Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
102
Сонымен қатар, жас педагогтердің біліктілігін арттыру жұмыстарын жүйелі
жүргізу қажет. Бұл қызметіне жаңа кіріскен жас педагогтерді қолдау, олардың
кәсіби дамуын қамтамасыз ету және педагогикалық қоғамдастықтағы сабақта-
стықты қамтамасыз ету тұрғысынан өзекті. «Педагог мәртебесі туралы» ҚР
Заңына сәйкес қызметіне алғаш кіріскен педагогтерге бір оқу жылы кезеңіне
тәлімгер бекітіледі. Білім беру ұйымдарында тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі
«Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын
педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР БҒМ-ның 2020 жылғы
24 сәуірдегі №160 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Бұл құжатта тәлімгерлік про-
цесін ұйымдастыру, мектеп әкімшілігі, тәлімгер мен жас педагогтің міндеттері,
тәлімгерлерді ауыстыру, тәлімгерге тағайындау т.б талаптар мен шарттары көр-
сетілген.
Мектеп әкімшілігі мен тәлімгерлерде білім беру ұйымында тәлімгерлікті ұй-
ымдастыру барысында тәлімгерлік жоспарын әзірлеу, жас педагогтің кәсіби
дайындығын диагностикалау, жас педагогтің кәсіби дамуына қолдау көрсету,
тәлімгер мен жас педагог арасындағы кәсіби қарым-қатынас мәдениетін қалып-
тастыру т.б. мәселелер бойынша көптеген сұрақтар туындайды. Осыған байла-
нысты, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА қызметкерлері «Орта білім беру ұйымда-
рында тәлімгерлікті жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдар» әзірледі.
Назар аударыңыз!
Орта білім беру ұйымдарында тәлімгерлікті жетілдіру бойынша әдістемелік ұсы-
нымдар келесі сілтеме арқылы қолжетімді: https://uba.edu.kz/qaz/metodology/3
Жарияланымдық белсенділік – бұл педагогтердің инновациялық іс-әрекетінің
тәжірибесін және педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін тарату әдісі. Жа-
рияланымдық белсенділіктің ең кең таралған түрлерінің бірі – мақала жазу.
Мақала жазу арқылы педагогтер өздерінің табысты тәжірибелерімен, экспери-
менттерімен, зерттеу нәтижелерімен бөлісе алады, сонымен қатар білім берудің
өзекті мәселелерін шешудің жаңа тәсілдерін ұсына алады.
Мақала жазу – бұл жүйелі көзқарасты, шығармашылықты және мұқият дайын-
дықты қажет ететін процесс.
Достарыңызбен бөлісу: