Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


•  академиялық адалдық қағидаттарына негізделген формативті (қалыптасты- рушы) бағалау тәжірибесінің маңыздылығына сенімді; •



Pdf көрінісі
бет66/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

• 
академиялық адалдық қағидаттарына негізделген формативті (қалыптасты-
рушы) бағалау тәжірибесінің маңыздылығына сенімді;
• 
мектептің дамуына ықпал ететін шешімдер қабылдау үшін сыныпта бағалау 
деректерін пайдалануда кәсібилік, сенімділік және әдептілік танытады;
• 
бағалау деректерін, оның ішінде олардың сенімділігі мен жарамдылығын 
талдауды түсінеді;
• 
үздіксіз кәсіптік оқыту және педагогтармен өзара іс-қимыл жасау есебінен 


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
92
бағалау саласында өзінің сауаттылығын арттырады;
• 
мектепте бағалау саласындағы педагогтердің кәсіби дамуы мен қолдауына 
негізделген бағалау мәдениетін насихаттайды. 
Назар аударыңыз! 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін жетілдіру бой-
ынша әдістемелік ұсынымдармен Академия сайтынан танысуға болады https://
uba.edu.kz/qaz/metodology/3
Жиынтық бағалау 
Жиынтық бағалау (ЖБ) бөлімдерді / өтпелі тақырыптарды (БЖБ), тоқсанды (ТЖБ), 
оқу жылын (9 және 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау) зерде-
леу аяқталғаннан кейін оқу материалының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау 
және белгілеу үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды білдіреді.
Педагогпен бірге ЖБ өткізген кезде келесі нормаларды басшылыққа алады:
• 
нысанды (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, 
диктант, презентация, эссе, тестілеу) және БЖБ орындау үшін сабақта өт-
кізілетін уақытты педагог 
дербес
айқындайды;
• 
ЖБ жүргізу кезінде педагогтердің ТЖБ және ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу 
кезінде, білім алушылардың – оларды орындау кезінде 
академиялық адал
-
дық
қағидаттарын сақтауы жоғары маңызға ие.
• 
ЖБ тапсырмаларын педагогтер 
дербес
құрастырады және 
үлгілік оқу бағдар
-
ламаларына
сәйкес білім алушылар өткен материалды қамтиды.
• 
ТЖБ тапсырмаларының жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін оны өткізер 
алдында 
педагогтардың әдістемелік бірлестігінің отырысында 
тапсырма-
лардың оқу мақсаттарына сәйкестігі, тапсырмалар көлемі, тапсырмаларды 
орындауға арналған нұсқаулықтар, орындалу уақыты талқыланады. Осылай-
ша, бағалаудың объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін балл қо-
юды стандарттау жүргізіледі;
• 
БЖБ тоқсанына үш реттен артық емес жүргізіледі. Бөлімдер/тақырыптар тоқ-
сандағы төрт немесе одан да көп бөлімдерді / тақырыптарды зерттеу кезінде 
тақырыптардың ерекшеліктерін және оқу мақсаттарының санын ескере оты-
рып біріктіріледі. Оны екі кезеңде жүргізуге рұқсат етіледі;
• 
оқу пәндерінің күрделілік деңгейін ескере отырып, бір күнде үштен аспай-
тын ТЖБ өткізіледі. ТЖБ тоқсанды аяқтаудың соңғы күнінде және бір уақытта 
бір оқу пәні бойынша БЖБ және ТЖБ өткізілмейді;


ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
93
• 
ТЖБ жазбаша нысанда өткізілетін оқу пәндері бойынша даулы мәселелер 
туындаған кезде оқыту нәтижелерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз 
ету үшін педагогикалық кеңестің шешімі бойынша педагогтер эссе үшін баға 
қойылғанға дейін 1 (бір) күннен кешіктірмей 
модерация
жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет