Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


Білім беру жобалары білім беруді дамытудың драйверлері ретінде



Pdf көрінісі
бет79/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

Білім беру жобалары білім беруді дамытудың драйверлері ретінде
Қазіргі уақытта Қазақстан мектептерінде мемлекеттік және жеке қорлардың 
қолдауымен білім беру жобалары іске асырылуда. Жобаларды іске асыру ҚР 
Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА ғылыми-әдістемелік қолда-
уымен сүйемелденеді. Жобаның нәтижелері баспа мақалалары немесе есептер 
түрінде жарияланады. Жобаларды масштабтау «Білім беру мазмұнын сараптау 
орталығы» РҒПО сараптамалық қорытындысы болған жағдайда мүмкін болады. 
Бұл бөлімде қазіргі уақытта елдегі мектептерде жүзеге асырылып жатқан жеке 
жобалардың сипаттамасы берілген.


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
108
Үш өлшемді әдістемелік жүйенің технологиясын енгізу жобасы
«Ұлытау облысының білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға ар-
налған жол картасының» 17-тармағын орындау мақсатында «Ұстаз-Ұлытау» қоры 
қала білім алушыларының білім сапасын арттыру мақсатында Сәтбаев қаласын-
дағы мектептердің тәжірибесіне «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің 
технологиясын» енгізу жобасын іске асыруда. Бұл технологияны енгізумен 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Қараев жетекшілік ететін 
әдіскер-ғалымдардан құралған жұмыс тобы айналысуда.
Тақырыптық деңгейлік дамыту тапсырмаларын (үш өлшемді мазмұн) әзірлеу 
ҮӨӘЖ-ны практикаға енгізудің негізгі шарты болып табылады. Үш өлшемді 
мазмұн білім алушылардың оқу жетістіктерін күнделікті қалыптастырушы баға-
лауда критериалды бағалау жүйесі тұжырымдамасын жүзеге асыруға ықпал 
етеді. Тақырыптық деңгейлік тапсырмаларды құрастырудың негізгі тәсілі – ал-
дыңғы қатарлы елдердің педагогикасында жиі кездесетін «кері дизайн» әдісі 
арқылы мазмұнды таңдау талаптарына сәйкес келетін Б.Блумның мақсаттар так-
сономиясы негізінде әрбір деңгейді сипаттау.
ҮӨӘЖ-ның тағы бір ерекшелігі – оқу процесіне критериалды бағалау жүйесін 
ғана емес, сонымен қатар табысқа жетуге ынталандыратын «қосу әдісін» пайда-
лана отырып, білім алушылардың жетістіктерін бағалау тәсілін енгізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет