Қазақстан республикасының ТҰҢҒыш президенті



бет12/12
Дата28.11.2016
өлшемі3,17 Mb.
#2754
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Екінші. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Президент Н.Ә. Назарбаев агроөнеркәсіп кешені алдында – экологиялық таза азық-түлік өндірісі саласында жаһандық ойыншы болу міндетін қойды. Ьұл үшін саланы ауқымды түрлендіру, инновациялар енгізу ғылымның дамуысыз мүмкін емес. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ХХІ ғасырда елдің тұрақты дамуының басты трендтерінің бірі.

Үшінші. Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн. Ғылымды қаржыландыру көлемін біртіндеп арттырып, оны дамыған елдердің көрсеткіштеріне жеткізу жөнінде нақты жоспар қажет.

Төртінші. Инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның, көліктің, энергетиканың қарқынды дамуын қамтамасыз ету керек. Агломерациялар – Қазақстанның ғылыми қамтымды экономикасының ұстыны. Көлік инфрақұрылымы – индустриялық экономика мен қоғамымыздың тамырына қан жүгіртетін жүйе. Астанадағы Дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты болашақтың энергиясын іздеу және жасау жөніндегі озық әлемдік тәжірибені зерделеу мен енгізу орталығын құру үшін пайдалану керек. Біз қоғамдық көлікті отынның экологиялық таза түрлеріне көшіруге, электромобильдерді енгізуге және олар үшін тиісті инфрақұрылым қалыптастыруға жағдай жасауымыз керек. Еліміз бензинді, дизель отынын, авиация керосинін молынан өндіруді қажет етіп отыр. Жаңа мұнай өңдеу зауыттарын салу қажет.

Бесінші. Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі.

Шағын және орта бизнес – біздегі Жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі. Оны дамыту үшін жеке меншік институтын заңнамалық тұрғыда нығайтатын кешенді шешімдер қажет. Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек. Шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс.

Шағын бизнесті мамандандыруды келешекте оларды орта деңгейге көшіру перспективасымен дамыту шараларын қабылдау маңызды болмақ. Осы сектор субъектілерінің банкроттығының айқын тетіктерін енгізген жөн. Шағын және орта бизнес жаңа инновациялық кәсіпорындар төңірегінде дамуға тиіс.

Алтыншы. Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін төмендегілерді қолға алу керек.

Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.

Таяудағы 3 жыл ішінде, 2017 жылға дейін орын жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көшіру керек. Үкімет пен әкімдер осы міндетті орындау үшін бюджет қаражатының бөлінуін қарастырғаны жөн. Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет. Үкіметке 2014 жылғы 1 маусымға дейін осы мәселе бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын.

Жетекші университеттерді академиялық және басқарушылық автономияға біртіндеп көшіруге жоспарлы түрде кірісу қажет. Үлгерімі жақсы студенттер мен оқушыларды қолдаудың тиімді жүйесін жасау қажет деп санаймын. Үкіметке 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап стипендиялар мөлшерінің 25 пайызға өсірілуін қамтамасыз етуді тапсырамын.

Екіншіден, денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту. Міндетті медициналық сақтандыру енгізу мәселесін зерттеген жөн. Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі – медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі.

Үшіншіден, жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін берген жөн. Мәдени саясаттың ұзақмерзімді тұжырымдамасын әзірлеу қажет. Онда қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар белгілеу керек.

Төртіншіден, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік пакеттерін қайта қарастырған жөн. Президент үкіметке азаматтық қызметшілер еңбекақысының жаңа үлгісін әзірлеуді және 2015 жылғы 1 шілдеден бастап енгізуді тапсырды. Ол қызметкерлердің еңбекақыларын денсаулық сақтау саласында – 28, білім беру саласында – 29, әлеуметтік қорғау саласында 40 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз етуге тиіс.

Бесіншіден, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады.

Жетінші. Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуалы қажет. Мемлекеттің үкіметтік емес сектормен және бизнеспен өзара іс-қимылының жаңартылған тәсілдері керек. Заң алдындағы теңдік құқық тәртібінің шынайы негізі болуға тиіс.

Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс.

Отандастарына Н.Ә.Назарбаев:

Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз!

Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы.

Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.

Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.

Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.

Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.

Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік [4].

Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр» [4].
Әдебиеттер тізімі
1. Послание Президента обращено к каждому гражданину - спикер Сената Касым-Жомарт Токаев // Казахстанская правда, 2014, 18 января.

2. Бишимбаев В. Обеспечить продовольственную безопасность // Казахстанская правда, 2014, 27 февраля.

3. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 февраля.

4. Жазылбеков Н. Время модернизации // Казахстанская правда, 2014, 8 февраля.


А.К. Мубаракова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Патриоттық тәрби беру

ҒЗИ әдіскері

e-mail: 29-10-1988@mail.ru



ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РОЛІ
Халықаралық қауіпсіздік мемлекеттерге бейбітшілік жағдайында экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етіп, саяси жүйені жетілдіріп, өз азаматтарына үздіксіз қамқорлық көрсетіп, олардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдеме беріп, дамуға мүмкіндік беретін Жердегі бейбітшіліктік тәртіпті көрсетеді.

Халықаралық қауіпсіздіктің түсінігі айтарлықтай жан-жақты болып келеді. Әдетте халықаралық қауіпсіздік бірнеше түрлерге бөледі: экономикалық, әскери-саясаттық, гуманитарлық, ақпараттық және т.б. Мамандар қауіпсіздіктің елуге жуық түрін көрсетеді, олардың көбісі халықаралық қауіпсіздікке қатынасы бар. Халықаралық қауіпсіздік туралы жалпылай айтқанда, оны кең ауқымды мағынада түсіну керек. Сонымен қатар халықаралық қауіпсіздік түсінігі көбінесе тар мағынада қолданылады. Бұл жерде халықаралық қауіпсіздіктің әскери-саясаттық мағынасы мен біздің ғаламшарымыздағы бейбіт өмір сүруді қамтамасыз ету проблемасы туралы айтылып тұр.

Қазіргі заманғы кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы мәселелерде әр мемлекет халықаралық қауіпсіздіктің үш жүйесіне сенім арта алады.

Бірінші жүйе – әмбебаптық халықаралық жүйесі, оның басы 1945 жылы БҰҰ Жарғысымен қабылдануымен негізделген еді, онда: қазіргі заманғы және келешек ұрпақты әскери шиеленістерден сақтау концепциясы бекітілген еді. БҰҰ Жарғысы күш қолдану және күшпен қауіп төндіруді қолданбау; халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу; жалпыға ортақ және толығымен қарусыздану сияқты қағидаттарды қамтиды. Сонымен қоса халықаралық құқықтың өзге қағидаттары да сақталу керек. Дүниежүзіне және қауіпсіздікке қауіп төнген кезде немесе агрессия актілері жасалған кезде, БҰҰ Жарғысы ұйымның Қауіпсіздік Кеңесін БҰҰ мемлекет-мүшелеріне бірлескен шаралар ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруын міндеттейді.

Екінші жүйе ашылуы БҰҰ Жарғысымен қарастырылған аймақтық қауіпсіздік жүйесіне тірек етеді (VIII тарау). Бұл жүйеге қарастырылған Жарғының негізгі талаптары келесідей:

1) онда тек бір саяси-географиялық ауданның мемлекеттері қатыса алады;

2) аймақтық келісімдерге байланысты шаралар осы ауданның шекарасынан аса алмайды;

3) бұл шаралар БҰҰ қолданатын шараларға немесе БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына қарама-қайшы келмеу керек.

Аймақтық ұжымдық қауіпсіздік негізін аймақтық даулардың бейбіт жолымен шешілу шаралары құрайды. Ұжымдық өзін-өзі қорғау туралы БҰҰ Жарғысының 51 бабына сәйкес әскери шаралар тек тікелей агрессияны тойтаруға ғана қолданыла алады, және олар БҰҰ ҚК сәйкес нормалар қабылдағанына дейін ғана жалғаса алады.

Соңғысы болып табылатын үшінші жүйе – мемлекеттер қауіпсіздігінің жеке жүйесі. Мемлекеттік егемендіктің халықаралық құқық-қағидаттың негізгі қағидатынан шығатын өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттердің құқығы – мемлекеттер тәуелсіздігінің бір көрінісі болып табылады.

Әдетте халықаралық қауіпсіздік әмбебап қауіпсіздігіне, немесе Жерде бейбітшілікті қамтамасыз етуге икемделген жалпыға ортаққа, және ғаламшардың бөлек аймағында құрылатын аймақтыққа бөледі. Сондай-ақ әмбебап та, аймақтық та халықаралық қауіпсіздік халықаралық қоғамдастық қатысушыларының ұжымдық күштерімен ғана құрыла алатынын атап өткен жөн.

Қазақстан өзінің тәуелсіз мемлекет ретінде тіршілік етіп келе жатқан жылдар бойы халықаралық қатынас жүйесіне нық кірді, жеке сыртқы саясатын қалыптастырды, белгілі бір сыртқы саясаттық доктриналарды тұжырымдады.

1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесіне қабылданды. Сол жылдың 5 қазанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясының пленарлық жиналысында Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бірінші сөз сөйлеуі болды, ол жерде Президент Азиядағы Өзара қатынас пен сенім шаралары бойынша кеңес шақыру туралы тәуелсіз Қазақстанның бірінші халықаралық бастамасын ұсынды (ӨҚСШК).

Қазақстанның БҰҰ кіруі халықаралық құқық пен халықаралық қатынастардың толық субъектісі ретінде дүниежүзілік қоғамдастықтың тануын білдірді. Бүгінгі таңда 193 мүше-мемлекеттерді біріктіретін (Қазақстан 168-ші орында) осы әмбебап жаһандық ұйымдар шеңберінде дүниежүзілік мәселелерді шешуде белсенді қатысу біздің мемлекетіміздің дамуына, оның ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға және дүниежүзілік аренада ұлттық мүдделерді қорғауға, дүниежүзілік экономикалық байланыс жүйесіне толық қанды бірігуге қолайлы жағдайлар жасады және одан әрі жасау бойынша көмек көрсетуді жалғастыруда.

2011 жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясында қатысқан кезде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның 20 жыл бойы БҰҰ Жарғысының ережелері мен рухын мүлтіксіз орындап келді. Біздің еліміздің басты сыртқы саясаттық басымдылықтардың бірі БҰҰ шеңберінде өзекті халықаралық мәселелерді шешуге белсенді қатысу, осы дүниежүзілік әмбебап ұйыммен ынтымақтастықты дамыту мен кеңейту болып табылады.

1992 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ мүшесі болып кірді, ал 1995 жылы Вена қаласында ЕҚЫҰ жанында Қазақстан өкілеттілігі ашылды. Қазақстанның осы ұйымға кіруі халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін шешу жөнінде жалпы еуропалық шараларға белсенді қатысу талпынысымен білінді. Сондай-ақ Қазақстан адам құқығын қорғау, экономикалық даму, терроризммен күресу және көп тараптық ынтымақтастықтың өзге мәселелерін шешу бойынша міндеттемелерді өз еркімен мойнына алды.

Қазақстан Республикасы қысқа уақыт ішінде ЕҚЫҰ құрамына кіретін елдермен жоғары өзара қатынас деңгейіне жете алды. Оған сөзсіз елдің сәтті экономикалық дамуы, қазақстандық қоғамның қоғамдық-саяси өмірін либеризациялау мен оның саяси жүйесін демократизациялау өз септігін тигізді. 2004 жылы саяси реформалардың жалпы ұлттық бағдарламасы жарияланды. Содан кейін ЕҚЫҰ стандарттарына едәуір жақын жаңа сайлау заңнамасы қабылданды [1]. Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау бойынша әр түрлі комиссиялардың қызметіне үлкен көңіл бөлінген еді. ЕҚЫҰ-дағы Қазақстанның рөлі мен беделінің көрсеткішіне 2010 жыл бойы Қазақстан осы халықаралық ұйымның төраға қызметін атқарғанын жатқызуға болады.

Халықаралық қарым-қатынас туралы заманауи ғылымда жаһандық халықаралық жүйенің болуы бүкіл халықаралық өмірге және бөлек алған бір елдің сыртқы саясатына өзінің ізін қалдыратыны барлығына белгілі. Сонымен қатар, аймақтық халықаралық жүйелерге үлкен қызығушылық танытыла басталатын болды, олар жаһанданудың күшею қарқынына қарай маңызды болып, ғаламдық жүйеден жеткіліктілік пен тәуелсіздік жаққа тартыла бастады. Бүгінгі таңда қарқыны өсіп келе жатқан аймақтылық қазіргі заманғы дүние дамуының негізгі беталысы болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан үшін өзекті аспектке халықаралық қана емес, сонымен қоса аймақтық қауіпсіздік жатады. Республика бұл саладағы саясатын тек екі жақты ғана емес, көп жақты деңгейде өткізеді.

Қазақстан үшін аймақтық халықаралық жүйе бірнеше аймақтық қосалқы жүйелердің қосындысын білдіреді. Бұл жағдайда Орталық-Азия аймағы негізгі қосалқы аймақ жүйесі ретінде іс-әрекет етеді [2].

ХХІ ғасырдың басында Қазақстан аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталып, іске асқан сыртқы саясаттық бастамаларды сәтті көрсетіп, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев жетекшілігімен аймақтық көшбасшы орнын нық алды.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың интеграциялық бастамалары Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық, Өзара қатынас пен сенім шаралары бойынша кеңес (ӨҚСШК), Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім (ҰҚТК), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) сияқты еуразиялық аймақтық ұйымдардың құрылуына айналды. Бұл аймақтық құрылымдардың қажеттілігі мен пайдалылығын уақыт көрсетті, олар жиынтығында геосаясаттық ландшафтты қалыптастырады және аймақтық қауіпсіздік құрылымын нығайтып, маңызды реттеуші функцияны атқарады [3].

1992 жылы Ташкент қаласында ТМД елдерінің Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімі жасалды. Құжатқа қол қойған елдер өздерін ҰҚК ұйымы деп атады. Бұл ұйымның Жарғысында дүниежүзінің, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, тәуелсіздіктің ұжымдық негізіндегі қорғаныс, аймақтық тұтастық пен мүше-мемлекеттердің егемендігі оның басымдылығы саяси құралдарға беріледі. Бұл ұйым басқа мемлекеттер мен халықаралық құрылымдармен ынтымақтасу үшін ашық. Мысал ретінде, жайдан дамып келе жатқан ҰҚТК мен ЕҚЫҰ қарым-қатынастарын келтіруге болады. ЕҚЫҰ мен ҰҚТК арасындағы ынтымақтастық терроризм және есірткімен қарсы күрес, Ауғанстанмен шекараны нығайту сияқты салаларда қолайлы болашақ бар деген түсінікке ие [4].

2001 жылдың 14-15 маусымында Шанхай қаласында алты мемлекет – Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшыларының кездесуі өтіп, ШЫҰ құру туралы жарияланды. Саммитте қабылданған Декларация дүние жүзіні, Орта Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдау және қамтамасыз ету ретінде өзінің басты мақсаттарын жариялап, сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, білім беру, энергетикалық, транспорттық, экологиялық және басқа салалардағы ынтымақтастықты дамыту туралы айтты. Басқа маңызды құжат – осы ұйыммен қабылданған терроризмге, сепаратизмге қарсы күрес туралы конвенция халықаралық деңгейде бірінші рет сепаратизм мен экстремизм анықтамасын қылмыстық тәртіпте қудалаған әрекет, зорлық ретінде бекітті.

Шанхай ұйымы аймақтық қауіпсіздік тақырыбы бойынша жұмысты жандандыру мақсатын алдына қояды. ШЫҰ мүше-мемлекеттері мен бақылаушы-мемлекеттерінің сыртқы істер министрлер орынбасарларының тұрақты кеңес беру тәжірибесі жалғастырыла қоймай, сонымен қоса жоғары деңгейдегі кездесулерді сараптық кездесулермен, терроризм және есірткімен қарсы күрес тақырыбы мен ауған істері бойынша ҰҚКҰ-мен, басқа шетелдік серіктестермен өзара әрекеттесуді толықтыру керек. Аймақтағы жағдайдың дамуын талдау және жорамалдау жұмыстарын бірлесе өткізуге және әрекет ету мен алдын алу шараларының нұсқаларын әзірлеуге көп көңіл бөліну керек. Қарапайым оймен бөлісудің орнына позицияны ұстау мен әрекет етуге келісуді енгізу керек.

ШЫҰ аймақтық қауіпсіздікке байланысты келесі мақсаттардың орындауын қамтамасыз етуге шақырады:

- мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім мен тату көршілікті нығайту, сондай-ақ аймақтағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қолдау және нығайту;

- терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы бірлескен әрекет ету;

- есірткінің және қарудың заңсыз айналымымен, трансұлтты қылмыстық әрекеттің басқа түрлерімен, сондай-ақ заңсыз көшу-қонумен күрес;

Сонымен қатар бүгінгі заманның «үш жамандығы» көбінесе аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің басқа ауыр қаупімен байланысты екенін атап өткен жөн, ол - есірткінің заңсыз айналымы. Осыған байланысты, 2004 жылдың 17 маусымында ШЫҰ шеңберінде есірткі заттардың, есуастандырғыш заттардың және олардың алғы нышандарының заңсыз айналымымен қарсы күрес бойынша ынтымақтастық туралы келісімнің қабылданғанын атап өткен жөн.

Осы келісімнің орындалуы мақсатында 2011 жылдың 14-15 маусымында Астанада өткізілген ШЫҰ мерейтойлық саммитінде 2011-2016 жылдарға арналған ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің Есірткіге қарсы стратегиясы және ШЫҰ кеңістігінде есірткі қаупіне қарсы күрес бойынша бірлесе жасалған шаралардың тиімділігін арттыруына септігін тигізетін Іс-әрекет бағдарламасы бекітілді [5]. Берілген құжаттарды қабылдағаннан басқа, Қазақстан АТҚҚ және Есірткі мен есуастандырғыш заттардың заңсыз айналымымен қарсы күрес бойынша Орта Азиялық ақпараттық үйлестіруші орталығы (ОААҮО) арасында Өзара түсіністік хаттамасына қол қоюға едәуір септігін тигізді, сонымен қоса ШЫҰ-ның Есірткі мен қылмысқа қарсы күрес бойынша БҰҰ (UNODC) Басқармасымен Өзара түсіністік меморандумының қабылдану бастамасын қолға алды. Сондай-ақ терроризммен, есірткі мен қарудың заңсыз айналымымен және трансұлтты қылмыстардың басқа да түрлерімен байланысты тұлғалардың кіріп кету каналдарын жабу мақсатында, Қазақстан ШЫҰ шеңберінде заңсыз көшіп-қонумен қарсы күресте ынтымақтастық туралы Келісімге қол қоюды ұсынды.

2012 жылдың қаңтар айында Президент Н.Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біз өзіміздің теңдестірілген сыртқы саясатымызды тек Батыспен қана өзара қатынаса қоймай, сонымен қоса Азия мемлекеттерімен де өткізетін боламыз» деп атап өткен еді. ХХІ ғасырдың жаһандық қарсы тұруына және қауіпіне жауап ретінде еуразиялық біріктіруінің кеңейтілуі мен тереңдетілуі және Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы болады. Еуразиялық біріктірудің маңыздылығын баса айтқанда, Н.Ә. Назарбаев: «Бұл жалпы аймақтық тұрақтылықтың, экономикаларымыздың бәсекелесу қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы болып табылады. Біз ТМД-дағы басқа мемлекеттердің еуразиялық біріктірудің мүшесі болуға талпынуын қолдауға дайынбыз» деп атап өтті [6].

Сөйтіп, қазіргі таңда Қазақстан дүниежүзілік саяси үдерістің толық құқылы авторы, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аймақтық көшбасшы және біріктіру үдерістері мен бірлестіктердің бастамашысы болып табылады. Орталық Азия мемлекеттерімен достастық және тату көршілік ынтымақтастықта өзара тиімді қарым-қатынастарды жүйелі және жоспарлы түрде дамыта отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев аймақтағы тұрақты және қауіпсіз бейбітшілікті құрудың сәулетшісі мен жақтаушысы болып табылады.

Әдебиеттер тізімі


1. Внешняя политика: главные приоритеты // Казахстанская правда,

2008, 9 декабря.

2. Тукумов Е.В. Внешняя политика Казахстана за годы независимости: итоги, результаты, достижения. // nomad.su/a=3-201112150027.

3. Об утверждении Положения о Полномочном представителе Республики Казахстан в Постоянном Совете при Организации Договора о коллективной безопасности. Указ Президента РК // Казахстанская правда, 2005, 29 октября.

4. От Хельсинки до Будапешта: история СБСЕ/ОБСЕ в документах (1973–1994). М.: Наука, 1997.

5. Выступление Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева на V Астанинском экономическом форуме 23.05.2012 г. // http://www.akorda.kz.

6. Послание Президента РК Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Социально-экономическая модернизация – главный вектор развития Казахстана». // Казахстанская правда, 2012, 27 января.


Мазмұны


Кіріспе………………………………………….……………….……..........

3

А.М. Ғазалиев. Студент жастарға патриоттық тәрбие беру (ҚарМТУтәжірибесінен)...............................................................................

4


И. Адырбеков. Жаһандық бәсекелестікте зияткерлік серпіліс................

7

К.С. Сұлтанов. Дәуірдің түйінді бағыттары……………………………..

11

Т.И. Сүлейменов, К.З. Сәрекенов. Мәңгілік ел – Қазақстан жолының ұлттық идеясы................................................................................................

15


С.С. Қасымова. Мемлекеттік егемендіктің қалыптасуы: тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдар.....................................................................

21


К.Ш. Джалилов. Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасы және қазақстандық қоғамның нығаюы – мемелекеттік құрылыстың маңызды факторы. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы.....................................

27


А.К. Жарылқасынова. Қазақстанның экономикалық стратегиясын әзірлеу.......………………………………………………………………......

33


М.О. Төлеуова. Саяси жүйені жаңғырту және құқықтық мемлекет негіздерін қалыптастыру.......………………………………………………

39


Е.Ж. Әубәкіров. Астана – Қазақстанның жаңарған бейнесі, оның көп ұлтты халқының жасампаз жігерлілігінің нышаны....................................

45


Л.Г. Матвеенкова. Қазақстан Республикасында саяси ұлт қалыптастыру стратегиясы...................................................................................................................

51


В.Т. Сабденова. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылу стратегиясы: Жалпыға ортақ еңбек Қоғамына жиырма қадам...………………………..

57


Н.Б. Давлетбаева. Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы..............................…...

64


Е.Н. Ивлева. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: болашаққа бағдарланған даму бағыттары.............

70


А.В. Сиводедова. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат – Қазақстан болашағын қамтамасыз ететін саясат........................................

76


Н.А. Қазбеков. Қазақстан Республикасы сыртқы саяси қызметінің негізгі принциптері....…………………...........................………………….

82


А.М. Беркінбекова. Н.Ә. Назарбаевтың әлемдік қауымдастықта Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастырудағы ролі.........

88


О.М. Хмельницкая. Еуразиялық ықпалдасу идеяларын әзірлеу мен жүзеге асырудағы Қазақстанның ролі.................................................……

94


Г.М. Смирнова. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан Жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы..................................................................................................................

100


А.К. Мубаракова. Халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның ролі.......................……………………

107




ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ
1-жинақ

Құраушы-авторлар: Т.И. Сүлейменов, К.З. Сарекенов, В.В. Козина,

Л.Г. Матвеенкова, Е.Н. Ивлева, А.К. Мубаракова, С.С. Қасымова,

К.Ш. Джалилов., А.К. Жарылқасынова, М.О. Төлеуова, Е.Ж. Әубәкіров,

В.Т. Сабденова, Н.Б. Давлетбаева, А.В. Сиводедова, Н.А. Қазбеков,

А.М. Беркінбекова, О.М. Хмельницкая


ҚарМТУ баспасы, 100027. Қарағанды, Бейбітшілік б., 56.

Басуға қол қойылды 02.04.2014 ж. Пішімі 60х84х8

Есептік баспа табағы 14,25. Таралымы 100 дана.Тапсырыс № 504




Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет