Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



Pdf көрінісі
бет76/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

5. Өңдеу және түзету
Мақаланы жазу аяқталғаннан кейін оны өңдеу және түзету ұсынылады. Грамма-
тикалық қателіктерге, сөйлем құрылымына және мақала мазмұнының жалпы ло-
гикасына назар аударыңыз.
6. Жариялауға дайындау
Мақаланы таңдалған ғылыми журналға немесе басылымға жіберуге дайын-
даңыз. Журналдың редакциялық алқасы ұсынған мақаланы рәсімдеу талапта-
рын орындағаныңызға көз жеткізіңіз.
7. Журнал редакциясымен кері байланыс 
Мақаланы қарау кезінде редакторлар мәтіндегі кейбір түзетулерді ұсынуы не-
месе талаптардың дұрыс сақталмауы туралы айтуы мүмкін. Бұл жағдайда автор-
лар журналдың редакциялық алқасымен кері байланыс орнатуы керек.
Педагогтерге 
зерттеу 
нәтижелері 
мен 
әдістемелік 
материалдарды 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының журналдарында жария-
лауға болады: «Алтынсарин академиясының хабаршысы» әдістемелік журналы, 
«Білім» ғылыми-педагогикалық журналы
Назар аударыңыз! 
Мақалаларды және әдістемелік материалдарды Академия журналдарында жари-
ялау талаптарымен келесі сілтемелер арқылы танысуға болады https://uba.edu.kz/
qaz/vestnik-akademii-altynsarina және https://bilim-uba.kz 
Педагогтерді аттестаттау.
Қазақстанда педагогтерді аттестаттаудан өткі-
зу қағидалары мен шарттары ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
27 қаңтардағы №83 бұйрығына сәйкес жүргізіледі (жаңа редакцияда – ҚР ОАМ 
02.04.2024 № 72 бұйрығымен).
Педагогтерге біліктілік санаттарын берудің (растаудың) бірнеше тәртібі бар:
1. кезекті біліктілік санаттарын беру (растау) (кемінде 5 жылда 1 рет);
2. мерзімінен бұрын беру (растау) (2 жылдан кейін);
Елімізде педагогтерді аттестаттау «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес 
бес жылда кемінде бір рет өткізіледі. Аттестаттаудан өткізу қағидаларының білік-
тілік санатына қойылатын талаптарына сәйкес келген жағдайда, педагогтерге 
мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтуге болады.


БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІ МЕН БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН 
ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ
105
Педагогтерді аттестаттау дегеніміз – педагогтердің біліктілік деңгейін айқындау 
мақсатында жүргізілетін рәсім, оның нәтижелері бойынша біліктілік санаттары 
беріледі (расталады). Біліктілік санат деңгейін көтеру арқылы педагогтерге жа-
лақыға 30-дан 50%-ға дейін үстемеақы алуға мүмкіндік береді. 
Аттестаттау нәтижесінде білім беру ұйымдарында кәсіби деңгейі жоғары педа-
гогтер құрамын қалыптастыруға, білім беру сапасын арттыруға және педагог-
тердің өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет