Қазақстан республикасыныңбілім және ғылым министрлігі


Өзін – өзі бағалау еңбек әрекеттіндегі ниет пен фрустрация деңгейі



бет4/11
Дата05.11.2016
өлшемі2,61 Mb.
#932
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өзін – өзі бағалау еңбек әрекеттіндегі ниет пен фрустрация деңгейі

Біздің әрқайсымыз әдейі немесе білместікпен өзімізді басқалармен салыстыра отырып өзінің ақыл – ойы, келбеті, денсаулығы, қоғамдағы орны туралы пікір қалыптастырып, ұялшақ немесе такаппар, талапшыл немесе сабырлы сияқты өзін – өзі бағалаудың жиынтығын құрастырамыз.

Көптеген адамдарда өзін бағалау ортада деңгейден сәл жоғары болады. Бұл дегеніміз адамның өзін құрметтеуі, яғни психологиялық тұрғыдан тұрақтылық пен жақсы көңіл – күйдің қайнар көзі.

Ал кейбір адамдардың өздерін бағалауы төмен немесе жоғары деңгейде болады, сол себепті адамдардың қоғамға деген негативті көзқарастарын туғызады.

Өзін құрметтеу мен өзін – өзі бағалаудың қалыптасуына көптеген факторлар әсер етеді. Мысал ретінде баалық шақтағы ата – ана қатынастары, құрбылар арасындағы орны, т. б. Өзі туралы бақалардың пікірін салыстыра отырып адам өзін –өзі бағалайды, тек алдымен басқаларды бағалап үйренеді. Адамның қалыптасқан бағалауы дұрыс, көтеріңкі немесе төмендетілген болып бөлінеді.

Осыдан ниет деңгейі, яғни адамның бұрынғы жеткен жетістігін біле тұра келесі деңгейдегі жетістікке жетудегі тапсырманың қиындығымен түсіндіріледі.

Ниет деңгейі де дұрыс, көтеріңкі немесе төмендетілген болып бөлінеді. Олар адамның өмір жолындағы сәттіліктер немесе сәтсіздіктер, жетістіктер мен қол жеткізе алмаған армандарға байланысты. Адам өзін жоғары деңгейде бағалаған сайын ол дұрыс ниет деңгейін қалыптастырады.

Өзін – өзі құрметтеу – тұлғаның өзіне деген жалпылама қатынасы- жеткен жетістіктер санына тура шамалас және ниет деңгейіне кері шамалас, яғни ниет жоғарылаған сайын адамның өзін құрметтейтін жетістіктері де көбейе түспек.

Төмен құрметтеушілік өзіне көңіл толмағандықтан, өз тұлғасына кері баға берушіліктен туындайтын сабырсыздық, депрессия өз жетіспеушіліктерінің гипертрофеясы оны жеңудің емес, керісінше өзін ақтап қызметінен бас тартуға әкеліп соғады.

Фрустрация – адамның эмоциалды күйінің ерекшелігі, ол қалаған мақсатқа жетудегі кедергіні жеңе алмаудан пайда болады. Фрустрация ашушаңдық, дөрекілік түрінде басқаларға немесе өзінің сәтсіздіктеріне өзін кінәлау барысында өзіне бағытталады.

Л. П. Гримак стресстен кейін адам осындай жағдайға кездеседі дейді. Осындай күйді туғызушы жағдайларға сәйкес «фрустрациялық жағдай» немесе «фрустрациялық әрекет ету» атына ие болды. Фрустациялық жағдайлар қажетті мақсатқа жете алмаушылықтан, оның іске аспауынан және орындау себептерінің жоғалуынан туындайды. Күнделікті өмірде фрустрациялық жағдайлар екі топқа бөлінген қажеттіліктердің кең ауқымымен сипатталады:


  1. Биологиялық қажеттіліктер – бұл топқа физиологиялық ( аштық, шөл, ұйқы), жыныстық және сексуалды ( көбею, жақын қатынас қажеттілігі), бағыттық ( кеңістікте, уақытта, қоршаған ақиқатта жөн табу қажеттілігі ), және т.б.

  2. Әлеуметтік қажеттіліктер – еңбек, танымі эстетика, наным қажеттіліктері.

Фрустрациялық жағдайдың жиі қайталануы кейбір адамдарда ашушаңдық, қызғаныш, дөрекілік белгілерін қалыптастырса, кейбіреулерінде ынтасыздық, сенімсіздік белғілерін қалыптастырып көпке созылған жағдайда жүйке ауруына шалдықтырады. Жүйке ауруы – жүйке жүйесінің анатомиялық зақмдануынсыз бұзылу процессі. Жүйке ауруы сәтсіздіктерден, фрустрация және тұлғааралық шиеленістен туындайды. Сонның салдарынан бұрынғы шиеленістер өршіп жаңа шиеленістерге алып келеді. Сондықтан адамның өзін бағалауы тұлғаның қызметінің және тұлғалық биіктеуіне себепші болатын бірден – бір фактор.

Еңбек әрекетіндегі тұлғаның жіктелуі

Қызмет жолында тұлға барлық мінездерінің жиынтығымен көрінеді. Тұлғаның жіктелуінің 6 түрі бар. Осыған байланысты Э. Шпрангер әр тұлға белгілі бір қасиеттеріне байланысты 6 топтың біріне кіреді деп ойлайды.



1. Теориялық адам. Теориялық адам мәселелерге, байланыс орнатуға және түсіндіруге мүмкіндік беретін сұрақтарға қатты қызығушылық танытады. Оның әсіреушіліктері шын өмірден өзгеше, ол білуге мүмкіндігі болмаса күйзеліп, ал өзіне зиянды болса да теориялық жаңалық ашса қуануы мүмкін. Ол үшін білудің әдістерінің шындығы бағалы болып саналады. Ол үшін дүние – жаратылыстардың шексіз пайда болуы мен қатынастарға тәуелділік жүйесі ретінде көрінеді. Оның Мен түсінігі шындыққа негізделген мәңгілікпен байланысты. Оның шынайы өмірін қызығушылығы нәтижесінде өмірлік мақсатын айқындаған белгілі бір мамандандырылған ғалымдар өмірінен көруімізге болады. Бірақ бұл белгілерді мамандыққа қатысы жоқ адамдардан да байқауға болады.

2. Экономикалық адам. Экономиқалық адам міндетті түрде өндіріспен байланысты адам емес. Жалпы алғанда эконмикалық адам дегеніміз бірінші орынға пайдалылықты қоятын адам. Ол үшін барлығы қолайлы өмір сүруге жұмсайтын қажеттіліктер ретінде көрінеді. Ол уақытты, күшін, материалдарды пайдаға жарату үшін әркез үнемдеп отырады. Оның әрекетінің мағынасы оның қызметінде емес, пайдалық эффектінде.

3. Эстетикалық адам. Өнер туындысы эстетикалық әсерленуші жанда ғана пайда болады, ішкі дүниеде ғана өнер туындысы пайда болып, ішкі дүние ырғағынан әуен пайда болады. Эстетикалық адам дүниетануымның өзіне тән қырымен ерекшеленеді: сезудің және алдын ала көре алу қабілетімен. Теориялық адам үшін ол арманшыл, қиялшыл болса, экономикалық жағынан эстетикалық идеал мен экономикалық құндылықтар қарама – қайшы дүние. Эстетикалық адам теориялық сияқты өмірдің экономикалық шарттары алдында әлсіз болып келеді.

4.Әлеуметтік адам. Әлеуметтік тәртіпке басқалардың өміріне араласу мен өзін бөтен сезіну сипатты. Басқа адам үшін өз өмірінен бас тарту әрекеті өмірінде басты қағидаға айналуы нәтижесінде әлеуметтік атына ие болған өмір сүрудің ерекше формасы махаббатқа байланысты. Ол өмір сүрудегі негізгі басты сезім болып қалуы мүмкін. Ол белгілі бір нәрселерге бағытталып өзінің бірінші қажеттілігін жоғалтпайды.

5.Саяси адам. Шпрангер саясатқа қатысы болмаса да басты құндылығы билік болып саналатын адамдарды саяси адамдар деп есептейді. Бұл жерде белсенді және құлықсыз саяси жаратылысты атап өтеді. Біреулер басшылыққа ұмтылып, басшы болғанда ғана өздерін жақсы сезінеді, ал кейбіреулері өзін басқаратын адамдарсыз өмір сүре алмайды. Өмір сүрудің бұл түрі тұрмыс пен басқаға еліктеуден туады. Физикалық және жан дүниелік жаратылыстан басқа салт – дәстүрге берік адамдар да саяси адамдар қатарына жатады.

6.Діни адам. Діни адам дегеніміз рухани құрылымын толығымен құндылықтардың ең биігін сезінуге арнаған адам. Діни ұғымды 3 негізгі түрге жіктеуге болады:егер барлық өмірлік құндылықтар позитивті түрде сезілсе онда біз имманентті дәруіш ұғымын; егер негативті болса трасцендентальды дәруіш ұғымын; егер жартылай негативті, жартылай позитивті бағаланса дуалистикалық дәруіш ұғымын қолдана аламыз.

Жұмысшының мамандырылған және затты сапасына байланысты қызметін орындаушылық әрекеті 7 психологиялық белгімен (шкала) сипатталады:



  1. нысаналылық – мақсатсыздық;

  2. мотивациялық – қызықпаушылық;

  3. тәуелсіздік – тәуелділік;

  4. ұйымдасушылық – сұрапылдық;

  5. жауапкершілік – жауапсыздық;

  6. біліктілік – біліксіздік;

  7. шығармашылық - тоқырау

Бұл шкала бойынша орындаушының психологиялық кескінін құрап, сапалы талдау нәтижесінде анағұрлым әдепкілерін бөліп көрсетуге болады.

Олардың бастысы:



  1. орындаушының шығармашылық типі, тәуелсіз, білікті, ізденуші;

  2. аса мөлшерлі – нысаналы, қызығушылықты, ұйымшыл;

  3. регламенттенген (кең жайылған);

  4. селқос;

  5. басшының бұйрықтарын қайта құрушы;

  6. төмен мотивациялы;

  7. орындаушы типінен жалтару;

  8. қиын басқарылатын орындаушылар.

Қиын басқарылатын қызметкерлердің әр түрі болады:

  • жалқау; жеткіліксіз жұмыс істейді;

  • долы адам: адамдармен қатынасын ашушаңдығымен бүлдіреді;

  • әлсіздер: сәтсіздікке ұшырамауға қанша тырысса да сәтсіздікке ұшырайды;

  • сезімтал: өз сезімдерін әсірелейді;

  • адамгершілікке жат: өзінің жеке мүддесі үшін адамдарды қолданып оларға зиян келтіруші;

  • қорғанушы позициясын қолданушы: өзгеріс туралы сөз болғанда кедергілер туғызушы;

  • қатыгез: ескі реніштерін ұмытпайтындар;

  • жалтарушылар: жарықтан белсенді қашушылар;

  • безбүйректер: оларға қоршаған адамдар жоламайды;

  • ақылсыздар: қате немесе шектелген келсімдер жасайды;

  • өркөкіректер: өздерін күнәіз санайтындар;

  • үрейленгендер: өздерінің мүмкіншіліктерін әлденеден қорқып шектейді.

Шығармашылыққа талпыну көптеген адамдарға тән. Олар мына қасиеттермен сипатталады:

  1. Ақылдылық.

  2. Конформизмның болмауы.

  3. Өз пікірін бекітудегі тегеуріндік.

  4. «Өз кестесі» бойынша жұмыс істеуге талпыну.

  5. Көп уақытқа созылған тығыз жұмысбастылық қабілеті.

  6. Барлық ерекше,иерархиялы,тылсым ойларды қарастыру тілегі.

  7. Екіжақты, түсініксіз, анықталмаған місеелермен жұмысқа қабілеті.

  8. Қатаң талаптар мен ережелерге бағынбау.

  9. «Ойлау ойынының » еркіндігіне бос уақыт кетіру болса да құштарлық.

  10. Белгісіздікке қызығушылық.

  11. Анықталмаған жағдайларға төзімдік.

  12. Жаңа, ерекше сезінулердегі қажеттілік

  13. Тақырып таңдаудағы еркіндікті қажет ету.

  14. Әзілге қабілеттілік.

  15. Орташа көрсеткіштегі ойшылдық деңгейі.

Шығармашылық адамдарға қарағанда жай адамдар басшының айтқынын қолынан келгенше істеуге дағдылан. Оларды темекі шегу алаңдарында, жұмыс уақытында дүкендерде кездестіруге болады, олар негізінен есептеу, жазу мен тасу қызметтеріне арналған.

Психологтар ұйым қызметкерлерінің келесі рөльдерін бөліп көрсетеді:



Майысқақтар. Ондай адамдарға бірден шешім қабылдаттыру мүмкін емес, олар өздерін көндіруге тырысқанды ұнатады, шешім қабылдаттыру үшін бірнеше рет кедесу қажет.

Барлығын тез шешуді ұнатушылар. Майысқақтардың керісінше үлгісі кездесудің соңында қажет шешімді қабылдап үлгереді. Онымен істес болған адам шешімін өзгерту үшін күшін салуға тиіс.

Барлаушылар. Олар адамдарға қамқор бола жүріп өзіне керекті жаңалықтарды ғана жинайды,ал өзінен алынған ақпараттар немесе өтірік, немесе жұмысқа қатысы жоқ болып келеді. Онымен бөліскен пікірлер мен фактіерді ол өз қажетіне қарай жаратады.

Тәлімгер. Тәлімгер өзіне зиян келтіре отырып жақындарының жетістігін қамтамасыз етеді. Бұл жетістікке басқа адам жеткенімен тәлімгер үстемділікке,моральдыққа талпынады.

Мақтаншақ. Әріптестері мен басшылыққа мақтаншақтардың жеке өміріндегі және қызметтегі жетістіктері туралы тыңдауға тура келеді. Әдетте оларды мақтап, тоқтап қалған жұмыстарды жалғастыруға болады.

Әңгімешіл. Ол өзімен болған оқиғаларды әріптестеріне жеткізгенді, олардың тыңдап, қолдағанын ұнатады. Ол өсек тасу мен айту қасиетіне ие, сондықтан оған құпияларды сеніп тапсыруға болмайды.

Екпінділердің жұмысты «қарғысатқандар» сияқты істейтіні туралы басшылығына шағымдануы қалыпты жағдай. Оларға аяушылықпен қарап жұмысқа берілгендіктеріне мақтау айту керек.

Жергілікті психолог. Оған басқалардың істегені мен айтқандарын талдау тән. Оған өз ойларын «Сіз дәл айттыңыз!» немесе «Сізден жақсы психолог шығар еді!» деген бекіту сөздерімен қолдаған ұнайды.

Жолы болғыш. Бұл адам басқалар жетпеген жетістіктерге жетіп, сол жетістіктерін адамдардың еркінен тыс баяндап, басқаларға да осындай жетістіктерге жетуді үйрету ұнайды.

Жылауық. Оның жұмысы қалай болып жатқанына қарамастан ол өзінің және басқалардың мәселелерімен өмір сүреді. Онымен сөйлескенде әріптесі белсенді әрі қанағаттанған болса ол өмір үшін әліде күресуі керек екеніне ыза болады.

Абыржыған. Онымен пікір білдіргенде сақ болған жөн. Ол естігенін өз қиялына сай қабылдап талқылауы мүмкін. Онымен кездескенде қатал киіну керек, әйтпесе ол өзін сексуалды құрбан ретінде қабылдап сіздің зілсіз әзіліңізді де сексуалды дәмелілік деп ойлап қалуы мүмкін.

Манипулятор. Ол қандай жағдай болмасын өзіне икемдегенді ұнатады. Онымен кездескенде сабырлы әрі жарқын болу керек. Ол өзінің басты міндетін «қажетті әсер» қалдыру деп біледі. Ол басқару қабілетімен қатар басшылыққа ие болуға талпынғанды ұнатады.

Негізгі ұғымдар: тұлға түсінігі, индивид, индивидуалдылық, даралық, жеке тұлға, тұлғаның қырлары мен құрылымдары, манипулятор, фрустрация, тұлғаның жіктемесі, әлеуметтік құрылым, биологилық қажеттілік, Эго, МЕН-концепциясы, өзін-өзі сезіну, өзін-өзі бағалау, әлеуметтік адам, саяси адам, діни адам, эстетикалық адам, экономикалық адам, теориялық адам, қызметтестердің түрлері, тәлімгер, потенциалды тұлға.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Тұлғаның психологиялық түсінігіне сипаттама бер.

  2. Платонов тұлғаның құрылымдарын қалай жіктеген ?

  3. Өзін-өзі сезіну құрылымы қандай?

  4. Өзін – өзі бағалау еңбек әрекеттіндегі ниет пен фрустрация деңгейі

  5. Психологтар көрсеткен ұйым қызметкерлерінің түрлері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Паркинсон С.Н., Рустомджи М.К. Искусство управления. С-Пб,1992

  2. Морозов, А.В. Управленческая психология: учеб. для ссузов и вузов / А.В. Морозов.- 4-е изд., испр. и доп.- М.: Академ.проект: Фонд "Мир", 2008;

  3. Смирнов, В.Н. Психология управления персоналом в экстремальных условиях: учеб.пособие для вузов / В.Н. Смирнов.- М.: Академия, 2007

  4. Андреева Г.М. Социальная психология. М.,1994


4 Тақырып. Темперамент және еңбек әрекетің мінездемесі

  1. Басқару жүйесіндегі темперамент мәселесі.

  2. Мінез және кәсіптік жарамдылық.

Адам мінез-құлқын жарқын бейнелейтін индивидуалды тұлғалық ерекшеліктердің ішінде ерекше орынды темперамент алады. Темперамент дегенде, қарапайым адамға тән табиғи мінез ерекшеліктері және динамика, тонус, өмірлік әрекеттерге бірқалыптылық реакция деп түсінуіміз қажет. Темперамент индивидтің барлық психикалық көріністерін бейнелейді. Ойлау, эмоция, ерік күші сөз ритміне және темпіне әсер етеді. Сонымен қатар, темпераменттен тұлғаның қызығушылықтары, әлеуметтік бекітілімдері, моральдық тәрбиесі тәуелді емес екенін есте сақтауымыз қажет.

Темпераментті зерттеуге адамзат баласы ежелден ұмтылыстар жасаған. Дәрігер Гиппократ, содан кейін Гален адамдардардың мінез-құлқын түсіндіретін индивидуалды ерекшеліктерді түсіндіруге мумкіндіктерін жасаған. Гиппократ (б.э.д 5ғ),адам денесінде төрт түрлі сұйықтық бар:қан,сары және қара өт, шырыш.Осының біреуі адам денесінде болатын болса,тұлғаның мінз-құлқын анықтауға болады деген.Темперамент атаулары осы сұыйқтық аттарына тән осы қүнге дейін сақталып келеді.Гиппократ бұларға жақсы анықтама бергенімен,оның себебін түсіндіре алмады.Оған қарағанда адам организм ерекшеліктерімен байланыстыра білген ғалымдардың бірі И.П.Павлов болды.Оның түсіндіруі бойынша, темперамент адамның жоғарғы жүйке әрекетіне байланысты дейді.

Осы ерекшеліктерге мыналар тән:

1)жүйке жүйесінің күші.Мұнда жүйке клеткаларының жұмыс істеу қабілеттілігі,үлкен жүктемелерді жеңе білетін жүйке жүйесі,яғни,шартты байланыстарды қалыптастыра білу дегенді түсіндіреді.

2)қозу мен тежелу процессін біркелкі сақтай білу.

3)қозғалғыштық-бір-бірін тез алмастыра білетін жүйке процесстерінің қабілеттілігі.Кенеттен немесе шұғыл өзгерістер кезіндегі болған сәттерде бейімделуін қамтамасыз етеді.И.П.Павлов мынадай қорытындыға келді,осы темпераменттін төрт түрі негізінде жоғары жүйке әрекеті типімен аталған ерекшеліктермен байланысты деген.

Темперамент- адамның өмір шарттарына және нақты әрекетер ерекшеліктерге тәуелді психикалық қасиет.Алайда, Павловтың көрнекті оқушыларының бірі, Б.М.Теплов, жоғарғы жүйке жүйесі мен мінез-құлыққа тән «бейне» ,яғни темперамент типі арасында қарапайым біртүрлі тәуелділік болмайды деген.Жүйке жұйесінің құрамы нақты мінез-құлық формаларын алдын-ала болжай алмайды,алайда белгілі бір мінез-құлық формасын құрайтын негіз жасайды. Павловтан екі кең танымал болған ой қалыптасты:жүйке жүйесінің 3негізгі қасиетінің күйі(жүйке жүйесінің күші,қозу мен тежелу процестерінң бірқалыптылығы,жүйке процесстерінің қозғалмалылығы) және жүйке жүйесінің 4типі. Осы 4 типті зерттеу ,еш жағдайда,Павловтың 3 негізгі жүйке жүйесі қасиеті орналасуын зерттеуден шыққан емес.Алғашында Павлов қозу мен тежелуді бірқалыпта ұстау принципіне классификациялаудан бастап,жүйке жүйесі күшін негізге алып классификациялады,соңғы вариантында ол саналы түрде өзі белгілеген-жүйке процесстерінің қозғалмалылығын қараған. Алайда,классификация принципі қалай өзгерсе де,(яғни негізгі жоғарғы жүйке жүйесі ),оның «төрт» негізгі түрі өзгертілмеді.Павловтың соңғы және толық тармағында,осы мәселеге жазылған,негізгі жоғарғы жүйке жүйесі құрамының мүмкін болатын комбинациясы,ең аз дегенде жиырма төрт деді,алайда сол «төрт типінен» бас тарта алмады.

Жүйке жүйесінің негізгі нақты 4типі бар екені не теориялық, не эксперименталды да дәлелі жоқ.Соңғы уақытта төрт типі бар деген соқыр сенімге сенбеген авторлар, қазіргі уақыттағы ойлары өзггеше. Негізгі жүйке жүйесі қасиетінің көрінуі «синдромды» құрайды.Яғни,бір-бірімен өзара байланысқан көрсеткіштерді байланыстыратын комплекс.Осыған орай осы көрсеткіштерлің бірі негізгі болып табылады немесе референтті дейді.Бұл оны анықтайтын,белгілерін көрсететін,сондай ақ берілген құрамды біршама жақсы мінездейтін көрсеткіш болып табылады.

Басқаларға қарағанда біршама толығырақ зерттелгені- қозуға байланысты жүйке жүйесінің күші болып табылады.Осы белгіні анықтайтын негізгі ерекшелігі- жүйке жүйесінің шектен тыс тежелуін бақылай отырып,ұзақ немесе қайта үзбей қайталанатын қозуды бір қалыпта ұстай білу қабілеттілігі.

Тептовтың зерттеулері көрсеткендей,осы негізгі жүйке жүйесінің қозуды корреляциялайтын келесі көрсеткіштерді анықтады:



  1. Бөгде тітіркендіргіш әрекеттерге кендергі жасаушы төзімділік немесе қарсыласу.

  2. Қозу процесінің кейбір концентрация ерекшеліктері(немесе ,керісінше,иррадация)

  3. Күштің көріну заңдылығының мінездемесі.

  4. Көру мен естуден тыс :жүйке жүйесінің күші неғұрлым көп болса,сезімталдылығы да төмен болады.Әлсіз жүйке жүйесі- жоғары сезімталдылықтық жүйке жүйесі.

Соңғы пункті ерекше көңілге алғанды қажет етеді.Бұл бұрында қалыптасқан жүке жүйесі типтерінің біреуі «жақсы» ,екіншісі «жаман» деп бағалауға қарсы ойға шығарады.Әлсіз жүйке жүйесі болғанымен сезімталдылығы жоғары,сондықтан күші жоғары жүйке жүйесіне қарағанда барлық жағдайда нашар деп санауға болмайды.Кейбір әрекет түріне біреуі лайықты болса,келесәне екіншісі сай болып келеді.Жалпы алғанда жүйке жүйесін күшті немесе әлсіз,қозғалмалы немесе инертті,қозуы немесе тежелуі басым деп бағалаудың өзі қажетсіз.

Жүйке жүйесінің екінші қасиеті ,тежелуге қатысты күші болып табылады.Оның негізгі белгісі-жүйке жүйесінің тежелу қоздырғышына қатысты ұзақ немесе қайталанатын әрекетті көтере білу қабілеттілігі.Біздің қолымыздығылар аз болса да, эксперименталды материалдар бұл құрам ұзартылған немесе қоздырғыш интервалы көп рет қысқа сараланған интервал бойынша қайталанады деген эксперименталды мәліметтер бар. Қозуға қатысты жүйке жүйесі «динамикалылығына»байланысты тез арада жағымды шартты байланыс орнатады.Тежелуге қатысты «динамикалылығы» тез арада тежегіш байланыс орнатады.Екі немесе байланысты да мінездейтін баланстың саластырмалы жеңілдігі немесе біркелкілігі қозғалмалы болып келеді. Жүйке жүйесінің біркелкілігі дегенде, динамилылығының біркелкілігі деп түсінеміз.

Бұдан, әрине қоздырғыш белгілерінің жылдамдығын мінездейтін «қозғалмалылық»терминін қолдану дұрыс. Қозу процесінің тоқтату және туындау көрсеткіштері қайта түзетілген көрсеткіш жылдамдығын корреляцияламайды. Б.М.Теплов жүйке жүйесін мінездейтін қасиетін «лабильділік» деп атады.

Темперамент қасиетін анықтауда ең алдымен адам өмірінің психикалық динамикалылығын анықтаудан бастайды.Темпераментті жорамалдауда оның бірнеше негізгі қасиетімен анықтауға болады.

Сенсизивтілігі(сезімталдылығы)-оны жорамалдығанда адамның қандай да психикалық реакциясы туындау үшін ең аз дегенде сыртқы әрекет қандай реакция жылдамдығымен туындайтынынымен болжауға болады. Әрекет қабілеттілігі-бұл қасиет адамның қандай да бір реакцияға қанша күш және энергиямен әсер етуімен көрінеді. Белсенділік-мұнда адам өзі қоршаған ортаға қандай энергиямен әрекет етуіне, оның табандылығы,зейінділігімен және т.б. байланысты.

Созымдылық және оған қарама-қарсы сапа-ригидтілік. Бұнда ол өзінің көрінісін адам сыртқы әрекеттерге қаншалықты жеңіл және тез беімделуінде көрінеді. (Пластичный) ырғақтылық тезарада жағдай өзгеріске ұшырағанда қайта орнына келеді. Ригидтілік әзер дегенде дағды мен ой пікірді үлкен қиыншылықпен өзгертеді.

Темперамент қасиеттеріне сондай ақ, психикалық реакция темпін жатқызуға болады,сондай ақ эмоционалды қозғыштығы,реактивтілік пен белсенділік байланысы және т.б. К.Юнгтың байқағаны,кейбір адамдарға сыртқы құбылыстыр мен заттар маңызды болса,ал кейбір адамдарға тек ішкі өміріне тереңдетіле үңілген адамдар болады деген. Мұндай адамдарды сыртқы оқиғалар қызықтырмайды,тек өздерінің уайым-қайғылары мен өзіндік мәселері ғана маңызды болады.

Алғашқыларын ол-экстраверттер, келесілерін-интроверттер деп атаған.Басқа психологтардың зерттеулері бойынша, интро және эстралар да ең алдымен қарым-қатынас процесінде, яғни әңгімелесу кезінде айқын көрінеді. Көбінесе кездесетін темперамент типтерінің ішінде,яғни күш, қозғалмалылық, байсалдылық, қызығушылық сияқты сапалардың болуына байланысты оның алты түрі бар:



  • Күшті (сильный) сангвиник (байсалдылық, күш, қозғалмалылық)

  • Қозғалмалы холерик( күш,қозғалмалылық,ұшқалақтық)

  • Ұшқалақ холерик (қозғалмалылық, ұшқалақтық, әлсіздік)

  • Әлсіз меланхолик(ұщқалақтық, әлсіздік,салғырттылқ)

  • Салғырт меланхолик( әлсіздік,салғырттылық,байсалдылық)

  • Байсалды флегматик (салғырттылық,байсалдылық,күш)

Әрекет қызметін анализдеуде темперамент типтерінің мінездемелерінің жалпыланған мәліметтері қажет.Темперамент жалпы немесе арнайы қабілеттілік деңгейін анықтамайды.Бір темпераментке ие адамдар қабілетсіздік деңгейі жоғары,ал түрлі темперамент типтеріне ие адамдар бір аймақта жұмыс жасау қабілеттілігі жоғары болады.Яғни ,бұл адамдар жұмыстарын ойдағыдай істей алу мүмкіндігі жоғары.

Кейбір профессиялар, мысалы, төзімділікті, өзін –өзі ұстау немесе реакция жылдамдығының тездігін қажет етеді. Яғни, мұнда нақты темперамент қасиеттерін жоғары талапқа қояды. Психологтар темперамент типтерінің адамдардың ірекетінде, еңбек әрекетінде, басқа адамдарға немесе өз-өзіне қалай көрінетіндігін анализдеген болатын.



Сангвиник. Бірқалыпты немесе біркелкі ,баяу жұмыстан басқа кез –келген жұмысқа жақсы келетін тип. Оның жанына жай көңілді,қызу ,қозғалыста жүретін жұмыстар. Оған бейімділік пен тапқырлықты талап ететін жұмыстар келеді.Сангвиникалық темперамент жоғары психикалық белсенділігімен ,жігерлілігімен,жұмысқа қабілеттілігімен, шапшандығымен және қозғалыс тездігімен, мимика байлығымен,сөйлеу темпінің шапшандығымен мінезделеді.Мақсатбағытталған және сондықтан өзінің мақсатына жетуде табандылық пен шыдамдылық танытады.

Сәтсіздік пен қателіктер онын берекесін бұзбайды.Дербіссіздік пен әрекет еркіндігін таңдайды.Сангвиниктер көбіне ұзақ үйретулер мен мұқият түсіндірулерді қажет етпейді.Көбіне сыпайы қарам-қатынас эффективті болып келеді.

Сангвиниктер контактілі,адамдарға үйір, жайнақы, алайда мазасыз адамдар. Олар әсерлердің жиі ауысуына ұмтылады, сыртқы оқиғалардан жылдам және оңай бас тарта алады. Эмоциялары, әрине, көбіне жағымды және де біреуінен екіншісіне жылдам ауыстыра алады. Еңбек әрекетінде сангвиниктер өздерін жоғары белсенді,мақсат бағытталған адамдар ретінде көрсетеді.Әрекеттері жақсы ұйымдасқан,сараланған, оңай бақыланған, басқарылған. Жұмыста нақтылық, жүйелілік сияқты сапалары көрінеді.

Сангвиниктерге көбіне белгілі бір басшылық ету тән. Олардың мақсаты өзін жұмысқа барынша бағыттап, оның көңіл-күйіне байланысты ұйымдастырмай, мақсат бағыталаған әрекет болып табылады. Сангвиниктер әдетте белгілі бір творчестволық мүмкіншіліктергі ие және үлкен қабілеттілігі ол-жұмысқа қабілеттілігі. Олар жаңа талаптарға оңай үйреніп, берілген әлеуметтік топта жағымды қарым-қатынас орнататын адамдар. Тағы да оларға тән қасиет,бір жұмыс түрінен басқасына жылдам ауыса білу, біліктілік пен ақыл орамдылығы жылдам.Олардың адамгершілік сезімі дамыған, өзіндік мәні мен өзінің әсеріне сенімді, өзін-өзі бағалауы адекватты немесе біраз жоғары. Көбіне әлеуметтік топтармен жұмыс атқарғанда осы өзін-өзі бағалау деңгейінің жағымды жағы лидерлік бағытта жауапкершілік ұстай білу мен шешім қабылдаудв мағызды орын алады. Басқа адамдармен қарым-қатынас жасауда сангвиниктер жоғары (общительность) үйірлілігімен мінезделеді. Жаңа танысулар, түрлі контактілер орнатуда, кездесулерде айқын көрінеді. Сангвиник темпераментіне ие менеджерлерге мынадай жағымды сапаларын атауға болады:тұрақтылық,мақсат бағыттылық,жоғары қозғалмалылық, жаңа жағдайға тез бейімлелгіштік,қиын сәттерде тиянақты және сенімді әрекет ету, әзілге бейім, үйіршіл,басшылыққа тырысқыш,қол астындағылармен тез тіл табыса білгіш,өзін-өзі тәрбиелеуге деген тырысу қабілеттілігі жоғары типтегі адамдар. Жеткіліксіз тәрбиеленген менеджер сангвиниктерге жағымсыз қасиеттер-қыңырлық,критикаға жуабында ашушаңдық, достықтағы тұрақсыздық, байқампаздық, қауіпті жағдайларда байқаусыздық тән.



Холерик. Психикалық белсенділігінің жоғыры деңгейімен мінезделеді.Сонымен қатар,әрекет жігерлілігімен, өткірлігімен, тырысу қасиетімен, қозғалыс күшімен,темп шапшандығымен мінезделеді. Аяғына дейін тыңдамай,артық жылдам шешім қабылдайды. Жұмыс кезінде ынталы және бкріліп жасайды, алайда алдында біраз қиыншылықтар туындаса ол өз жұмысына тез суиыды.

Жауапты тапсырмаларды орындауда ода жоғары қысым туындап және жауапкершілік сезімі шиеленісуі мүмкін.Сол себепті де,табысқа жетуде сенімділікті асырмай шектен тыс сенімділік орнату қажет.Холериктер көбіне ретпен істелет жұмыстарға жақсы. Жұмыс жасау ритмі бірқалыпты емес.Холериктің жарқын түрі өзін-өзі ұстай алмауы болып табылады.Мұнда тыныштық пен байсалдылық,табандылық холерикті «суытады». Оның бірқалыпты емес мінезін қатаң бағалаумен түзетіп отыру керек.Холерик көңіл-күйдің жылдам ауысуына бейім,ашушаң,мазасыз, эмоционалды олқылықтарға ұшырағыш адамдар типі.Кейде агрессивті болуы да мүмкін.Сангвиник сияқты холерик те сыртқы ықпалдарға жоғары сезімтал болуымен ерекшеленеді.Оған талпыныс тұрақтылығы,қызығушылық пен табандылық тән.Холериктің мінезіне жоғары эмоционалды күй және керісінше эмоционалды құлдырауы да тән болуы мүмкін,депрессия күйі яғни, эмоционалды күйлердің циклділігі де кездеседі. Эмоционалды күйдің көтерілуі жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлатады.

Холериктерге бірқалыпты,бір типті,шыдамдылықты және отыруды талап ететін жұмыстар жарамсыз.Керісінше,өзіндік ізденуді,жағдайлардың ауысуы,шарттар мен инструменттерді ауыстыруды қажет ететін жұмыстар келеді.Өзіне қатысты сонымен қоса холерикте тұрақсыздық байқалады.Эмоцияның көтерілуіне байланысты өзән-өзә бағалауы адекватты немесе төмен.Өзіне сын көзбен қарау,шағымдану,зиян тартуға деген ынтасы пайда болу.Осылайша,өзін-өзі бағалауы адекватты дәрежесімен мінезделмей,динамикалық өзгерістермен мінезделеді.Мұның бәрі эмоционалды күйзелісіне байланысты.Адамдармен қарым-қатынас орнатуда холериктер өткірлік, ашушаңдық, қызбалық,эмоционалды тұрақсыздық сияқты қателіктер жібереді.Бұл оларға адамдардың әректетерін обьективті бағаламауына түрткі болады.Және де коллективте конфликтілі жағдайлардың туындауына ықпал етеді.Басқа адамдарға қатынасы сондай ақ психикалық фазаларға байланысты полярлы өзгеруі мүмкін.Эмоционалды күйдің жоғарлауына байланысты басқа адамға сену,оған қол ұшын беру көмегі,дос болуға,аға болуға,ал төмендеуіне байланысты- сенімсіздік,күдіктілік,тұйықтық, тұйықтық тән.

Холериктердің мінез-құлықтары басқа адамдарға қатысты өзгермелі ,ал кейде полярлы қарама-қайшы,мұндай адамдаға үйреніп кету ,бейімделу қиын.Коллектив адамдарына қатысты белгілі бір барьер туындау мүмкін. Алайда олардың психодинамикалық қасиетіне байланысты ашық жандылар, бұл оларға толығымен адекватты қарым-қатынас орнатуға көмегін тигізеді.

Холерик темпераментіне тән менеджерлерге реакция жылдамдығының тездігі,жылдам қозғалғыштық, еңбек әрекетінде жігерлілік, өзгелер арасында алда болуға,қол астындағыларды басқара алу қабілеттілігі тән.Қиын сәттерде тиянықты әрекет етеді, тәекел еткенді ұнатады,және қиындықты жеңгенді көздейді. Қоғамдық жұмыстарды белсенділік таныта біледі. эмоционалды қарым-қатынасты оңай орната біледі, қоғамдық пікірге сезімтал. Жеткіліксіз мәдениетті менеджер-холериктің жағымсыз сапаларына, ұшқалақтық, ұстамсыздық, сабырсыздық, дөрекілік, әдепсіздік, өркөкіректік, менменділік тән. Көңіл-күйі тұрақсыз, сезімі тез өзгергіш, достарын оңай ауыстыра алатын, әлсіздердің кемшілігін ашық мұқататын адамдар. Холерик конфликтілердің бастауы болуы мүмкін.

Меланхолик. Флегматикке ұқсас, алайда баяулылығымен ерекшеленеді. Астарында жоғары эмоционалдылық, қозулық,әсерленгіштік жатыр. Тыныш, қауіпсіз жерде оңтайлы жұмыс жасайды. Тез, жылдам, жауапкершілікті қажет ететін жұмыстарды талап етпейтін істерді таңдайды. Жұмысты баяу жасайды. Жұмыс ритмі қысқа уақытты, ойға шомылуы мүмкін немесе мәнсіз сыртқы әсерлерге қателік жіберіп көңілін бұрады. Жиілеген контактісіз, жалғыз істеген жұмысы сәтті болады. Маңызды болып табылатын-көңіл-күй. Сондықтан да басшы немесе жұмыстағы жолдастары бұл темперамент типіне дер кезінде қолдау жасап, көмек көрсетуі аса маңызды.Тек сондай қолдау ала отырып,меланхолик жұмысын сәтті орындайды.

Меланхолик типіндегі адамның психикалық белсенділігі төмен, қозғалыста баяу, сөйлеу моторикасында ұстамдылығымен және тез шаршағыштығымен мінезделеді. Меланхолик өзінің жоғары эмоционалды сезімталдылығымен ерекшеленеді. Жағымсыз жағдайларда меланхоликтерде тым жоғары эмоционалды жарақаттану, тұйықтық, жатырқаушылық туындауы мүмкін. Меланхоликтер аса ренжігіш, әсерленгіш жандар. Мимика мен қозғалыстары оларда мәнерлі емес, дауыстары тынш, ақырын,баяу. Бар дауысымен аңда санда ғана күледі,олардың белсенділігі төмен, қиыншылықтарға төзімсіз, жұмыс жасау қабілеттңлңгң де төмен. Еүшті және ұзақ уақытты қысым оларда әрекеттін баяулылығына әкеледі, содан соң әрекеті тоқтатылады.Мұндай кезде тез шаршайды.

Бұл адамдар тұйықтыққа бейім, аз танитын адамдардан қарым-қатынас орнатудан қашқалақтап, жаңа, танымайтын адамдардан алшақ жүреді. Қиын сәттерде шешім қабылдауы баяу. Жаңа орынға келгенде ыңғайсыздық танытады. Алайда,үйреншікті, өзіне таныс коллективте, меланхоликтер тапсырылған істі сәтті атқарады.

Қиыншылықты жеңуде табандылық көрсетеді. Олардың еңбектері көбінесе жоғары сезімталдылықты, ойлануды, байқауды қажет ететін жерлерде көрінеді.Меланхоликтердің өзін-өзі бағалауы төмен,сондықтан да өзінде мүмкіндіктерді толығымен көрсетуде кедергі келтіреді.Төмен бағалауы, меланхоликтердеосы мүмкіндіктерді шыңдауға ғана емес, сонымен қосы дамуына кедергі келтіреді. Тіпті олар белгілі бір нәтижеге жеткеннің өзінде де, осы жағымды жағдайды кездейслқ деп санайды.

Төмен бағалау ішкі дискомфорттың себебі немесе ішкі конфликтінің пайда болуының бірден бір себебі болуы мүмкін. Басқа адамдарға қатысты меланхоликтер көбіне жұмсақ, әдепті, кішіпейіл,ықыласты және осы сапаларды жылдам оңай таба біледі. Қызба мінезді меланхолик типіндегі менеджер жоғары сезімталдылық пен психикалық процестің қозғалмалылығымен мінезделеді,басшылық нұсқауларына жылдам әсерленгіш,қоғамдық жұмыстарда белсенділігімен, жақсы идея шығарушы, диспут жүргізуші адамдар типі. Тыныш жағдайларда үнемі әрекетке дайын болады,сонымен қоса оларда импульсивтілік, ойланбай істелетін әрекеттерге жақын,дөрекіліктің көрінуі деген сияқты жағымсыз сапалары болуы мүмкін. Сенімсіздік болуы мүмкін,тіпті басшылық алдында қорқыныш болуы мүмкін, жаңа тапсырма алу алдында уайымдайды, үлкен күшпен орындайды, басқа менеджерлермен келіспей қалуы да мүмкін. Әлсіз меланхолик типіне ие менеджер адалдылығымен,зейінділігімен, тырысуымен ерекшеленеді. Оның қасиетіне орындаушылық, жоғары жауапкершілік, принциптілік, әділеттілік, қоластындағыларға сыпайылылық, сыншылдық пен өзіне сын көзбен қарау тән. Оларды кейде мейірімді, жақсы дос, коллектив жаны деп те атайды. Қарапайым кемшіліктер арасында әрекетте және қарым-қатынаста тез шаршағыш, шешім қабылдай алмау мен байқампаздық, тұйықтық, өзге пікіріне берілгіш,пессимизм және қасарғыштық сияқты сапаларын көруге болады.

Оқшау мінезді меланхолик темпераментті менеджерлерге үйреншікті тапсырмаларды орындауда ұқыптылық пен іждахаттық тән.Көңіл –күйі бірқалыпты,кішіпейілділік, әдептілік,өзіне сын көзбен қараушылық пен достықта тұрақтылық тән. Қоластындағылармен ережелік қарым-қатынаста ұстанады, дауласуы сирек, конфликтілерге қатыспайды, қоластындағылардың өтініштеріне көңіл бөледі, мақтанышты байсалды қабылдайды, өзінің әрекетін мұқият талдап барып қана жасайды. Оның мынадай кемшіліктері болуы мүмкін: бір әрекет түрінен екінші әрекет түріне ауысуды қиыншылықтардың тууы, қиын жағдайларда сенімсіздік болуы мүмкін, реакцияның тоқтап қалуы,оқуда пассивтілік,шешім қабылдай алмау, қауіпті жағдайларда бастамалардың болмауы,коллектив ойына қызықпаушылық, бастықтардың сынын көтере алмау,салғырттық пен еріншектік болуы мүмкін.



Флегматик. Мұндай адамдарға көбінесе жылдам,көп қозғалысты қажет етпейтін жұмыстар келеді, жұмыс темпі орташа. Күшті жақтары- шыдамдылық, төзімділік, жұмысқа дайындығы толығымен мұқият болғанымен, салыстырмалы ұзақ. Көбіне бірқалыпты, біртүрлі жұмыстарды жақсы атқарады. Қарапайым жағдайда флегматикті үнемі асықтырып отыруы керек,алайда тездеткеннің өзінде баяулығын бетіне баспай қажет, керісінше көмектесе отырып, көтермелеу қажет.

Флегматик темпераментті адам психикалық белсенділігі төмен, баяу, мимка мәнерсіз, бір әрекет түрінен екіншісіне қиын ауысады, жаңа орынға қиыншылықпен ауысады, үйреніп, бейімделуі де қиынырақ. Флегматикдің көңіл-күйлері бірқалыпты ,тыныш.Оны күлдіру, ашуландыру,көңілін түсіру қиын. Барлығы күліп жатқанда ол үнсіз қалады. Үлкен жамандықтарда өзін ұстай біледі. Шыдамдылығымен , табандылығымен,өзін-өзі ұстай білуімен ,қозғалыс темпінің баяулығымен, сөзінің баяулығымен ерекшеленеді. Тапқыр емес. Жинақталуы баяу, жаңа орынға үйреніп кетуі қиын. Әрекет етуде ойланып барып істейді, тиянықтылыққа бейім,бастаған ісін соңына дейін аяқтайды.Шарттардың өзгеруіне байланысты флегматиктердің еңбегі жаңа әдістер мен әрекет шешімдері жақсы тексерілген,таныс, өзі зерттеп, шешілген болса сапалы әрекет жасайды.

Флегматик темпераментіндегі адамдардың өзін-өзі бағалауы адекватты, анық. Ол өзінің мүмкіншіліктерін, икемділігін анық бағалайды. Өзі істей алатын жұмысты жақсы біледі. Өзіне-өзі сенімді, орнықты.Басқа адамдарға деген қарым-қатынасы бірдей тең, тыныш, сөйлесу жағынан шамадан тыс шықпайды,міндетті.

Флегматикке оқшау мінезді, қозғалыс баяулығы тән. Бір әрекеттен екіншісіне ауысу үшін ол адамға уақыт қажет. Жағымсыз жағдайларда флегматиктерде бейжайлық туындауы мүмкін, қоршаған ортаға, жанындағы адамдарға еңбекке немқұрайлық көрсетуі мүмкін. Флегматик темпераментіндегі адамға еңбекте немес қызметте тиянақтылық, ширақтық , табандылық, батылдық, шыдамдылық ,даусыз қиыншылықтарға шыдау, жанындағылар арасында авторитеттік,қол астындағыларға көмек көрсетуге деген ықыласы, жолдастары арасында тұрақтылық тән. Қиын жағдайларда қорқынышсыз жұмыс атқарады. Конфликтілерге қатыспайды, бастағанын соңына дейін жасауға тырысады.

Флегматик-менеджердің кемшіліктері: жаңа білімдер мен дағдыны қиыншылықпен атқарады,тапсырмаларды жылдам орындай алмайды.Жаман қылықтардан бас тарта алмайды, түзетулерге қабылдауы орташа, қоғамдық жұмыстарды пассивті, еріншек болуы мүмкін, біруақытта бірнеше мәселені шешу қабілеттілігі жоқ, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам ауыса білледі.

Қарастырылған мінездемелер бойынша бір тип (мысалы,флегматик)құндылығы екінші типтің(мысалы,меланхолик) кемшілігі болатыны дәлелденген.

Бір типті темпераментті адамдардың психологиялық сапаларының көріну дәрежесі түрліше болып келеді. Сонда да әр адамды белгілі бір темперамент типіне жатқызуға болады. Олардың арасындағы индивидуалды ерекшеліктері түрліше көрінеді. Темперамент қасиеті туа пайда болған анатомо-физиологиялық ерекшеліктерге байланысты. И.П.Павлов және оның жақтаушылары ғылыми дәрежеде темперамент типі жүйке жүйесісіне байланысты деген.

Темперамент сонымен қосв мінез ерекшеліктерін анықтамайды.Темпераменттің кейбір қасиеттері белгілі бір мінез ерекшеліктерін қалыптастыруға жағдай жасайды,ал кейбіреулері керісінше. Сондықтан да, адамның қажет мінез қасиеттерін тәрбиелеуде темперамент типіне байланысты адамның индивидуалды қабылдауын қолдануға болады.



Мінез

Әрбір адамда тұлғалық сапалары мен ерекшеліктері түрліше байланысқан. Қайталанбас психологиялық тұлғалық ерекшеліктер мен индивидуалды ерекшеліктер нәтижесінде «мінез» қалыптасады.

Мінез- адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде, әрекет кезінде және тұлғаның әлеуметтік әрекет ерекшеліктерінің үстінде көрінетін психикалық әрекеті. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді. Мінез – даралықтың негізгі құраушы бөлігі.

Мінез құрылымы сыртқы орта мен тәжірибе әрекеті процесінде қалыптасады.Мінез күшіне әрекет түріне, әсері байланысты .мінездің басты негізі біртіндеп қалыптасады, өмір процесінде нығаяды,Ал нақты өзгеріске ол адамдармен қарым-қатынас кезінде немесе ситуацияға байланысты өзгеруі мүмкін.

Мінездің бөлек қасиеттері бір-біріне байланысты және байланысу нәтижесінде мінез құрылымын құрайды (структура характера). Мінез құрылымында екі ерекшелік тобын бөліп қарастырады. Мінез ерекшеліктері дегенде, түрлі әрекет түрінде көрінетін тұлғалық ерекшеліктер деп түсу қажет. Және осы арқылы белгілі бір жағдайларды оны анықтауға болады.Бірінші топ ерекшеліктеріне тұлғаның бағытталуын көрсететін(орнықты қажеттіліктер, орнатылымдар, қызығушылықтар, бейімділіктер, мақсаттар, идеалдар. Екінші топқа интеллектуалды, еріктік, эмоционалды мінез ерекшеліктері жатады.Мінез құрылымын анықтау-мінездегі негізгі және қиын қарым-қатынаста шартталған спецификалық ерекшеліктерді орнату. Мазмұны жағынан мінез адамның қоршаған ортаға, әрекетке, басқа адамдарға ,өз-өзіне деген қатынастағы жүйе ретінде қарастырылады.

Қоршаған ортаға қатынасы тұлғаның бағыттплуында көрінеді. Ол оның әрекетінде, көзқарасында,қажеттіліктерінде байқалады. Жалпы адамдардың қоршаған ортаға деген қатынасы жайлы идеялы және идеясыз айтуға болады.

