Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


Мектепте инклюзивті мәдениетті қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет60/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

Мектепте инклюзивті мәдениетті қалыптастыру
Мектептерде инклюзивті мәдениетті қалыптастыру мақсатында келесі жұмыс 
түрлерін ұйымдастырған жөн: 
• 
ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарының қатысуымен 
ата-аналар клубтары; 
• 
ерекше білім беруді қажет ететін балалардың өзге қатарластарымен бей-
ресми қарым-қатынасының әртүрлі формалары: көгалға шығу, шай ішу, ой-
ындар, мерекелерді бірге өткізу, мұражайларға бару, экскурсиялар, әлеумет-
тік желілердегі байланыс және т.б.; 
• 
балалар мен сынып ата-аналарының, пән педагогтерінің, сынып жетекшісінің, 
педагог-психологтің, әлеуметтік педагогтің, логопедтің (педагог-дефектолог), 
медицина қызметкерінің, педагог-ассистенттің қатысуымен ерекше білім бе-
руді қажет ететін балаларға көмек көрсетудің ерекшеліктері мен жолдарын 
талқылау бойынша консилиумдар; 
• 
ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың табысты өмірі мен кәсіби ман-
сабын, өз қабілетін жүзеге асыруын көрсететін көркем фильмдерді балалар-
дың, ата-аналардың және сынып педагогтерінің бірлесіп қарауы және талқы-
лауы; 
• 
ерекше білім беруді қажет ететін балаға пәрменді көмек көрсете алған пе-
дагогтердің ата-аналарға, әріптестерге тәжірибемен бөлісуге арналған ма-
стер-класстары мен тренингтері, ашық сабақтары және консультациялары; 
• 
сыныпта білім беру процесінің барлық қатысушыларымен (педагогтер, бала-
лар, ата-аналар) туындаған проблемалар мен оларды шешу жолдарын бір-
лесіп талқылау; 
• 
сыныпта оқитын ерекше білім беруді қажет ететін нақты балалардың ерек-
шеліктері және оны қолдау тәсілдері туралы мамандардың (психолог, дефек-
толог, медицина қызметкері) дәрістері мен консультациялары.
Назар аударыңыз! 
Мектепте инклюзивті мәдениетті дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдармен 
Академия сайтынан келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://uba.edu.kz/
qaz/metodology/3?page=22 


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
86


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет