Қазақстан республикасының ТҰҢҒыш президенті


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ



бет6/12
Дата28.11.2016
өлшемі3,17 Mb.
#2754
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ
Әлемде болып жатқан өзгерістердің сипаты мен тереңдігі, жаһандық өзара тәуелділік тұрақты ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. Стратегия-2030 әзірлемелерін ескере келе, 2050 жылға дейін ұлттың жаңа саяси курсын құру керек. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – біздің еліміздің жаңа даму кезеңінде бірінші ұзақ мерзімді Стратегия-2030-дың жалғасы. Қазақстан Республикасы азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру, мемлекеттік аппаратты кәсіптендіру, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және диверсификациясы бойынша міндеттер маңызды болып қалады және жаһандық тұрақсыздық және табиғи-ресурстық әлеуетті сарқу жағдайларында өз шешімдері үшін жаңа тәсілдер іздеуді талап етеді. Осының бәрі жаңа стратегиялық құжат - «Қазақстан – 2050» әзірлеуге себеп болды. Біздің басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына ену.

2050 жыл– бұл жай ғана символдық күн емес. БҰҰ-да 2050 жылға дейін өркениетті дамытудың Жаһандық болжамы әзірленді. Болжамдық баяндаманы 2050 жылға дейін Бүкіләлемдік азық-түлік ұйымы жариялады. Қазір елдердің барған сайын көп саны осындай ұзақ мерзімді стратегияларды әзірлейді және қабылдайды.

Қазақстан мақсатты және шабытпен, біздің бірінші орындағы мақсаттарымызды естен шығармастан жұмыс істеуі керек:

- Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.

- Экономикалық саясаттың жаңа принциптеріне көшу.

- Жеке кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау.

- Жаңа әлеуметтік модельді қалыптастыру.

- Білім беру және денсаулық сақтауда жаңа заманғы және тиімді жүйелер құру.

- Мемлекеттік аппарат жауапкершілігін, тиімділігін және функционалдығын арттыру.

- жаңа күрестерге барабар халықаралық және қорғаныс саясатын орнату [1].

Жаңа бағыттың экономикалық саясатының мәні – жалпы қамтитын экономикалық прагматизм. Бұл:

Бірінші. Экономикалық мақсаттылық және ұзақ мерзімді мүдделер тұрғысынан экономикалық және басқару шешімдерін алып тастамастан барлығын қабылдау.

Екінші. Жаңа нарық текшелерін анықтау, мұнда Қазақстан тең құқықты бизнес-серіктес ретінде қатыса алады. Экономикалық өрлеудің жаңа нүктелерін жасау.

Үшінші. Создание благоприятного инвестиционного климата с целью наращивания экономического потенциала. Прибыльность и возврат от инвестиций.

Төртінші. Экономиканың тиімді жекеменшік секторын құру және мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту. Экспортты мемлекеттік ынталандыру [1].

2050 жылға дейін сатылап келесі мәселелерді шешуді қамтамасыз ету өте маңызды:

- мемлекеттің макроэкономикалық саясатын жаңарту;

- бюджеттік саясаттың жаңа принципімен қарулану – тек өз мүмкіндіктері шегінде жұмсау және тапшылықты максимум ықтимал минимумға дейін қысқарту. Бюджеттік-қаржылық процеске қатынасы жеке меншік салынымдардай ұқыпты және ойластырылған болып табылады. Басқаша айтқанда, бірде-бір бюджеттік теңге босқа жұмсалмауы керек. Мемлекет бюджеті ұзақ мерзімді перспектива тұрғысынан, экономиканы диверсиялау және инфрақұрылымын дамыту сияқты жемісті жалпы ұлттық жобаларға тоқтаған.

- өндіріспен және жаңа технологиялар саласымен айналысатын салық салу нысандары үшін қолайлы салық режимін енгізу қажет; салықтық әкімшіліктендіруді ырықтандыру және кедендік әкімшіліктендіруді жүйелендіру саясатын жалғастыру; салықтық есептілікті жеңілдету және минимумдау қажет. Жақын бес жылда онлайн электрондық есептілік режиміне ауысу керек. 2020 жылы салықтық кредиттеу практикасын енгізу қажет. Басты міндет – кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру.

Осылайша, болашақ салық саясаты бизнес-деңгейде ішкі өсімді және сыртқы рыноктарға отандық экспортты ынталандыруы керек, ал азаматтар деңгейінде олардың жиналуын, сақталуын және салынуын ынталандыру керек.

Әлемдік экономикада қолайсыз жағдайды ескере отырып, Қазақстанның әрбір тұрғынының табысын қорғауды және экономикалық өсу үшін қабылдарлық инфляция деңгейін сақтауды қамтамасыз ету керек. Бұл жай ғана макроэкономикалық мәселе емес, бұл елдің әлеуметтік қауіпсіздік мәселесі. Қазақстан банктері өз кезегінде өзінің белгіленген ісін атқаруы және кредиттік ресурстарда экономиканың нақты секторы талаптарын қамтамасыз етуі тиіс. Осыған орай қаржы жүйесін бақылауды босаңдатуға болмайды, банктерді проблемалы кредиттерден босату және қорландыру мәселелерімен толық айналысу қажет.

Келесі міндет - экономикалық өрлеу мүмкіндіктерін инфрақұрылымды дамыту жолымен кеңейту. Инфрақұрылымды екі бағытта дамыту керек: ұлттық экономиканы жаһандық ортаға шоғырландыру, сонымен қатар ел ішінде аймақтарға жылжу. Қазақстан шекарасынан тыс өндірістік көліктік-логистикалық нысандар құру үшін ел шегінен шығарда, өзінің пайдасын мұқият есептеп, ойын жинақтау, біздің транзиттік әлеуетімізді дамыту маңызды. Бүгінгі күні бірқатар ірі жалпы ұлттық инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылады, олардың нәтижесі ретінде 2020 жылға қарай Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдаудың екі есе ұлғаюы жүреді. 2050 жылға қарай транзиттік тасымалдаулар 10 есе артады. Қойылған мақсаттар түйінді міндеттерге – біздің экспортымыздың тек қазақстандық өнім мен қызметтерге ұзақ мерзімді сұраныс болатын әлемдік рыноктарға ғана жылжуына бағынышты болады. Инфрақұрылымды құру рентабельділік заңына бағынуы тиіс. Оны жаңа бизнестерді дамыту рельсіне қою және жұмыс орындарын құру керек.

Қазақстан экономикасын дамытудың одан әрі міндеті - оны тиімді басқару. Еліміз біртұтас корпорация ретінде жұмыс істейді, ал мемлекет оның ядросы болады. Корпоративтік ойлау күші, барлық процестер біртұтас ретінде қарастырылатынында жатыр. Барлық деңгейдегі мемлекеттік басқарушылар осындай бизнес-ойлауға үйренеді. Тиімділіктің басты критерийі – мемлекет салынымынан түсім деңгейі. Біздің еліміздің өндірістік әлеуетін неғұрлым жылдам арттыра алатын болсақ, Қазақстан соғұрлым жылдамырақ халықаралық рынок шылауы емес, толыққанды өкілі болады. Мемлекет ақпараттық технологиялар саласында транзиттік әлеуетті дамытуға түрткі болуы тиіс. Еліміз тек біздің технологияларымыз сұранысқа ие болып, рынокта қажетті болғанда ғана нақты пайда түсіреді. Қарсы жағдайда инновация – бұл бос ақша жұмсау.

Кейінгі міндеті – экономикалық өрлеуін, масштабты сыртқы саяси және сыртқы экономикалық келісімді қамтамасыз ету үшін ресурстарды Қазақстанның маңызды стратегиялық басымдығы ретінде пайдалану.

Қазіргінің өзінде шикізаттың халықаралық рыноктарға шығуын максимум жылдамдату керек, олар жаңа қаржылық күйреу жағдайында тұрақсызданады. Біздің негізгі импортерлеріміз шикізат сатып алуды айтарлықтай қысқарта алады, ал бағалар күрт түсуі мүмкін. Біздің алдын ораушы стратегиямыз рыноктардың тұрақсыздануы басталғанға дейін қаражатты өте жылдам жинауға мүмкіндік береді, олар сосын елімізге жаһандық ықтимал дағдарыстан өтуге көмектеседі.

Технологиялық революция шикізатты тұтыну құрылымын өзгертеді. Мысалға, композиттер технологияларын және бетонның жаңа түрін енгізу темір рудасы мен көмір қорын құнсыздандырады. Бұл, қазіргі жоғарғы әлемдік сұранысты ел мүддесіне пайдалану үшін табиғи ресурстарды өндіру және әлемдік рынокқа жеткізу қарқынын арттырудың тағы бір факторы.

Көмірсутегі шикізаты рыногының ірі өкілі бола тұра, республика энергияның балама түрлері өндірісін дамытуы, күн мен жел энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуі керек. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. 2050 жылға қарай энергияның балама және жаңартылатын түрлеріне барлық жиынтық энергия тұтынудың кемінде жартысы тиесілі болады.

Инвестицияға тартуда аймақтардың қызығушылығы үшін жер қойнауын пайдалану мораторийін алып тастау қажет. Шикізатты қарапайым жеткізуден энергия ресурстарын қайта өңдеу саласында ынтымақтастыққа және ең жаңа технологиялармен алмасуға көшу; 2025 жылға қарай жеке рынокты жанармай-майлау материалдарымен экологиялықтың жаңа стандарттарына сәйкес толығымен қамтамасыз ету; инвесторларды біздің елімізге ең жаңа заманғы өндіру мен қайта өңдеу технологияларын жеткізу жағдайларында ғана тару емес, сондай-ақ, инвесторларға қолдағы шикізатты өндіру және пайдалану үшін орнына Қазақстан аумағында ең жаңа өндірістер құрған жағдайда рұқсат ету.

Қазақстан Республикасы Еуразияда технологиялар инвестициясы және трансферті үшін тартымды жер болып табылады, бұл үшін бізде инвесторлар үшін барлық басымдықтар бар. Барлық өндіруші кәсіпорындар тек экологиялық зиянсыз өндірістерді ғана енгізеді.

Табысты экономикалық даму үшін 2050 жылға қарай Қазақстан ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес өзінің өндірістік активтерін толығымен жаңартуы тиіс. Ең ірі бәсекеге қабілетті салаларда отандық өндірушілер үшін жаңа нарық текшелерін белсенді әзірлеу қажет. Бұл индустриясыздандырудың әлеуетті деструкциялық әсерлерін, әсіресе ВТО-ға ену перспективасын ескергенде, болдырмауға мүмкіндік береді [2, 1 б.].

Отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болуы керек. Осы мақсатта Қазақстанның, Ресей мен Беларустың қатысуымен Еуропалық Экономикалық Кеңістік құрудың практикалық кезеңі басталды. Бұл, 170 миллион тұтынушыны біріктіретін, қосынды ВВП АҚШ-тың 2 триллион доллары болатын орасан рынок. Осыған орай, осы экономикалық-интегралдау процесінде Қазақстан соңғы роль атқармайды.

Қазақстан экспортқа бағытталған шикізаттық емес секторды ұлғайтуға сүйемелдеп жаңа өндірістерді дамыту керек. Үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын өнеркәсіптік күш импортына тоғыстырып, технологиялармен алмасу мен бірлескен халықаралық компанияларды дамыту қажет. Алдыңғы қатарлы екі инновациялық кластерлер - Назарбаев Университеті мен Инновациялық технологиялар саябағының дамуын жалғастыру қажет. Біз төмен көміртекті экономикаға қарқынды көшуіміз керек.

Елбасының ұсынысы бойынша 2013 жылы «Жасыл көпір» халықаралық ұйымы құрылды, сондай-ақ Алматы жанындағы төрт серіктес қала негізінде Green4 жобасының жүзеге асырылуы басталды.

Елдің «жасыл» даму жолына көшуге күшті түрткі беретін алдағы ЭКСПО-2017 көрмесі болады. Астанада ғылым мен техника саласында ең жақсы дүниежүзілік жетістіктер көрсетіледі. Қазақстанның көптеген тұрғындары Еліміз ұмтылған «болашақ энергиясын» өз көздерімен көре алады. Жаңа экономикалық саясатқа «қозғаушы күш» ретінде Ұлттық қор болу керек. Бірінші кезекте Ұлттық қордың қаражаттарын ұзақ мерзімді стратегиялық жобаларға жіберу керек. Мемлекет ұлттық компаниялардың атымен Үшінші индустриалды революция нәтижесінде пайда болатын секторларды ескеретін болашақ экономикасын дамытуға ынталандыру керек.

Отандық индустрия Қазақстанда өндіруге жоспарланған ең жаңа композитті материалдарды тұтынатын болады.

Н.Ә. Назарбаев өзінің Жолдауында елдің Үшінші Индустриалды революция дайындығына байланысты болатын түбегейлі мәселелерге назар аудартты.

Президент өзінің Жолдауында ауыл шаруашылығының ауқымды жаңғырту қажеттілігін ескере өтті, әсіресе ауылшаруашылық өнімдеріне дүниежүзілік сұраныстың өсуінде.

2050 жылға дейін Қазақстан сумен қамтамасыз ету туралы проблеманы біржола шешуге жоспарлап отыр.

Отандық кәсіпкерлік - жаңа экономикалық курстың қозғаушы күші болып табылады.

Тұрғындар мемлекеттің көмегіне сүйенбей өздері іс-қимыл жасау керек, ал үкімет болса оларға бизнесте жұмыс істеп көруіне, елде өткізіліп жатқан экономикалық өзгерістердің толық мүшесі болуына жағдай жасау керек.

Жаңа реалияларды, сонымен қоса Еуропалық Экономикалық кеңістігіндегі қатысуымызбен алда келе жатқан Дүниежүзілік Кедендік Қоғамға енуді ескере отырып, отандық өндірушілерді қолдау тетігін жетілдіру мен олардың мүдделерін қорғау мен өрлеу үшін барлық қажетті шараларды қолдану керек. Бүгінгі күннің тапсырмасы – кіші кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта дәрежеге көшіру үшін қажетті жағдайлар мен алғы шарттарды жасау.

Үкімет «Атамекен» одағымен бірлесе отырып, Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасында міндетті түрде мүше болу туралы концептуалды модель әзірледі [3, 2 б.].

Жекелендірудің екінші толқынына қарай бірінші қадам ретінде «Халық IPO» бағдарламасының сәтті басталуы болды. Ол бірінші кезекте халық арасында ұлттық байлықты бөлу болып табылады. «КазТрансОйл» АҚ компаниясы 28 миллиард теңге акциясын орналастыруы туралы хабарлаған еді, сонымен бірге қазірден бастап өтінімдер сұранымдардан екі есе асып кетті.

Экономика саласында Қазақстандағы әр тұрғынның өмір сүру сапасын арттыру үшін өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешенінде жоғары технологиялық өндірістерді дамыту бағытында диверсификацияны жалғастыру керек.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «ел болашағының дүниетанымдық моделін» қалыптастыруда интеллигенцияның басты рөлін бекітті: интеллектуалды ұлтты қалыптастыруға бағытталған сапалы білім, оңтайлы және жоғары мамандандырылған адам капиталы – елдің инновациялық дамуының негізі.

«Қазақстан жолы – 2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Н.Ә. Назарбаев мемлекеттің қарқынды прогрессивті дамуына негіз болатын Қазақстанның алдыңғы қатарлы, ерекше білім жүйесін қалыптастыру туралы стратегиялық мақсат қояды.


Әдебиеттер тізімі
1. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь - 2050: Единая цель, Единые интересы, единое будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января.

2. Есекина Б. «Задачи по интеграции Казахстана в мировую экономику решены успешно» // Деловой портал Kapital.kz



3. Заявление Президента Казахстана Нурсултана Назарбаева в поддержку предпринимателей страны // Казахстанская правда, 2014, 28 февраля.

М.О. Төлеуова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

кафедрасының оқытушысы

e-mail: marzhan-14-03@mail.ru



САЯСИ ЖҮЙЕНІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жалпы анықтама бойынша, жаңғырту дегеніміз дәстүрлі қоғамнан (аграрлық, патриархалды мәдениеттен және қатаң бекітілген әлеуметтік иерархиядан) ірі машиналық өндіріс пен заңдарға тіренген қоғамдық үдерістерді оңтайлы басқаруға негізделген индустриалды қоғамға көшу үдерісі болып табылады. Әдетте бұл жағдайда қоғамның индустриалдық батыс моделімен жанасатын дамушы елдер кіреді. Теорияда жаңғырту түсінігімен индустрияландыру, секуляризациялау, урбанизациялау, жалпыға ортақ білім беру жүйесінің құрылуы, өкілеттілік саяси үкімет, кеңістіктік және әлеуметтік мобильділікті күшейту және т.б. «дәстүрлі жабық қоғамға» қарсы «қазіргі заманғы ашық қоғамды» қалыптастыруға тартатын үдерістер жиынтығы анықталады [1, 5 б.].

Қазіргі заманда көптеген елдер қоғамның көшу проблемасын саяси қарапайымнан саяси өмірдің күрделірек ұйымының формаларына көшу арқылы шешеді. Саяси ғылымда саяси жүйенің бір түрінен басқа түріне көшу «саяси даму» немесе «саяси жаңғырту» терминдерімен анықталады.

Саяси жаңғырту саяси өзгерістердің (қазіргі заманға икемдеу) белгілі бір бағыттылығын белгілейді. Саяси жаңғырту мақсаттарының арасында бірінші қатарға үкіметті рационализациялау тапсырмасы яғни бүкіл ұлттық мемлекет шеңберінде заңның ұлықтылығы қағидатының орындалуын қамтамасыз ету.

Сасяи жаңғырту үрдісі саяси институттардың сапалы өзгертілудің жүйелілігі мен ақырындап іске асуымен, оның атқарымымен сипатталады. Ал бастысы – мақсатқа бағытталған басқарылатын үрдіс, оның мазмұны саяси тәртіптердің, саяси мінез-құлықтың үлгілерін, идеологиялық құндылықтардың қандай да бір нормаларын, бағдарлау және саяси тілді құрайтын өзгерулерді құрайды.

Қазақстан Республикасының саяси жүйесі жаңғыртумен сипатталатын трансформациялық саяси жүйенің үлгісі болып табылады. Демократизация Қазақстанда КСРО кезінде 1980 жылдардың ортасында басталғанымен саяси жүйенің төлтума үрдісі туралы тек 1991 жылы 16 желтоқсан күні «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» ҚР Заңын қабылдағаннан кейін ғана айтуға болады.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан экономикалық байланысын көптеген дамыған және дамушы елдермен жақсартуға, бұрынғы серіктестермен қарым-қатынасты қайта жөндеуге, интеграция жолында дүниежүзілік нарыққа жылжуға мүмкіндік берді. Сыртқы экономикалық қызметтің либерализациялануы осы салада мемлекеттік монополияны жойды, кәсіпорындарға, фирмаларға және жеке тұлғаларға шетелдік серіктестермен байланыс орнатуға мүмкіндік берді, осы қызмет саласында бәсекелестік негіздер енгізді [3]. Тәуелсіздікті жариялау салдарынан жаңа саяси институттарды, саяси партияларды, қоғамдық-саяси қозғалыстарды құруды және дамытуды қалыптастыру болды.

Қазақстанда өткізіліп жатқан саяси реформалар, ең басынан саяси жүйені жалпы жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, мемлекеттің іс-әрекетке қабілеттілігін нығайтуға, экономикалық құрылымдардың либерализациялауын және рационализациялауын қамтамасыз етуге, негізгі бостандықтарды сақтаған кезде әлеуметтік және саяси тәртіпті қорғауға, үкімет органдарының көлденең есеп беру міндеттілігін жетілдіруге, сыбайлас жемқорлықты болдыртпауға бағытталғанын атап өткен жөн.

Қазақстандағы саяси реформалар барысында елдің партиялық жүйесін дамытуға бағдар мен күшті ынталандырмақ болған президенттік институтының жаңғыртушылық сипаты пайда болды, сондай-ақ демократизациялау үрдістерінің қайтымсыздығында сенімділік реформалардың реттілік курстарымен кепіл беріліп, қоғамдық сана-сезімнің құндылықты бағдарларында трансформацияға маңызды түбірлі өзгерістерді қамтамасыз етті [1, 5 б.].

Президенттік үкіметтің тарихи тағдыры, бастаулары және оның одан әрі дамуы 1990 жылғы 24 сәуірдегі «Президент лауазымын бекіту туралы және Қазақ ССР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу» Қазақ ССР Заңымен тығыз байланысты. Қазақ ССР Президентінің лауазымын құру тәуелсіздік мемлекеттің саяси жүйесін қалыптастыруға шешуші ықпалын тигізді, КСРО құлдырағаннан кейін мемлекеттік үкіметтің сабақтастығын қамтамасыз етті. Қазақстандағы Президенттің лауазымын енгізу демократиялық дамудың жолын, өркениетті саяси жүйенің қалыптасудың талпынуын куәләндырды. Сонымен қатар Қазақстандағы президенттілік институтына ең басынан елдің даму ерекшеліктерімен, нақты саяси жағдайымен, саяси мүдделердің байланысымен себептескен өзгешелік ерекшеліктері тән болған.

Президент лауазымының өзгешелігін анықтайтын маңызы зор факторларға бұдан бұрынғы елдің саяси дамуы, бұрын болған мемлекеттік үкімет ұйымының өзгешелігі, саяси күштердің өзара қатынасы, саяси мәдениеттің деңгейін жатқызуға болады.

Қазақстан саяси жүйесінің нығаю ерекшелігі тек мемлекеттік үкімет емес, сонымен қоса зиялы қауымдар да Президент пен президенттік құрылымдар айналасында нығаюдан тұрады. Алдымен Президент тек ел басы болып құралғанмен, 1990 жылғы 24 сәуірдегі Заң Президенттің үкімет қалыптасуы мен қызметіне - Министрлер Кеңесіне ықпал тигізуіне негіз салды «Президент лауазымын құру және Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Негізгі Заң). 1990 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ ССР заңы. 1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ ССР мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдау Президент мәртебесінің лауазымын тек республика басшысы ғана емес, сонымен қоса жоғарғы атқарушы және өкім беруші үкіметтің басшысы ретінде анықтап, Президент лауазымын өзгертуге әкелді.

Атқарушы үкімет бірінші рет мемлекеттік үкіметтің дербес тармағы ретінде 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңында аталған. Атқарушы үкіметтің заңнамалық үкіметтен тәуелсіздік алу мен үкіметтің бөліну институтының құрылу жолындағы маңызды қадам 1991 жылдың соңында өткізілген барша халықтық президент сайлауы болды. Атқарушы үкіметтің нығаю мен күшею үрдісі қуат ала бастады [5, 15 б.].

Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі дамудың жаңа кезеңі 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануымен байланысты. Республиканың негізгі Заңы ең алдымен Президентпен басқарылған атқарушы үкіметтің күшеюін көрсетті, ол өзінің бейнесін ең алдымен Үкіметтің Президент алдындағы жауапкершілік туралы ережесінде тапты. Сонымен қатар, заңдарды орындау мәселелері бойынша Үкіметтің жауапкершілігі Жоғарғы Кеңес алдында сақталды.

Жалпылай алғанда, қалыптаспаған демократия жағдайында орнатылған басқару жүйесінде үкіметтің заңнамалық органын босатуға әкелген үкіметтің саяси тармақтары арасындағы шиеленісте анықталған біршама түйінді мәселелер болды. Жаңғырту жағдайында Қазақстандағы парламенттік жүйенің тиімсіздігінде әділ негіз болды. Парламенттік жүйе тек дамыған көп партиялық жағдайда тиімді қызмет ете алады. Ал Қазақстанда көп партиялық саяси жүйенің құрылу үдерісі айтарлықтай күрделі және қарама-қайшы дамыды. Ол бастапқы деңгейде болып, өзгешелік мүдделері бар әлеуметтік қабаттар мен топтар толығымен қалыптаспаған қоғамның кішкене бөлігін жанады.

Республиканың Жоғарғы Кеңесі сол мерзімде тиімді, кәсіби қызмет ете алмай, сабақтас экономикалық реформалардың өткізілуін қамтамасыз ете алмады. Әлеуметтік топтар өздеріне тән мүдделерімен соңына дейін қалыптасып үлгерген жоқ. Нәтижесінде республиканың Жоғарғы Кеңесі сол кезеңде тиімді, кәсіби деңгейде жұмыс істей алмады және кезекті экономикалық реформалардың жүргізілуін қамтамасыз ете алмады.

Бұл қарама-қайшылықтар 1995 жылдың 30 тамызында жалпы ұлттық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануымен жойылды, ол (Конституция) жоғары билік органдарының жүйесін және олардың қызметі мен өзара әрекетінің механизмін рәсімдеді, сонымен бірге Президенттің жоғары билік органдарының жүйесіндегі орнын анықтады.

1998 жылдың 7 қазанында және 2007 жылдың 21 мамырында ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының саяси жүйесін демократияландырудың маңызды кезеңі болды, бұл өзгертулер мен толықтырулар саяси партиялардың билік жүргізуге қатысу мүмкіндіктерінің аясын кеңейтті.

Бұл оқиғалардың бәрі Қазақстан Республикасында демократиялық түрдегі сапалы жаңа саяси жүйенің қалыптасуына ықпал етті. Алайда бүгінгі күні бұл үрдісті аяқталды деп айта алмаймыз. Қазақстанның саяси жүйесін демократия жағына жаңғырту саяси партиялардың әрі қарай дамуын және нақты партиялар жүйесінің қалыптасуын, азаматтық қоғам институттарының дамуын талап етеді. Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050 Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «Біз саяси жүйемізді жаңғыртуды жоспарлы түрде жүзеге асыратын боламыз. Оның барлық негізгі элементтерін реформалауды жалғастырамыз –Пaрлaмeнттің, саяси партиялар мен жергілікті билік органдарының рөлін арттыру, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту».

Демократияландыруға бағытталған, Егемен Қазақстанның саяси жүйесін жаңғырту мемлекеттік биліктің үш тармаққа: заң шығарушы, атқарушы және соттық болып бөлінуі кезіндегі бірлігін сақтап қалды, «ұстанымдар» мен «қарама-қайшылықтар» жүйесін қалыптастырды, мемлекет пен азаматтың өзара жауапкершілігіне қажет құқықтық негіздемелер жасады. Бұл Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы үшін қажет маңызды шартқа айналды.

Құқықтық мемлекет идеясының негізінде азаматтарды билік тарапынан болатын үстемдік пен озбырлықтан қорғауға ұмтылу, жеке бас еркіндігін, негізгі тұлғалық құқықтарды, дәлірек айтқанда, өмір сүру, қауіпсіздік, меншік құқықтарын қамтамасыз ету жатыр. Бұл, біріншіден, мемлекет пен қоғамды бөлу жағдайында, ал екіншіден, мемлекеттің қызмет аясын құқықпен, бірінші кезекте, халық пен үкімет арасындағы қарым-қатынасты реттейтін негізгі заң – конституциямен шектеу кезінде мүмкін. Осылайша, құқықтық мемлекет – құқық басым болатын, заң үстем болатын, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігі мойындалатын демократиялық мемлекет.

ҚР Конституциясында былай жазылған: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». Бұл сөзбен мемлекет құқықтық мемлекет идеалы жолын ұстайтындығы жайлы және оның негізгі принциптерін жүзеге асыруға ұмтылуы жайлы мәлімдейді.

Құқықтық мемлекеттің жалпыға танылған принциптері мыналар: халық егемендігі, Конституцияның ұлықтылығы, барлығының заң алдында тең болуы, мемлекеттік және жеке бас мүддесінің теңдігі, адам мен азамат құқығы мен еркіндігінің тұрақтығы. Құқықтық мемлекеттегі жоғары билік органдарының қызметі оны заң, атқарушы және сот деп бөлу принципінің негізінде жүзеге асырылады.



Халық еркіндігі дегеніміз халық билігінің үстем болуы дегенді білдіреді, мұны ҚР Конституциясының 3-бабынан көруге болады: «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді … Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар».

Конституцияның ұлықтылық принципі 4-бапта көрсетілген, онда былай делінген: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, … нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады».

Заң алдында барлығының тең болуы жайлы принципті ҚР Конституциясының 14-бабынан көруге болады: «Заң алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды».

Мемлекеттік және жеке бас мүддесінің теңдігі принципін жүзеге асыру мемлекеттік және жеке меншікті қорғау кезіндегі теңдікті мойындау формасына ие болады (ҚР Конституциясының 6-бабы): «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және ортақ қорғалады».

Адам мен азамат құқығы мен еркіндігінің тұрақтығы принципі 12-бапта: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі» және ҚР Конституциясының 39-бабында: «Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін» көрініс тапқан.

Яғни, Қазақстан Республикасының Конституциясында құқықтық мемлекетке тән негізгі принциптер көрініс тапты, бұл Қазақстанның шынайы құрылуға деген ұмтылысын дәлелдейді. Бұл үшін республикада объективті алғышарттар қажетінше қалыптасқан, олар мемлекет басшылығының, бірінші кезекте, оның Президентінің, яғни, Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандық қоғамды әрі қарай демократияландыру мен саяси жаңғыртудағы саяси еркіндігінің болуымен толықтырылады.

Бүгінгі күні Қазақстан елде қоғамның объективті қажеттіліктерінен және жаңа жалпықазақстандық құндылықтар жүйесінің қалыптасуынан туындаған мемлекеттік, экономикалық және саяси салалардағы түбегейлі өзгерістер нәтижесінде болған демократиялық, құқықтық мемлекетті бекітудің жаңартылған жолымен нық әрі сенімді келе жатыр. Бұл ретте заманауи қоғамға өтуге бағытталған барлық жаңғырту үрдістерінің эволюциялық тұрғыда өтетіндігі Қазақстан Республикасының артықшылығы болып табылады. Сонымен бірге, біздің елдегі жаңғыртудың практикалық тәжірибесінің өзі басқа жолды емес, осындай даму жолын таңдауды көздейді. Егемендікті алған күннен бүгінгі күнге дейінгі барлық реформалардың бейбіт және жүйелі түрде жүзеге асырылғандығын айта кеткен жөн. Әр реформа Қазақстанның стратегиялық дамуының басты мақсаты – демократияға көшуге кезең-кезеңмен қол жеткізуге бағытталды.

Қазақстан Республикасының өзгешелігі қазіргі заманғы қоғамға өтуге бағытталған жетілдірілген процестер қоғам тұрақтылығы мен жасалған түрлендірулер реттілігін қамтамасыз ететін эволюциялық жолмен орын алып жатқанындығында екенін атап өту керек. Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан Халқына «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында атап өткендей, барлық қабылданған шешімдердің нақ сындарлылығы мен эволюциялылығы «Қазақстан - 2050» Стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ететін ең маңызды принциптерінің бірі болып табылады [6].

Қазіргі таңда Қазақстан қоғамның объективтік қажеттіліктері мен жалпы қазақстандық құндылықтардың жаңа жүйесінің қалыптасуынан туындаған елдің мемлекеттік, экономикалық және саяси құрылымындағын түбегейлі өзгерістермен шартталған демократиялық, құқықтық мемлекеттің нығаюының жаңғыртылған жолы бойынша нық жүріп келеді.
Әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050 Cтрaтeгиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Интернет ресурсы: http://www.akorda.kz

2. Назарбаев Н.Ә. Бес G-Global принципі. V Астана экономикалық форумы. Интернет ресурсы: //www.bnews.kz

3. Джунусов А. М. Социально-политическая модернизация в Казахстане: состояние, перспективы. Интернет ресурс: // www.group-global.

4. ҚР Конституциясы (2007 жылғы өзгертулермен және толықтырулармен)

5. Бaишeв Ж.Н. Конcтитуционноe прaво Рecпублики Кaзaхcтaн: Учeбно-мeтодичecкоe поcобиe. – Aлматы: Жeтi жaргы, 2001.

6. Послание Президента РК Н.А. Назарбаева народу «Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее. //Казахстанская правда, 2014, 18 января.


Е.Ж. Әубәкіров,

гуманитарлық ғылымдар магистрі,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

кафедрасының оқытушысы,

е-mail: erlan1285@mail.ru

АСТАНА – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢАРҒАН БЕЙНЕСІ,

ОНЫҢ КӨПҰЛТТЫ ХАЛҚЫНЫҢ

ЖАСАМПАЗ ЖІГЕРЛІГІНІҢ НЫШАНЫ
1994 жылдың 6 маусымында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі жас егемен мемлекеттің тағдырындағы елеулі оқиға – астананы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы шешім қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылдың 10 желтоқсанында болды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылдың 6 мамырындағы Жарлығымен Ақмола қаласы Астана деген жаңа атқа ие болды, ал 1998 жылдың 10 маусымында Қазақстанның жаңа астанасының халықаралық тұсаукесері өтті.

Қазақстанның жаңа, заманауи астанасын құру идеясы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі, ол астананы Республиканың орталық бөлігіне көшіру экономикалық реформалармен қатар, егеменді Қазақстанның даму мәселелерін шешудегі, оның нарықтық экономика мен демократияға тиімді көшудегі тағы бір стратегиялық механизміне айналатындығын айтты. Жаңа ірі еуразиялық державаға жаңа жалпыұлттық символ – Батыс пен Шығысты тоғыстыратын орын ретіндегі Қазақстанның жаңа қоғам құру рухын, жаңашылдығы мен рөлін сипаттайтын астана, ХХІ ғасыр қаласы қажет болды.

Қазақстанның бұрынғы астанасы – Алматы – еліміздің шалғай жерінде оңтүстігінде орналасты, ал оның тұрғындар саны миллионнан астам болды. Алматының тығыздалған құрылысы қаланың әрі қарай дамуына мүмкіндік келтірмеді. Жолдарда шамадан артық көліктердің болуы мен ерекше табиғи жағдайлар, дәлірек айтқанда – қаланың үш жақтан таулармен жабықтығы нәтижесінде «оңтүстік астана» Қазақстанның ең экологиялық күрделі қалаларының біріне айналды.

Әлемдік тәжірибеде мемлекеттің жаңа сапалы даму деңгейіне көшумен байланысты, ұлттық мемлекеттердің жаңа даму кезеңін бейнелейтін астананы көшіруге қатысты мысалдар аз емес. Ал Қазақстан ТМД елдерінің ішінде мұндай жобаны жүзеге асыру қолынан келген жалғыз мемлекет болды. Астананы көтеру Қазақстан Республикасы мен оның азаматтарының экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани әлеуетін көрсеткен кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі орасан зор мегажобаға айналды.

Астананы көшірудің 10-жылдығына арналған салтанатты жиналыста Н.Ә. Назарбаев былай деп еске алды: «Өткен күнде белгі жоқ, ол кезде жағдай мүлде басқаша болатын. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі реформаларды анықтау, оларды тиянақты түрде жүзеге асыру мәселелері, біріншіден, қапысыз біліктілікті, екіншіден, нартәуекелді қажет етті. Тәуелсіздік туы көгімізде желбіреген күннен бастап, Қазақстан үшін жаңа тарихтың басталғаны, ал ол ескі тарихтың сылбыр жалғасы бола алмайтыны белгілі еді. Батыл ой, батыл әрекет қажет болды. Міне, осы тұста өзімнің көкірегімде қайнап піскен осы идеяны, ешбір кедергіге қарамастан, кейбір үзеңгілес, тілектес жандардың да күдіктеріне қарамастан аяғына дейін қорғап шыққанымды сіздердің алдарыңызда бүгін мақтанышпен еске аламын» [1].

Тоқсаныншы жылдардың ортасында мұндай идеяның жүзеге асатынына сенгендер аз болды. Алайда бүгін, астананы көшіру туралы шешім қабылданған күннен он жылдан астам уақыт өткеннен кейін Тұңғыш Президентіміздің болжағыштығы мен қырағылығы барлығына айқын болды. Қысқа мерзімде бой көтерген Астана Қазақстан Республикасының қарқынды дамуының, болашаққа деген ұмтылысының бейнесіне айналды.

Ел астанасын ауыстыру елдегі ұлттық қауіпсіздікті нығайтты және Астананың ғана емес, бүкіл Қазақстанның экономикалық дамуына қуатты серпін болды. Қала экономикасының даму қарқынының жоғарылығы инвесторларды көп тартуға әсер етті. Астаналық мәртебеге ие болған сәттен бері салынған инвестиция мөлшері іс жүзінде – 30 есе, ал өңірлік жалпы өнім 90 есе өсті. Қаланың өңірлік жалпы өнімінің үлесі республика көлемінде 8,5 пайызды құрады.

Астана мәртебесін алғалы бері қалада 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды,  бұл астананы елде құрылыс ауқымы бойынша көшбасшы етті. Астана құрылысына жүздеген құрылыс компаниялары қатысты. Жергілікті фирмалармен қатар жаңа елорданы түрік, итальян, француз, швейцария компаниялары тұрғызды. Астананың сәулеткерлік тұжырымдамасын жасау барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Елордада Батыс пен Шығыстың мәдени дәстүрін үйлесімді тоғыстыратын ерекше еуропалық стиль қалыптастыру идеясы негізге алынды. Астаналық бас жоспардың авторы белгілі жапон сәулеткері Кисе Курокава болды.

Бүгінгі күнгі Астана – механикалық құрылысымен емес, Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің мәдени дәстүрлерін жарасымды тоғыстырған үйлесімділікпен ерекшеленетін еуразиялық қала.

Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасының даму философиясын жарқын әрі көркем көрсете алды: «Осында ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады» [2].

Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды. Бұл қаланың кәсіпкерлік мәдениеті қарыштап дамып келе жатқан Қазақстандағы ірі бизнес орталығының біріне айналуына мүмкіндік берді. Бүгінде Астана – аймақтықтан халықаралыққа дейінгі түрлі деңгейдегі бизнес-форумдарды өткізуге арналған алаң. Қазіргі таңда Астанада 50 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейді, олар қаланың 170 мыңдай тұрғынын қамтып отыр. Мұның тек бастама екендігіне сенім білдіруге болады.

Бүгінде Астана халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Соңғы жылдар ішінде Қазақстанның елордасы бірнеше рет барша әлемдік қоғамдастықтың басты назарында болды. Осылайша, 2003 жылдан бастап Елордада төрт әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтті, мұндай шараларды өткізу мемлекетіміздің бірегей конфессиялық саясатының арқасында мүмкін болды. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының конгресін өткізу үшін Астанада арнайы Бейбітшілік пен келісім сарайы салынды, ол – ең жаңа құралдармен жабдықталған концерттік-опера залы бар, пирамида үлгісіндегі бірегей ғимарат.

Астана халықаралық форумдар мен кездесулердің қатысушыларын әлденеше рет жоғары деңгейде қарсы алған. Қазақстанның жас астанасы Астана экономикалық форумының, Еуропа, Азия және Солтүстік Американың 56 елінің мемлекет және үкімет басшыларын жинаған Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы саммитінің, сонымен бірге басқа да халықаралық маңызы бар кездесулердің қатысушыларын қарсы алды.

2010 жылы Қазақстан кеңестік кезеңнен кейінгі мемлекеттер арасында ЕҚЫҰ-на бір жыл бойы төрағалық ету құқығына ие болған алғашқы ел болды. Осы жылы Астанада ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері өтті. 2011 жылдың басында республикамыздың астанасы VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. Бүгінгі күні бүкіл әлемде Астана жайлы «Болашақ энергиясы» атты ұранмен өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің болашақ қожайыны ретінде сөз етеді.

Елорданы әлемнің жиырмадан астам қаласымен достық және бауырластық қатынастар байланыстырады. Астана 1999 жылы шілдеде ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» деген сыйлығына ие болды. 2000 жылдан бері Қазақстанның бас қаласы Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі болып саналады.

2001 жылы Астанаға Рим Папасы Иоанн Павел ІІ-нің келуі Қазақстанның діни мәселелерді шешу мен конфессияаралық бейбітшілікті қамтамасыз етудегі үлесінің жоғары бағалануының көрсеткіші болып табылады. 2011 жылы Астанамыз «ТМД және ЕЭҚ үздік қаласы» атты халықаралық байқауының жеңімпазы атанды, ал 2012 жылы ТМД және түрік әлемінің мәдени астанасының борышын абыройлы атқарды.

Астана бүгінде айрықша сәулетімен ғана ерекшеленіп қоймай, сондай-ақ бау-бақшалы қалаға айналып келеді. Елорданың «жасыл белдеуі» кеңеюде, қала орасан далалық өңір орталығының жасыл алқабына – экологиялық таза мегаполис үлгісіне айналды. Мемлекет Астанаға «жасыл қорған» қоя отырып, жел күшін басуды өз алдына міндет етті. Ол үшін астананы ауыстырудың алғашқы жылдарында-ақ Астананың айналасында «жасыл белдеу» ағаштары отырғызылды, олардың биіктігі бүгінде 10 метрге жеткен. Астананың өзінде жаңа саябақтар мен гүлзарлар салынып, көгалдардың жалпы көлемі миллиондаған шаршы метрге жетіп отыр. Астананың айналасында адам қолымен жасалған ормандар ауданы 65 мың гектардан асады, оның 14 мың гектары қаланың ішінде орналасқан. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табуда. 2020 жылға дейін Астана жанындағы дала мен қала ішіндегі территорияның жалпы алғанда 100 мың гектарын көгалдандыру жоспарланып отыр.

Тұрғындар мен қонақтардың назарын аулайтын «Бәйтерек» кешені жаңа елорданың басты символына, оның өзіндік бойтұмарына айналды. Өзге де бірегей сәулеткерлік ғимараттар қатарында белгілі британдық архитектор Норман Фостердің жобасы бойынша пирамида үлгісінде салынған «Бейбітшілік және келісім» сарайын, әлемдегі ең биік шатыр үлгісіндегі ғимарат – «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығын, теңізден алыс орналасқан океанариум – «Думан» орталығын, Манфреди Николетти туындысы – «Қазақстан» орталық концерт залын, «Триумф Астана» және «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешендерін, «ҚазМұнайГаз» және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компанияларының кеңселік ғимараттарын атауға болады.

Астана әлі де дамиды, бұдан да әсем, бұдан да көркем болады. 80 қабаттан тұратын «Абу-Даби плаза» атты жаңа ғимараттың және «Ритц-Карлтон» қонақүйінің құрылысы басталып кетті, алда «ЭКСПО-2017» ғимараттарының құрылысы басталады.

Қазіргі кезеңде Астана жаңа Қазақстанның жоғары руханилығының нышаны ғана емес, сонымен бірге оны сақтаушы болып табылады. Өткерген он жылдан астам уақыт тек экономикалық немесе әлеуметтік көрсеткіштердің өсуімен емес, мәдени құндылықтардың қалыптасуымен де ерекшеленді.



15 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырысымен Астанада Ұлттық музыка академиясы құрылып, 2011 жылы Қазақ ұлттық өнер университеті болып өзгертілді. Мұнда ХХІ ғасырдың қазақстандық мәдениеттің алғашқы өкілдері тәрбиеленді.

2009 жылы Астанада бірегей «Қазақстан» концерт залы ашылды. Оған Орталық Азияда тең келер ғимарат жоқ және ол әлемнің ең үздік сәулет ғимараттарының қатарына жатады. Ғимараттың акустикалық мүмкіндігіне әлемге танылған көптеген үздік музыканттар мен опера әншілері сай баға берді. 3500 көрерменге арналған залда музыка өнерін сүйетіндер Астанадан ғана емес, Қазақстанның басқа қалаларынан да көптеп жиналады.

Астананың 15-жылдығының қарсаңында қала орталығында жаңа опера және балет театрының құрылыс жұмыстары аяқталып, «Астана Опера» деген атауға ие болды. Бұл өте бірегей ғимарат – сәулеті жағынан классикалық, ал техникалық орындалуы мен ішкі жабдықталуы жағынан инновациялық, бұл оны Еуразия мен бүкіл әлемдегі айтарлықтай көз тартарлық сахна алаңдарының бірі етеді. Осы ғимарат сахнасында қазақ опера өнерінің классикасы – «Біржан мен Сара» спектаклі заманауи орындауда қойылды.

Астанада қысқа мерзімде бірегей рухани-діни ғимараттар – «Нұр Астана» және «Әзірет Сұлтан» мешіттері, православиелік Успенский Кафедралы Соборы, Үздіксіз Көмек Әулие Ана католиктік Соборы, «Бейт Рахель – Хаббад Любавич» синагогасы тұрғызылып, бүгінде қызмет атқаруда. Президентіміздің бастамасымен Астанада, халқымыздың бірлігін сақтаушы ретінде, Бейбітшілік пен келісім сарайы бой көтерді, ол барлық қазақстандықтар үшін сәулет өнерінің аса құрметті нышанына айналды. Мұнда жыл сайын Қазақстандағы этнос аралық және конфессияаралық қатынастардағы толеранттылықтың басты механизміне айналған Қазақстан халқының Ассамблеясы өтіп тұрады. Біздің Астанамызға келген қонақтардың барлығы дерлік қала тұрғындарының толеранттылығын, жеріміздегі бейбітшілік пен тыныштықты ерекше атайды. Бұл қасиеттерді Қазақстанның барлық этностары мен конфессиялар достығын және бүкіл қазақстандық қоғам бірлігін нығайтып келе жатқан Астананың бойынан көруге болады [3].

Астана қазақстандық қоғам ұмтылып келе жатқан жаңа қазақстандық әлеуметтік даму стандартын қалыптастыруда, сонымен бірге барлық қазақстандықтардың салауатты өмір салты мен өмір сүру сапасының жоғары деңгейін көрсетеді. Соңғы жылдары бас қалада жаңа спорттық нышандар желісі кеңінен тарады: «Қазақстан» және «Алатау» спорт кешендері, «Алау» жаңа мұзды Спорт Сарайы, Республикалық велотрек, «Астана – Арена» жабық стадионы, он шақты спорт алаңы, клубтар мен фитнес-орталықтар, бұл кешендерге қала тұрғындары көптеп келеді және де бұл орындар халықаралық спорттық жарыстардың өтуіне арналған негізгі орындар болып қалыптасты [3].

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болды және жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды. Астана біздің қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің өзегі болып, қазақстандықтарды бір шаңырақ астына жинады. Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде атап өткендей, «Біздің елордамыз – Отанымыздың жүрегі, бүкіл халықты біріктірген ұлттық идея, ол халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символына айналды» [2].

Астана – заманауи сәулеткерліктің, қазіргі архитектураның мүмкіндіктері толық көрініс тапқан кең байтақ қазақ даласының нақ ортасында ғаламат ғимараттары бар қайталанбас әсем шаһар ғана емес. Қазақстанның қазіргі елордасына Батыс әсемдігі мен Шығыстың терең рухани дәстүрлерін жарасымды тоғыстырған бірегей сәулеткерлік стиль тән. «Тәуелсіздік Астананы өмірге келтірді. Өз кезегінде Астана біздің Тәуелсіздігімізді қуаттап, дамыта түсуде», – еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бұл сөзі Қазақстанның жаңа астанасының мемлекет тағдырындағы рөлі мен маңызының орасан зор екендігін тағы бір дәлелдеді [1].

Барлығы арманнан басталды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ешқандай кедергілер мен күдіктерге қарамастан, бұл арманын жүзеге асырды. Сол уақыттан бері 15 жыл бойы Қазақстанның халықаралық мәртебесі бас қаласы – Астананың даңқы арқылы да өсіп келеді.

Бүгінде Астана – бұл Қазақстанның жаңа тарихы жинақталған орын. Астананың мысалы арқылы біздің бүкіл мемлекетіміздің дамуы туралы пікір түюге болады.
Әдебиеттер тізімі
1. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу «Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее //Казахстанская правда, 2014, 18 января.

2. Официальный сайт Президента Республики Казахстан http://www.akorda.kz.



3. Назарбаев Н.А. Астана - великая эпоха и стратегический вектор Казахстана //Казахстанская правда, 2013, 6 июля.
Л.Г. Матвеенкова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

кафедрасының доценті,

әлеуметтік ғылымдар кандидаты,

e-mail: matveenkova_soz@mail.ru
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЯСИ ҰЛТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ СТРАТЕГИЯСЫ
Көпұлтты қоғамның бірлігіне қол жеткізуде саяси ұлт қалыптастыру маңызды болып табылады, ол ел азаматтарының жалпыға ортақ ұлттық мүдде мен мәдени құндылықтар аясына біріктіруді қамтамасыз етеді. Бұл мәселе бүгінгі күннің өзінде кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі көптеген мемлекеттер үшін, сонымен бірге территориясында шамамен 140 этнос өкілдері мекендейтін Қазақстан үшін де өзекті болып табылады.

Қазақстан Республикасын саяси ұлт қалыптастыру стратегиясының маңызын түсіну үшін, ең алдымен, «этнос» және «ұлт» түсініктерінің мәнін анықтап алған жөн. Этнос кеңінен тараған түсінік болып табылады (грек тілінен «ethnos» - халық, тайпа, сөзбе-сөз аударғанда – бөтен, жат, яғни грек емес), ол ортақ тарихы, тілі, мәдениеті, тұрмысы, салт-дәстүрлері бар, басқалардан өз айырмашылығын саналы түрде түсінетін психикалық күйі бір, яғни этникалық сана сезімі бар, белгілі бір территорияда тұрақты, тарихи қалыптасқан адамдар қауымдастығы дегенді білдіреді. Бұдан, этнос дегеніміз – этникалық белгі негізінде қалыптасатын қауымдастық. Латын тіліндегі «ұлт» терминінің дәл мағынасы грек тіліндегі «этнос» терминінің мағынасымен ұқсасады да, «тайпа», «халық» дегенді білдіреді. Алайда ұлт термині – этнос терминімен салыстырғанда, кешеуілдеген тарихи даму өнімі. Әдетте ұлттардың қалыптасуын индустриалдық кезеңнің басталуымен байланыстырады, саяси және әлеуметтік-экономикалық ортақтық ұлттың басты критерийлері болып табылады. Заманауи халықаралық құқықта «ұлт» термині ұлттық мемлекет сөзімен синонимдес.

Қазіргі таңда ұлт сөзінің мағынасын түсінуде екі негізгі жол бар: біріншіден, ұлт – тілі мен сана сезімі бір этникалық адамдар қауымдастығы, екіншіден, ұлт – белгілі бір мемлекеттің этникалық қатысынан тыс азаматтардың саяси қауымдастығы.

Егемен мемлекет ретінде қалыптасуының алғашқы күнінен бастап Қазақстанның алдында адамның өзін мемлекетпен теңдестіру ұстанатын сана сезім формасы ретінде азаматтықты қалыптастыру мәселесі тұрды. Жағдай Қазақстанның көп этникалылығымен күрделене бастады. Адамдар жаңа тәуелсіз мемлекеттің заңды тұлғалары атанған соң да, көп жағдайда, өздерін осы мемлекетпен емес, жоқ мемлекет – Кеңес Одағымен немесе оның құқығын иеленуші Ресеймен теңдестіріп келді. Мұны 1993 жылы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстандық қоғамды идеялық шоғырландыру – Қазақстанның ілгерілеуінің шарты ретінде» жұмысында атап өткен: «Өкінішке орай, біздің бүгіннен бұрынғы КСРО-ның немесе ТМД-ның емес, тәуелсіз, егемен ел Қазақстанның азаматтары екендігімізді түсіну үстіртін сипатқа ие болып отыр» [1]. Сондықтан Қазақстан үшін азаматтықты қалыптастыру мәселесі «Қазақстандықтар - біз кімбіз?» сұрағының жауабымен тікелей байланысты деуге болады.

Азаматтық, тұлғаның өзіндік интегративті сипаттамасы ретінде, адамның өзін, бірінші кезекте, нақты мемлекеттің азаматы деп, ал сосын қандай да бір этникалық топтың – қазақтың, орыстың, немістің және т.с.с. өкілі деп сезінуінен шығады. Сәйкесінше, Қазақстанның полиэтникалық мемлекет ретіндегі жағдайында, халықтың мемлекеттік ұқсастығы (яғни сол мемлекетке қатыстылығы) деп ұлтты этникалық қауымдастық емес, азаматтастар болатын саяси қауымдастық ретінде түсінгенде ғана айтуға болады. Сондықтан саяси ұлт қалыптастыру республикалық тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы күннен бастап-ақ мемлекеттік саясаттың ең маңызды басымдығы болды. Бірыңғай азаматтықты қалыптастырудың құқықтық мүмкіндігі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясынан көрініс тапты, Преамбулада жазылған «Біз – тарихи тағдыры бір Қазақстан халқымыз...» [2] деген сөз осындай этникалық феномен қалыптастыру үшін қолайлы жағдай тудырған ұлттық саясат пен саяси платформа принципі болды.

Саяси ұлт қалыптастыру стратегиясын жасаудағы шешуші рөлді ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев атқарады. 1996 жылдың сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының III сессиясында ол «халқымыздың жаңа сәйкестігі, жаңадан өзін-өзі билеу» формуласының негізі болатын азаматтық қауымдастық қалыптастыру қажеттілігі туралы мәселе көтерді [3], ал 1997 жылдың маусымында осы ұйымның IV сессиясында еліміздің Президенті саяси ұлтты қалыптастыруды мемлекеттілікті сақтау мен дамытудағы ең маңызды саяси мәселелердің бірі ретінде анықтады: «Жаңа қазақстандық азаматтықты қалыптастыру біздің мемлекеттігіміздің негізін қозғайтын саяси өзекті мәселелердің бірі болып келеді» [4]. Яғни Қазақстан халқы азаматтық бірлік нәтижесінде, қандай да бір жаңа этникалық супер қауымдастық емес, ұлттары әртүрлі азаматтар қауымдастығы, яғни саяси қауымдастық болу керек.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 1997 жылы әзірленген «Қазақстан-2030» елдің стратегиялық даму бағдарламасын қоғам бірлігі факторы ретіндегі мемлекеттік сәйкестікті қалыптастыру стратегиясының дамуындағы жаңа қадам деп есептеуге болады, ол қазақстандық қоғам жаңғыруының іргетасына айналды. «Қазақстан-2030» Стратегиясында көрсетілгендей, Қазақстандағы әр түрлі этникалық және конфессиялық топ өкілдерінің теңдігіне негізделген, яғни «еліміздің азаматтарына арналған мүмкіндіктер теңдігіне негізделген бірыңғай азаматтықты қалыптастыру» [5] қазақстандық қоғамды нығайтудың басты факторына айналу керек. Басқаша айтқанда, жаңа саяси қауымдастық ретіндегі бірыңғай қазақстандық халық қалыптастыру жайлы мәселе көтерілді.

Мемлекеттіліктің негізі ретіндегі жаңа «қазақстандықтар» қауымдастығын қалыптастру идеясын Президент 2000 жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының VII сессиясында қайта көтерді: «Қазақстанды көтердік, енді өз елінің патриоттары – қазақстандықтарды жасайық. Бұл мемлекеттік тәуелсіздіктің негізі болатын мәдени қауымдастық болады» [6]. Сонымен қатар мұндай қауымдастықты қалыптастыру үрдісінің этномәдени қауымдастықтың сіңісіп кетуін көздейтін этникалық не мәдени ассимиляциямен ешқандай да ортақтығы болмайтындығы, керісінше саяси ұлтты қалыптастыру нәтижесі болатындығы атап көрсетілді.

Қазақстанда мемлекеттік сәйкестік пен саяси ұлт қалыптастыру мәселесі Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабында ерекше талдау нысаны болды, онда Президент Қазақстанның өзіндік бірегей ұлттық сәйкестік үлгісін іздеу мен табу қажеттілігін дәлелдейді және мемлекеттік сәйкестік мәселелерін шешудің негізгі принциптерін ұсынады.

Бұл бағдарламадағы басты назарды Н.Ә. Назарбаевтың, уақыт көрсеткендей, қырағылықпен әрі даналықпен этникалық қауымдастықты қалыптастырудан (бұл кеңестік кезеңнен кейінгі көптеген мемлекеттердің негізгі идеясына айналды және нәтижесінде этника аралық түсініспеушіліктер туындады) азаматтықты қалыптастыруға бұруын атап өтпеске болмайды: «Еліміздің көп ұлттылығы, көп конфессиялығы – мұның бәрі сәйкестік мәселесін екі деңгейлік тәсілмен шешу қажеттілігіне әкеледі», дәлірек айтқанда, біріншіден, «бірыңғай азаматтық және саяси қауымдастық ретіндегі Қазақстан халқына» қатысты, ал, екіншіден, «басты саяси құндылық – ортақ, территориялық толымды, тәуелсіз Қазақстан – барлық қазақстандықтардың Отанының айналасында азамат ұлтынан тәуелсіз қалыптасатын ұлттық-мемлекеттік идеяға» қатысты [7].

Осылайша, Н.Ә. Назарбаевтың ойынша, мемлекеттік сәйкестікті қалыптастырудың бірінші деңгейі Қазақстан халқын саяси қауымдастық ретінде қалыптастырумен байланысты. Егемен қазақстандық мемлекет бірте-бірте жалпы құндылықтарымен біріккен демократиялық бірлікке, бірыңғай қазақстандық халыққа айналу керек. Бұл жағдайда бірыңғай саяси құндылықтарға, өзінің азаматтық және саяси тағдырын тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасымен сәйкестендіруге негізделген елдің әр түрлі болса да, барлық тұрғындарының азаматтық және саяси бірлігі сәйкестіктің бірінші деңгейінің мәні болып табылады.

Мемлекеттік сәйкестік мәселесін шешудің екінші деңгейі «қазақтардың ұлттық сәйкестігімен» байланысты. Ұлттық сана сезімді, «ұлттық өзін-өзі билеуді, өзін-өзі рухани деңгейде анықтауды» дамыту, яғни ұлттық этномәдени сәйкестігін қалыптастыру жоғарыда аталған сәйкестікті қалыптастырудың негізі болу керек. Н.Ә. Назарбаевтың ойынша, этномәдени сәйкестік «халықтың тарихи жадынан, ұлт данышпандары мен батырларын құрметтеуден, «өзінің» рухани дүниесіне деген қатыстылығын күнделікті эмоционалды сезінуден» туындайды [8]. Бұл жағдайда мынадай пікірді де айта кету керек: мемлекет саясатында қазақ ұлтының ішкі ұлттық сәйкестігін қамтамасыз ету елде барлық қазақстандық халықтың бірыңғай азаматтық сәйкестігін қалыптастырумен тығыз байланысты.

Қазақстанды қай ұлт өкілі болып табылатындығына қарамастан барлық азаматтардың мемлекеттік өзін-өзі билеу формасы ретінде түсінуге берілген теориялық негіздеме этникааралық қатынастар облысындағы мемлекеттік саясат негізіне айналды және жаңа саяси қауымдастық – Қазақстан халқының қалыптасуына негіз болды.

Еліміздің бірыңғай қазақстандық ұлт деген негіздегі азаматтық қоғам қалпына көшу мәселесін Мемлекет Басшысы бірнеше рет көтерді.

2007 жылдың тамыз айындағы сайлауда Н.Ә. Назарбаев ерекше қазақстандық сәйкестік үлгісін жасау идеясына берілгендігін тағы бір рет дәлелдеді: «Осы 16 жыл ішінде біз өзімізге тән ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайту, қазақстандық сәйкестік қалыптастыру үлгісін жасадық … Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап этникалық емес, азаматтық принцип қазақстандық сәйкестікке негіз болды … Біздің стратегиялық міндетіміз – қоғамды әрі қарай нығайту және бірыңғай қазақстандық, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру» [9]. Ал 2007 жылдың қазан айында «Қазақстан-2030» Стратегиясының 10-жылдығына арналған конференцияда ол мемлекет саясаты мен қоғамдық бірлестіктердің басты міндеттерін көрсетті: «Біздің болашаққа деген стратегиялық міндетіміз – қоғамды әрі қарай нығайту және бірыңғай қазақстандық, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру» [10].

Мемлекет Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылдың қазан айында Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясының делегаттарына сөйлеген сөзі ұлт бірлігін қамтамасыз етудегі, жалпы қазақстандық ұлт қалыптастырудағы жаңа кезеңнің тууына себеп болды, ол қазіргі заманда «білім және тәрбие беру жүйесі арқылы қазақстандық қоғамда азаматтық сәйкестік пен толеранттылық дамыту…» [11] мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып табылатындығын атап өтті. Осы бағыттың маңыздылығын ескере отырып, Елбасы Ұлттық бірлік Доктринасын жасау мен қабылдауға арналған теориялық және әдістемелік негіздемелер ұсынды.Н.Ә. Назарбаев атап айтқандай, «қазіргі заманда ұлттық бірлік ортақ мемлекеттік бірге құру, толеранттылық, азаматтық және сол елдің мемлекеттік тілін міндетті түрде білу сияқты шарттармен анықталады». Яғни еліміздің Президенті ұлттық бірлік түсінігіне ұсынған мына пікірі: «Біздің мемлекетімізде тұратын этникалық, діни және басқа да әлеуметтік мәдени топтар қауымдастығы болу деген сөз» Ұлттық бірлік доктринасы үшін маңызды да басты негіз болу керек.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының егеменді дамуының жиырма жылдан астам уақытында саяси ұлт қалыптастыру стратегиясының мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жасалып қана қоймай, республиканың ішкі саясатының басты артықшылығы ретінде бірте-бірте жүзеге асырылып отырғандығын көруге болады. Бұл ұлтаралық келісім мен ішкі саяси тұрақтылықтың қажет деңгейге дейін жетуін қамтамасыз етуге және қазақстандықтар деген жаңа саяси ұлтты қалыптастыру жағдайын жасауға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік сәйкестікті қалыптастыру және қазақстандық ұлттың саяси азаматтар қауымдастығы ретінде орнығу үрдістерінің сәтті өткендігінің көрсеткішін түсінік аппаратының қалыптасуынан байқауға болады, ол қазақстандық қоғамды билік деңгейінде де, күнделікті қарым-қатынас деңгейінде де үйреншікті және кеңінен қолданылатын сипатқа ие болды: «ұлттық қауіпсіздік», «ұлттық мүдделер», «ұлт саулығы», «ұлт болашағы» және «Ұлт көшбасшысы». Сонымен қатар бұл терминдердің қандай да бір этникалық топқа емес, барлық Қазақстан халқына қатысты айтылғандығы белгілі.

2014 жылдың 17 қаңтарында еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын ұсынды, ол Жолдауда республикамыздың 2050 жылға дейін даму стратегиясын ұсынып, «Мәңгілік Ел» атты ұлттық идеяның негізгі принциптерін көрсетті, бұл да этникалық сипатқа ие. Еліміздің Тұңғыш Президентінің Жолдаудағы мына сөзі бұған дәлел бола алады: «Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз! «Мәңгілік Ел» –жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы…» [12].
Әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.А. Идейная консолидация казахстанского общества –

как условие прогресса Казахстана. Алматы, 1993.

2. Конституция Республики Казахстан. Алматы, 2007.

3. Назарбаев Н.А. Выступление на III сессии Ассамблеи народа

Казахстана //Казахстанская правда, 1996, 30 апреля.

4. Назарбаев Н.А. Выступление на IV сессии Ассамблеи народа

Казахстана //Казахстанская правда, 1997, 6 июня.

5. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Послание Президента страны

народу Казахстана. Алматы, 1998.

6. Назарбаев Н.А. Выступление на VII сессии Ассамблеи народа

Казахстана //Казахстанская правда, 2000, 16 декабря.

7. Назарбаев Н.А. В потоке истории. – Алматы, 2003. – С.180-181.

8. Там же С.185, 213.

9. Назарбаев Н.А. Выступление на расширенном заседании

Политсовета НДП «Нур Отан» //Казахстанская правда, 2008, 19 января.

10. Назарбаев Н.А. Выступление на конференции, посвященной 10-

летию Стратегии «Казахстан-2030» //Казахстанская правда, 2007, 13 октября.

11. Назарбаев Н.А. Выступление на ХV сессии Ассамблеи народа

Казахстана //Казахстанская правда, 2009, 27 октября.

12. Назарбаев Н.А. «Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые



интересы, единое будущее». Послание Президента страны народу Казахстана //Казахстанская правда, 2014, 18 января.
В.Т. Сабденова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к.

e-mail: loralloral@mail.ru




Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет