Ќазаќстан республикасыныњ



бет34/145
Дата07.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#95129
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   145
Байланысты:
Seidahmetov-Kasipkerlik

Лизинг келісімшарты келесідей маңызды мәліметтерді қамтуы керек:

  1. лизинг затының толық сипаттамасы;

  2. берілетін меншік құқықтарының көлемі;

  3. лизинг затын беру тәртібі мен орнының атауы;

  4. лизинг келісімшартының уақыт мерзімін көрсету;

  5. лизинг затының баланстық есебінің тәртібі;

  6. лизинг затын ұстау мен жөндеу тәртібі;

  7. кешенді лизинг келісімшарты негізінде лизинг берушімен ұсынылған қосымша қызметтер тізімі;

  8. лизинг келісімшартының жалпы сомасын және лизинг берушінің сыйақы мөлшерін көрсету;

  9. есеп айрысу тәртібі (төлемдер графигі);

  10. лизинг келісімшартымен байланысты тәуекелдерден лизинг затын сақтандыруға деген лизинг берушінің немесе лизинг алушының міндеттерін анықтау;

  11. тараптардың міндеттері мен жауапкершілігі.

Лизингтік келісімшарттың маңызды шарты лизингтік төлемдер сомасы болып табылады, ол мыналардан тұрады:

  • келісімшарт мерзімін қамтитын, кезеңдегі мүлік амортизациясы;

  • несиелік ресурстарды қолданғаны үшін лизинг берушіге төленетін сома;

  • лизинг берушіге комиссиялық сыйақы;

  • лизингтік мүлік, лизинг берушімен сақтандырылған жағдайдағы сақтандыру үшін төленетін сома;

  • келісімшартпен қарастырылған лизинг берушінің қосымша қызметтері үшін ақысы;

  • қосылған құн салығы;

  • лизинг берушімен төленген, лизинг келісімшарты бойынша берілетін мүлік салығы;

  • лизинг берушінің инвестициялық шығындар сомасы;

  • лизинг келісімшартымен қарастырылған лизинг берушінің басқа да шығындары.

Лизингтің тартымдылығы кәсіпорынның құрал – жабдық сатып алу үшін бір мезгілде өз қаржылық ресурстарын жұмсамайтындығында. Өйткені банктер оны өз қаражаттары есебінен сатып алады. Банктер ақырында құрал – жабдықты сатып алуға деген бастапқы шығындардан жоғары болатын жалға беру ақысы түрінде табыстар алады. Қаржылық лизинг (мерзімі 5-10 жыл) кәсіпорынды ұзақмерзімді несиелеу нысанын сипаттайды. Сонымен қатар қарапайым ссудаға қарағанда оның бірқатар артықшылықтары бар. Ол несиені ұсыну мен өтеудің шектеулі мерзімдерімен байланысты.


5.5  КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ ФАКТОРИНГ
Факторинг деп кәсіпкердің дебиторлық қарызын өтеуді өз мойнына алатын (кәсіпкер тауарды алып, оның құнын төлей алмаған жағдайда) немесе кәсіпкерден төлем туралы қандай да бір серіктеске деген талабын сатып алатын (кәсіпкер тауар тасымалын жүзеге асырып, бірақта сатып алушы төлемді создыруды пайдаланса) өзара қатынастар жүйесін айтады.
Фактор – кәсіпорын рөлінде көбінесе банктер (көптеген банктер қазіргі таңда банк топтарына айналуда; олар тек қаржылық қызмет көрсетумен айналысып қоймайды, сонымен қатар өз құрылымында факторингтік, лизингтік, инжинирингтік, консалтингтік кеңселерді қалыптастыра отырып, клиенттерге кешенді қызмет көрсетуді жүзеге асырады) шығады.
Факторинг – бұл фактор – компаниямен клиент шоттарын сатып алу арқылы, клиенттің айналым капиталын несиелеумен үйлесетін сауда – комиссиялық операцияның бір түрі.
Факторинг – өзіне бухгалтерлік, ақпараттық, жарнамалық, өткізу, көліктік, сақтандырушы, несиелік және заңды қызмет көрсетуді қосатын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетудің әмбебап жүйе элементтерінің бірі.
Факторингтік операциялардың таралуы қазіргі таңда төлемнің қарапайым мерзімінің 1 айдан 3 айға дейінгі аралықты қамтитындығымен байланысты. Егер, банк мұндай төлемдер бойынша талаптарды төлесе, онда сконто (италиян тілінен аударғанда sconto – баға бойынша жеңілдік) шарты қолданылады, қаражаттар айналымы көбейеді.
Әртүрлі ерекшеліктері бар белгілердің негізінде жіктелетін, факторингтік операциялардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады (15 - сурет).
Факторингтік операциялар ішкі және халықаралық болуы мүмкін. Егерде жабдықтаушы – фирма және оның клиенті, яғни сату – сатып алу бойынша тараптар, сонымен қатар факторингтік компания бір елдің территориясында орналасса, онда бұл - ішкі факторинг. Егерде факторингтік келісімшарттың қатысушылары әртүрлі елдердің территориясында орналасса, онда бұл – халықаралық факторинг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет