БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,
ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
35
«Химия» оқу пәні бойынша білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлауы мен креа-
тивтілігін дамыту материалды терең түсінуге және білімді жаңа мәнмәтінде қол-
дануға ықпал етеді. Мысалы, қандай заттардың реакцияға қатысатынын, олар-
дың бір-бірімен қалай қарым-қатынас жасайтынын және қандай өнімдердің
пайда болатынын сезіне отырып, химиялық міндеттерді және проблемаларды
(мәнмәтіндік тапсырмаларды) шешу, білім алушыларға химияны түсінуді терең-
детуге көмектеседі (8.2.3.5 химиялық реакция теңдеулері бойынша заттың мас-
сасын, зат мөлшерін есептеу); климаттың өзгеруін тежеу үшін парниктік газдар
шығарындыларын азайтудың тиімді стратегияларын ұсынуға және қолдануға
көмектесетін, талдауды және қолдануды талап ететін жеке эксперименттерді
әзірлеу (8.3.1.2 парниктік эффектінің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын
ұсыну); өз пікірлерін білдіру, оларды дәлелдеу және басқалардың көзқарастары-
на қарсы тұру үшін қажет тапсырмаларды пайдалану, бұл химия мен күнделікті
өмір арасындағы өзара байланысты жақсы түсінуге, сондай-ақ қоршаған орта
мен денсаулық проблемаларына саналы көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік
береді (мысалы, «9.4.2.1 қышқылдық жаңбырлардың пайда болу себебі мен эко-
логияға тигізетін әсерін түсіндіру»).
Достарыңызбен бөлісу: