Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды қорытынды аттестаттау



Pdf көрінісі
бет59/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды қорытынды аттестаттау
№125 бұйрықтың 66-тармағына сәйкес ерекше білім беруді қажет ететін білім 
алушыларға және жеке оқу бағдарламасы бойынша оқитын білім алушыларға 
қорытынды аттестаттау өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың 
жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес шешеді. 
№272 бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес 
қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының 
3-тармағының 5-тармақшасына сәйкес педагогикалық кеңес ұсынылған құжат-
тар негізінде білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу, оларды емти-
хандарға жіберу, білім алушыларды емтихандардан босату жөнінде шешім қа-
былдайды. 


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
84
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттар-
дың түрлерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім тура-
лы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен 
беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған 
адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республи-
касы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына 
сәйкес зияты зақымдалған жалпы білім беретін мектептердің түлектері БТ сери-
ясының аттестатын алады, оған Қосымшада білім алушыларға қандай оқу пән-
дері оқытылмағаны көрсетіледі. 
Назар аударыңыз! 
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қорытынды аттестаттауды ұйымдасты-
ру бойынша әдістемелік ұсынымдармен Академияның сайтынан келесі сілтеме 
бойынша танысуға болады: https://uba.edu.kz/qaz/metodology/3?page=22 
Мектепте педагог-ассистенттің қызметін ұйымдастыру 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы
12 қаңтардағы № 6 бұйрығына сәйкес педагог-ассистенттің қызметтері ПМПК 
ұсынымдары негізінде психофизикалық дамуы мен мінез-құлық бұзылыстары 
бар білім алушыларға тұрақты негізде ұсынылады.
№ 4 бұйрықпен бекітілген Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидала-
рына ҚР БҒМ МДОБК 04.04.2022 ж. № 1-6/543 әдістемелік нұсқау хатына сәйкес 
педагог-ассистенттің жеке сүйемелдеуі мінез-құлық бұзылыстары келесі сипат-
та көрінетін білім алушыларға ұсынылады:
1. білім алушының сабақта мінез-құлық ережелерін орындай алмауы: партада 
отыра алмайды, орнынан тұрады, сыныпта жүреді; мұғалімнің талаптарын 
орындамайды;
2. білім алушының не істеу керектігін түсінуін қамтамасыз ету үшін үнемі жеке 
көмек пен мұғалімнің қолдауы қажет болған кезде мұғалімнің фронтальді 
нұсқаулары мен ауызша түсіндірмелерін қабылдау немесе түсіну қиындықта-
ры; 
3. сабақта өзін-өзі ұйымдастырудың және өзін-өзі бақылаудың қиындықтары: 
білім алушы сабаққа өзі дайындала алмайды, ересек адамның көмегінсіз сы-
нып жұмысына қосыла алмайды, сынып тапсырмаларын орындамайды;
4. мінез-құлық және эмоциялық бұзылыстары бар білім алушылар: білім алушы 
дауыстап сөйлейді, себепсіз күледі, айқайлайды, жылайды, балалардың на-
зарын өзіне аудартады және сынып/топтың жұмысына кедергі келтіреді; сы-
ныптастарына, тәрбиешілеріне, басқа адамдарға (ұрады, тістейді, заттарды 
лақтырады және т.б.) өзіне және/немесе өзгелерге агрессия көрсетеді.


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
85
Педагог-ассистенттің мектептегі көмегі уақытша негізде – баланың сыныпта/топ-
та өз бетінше оқу қабілетін қалыптастырғанға дейін немесе қарым-қатынас пен 
әлеуметтік өзара әрекеттестігі тұрақты бұзылған балаларға тұрақты негізде ұсы-
нылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет