Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



Pdf көрінісі
бет62/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

Бастауыш білім деңгейі
0-сыныпта оқу жылының ұзақтығы 32 оқу аптасын, 1-сыныпта 33 оқу аптасын, 2-4 сынып-
тарда 34 оқу аптасын құрайды.
Бастауыш сыныптарда (үйден тегін жеке оқытуды қоса алғанда) білім беру қызметін 
тиісті бейіндегі арнайы педагогтер немесе тиісті бейінді қайта даярлау туралы сертифи-
каты (куәліг) бар педагогтер жүргізеді.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген, сөйлеу тілінің күрделі 
бұзылыстары бар балаларға арналған мектептерде/сыныптарда тиісті бейіні бойынша 
біліктілікті арттыру/қайта даярлаудан өткені туралы сертификаты (куәлігі) болған жағдай-
да бастауыш сынып мұғалімдері оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізе алады.
Негізгі орта білім деңгейі
5-10 сыныптарда оқу жылының ұзақтығы - 34 оқу аптасын құрайды.
5-10 сыныптарда (оның ішінде үйде жеке тегін оқыту кезінде) білім беру қызметін арнайы 
мектеп/сынып бағытына сәйкес біліктілікті арттыру курстарынан өткен пән мұғалімдері 
жүзеге асырады. 
Арнайы мектептердің/сыныптардың түлектері (зияты зақымдалған оқушыларды 
қоспағанда) алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі аттестат алады.
Жалпы орта білім деңгейі
Арнайы мектептер/сыныптар жағдайында 11-12 сыныптарда көру, есту қабілеті 
зақымдалған, тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар білім алушылар жалпы орта білім 
алады. Бейіндік оқыту екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: қоғамдық-гуманитарлық 
және жаратылыстану-математикалық. Бір немесе екі бағытты таңдауды мектеп білім 
алушылардың қажеттіліктері мен ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып жүзеге 
асырады. 
Зияты зақымдалған балаларды оқытуды ұйымдастыру
Зияты зақымдалған балаларды оқыту зияты жеңіл және орташа түрде зақымдалған білім 
алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. Үлгілік оқу 
жоспарының білім беру салалары мен оқу пәндері, сондай-ақ оқу бағдарламалары мен 
оқулықтардың мазмұны МЖМБС мазмұнына бағытталмаған.
Есту, көру және тірек-қимыл аппараты зақымдалған білім алушыларға арналған арнайы 
мектептерде зияты зақымдалған білім алушылар анықталған жағдайда 4-6 оқушыны 
құрайтын арнайы сыныптар құрылады. Сыныптарда оқыту мектеп түріне сәйкес үлгілік 
оқу жоспарынан түзету компонентін енгізе отырып, зияты зақымдалған балаларға ар-
налған үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Арнайы мектептің, жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптардың зияты жеңіл 
және орташа зақымдалған білім алушылардың осы санаты үшін белгіленген үлгідегі ат-
тестат алады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
88
қаңтардағы № 39 бұйрығына сәйкес). Зияты зақымдалған білім алушылар екінші жылға 
(қайта оқыту) қалдырылмайды.
Арнайы мектеп/сынып жағдайында зияты зақымдалған білім алушыларды оқыту кол-
леджде тиісті мамандық бойынша білім алу мүмкіндігімен 10-сыныппен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет