен, ғалымдармен,
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының білім алушылармен кездесулерін өткізу; сондай-ақ өңірдің тарихи-мәдени мұра объектілерінде мектеп оқушылары үшін өлкетану бойынша тақырыптық сабақтар өткізу өзектілігін жоғалтпайды.
Аталған бағыт шеңберінде: «Менің Отаным – Қазақстан» (балалар мен жасөспірімдер туризмі мен өлкетануды дамыту, экспедициялар, саяхат, экскурсиялар ұйымдастыру), «Тарих мұрасы», «Өз жеріңді таны» (өлкетанулық білімі мен мектеп туризмін, тарихи-археологиялық қозғалысты жандандыру, туған өлкенің тарихын, мәдениетін, дәстүрін терең зерттеу) «Табиғатым – тал бесігім» (туған жерге жауапкершілікпен, аялап қарау) жобаларын жүзеге асыруды жалғастыру маңызды.
«Дәстүр мен ғұрып» жобасын іске асыру үшін академия әзірлеген
«Қазақстанның киелі орындары – Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша тәрбие жұмысының модельдері» әдістемелік ұсынымдары әдістемелік нұсқаулық болады (https://www.nao.kz).