Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы
98
Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы.
Педагогтің кәсіби дамуы бойынша құқықта-
ры мен міндеттері «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңында көрсетілген. Оған
сәйкес, педагог «ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жү-
зеге асыруға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды ен-
гізуге», «үш жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыруға», «үздіксіз кәсіптік
дамуға және біліктілікті арттыру нысандарын таңдауға» құқылы (7-бап). Сонымен
қатар, «өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық дең-
гейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір
реттен сиретпей арттыруға (растауға)» міндетті (15-бап).
Педагог мемлекет ұсынған шарттар аясында және өз әлеуеті шеңберіндегі мүм-
кіндіктерді пайдаланып өзін-өзі кәсіби тұрғыдан жетілдіруі қажет. Білім берудің
қазіргі жүйесінде педагогтердің кәсіби дамуы негізінен біліктілікті арттыру кур-
старына қатысу, әдістемелік орталық (кабинет) әдіскерлерінің көмегімен, өзара
тәжірибе алмасу және білім алушылардың әртүрлі жағдайларда және бейтаныс
өмірлік жағдаяттарда білімін қолдануын жеңілдететін құзыреттіліктер мен жұм-
сақ дағдыларды дамытуға бағытталған құзыреттілікке негізделген білім беру па-
радигмасын іске асыру саласында педагогтің өзін-өзі жетілдіруі арқылы жүзеге
асырылады.
Педагогтер үш жылда бір реттен сиретпей біліктілік арттыру курстарынан өтеді.
Педагогтерге арналған курстың бағдарламасы да
уәкілетті орган белгілеген
тәртіппен сараптамадан өтеді. «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының
білім
беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және
бекіту қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020
жылғы
4 мамырдағы № 175 бұйрығы бойынша әзірленуі және сараптамадан өтуі тиіс.
Сондықтан, біліктілігін арттыруға ынталы педагог
білім саласындағы уәкілетті
органның сайтынан немесе әдіскерге хабарласу арқылы курс өткізетін ұйымдар
тізімін және курс тақырыбының білім беру бағдарламаларының тізілімінде бар
екенін біліп алу маңызды.
Педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетуде әдістемелік орталықтардың (каби-
неттердің) қызметі маңызды. Әдістемелік кабинет (орталық) әдіскерлерінің мін-
деті педагогтердің шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-
өзі жетілдіруіне көмектесу. Білім саласындағы соңғы өзгерістерді білу, жаңа оқу
жылын ұйымдастырудың ерекшеліктері
туралы ақпарат алу,
шығармашылық
өсуіне қажетті кеңестер сұрау, өздерінің инновациялық тәжірибесінің өзектілігі
Достарыңызбен бөлісу: