БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІ МЕН БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН
ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ
99
туралы кері байланыс алу т.б. мәселелер үшін педагогтерге өздерінің өңіріндегі
әдістемелік орталықтағы (кабинеттегі) пән әдіскеріне жүгіну ұсынылады.
Сонымен қатар, педагогтердің біліктілігін арттыруда мектеп ішіндегі әдісте-
мелік бірлестіктің сапалы жұмысы маңызды. Академиялық зерттеулердің
нәтижелері мектептегі
педагогтердің кәсіби дамуында, өзара тәжірибе ал-
масуын ұйымдастыруда, ұйымның және білім алушылардың академиялық
жетістіктерін арттыруда педагогтердің пән бойынша әдістемелік бірлестіктері
маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Сондықтан
оқу-тәрбие процесін жақсар-
туды көздейтін мектеп әкімшілігі алдымен әдістемелік бірлестіктердің жүй-
елі қызметін қамтамасыз етуі маңызды. Білім беру ұйымдарында әдістемелік
қызметті ұйымдастырудың құқықтық негізі «Мәдениет саласындағы білім
беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және
ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге
асыру қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы
10 тамыздағы № 253 бұйрығымен қамтамасыз етілген.
Әдістемелік бірлестіктің оқу жылына арналған жұмыс жоспарының болуы шарт.
Жұмыс жоспарында әдістемелік бірлестік ішіндегі шаралардан бөлек мектеп-
тегі басқа әдістемелік бірлестіктерге, сондай-ақ көрші мектептердегі осындай
әдістемелік бірлестіктерге арналған тәжірибе
бөлісу жұмыстарын ұйымдасты-
ру керек. Сонымен қатар, жоспарда білім алушылардың біліміндегі тақырыптық
олқылықтарды анықтау және толықтыру бойынша шаралар, оқуға ынтасы төмен
балалармен қосымша жұмыстар, дарынды балалармен қосымша сабақтар, оқу
бағдарламаларын орындаудағы қиындықтар сияқты пән бойынша оқу-тәрбие
процесін тиімді ұйымдастыруға қажетті шараларды қарастыру ұсынылады.
Әдістемелік бірлестік шеңберінде сабақтарды өткізуге байланысты мәселе-
лерді жүйелі түрде талдау, сабақ жоспарларын бірлесіп әзірлеу, жекелеген білім
алушылардың үлгерімінің прогресі мен регресін талдау, оқуға ынтасы төмен
балаларды қолдау үшін қосымша шаралар қабылдау, сондай-ақ дарынды бала-
лармен және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жүргізу
маңызды.
Педагогтің кәсіби дамуындағы маңызды тәсілдің бірі –
педагогтің өзін-өзі дамы-
туы, инновациялық, ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметі. Педагогтің
зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыруы инноваци-
ялық педагогикалық жаңалық ашуға алып келеді, нәтижесінде педагогтік прак-
тикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге негіз болады. Педагог-
тердің өз қызметін жақсарту жолында ізденуі, инновациялық тәжірибе енгізуге
ұмтылуы олардың кәсіби өсуіне және білім сапасының артуына ықпал етеді.
Педагогтің инновациялық қызметінің (бағдарламалар, әзірлемелер,
практика-
лар) тиімділігі мен сапасын анықтау қажет. Бұл көп жағдайда конференциялар-
да/симпозиумдарда баяндама жасау, ғылыми басылымдарда мақала жариялау
және конкурстарға қатысу арқылы жүреді. Педагог конференцияны, конкурстар
мен басылымдарды таңдау барысында назар аударуы тиіс критерийлер төмен-
де берілген.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
100
Педагогтер мен білім алушыларға арналған конкурстар тізбесі «Жалпы білім
беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар
мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар
конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының
және спорттық жарыстар-
дың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 514 бұйрығымен бекітілген. Егер, конкурс бұл тізбеде болмаған жағдайда
жергілікті әдістемелік кабинетке (орталыққа) немесе ұйымдастырушылармен
хабарласып, қосымша ақпарат алу ұсынылады.
Инновациялық педагогикалық
жаңалықты зерделеумен, жинақтаумен және
тиімділерін жалпылаумен мектептегі әріптестері немесе әдістемелік бірлестік,
мектеп әкімшілігі, аудандық және облыстық әдістемелік кабинеттегі (орта-
лықтағы) әдіскерлер, Республикалық оқу-әдістемелік кеңес айналысады. Бұл
құрылымдар өз деңгейінде инновациялық жобаларды зерттеп, бағалап, тарату-
мен айналысады. Мектеп деңгейінде тиімді деп бағаланған инновациялық пе-
дагогикалық тәжірибе әрі қарай сол мектептегі басқа педагогтер немесе басқа
білім беру ұйымдарында қолдану үшін ұсынылады. Ал, аудандық, қалалық неме-
се облыстық әдіскерлер тиімділігін анықтаған инновациялық практикалар сәй-
кесінше сол әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан педагогтер мен білім беру
ұйымдарына енгізу үшін таратылады. Өз кезегінде Республикалық оқу-әдісте-
мелік кеңесте мақұлданған педагогтердің инновациялық тәжірибелерін барлық
республикаға жалпылауға болатынын білдіреді.
Мектептегі бұл жұмысты мектеп директорының орынбасары, білім беру ұйымы-
ның пәндік әдістемелік бірлестігінің меңгерушісі жүргізеді. Олар педагогтің ин-
новациясын зерделеу, бағалау үшін арнайы сараптама жүргізетін топ құрғаны
дұрыс. Сонымен қатар, әдістемелік кабинет (орталық) әдіскерлері де бұл жұмы-
сты жүзеге асырады. Әр деңгейдегі әдістемелік орталық (кабинет) жанында осы
мақсатта сараптамалық топ болуы тиіс. Егер педагог
өзі ұсынған тәжірибенің,
жаңалықтың тиімділігін анықтаса, онда конференциялар, семинарлар т.б. шара-
лар мен заманауи коммуникациялық құралдардың көмегімен өзі де әрі қарай
ілгерілету және басқа әріптестерінің оны ендіруіне қолдау білдіруі маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: