Арнайы білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ/СЫНЫПТАРДА БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ «Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу
жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына (08.02.2024 № 27 өзгертулер мен толықты-
рулармен), «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің,
таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту тура-
лы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 (27.07-ге өзгерістер мен толықтырулармен. 2017 жылғы № 352, 20.09.2018 жылғы №
469, 05.02.2020 жылғы № 51, 01.04 2022 жылғы № 123) бұйрығына сәйкес жүзеге асырыла-
ды.
ОҚУ ЖОСПАРЫ МЕН БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Оқыту білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндік-
терін ескере отырып, негізгі орта білім берудің оқу бағдарламары негізінде әзірленген
арнайы оқу бағдарламаларын (бағдарламалар Арнайы және инклюзивті білім беруді да-
мытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталықтың special-edu.kz сайтында орналасқан),
сонымен қатар жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын пайдалана отырып жү-
зеге асырылады.
Оқу процесінде арнайы оқу-әдістемелік кешендер, сондай-ақ жалпы білім беретін мек-
тептерге арналған оқу-әдістемелік кешендер пайдаланылады.
ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Үлгілік оқу жоспарының түзету компоненті бойынша сабақтарды «Дефектология» («Ар-
найы педагогика») мамандығы бойынша және/немесе арнайы мектеп/сынып түріне
сәйкес Білім беру бағдарламасы бойынша жоғары педагогикалық білімі бар педагогтер
жүргізеді.
Түзету компонентінің пәндерін оқу жоспарының инвариантты компонентінің пән-
дерімен ауыстыруға, сондай-ақ бөлінген сағаттар санын қысқартуға жол берілмейді.
Зияты зақымдалған балаларға арналған арнайы мектептерде/сыныптардағы білім беру
қызметін олигофренопедагог жүзеге асырады.
Қажетті жағдайларды жасау кезінде (ұйқы және демалыс) бастауыш білім беру деңгей-
індегі арнайы мектептердің/сыныптардың жұмысы бұзылыстарды жеңу және орнын то-
лықтыру, қажетті қорғаныс (сөйлеу, қозғалыс) педагогикалық режимін қамтамасыз ету
үшін ұзартылған күн режимінде, әлеуметтік дағдыларды дамыту бойынша ұйымдасты-
рылады.
Оқу күн тәртібі білім алушылардың шаршау мүмкіндіктерін ескере отырып белгіленеді:
үзіліске демалу үшін жеткілікті уақыт бөлінумен және бірінші ауысымда оқыту жүзеге
асырылады.