Мақала жазудың қадамдары
1. Тақырып таңдау.
Өз тәжірибеңізден немесе сіз үшін өзекті және қызықты тақырыпты анықтау ұсы-
нылады. Бұл сіздің жеке педагогикалық тәжірибеңіз, зерттеу нәтижелері және т.
б. болуы мүмкін.
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІ МЕН БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН
ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ
103
2. Жоспарлау және құрылымын анықтау.
Мақаланың жоспары мен құрылымын оның мақсатына сәйкес анықтау ұсыны-
лады.
Егер мақаланың мақсаты әдістемелік жұмыс тәжірибесін тарату болса, онда
оның құрылымына мыналарды қосу ұсынылады: кіріспе, әдістеме (әдістеменің
сипаттамасы), практикалық қолдану, ұсыныстар, қорытынды, әдебиеттер тізімі.
Ғылыми мақаланың құрылымына мыналар кіреді: кіріспе, әдебиеттерге шолу,
материалдар мен әдістер, зерттеу нәтижелері, талқылау, қорытынды және пай-
даланылған дереккөздердің тізімі.
3. Әдебиетке шолу.
Тәжірибе мен теорияны тереңірек түсіну үшін қолданыстағы зерттеулерді, те-
ориялар мен әдістерді талдауды қамтитын әдебиеттерге шолу жасау ұсыныла-
ды. Бұл тәсіл таңдалған тақырып бойынша ағымдағы жағдайды толық бағалауға
мүмкіндік береді.
Мақала жазу үшін дереккөздерді іздеу базалары ұсынылады:
http://surl.li/trlzm
4. Мақала мәтінін жазу.
Мақала жазу кезінде өзіңіз таңдап алған құрылымды ұстануыңыз керек. Мате-
риалдың нақты көрсетілуін, аргументтің логикалық дәйектілігін және ойды біл-
дірудің анықтығын қамтамасыз ету қажет. Мақала жазу кезінде академиялық
стильді сақтау ұсынылады. Нәтижелер мен идеяларды ұсыну және талдау қажет.
Алынған нәтижелерді мысалдар, дәлелдер және тұжырымдарды қолдана оты-
рып, қолданыстағы зерттеулер мен теориялар аясында талқылау қажет. Мақа-
ланың негізгі түйіндерін тұжырымдау және мүмкіндігінше қосымша зерттеулер
немесе практикалық қолдану үшін ұсыныстар беру маңызды.
Төменде мақала құрылымы мен жазу стилі туралы әдебиеттер тізімі берілген.
Академиялық жазылым және білім беру саласындағы зерттеулер жүргізу үшін ұсыныла-
тын әдебиеттер:
1.
Оспанов Е. Академиялық жазылым: https://kazneb.kz/kk/bookView/view?brId=1594967
2.
Молдашев К. От идеи к публикации: методология исследований в социальных
науках: https://www.researchgate.net/publication/321098672_Ot_idei_k_publikacii_
metodologia_issledovanij
3.
Зина О’Лири. Зерттеу жобасын жүргізу: негізгі нұсқаулық: https://openu.kz/kz/books/80
4.
Сағынтаева А. және т.б. Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжіри-
белер: http://surl.li/trvjn
5.
Қазақстан білім зерттеушілерінің әдеп кодексі: https://bit.ly/4cstxMh
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
104
Достарыңызбен бөлісу: |