Идеялы мінез белгілі бір нақты көзқарасы бар адамдарды жатқызуға болады. Керісінше ,идеясыз мінезді адамдарға нақты көзқарасы жоқ ,өзгелердің айтуымен жүретін адамдарды жатқызамыз. Идеялы мінезді ерекшеліктеріне оның мақсат бағытталуын айтуға болады.

Еңбекке қатысты әрекетті және әрекетсіз мінез деп бөледі. Әрекетті мінезді адамға еңбегін ұйымдасқан ететіндей мақсат бағыттылығы бар адамдарды айтады.Әрекетті, алайда ұйымдаспаған адамдар сырттан әбігер көрінеді, мақсаты жоқ болуымен ерекшеленеді.Әрекетсіз мінезді адамдар пассивті. Адамдарға қарым қатынасы жанындағылармен қарым-қатынас жасау негізінде көрінеді.

Өмірде жеңіл қарым-қатынасқа түсетін адамдар кездеседі.Олар оңай танысып, тілдесе алады. Мұндай адамдарды ұшқалақ мінезділер дейді.Мұндай адамдарды үнемі қадағалап бақылап отыру қажет. Адамдардың (общительность) әңгімелесуі таңдамалы,қызығушылықтарына байланысты негізделеді.

Адамның мінез құрылымында маңызды орынды өз-өзіне деген қарым-қатынасы алады. Әр адамның белгілі бір дәрежеде өзіне өзіне деген қатынасымен ерекшеленеді.Өзін асыра бағалау, өзіндік қызығушылықтарын жоғары ұстау эгоистті мінезді адамдарға жатады. Эгоист адамдар сенімсіз адамдар тобы , себебі коллектив қызығушылықтарынан гөрі өзінің қызығушылықтарын бірінші орынға қояды.Мұндай адамдарға сенуге болмайды. Альтруист мінезді ерекшелігі бар адамдар ең алдымен коллектив қызығушылықтарын бірінші кезекке қояды. Алтруизм- жасанды коллектив мұнысыз өмір сүре алмайтын басты мінез ерекшелігі.

Мінез ерекшілктерінің ішінде жалпы және локальды түрін ажырату қажет.Жалпы түріне бес ерекшелікті бөлуге болады.(А.Г.Шмелев, М.В.Бодунов,У.Норман және т.б)


  1. Өзіне деген сенімділік- сенімділік

  2. Татулық ,достық- дұшпандық

  3. Саналылық- импульсивтілік

  4. Эмоционалды тұрақтылық- қобалжулық

  5. Интеллектуалды икемділік-ебдейсіздік. Мұндай қасиеттер, экстра-интроверсия сияқты.

Мінезді бағалау. Әр түрлі мінез индивидуалды болып келеді.Соған қарамастан жалпы баға беруге болады:мазмұнына, күшіне, ерекшеліктердің барына және жоғына қарай.Мазмұнына қарай бағалау, адамны, өзіне, басқа адамдарға, еңбекке, қоршаған ортаға байланысты бағаланады.

Күшіне байланысты бағалау:күшті адамдар деп оның білімі,сеніміне сай атайды. Күшті мінезді адам – сенімді адам.

Ерекшеліктеріне тән бағалау: ерікті- дербестік, өзін- өзі ұстай білу,.қажымайтындық,табандылық,қайраттылық; эмоционалды- байсалдылық, қарқындылық, құмарлық, әсерленгіштік; интеллектуалды-терең ойлау, байыптағыштық, тапқырлық т.б

Мінез адам өміріне де әсерін тигізеді. Шешім қабылдағыш,.тиянақты адам кез келген қиындықты жеңе біледі және өзінің мақсатына қарай тырысады. Өзінің өмірін , еңбегін жоспарлы жүзеге асырады.Мінез тек адамның өзіне ғана маңызды емес, сонымен қатар қоғамға да маңызы зор. Өмір мен коллекив жұмысы, әсіресе әр адамның көңілі индивидтердің мінез сапаларымен анықталады. Кей кездерде мінезі қиын адамдар бүкіл коллектив жұмысына кедергісін келтіруі де мүмкін. Мұндай адамдардың кесірінен конфликтілі жағдайлар жиі туындауы мүмкін.



Мінез акцентуациясы. Белгілі неміс психиатрі К.Леонгард пікірінше, адамдардың 20-50℅-еың мінездері екпінделген (акцентуацияланған). Және де бұл белгілі бір жағдайларда біртипті конфликтілер мен жүйке күйзелістеріне әкеп соғады деген.

Мінездің акцентуациялануы - адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. Мінездің акцентуацияланған типтері — әртүрлі жағдайлардағы адамның қылығын анықтайтын, мінездердің басқа қасиеттеріне қарағанда жетекші орын алатын және басқалардың жәрдемімен ерекше дамитын мінездің типтік қиылысқан көрсеткіші. Мінез акцентуациясы — психопатиялармен шектесіп, норманың шеткі варианттарын көрсететін белгілі бір мінез бітістері мен олардың үйлесімдерінің ерекше көрінісін білдіреді. Акцентуация басқа қасиеттерінен қандай да бір қасиеттің немесе белгінің бөлініп ерекше дамуы.

Леонгард акцентуацияның 12 типін бөлген.Акцентуация типіне байланысты мінез ерекшеліктеріне қысқаша тоқталайық:



  1. Гипертимді тип – үнемі көтеріңкі көңіл-күймен жүреді, іс-әрекетке деген құштарлық, айналасындағыларға әр дайын аса зейінді болмағандықтан, өзінің жеке күйін күшпен басқарады. Бала – болашақ гипертим, таңертең оянғанда күліп тұрады және жағымды әлемдік қатынас объективті жетістіктерге әрдайын шартталған емес .

  2. . Дистимді тип – керісінше, төмен көңіл-күймен, өмірдің қараңғы жақтарына көп көңіл бөледі. Бала оянғанда жылап тұрады, ал ересек жаста өмірдің жақсы жақтарын қабылдамайды, қоршағандардың неодекватты кінә сезімдерін тудырып, соған байланысты топта жоғары статусы болмайды.

  3. Циклотимді тип – жоғарыда көрсетілген екі типтің кемшіліктерін біріктіреді. Тұлғаның потологиялық дамуында моникалды-депрессивті психозға әкеледі.

  4. Эмотивті тип – сезімдерімен өмір сүреді, барлық эмоционалды күйдің диапазонын қобалжиды, басқа адамдардың көңіл-күйін тез қабылдайды

  5. Демонстративті (истероидты)   — бұл тип адамның зейін ортасында болғысы келгенде көрінеді, бұл кезде ол не істеп, қалай істеп отырғанын ұмытады. Демонстративті типке жоғары ығыстыру қабілеті және әлеуметтік ортаға тәуелділік, өзін-өзі сендірушілік тән.

  6. Қозғыш тип ( эпилептоидты ) — өз әсерлерін, сөзін және мінез-құлқын күшпен басқарады. Аяқ асты бүлінгіш және әлсіз тітіркендіргіштерге күшті реакциямен жауап береді. Өткен өшпесіне қайта оралып, өш алуға бейім.

  7. Тұйықталған тип – бір күйден екінші күйге ауысу ауырлығы, ал оның негізгі қыры – бұл жоғары бағалы идеялардың қалыптасуы, соған ерекше маңыз білдіреді және қызметке өзінің және басқа адамның өмірін қоюға дайын болады.

  8. Педантты (жоғары пунктуалды) — өткенге көп уақыт бойы ренжу, түкке тұрмайтын жағдайларға маңызды көңіл аудару, белгілі бір мінез-құлық үлгілерін қстанушы, дәстүрді ұстанушы, тұйықталған, жоғары жауапкершіл тип.

  9. Қауіпті – қорқақ  тип — қоқақ, тіпті өмірдің қиын емес тапсырмаларымен байланысты болғанда да үнемі қауіпті сезінеді.

  10. Аффективті – экзальтировты тип – нәзік және әсершіл адамдар, шындық өмірді иллюзорлы әлемге ауыстырады.

  11. Интравертті(шизоидті) аз қарым-қатынасқа түседі, тұйық. Өзі жайлы ештеңе айтпайды, өзінің уайымын жария еткенді қаламайды.Сезімтал.Мұндай адамдар тіпті жақындарына да суық қарайды. Мұндай адамдар жолдастарының өмірімен қызықпайды, айналадыларының жетістік немесе сәттіліктеріне бейжай қарайды. Сезім білдіруде тұйық.Пессимисттнр.Шизоидтермен жұмыс атқарғанда, сәттіліке қол жеткізу үшін оның әрекетін қызықтырып сол әрекетте басқалардан ерекшеленетін түсіндіру қажет.Қайта тәрбиелеу әсерлі емес,мағынасыз. Оны жазалау , санаға келтіру пайдасыз.

  12. Эксравертті (конформды) тип- интровертке қарама –қайшы тип.Көп сөйлеу, қарым-қатысқа түсу оңай.Конформист сияқты өз ойы болмаса да, өзбетті емес.Басқалардан қалмауға тырысады,бағынуды дұрыс деп санайды. Мұндай адамдар өз қызығушылықтарына байланысты жолдасына қиын сәтте қол ұшын бермеуі де мүмкін. Және де не істесе де, әр кезде себебін түсіндіре алуға қиындық таппайды.

Негізгі ұғымдар: темперамент, темперамент типтері, қозу мен тежелу процсі, холерик, сангвиник, мелонхолик, флегматик, мінез, мінез бітістері, мінез акцентуациясы, экстроверт, интроверт, мінезді бағалау, мінез акцентуациясының типтері.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Темперамент түсінігі және оған берген ғалымарың анықтамасы қандай?

  2. Павлов пен Сеченовтың темперамент типтерінің жалпы психофизиологиялық механизмдері қандай?

  3. Темперамент типтеріне анықтама бер, холекрик, меланхолик, сангвиник, флегматик, және олардың ерекшеліктерін сипатта.

  4. Мінезтүсінігі, мінезді бағалау дегеніміз не?

  5. Мінез акцентуациясы дегенді қалай түсінесіз?

  6. Леонгарттың мінез акцентуациясы типтеріне жеке –жеке сипаттама беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Самыгин С.И.,Столяренко Л.Д. Психология управления. – Ростов – на – Дону, 2008

  2. Власова Н. Справочник по психологии управления.Новосибирск,1994

  3. Обозов Н.Н. Психология менеджмента. С-пб.1994


5 Тақырып. Еңбек әрекетіндегі көңіл бөлу және танымдық процестер

1.Түйсік туралы жалпы түсінік.

2.Қабылдау туралы жалпы түсінік.

3. Есте сақтау,ойлау, қиял, зейін ерекшеліктері.

Мидың орталық жүйесінің және сезу ағзаларының әсер етуі нәтижесінде шындықтың көрінуін – түйсік дейді Түйсік адамның қоршаған ортаны қабылдауында әртүрлі болып келеді. Түйсіктің адам өміріндегі рөлі қоршаған ортада болған нәрселерді адам ағзасына орталық жүйке жүйелері арқылы жеткізу.

Түйсік классификациясы. Ежелден түйсіктің бес басты моделін қарастырған: иіс түйсігі, дәм сезу, сезу, көру және есту. Түйсік классификациясы ресейлік психолог А. Р. Лурияның зерттеуінде екі ұстаным бойынша қарастырылады: жүйелік және генетикалық.

Түйсіктің жүйелік классификациясы. Түйсіктің ең үлкен топтарын қарастыра отырып оларды үш негізгі типке бөлуге болады: интероцептивті, проприоцевтивті, эктероцевтивті. Интероцептивті түйсік ішкі ағзалар күйінен белгіні асқазан және ішек қабырғаларынан, жүрек және қанайналым жүйесінен және басқа ағзалардан тітіркенуі арқылы алады. Бұл ежелден келе жатқан түйсік түрі және ол эмоциалды күйге жақын болып келеді. Проприоцептивті түйсік дененің кеңістіктегі күйін және адамның афферентациялы қозғалыс белгілеріне негізделіп оның кезектелуінде басты рөль атқарады. Проприоцептивті түйсіктің перифериялық рецепторы бұлшық еттер мен желілерде ерекше жүйке денешелерінде орналасады. Қазіргі психолгияда жануарлардың афферентті қозғалыс жүйесі А. А. Орбели, П.К. Анохинмен, ал адамдарда – Н. А. Бернштейнмен зерттелген. Үшінші ең үлкен түйсік жүйесі экстероцептивті болып саналады. Ол сыртқы дүниеден келген ақпараттарды адамға жеткізіп адам мен қоршаған орта арасында байланыс орнатады. Осы түйсік тобы шартты түрде екі топқа бөлінеді: жанасу және дистантты түйсік. Жанасу түйсігі дене үстіне жанасуы және қабылдаушы ағзаға тиюі тиіс. Бұл түйсікке мысал ретінде дәм және сезінуді жатқызады. Дистантты түйсік алыс аралықта сезу мүшелеріне тітіркену арқылы әрекет етеді. Бұған иіс түйсігі, есту және көру жатады.

Ағылшын неврологы Х. Хедтің генетикалық классификациясында сезінудің екі түрін қарастырады: 1) протопатикалық (аса аффективті,жергілікті және дифференцияланған) органикалық сезулер жатады (аштық,шөл); 2) эпикритикалық (аса дифференцияалданған, тиімді) басты сезіну мүшелері жатады.

Эпикритикалық сезіну генетика бойынша жас, және ол пропатикалық сезінуді бақылап отырады.

Түйсік қасиеттері. Түйсіктің әртүрлігі оның ерекшеліктерімен ғана емес, сонымен қатар қасиеттерімен сипатталады. Ондай қасиеттерге: сапа, қарқындылық, жалғасушылық және кеңістікті таратпаушылық жатады. Сапа – ол түйсіктің негізгі ерекшелілігі, түйсіктің көпүлгілі сапасы материя қозғалысының шексіздігімен көрсетіледі. Түйсік қарқындылығы оның сандық сипаттамасы болып саналады және рецептордың функциональды күйі мен тітіргендіргіш күшімен көрсетіледі.Түйсіктің жалғасушылығы уақытша сипаттама. Ол сезім ағзасының функциональды күйін анықтайды, бірақ бастысы тітркендіру уақытын және оның қарқындылығын анықтайды. Тітркендірудің әрекеті сезім мүшелеріне бірден сезілмейді, уақыт өте келе түйсіктің латентті кезеңінде көрінеді.Түйсік – мидың орталық жүйесінің және сезу ағзаларының әсер етуі нәтижесінде шындықтың көрінуі. Түйсік дегеніміз қарапайым психологиялық сипаттама, ол адамның тәртібіне есті және ессіз күйде әсер етеді. Түйсік объективті де, субъективті де ұғым. Бір жағынан онда сыртқы тітіркендіргішті байқауға болады. Ал бір жағынан тітіркендіруді байқау жүйке жүйесіне де байланысты.

Қабылдау – қоршаған ортадағы объективті шындықты бағыттап ақпарат ретінде қабылдау мен өзгерту қиын үрдіс болып табылады.Қабылдау сезім мүшелеріне әсер ететін құбылыстар мен заттардың толық жиынтығы. Қабылдау – талдау жүйесі әрекетінің нәтижесі.

Қабылдаудың субъективті заңы дегеніміз адамдардың ақпаратты қабылдау қажеттілігіне сәйкес, субъективті қабылдауы болып табылады. Адамның психикалық қабылдауы оның тұлға ерекшелігіне байланысты апперация деп аталады. Қабылдау қасиеттеріне келесілер жатады:


  1. Тұтастық – қабылдау заттың толық түрін көрсетеді. Ереже бойынша ең алдымен зат толық жаратылыс ретінде қабылданып тек содае кейін ғана оның бөлшектері зерттеледі.

  2. Константылық – қоршаған ортаны қабылдау кезінде олардың пішіні, түсі, көлемі тұрақты ретінде қабылданады. Константты қабылдаудың белсенді әрекет етуші жүйесі ретінде перцептивті жүйе саналады.

  3. Құрылымдық – ол қабылдаудың жай ғана жиыны болып саналмайды. Біз осы құрылымның жалпылама түйсігін іс – әрекеттер ретінде сезінеміз: жеке дыбыстардың орнына сөздерді , адамның жеке қимылының орнына икемдерді, жеке суреттердің орнына орын ауыстыруды қолдану.

  4. Ойлаушылық – қабылдау ойлаумен, заттардың табиғатын түсіну. Олардың мағынасын түсініп атау береміз.

  5. Сайлаушылық – бір объектті екінші объект пен салыстырып оның ерекшелігін бөліп көрсетеді. Қабылдау кезінде адамның көзіне бірінші шалынатын объект деп, айналасындағы фон деп саналады.

Қабылдау заттары қате болуы да мүмкін. Қателер әртүрлі талдаулардың әрекеті нәтижесінде белгілі болады. Негізінен көз алдаулары (иллюзия ) көп кездеседі.Қабылдауды ұйымдастыру қажет. Ақпаратты қабылдаудың тиімді үрдістерін қарастырайық:

  1. Таным мақсаты бар нақты ақпаратты қабылдау керек. Өзін мақсатты айқындап, соған қол жеткізуге үйрету керек.

  2. Талдаушыларды жан – жақты, әрі қарқынды қолдану. Кез – келген жағдайда қабылдау үшін үстемдік етуші талдаушыларды қолдану керек. Талдаушыларды кеңінен қолданған сайын, қабылдау үрдісі қарқынды жүреді.

  3. Қызығушылық тудыру.Есте сақтауға тиісті мағлұматты жоғары дәрежеде қызықты ету.Бұл үшін оның жұмысқа деген маңызын жетік түсіну қажет. Мағлұматты қабылдау сәтін жылдамырақ өткізу үшін өзіңіз білетін барлық білімді қолдану қажет.

Есте сақтау дегеніміз- өмірлік тәжірибе әрекетін алуға, сақтауға тырысу. Әртүрлі түйсіктер туа біткен және өмір сүре келе алынған тәжірибелер механизмі сақталуы мұрагерлікпен беріледі немесе жеке өмірде жиналады. Біздің есте сақтауымыздың өнімділігі күннің уақытына байланысты: күндіз 8-12 аралығында қабылдау есте сақтау жоғары болады,түстен кейін төмендеп, кешке қайта көтеріледі.

П. П. Блонский зерттеулерінде эмоциялды әсіреленген уақытта еске сақтау жоғары дәрежеде болады деп түсіндіреді, ол студенттеріне балалық шағы естеліктерін жазуды тапсырған, сонда бірінші орында мына естеліктер шыққан:1 - жұмбақ әрі жаңа; 2- өлім; 3 – қатты қорқыныштар; 4 – қатты жазалаулар мен реніштер; 5 - бала отбасындағы бақытсыз оқиғалар; 6 – жақындармен бақытсыздықтар; 7 – айырылысу; 8 – бақытты сәттер – 8 % 9 – басқалары - 8 %



Еске сақтау түрлері. Уақытқа байланысты еске сақтау қабілеті былай бөлінеді:

  • Оперативты ес ;

  • Қысқа мерзімді ес;

  • Ұзақ мерзімді ес.

Оперативты ес сезім мүшелері қабылдайтын дүниенің толық әрі нақты бейнесін сақтайды. Бейнені сақтаудың ұзақтығы секундтан бірнеше сағатқа дейін созылады. Оперативті ес деп бір үрдіс барысында қажетті ақпаратты есте сақтау қабілеті деп айтады. Аз уақытты ес. Бұл ес түрі жаңа ғана болған оқиғадан қабылданған құбылыстардың аз уақытты үрдісі. Оқиға аяқталғаннан кейін әсер жоғалып, адам есіне қанша түсіргісі келгенмен оқиғаны түсіре алмайды. Алынған ақпараттың адам санасында тек оқиға бөлімдері ретінде ғана қабылданғандықтан, есте анық сақталмайды. Ұзақ уақытты есте қабылданған ақпараттың ұзақтығы мен мықтылығымен сипатталады. Ұзақ уақытты ес адам санасында ақпараттың жиналуы мен жалпылама және жүйелі түрде сақталуына себеп болады.

Ес процестері. Оған есте сақтау,сақтау,қалпына келтіру, ұмыту жатады. Есте сақтау – бұл ескі ақпараттың жаңасыменен байланысып есте бекітілу үрдісі. Бұл есте сақтаудың түріне байланысты ерікті және еріксіз, ұзақ, қысқа және оперативті есте сақтау бөлінеді. Қалпына келтіру ерте есте сақталған ақпаратты психикалық жолмен ұзақ естен оперативті еске бекіту болып табылады. Белсендіру процессі қиын немесе оңай жолмен өзгеру деңгейімен сипатталады: ұмытылған затты еске тез түсіру немесе еске түсіре алмай қиналу. Осыған байланысты қалпына келтіру тану, жеке қалпына келтіру және еске түсіру сияқты болып бөлінеді. Объектке субъектті қайта көрсету кезінде тану үрдісі жүреді. Адам бұрын көрген затын қайта көргенде есіне түсіреді. Жеке қалпына келтіру объектке субъектті қайта ұсынусыз өтеді. Адам бәрін өзі еске түсіреді. Ол бұрын көрген нарсесін жай есіне ерікті түрде алады немесе, еске түсіру мақсатында еріксіз түрде күш салу арқылы түсіреді.

Кейде реминисценция құбылысы болады – адам өзінің еске түсіре алмаған ақпаратын жақсы жағдайда еш күш салусыз еске түсіреді. Ұмыту жартылай немесе толық болады. Жартылай ұмыту қалпына келтіре алмаған ақпаратты тану арқылы өтеді. Ақпаратты қайта тыңдау немесе оқу үрдісі адамға оны таныс екенін көрсетеді, бірақ оны өз бетімен қайталауға мүмкіндігі келмейді. Толық ұмыту ақпаратты қалпына келтіру, тану мүмкіндігінен айырады. Неміс психологы Г. Эббингауз көптеген тәжірибесінің нәтижесінде ақпаратты 72 сағат көлемінде мүмкіндігіміз бар екенін анықтаған.

Сақтау. Ұмытылмаған ақпараттың бәрі сақталады. Адамның қажеттілігіне байланысты ақпарат жаймен ұмытылады. Адамға өмірлік маңызы бар ақпарат ешқашан ұмытылмайды. Ақпаратты сақтау адамның әрекет деңгейіне байланысты.Ақпараттың естен ерікті немесе еркінен тыс алынуы сақтаудың ашық әдісі көмегімен іске асады. Алайда сақтаудың жабық әдісі бар, ол адам есінен керек мәліметті гипноз арқылы еске түсіру. Есті жетілдірудің бір әдісі «жинақтау жүйесі» әдісі. Ес бұлшық ет тәрізді жеңіл жаттығуларды жиі қайталау барысында жаттығады. Ол үшін жақсы құрастырылған қызықты ақпаратты біртіндеп оқып, есте сақтау қажет. Жинақтау жүйесі есті ғана емес, қалпына келтіру мен назарды да шынықтырады.

Ойлау .Ойлау адамның жаңалық ашуының, шығармашылық жұмысының белсенді көрінісін және әрекеттерінің өзгеруін көрсетеді. Ойлау субъектте болмаған нәтижелерге жеткізеді. Ойлаудың басқа психологиялық үрдістерден айырмасы тапсырмаға жауап іздеу мен оның шарттарын өзгерту сияқты мәселелі жағдайлармен айналысуы болып табылады. Ойлау әрекеттердің жалпы, ортақ заңдылықтарымен байланысы. Бұл дегеніміз нақты жағдайлардағы әрекеттердәң шынайылығына бағытталады. Ойлауға екі белгі тән:

1. Жалпылық. Бұл дегеніміз ойлау кезінде ақпараттың әртүрлі қасиеттерінің әртүрлі көздерден алынып, көптеген өңдеуден өтіп, сығылып адамға берілуі. Ойлау тек адамға тән үрдіс.



  1. Ортақтық. Ойлау шынайылықтың ортақ көрінісі. Бұл дегеніміз ойлау талдаушыларға әсер етпейтін тек қосымша белгілер көмегімен ғана ақпаратты түсінуге және анықтауға мүмкіндік беру. Адамның ойлау қабілеті сөздердің көмегімен жүзеге асатын түсінік арқылы беріледі. Түсіну – құбылыстар мен заттардың толық әрі нақты көрінісі.

Ойлауда әрекеттің шарттарының оның мақсаттарына қатынасын көрсетеді, яғни алынған ақпараттың бірінен екіншісіне өзгеруі, жағдайдың қажетті жалпылама сызбаға өңделуі.Ортақ байланыс орнату, құбылыстардың бірнұсқалы топтарының қасиеттерін жалпылау, нақты бір құбылыстың жаратылысын белгілі бір құблыстар тобының әртүрлігі екенін түсіну адамның ойлау қабілетінің қасиеті. Ойлау әрекеті әртүрлі операция құрылымдары арқылы жүзеге асады.Алгоритмдік ойлау берілген тапсырманы қарапайым операциялар тізбектері арқылы орындау.

Эвристикалық ойлау – қиын тапсырмалардың шешімін шығармашылық жолмен табу.Дискурсивты ойлау (есті) –логикалық талдаудың тізбекті қатарынан ақыл қорытындысы жүйесіне құрылған, есті ойлау сипатына ие ойлау түрі. Дискурсивты ойлау түрі қорытынды шығаруда қолданыладды.Ойлаудың тарихында баланың ойлау қабілеті ойлаудың бір – бірін алмастыратын үш түрі бар :



  1. көрнекі – әрекетті

  2. көрнекі – бейнелік

  3. абстрактілі – логикалық.

Ойлаудың бірнеше түрі бар: теоретикалық түсінікті ойлау – адам тапсырманы орындау барысында ақылмен әрекет етіп түсінігіне жүгінеді, бірақ ол сезім мүшелерінің тәжірибесі көмегімен шешуге тырыспайды. Теоретикалық ойлау түрі теоретикалық ғылыми зерттеулерде қолданылады.Көрнекі – бейнелік ойлау үрдісі адамның қоршаған ортаны шынай қабылдайтын ойларымен байланысты, олар адам көменгінсіз шешілмейді. Көрнекі – әрекетті ойлау үрдісі шынай құбылыстарды адамның тәжірибелі ойларға өңдеуімен анықталады. Бұл ойлау түрі өндірістік қызметпен айналысатындарға тән.

Ойлау қабілетіне байланысты адамды екі типқа бөледі:



  1. Интуитивті тип. Сезімнің ақылды бағындыруымен және мидың оң жақ бөлігінің сол жағына үстемдік етуімен сипатталады.

  2. Ойлы тип. Ақылдың сезім мен интуициядан басым болуы мен сол жақ ми бөлігінің оң жақты тиімді пайдалануымен сипатталады.

Шығармашылық ойлау ойлаудың ерекше түріне жатады. Оның негізгі белгілері:

  1. Біртуарлық, ойлардың ерекшелігі мен интелектуалды жаңалыққа тырысу.

  2. Затты басқа қырынан көру, оны жаңаша қолдану жолдарын табуға тырысу.

  3. Үлгілі адаптациялық икемділік, объектті қабылдауды ерекше етіп, оның құпия жақтарын ашу.

  4. Семантикалық спонтанды икемділік, түсініксіз жағдайда ойдың әртүрлі өнімділігін арттыру қабілеті.

Ойлаудың қиыншылығы. Ойлау әлдебір мәселені шешуде туындайды, ал мәселе қиындықты жағдайды туғызады. Қиыншылықты жағдай деп адамның өз түсінігі жетпейтін құбылыспен соқтығысуы. Ол белгілі бір танымдық кедергіні, қиындықты ойлаудың көмегімен жеңуді білдіреді. Ойлаудың негізгі механизіміне талдау – жинақтау жатады. Талдау – бір бүтінді бөлшектерге бөлу, ұсату, дифференциялау, белгілі бір қырларын анықтау, абстрагтілеу. Жинақтау – бөлшектерді біріктіру, қосу, толықтыру, топтастыру.

Талдау мен жинақтаудың байланысы келесі тәуелділікте көрсетілген:



  1. бүтінді талдау сол мезетте оны жинақтау болып саналады, себебі талдау бөлшектерді қарастыру ғана емес, олардың арасындағы байланысты, тәуелділікті, қатынастарды анықтайды.

  2. Талдау – жинақтау үрдісінің бірігуі талдаудың бүтінді зерттеуі нәтижесінде оны толық әрі тереңінен анықтауы.

  3. Мәселені шешудегі ойлау үрдісі үш тізбектің бір – бірімен сәйкестенуі кезінде ғана сәтті өтеді. Егер олардың арасында сәйкестік болмаса, онда ойлау үрдісі жүзеге аспайды немесе мәселе дұрс шешілмейді.

  4. Талдау – жинақтау әртүрлі деңгейде жүзеге асады: затты бөлшектеу немесе жинақтау кезінде тікелей әрекет етуі, мәселенің көрнекті немесе теоретикалық түрде ұсынылуы

Талдау – жинақтау ойлау үрдісінің негізі болғандықтан келесі ақыл – ой операцияларына қатысады:

  1. Салыстыру – шынайы құбылыстар мен заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.

  2. Абстракция – құбылыстар мен заттардың бар және жоқ қасиеттерін бөліп көрсету.

  3. Нақтылау – жалпы түсініктен жекеге өту. Жалпылама білімді жекеге қолдану.

Логикалық ойлаудың келесі түрлерін ажыратады:

  1. Түсінік – шынайы құбылыстар мен заттардың жалпы, нақты, ерекше белгілері көрінетін ойлар.

  2. Талқылау – құбылыстар мен заттар арасындағы байланыс немесе олардың белгілері мен қасиеттерінің байланысы. Жалпы, жеке, жалғыз болып бөлінеді. Тікелей немесе жанама түрде құрылады.

  3. Ақыл-ой қорытындысы – бірнеше талқылаулардың нәтижесінде басқа талқылауға қол жеткізу. Әдеттегі және қарапайым қорытынды үлгісі негізінде туындаған жекелік силлогизм болып саналады.

Ақыл қорытындысының екі түрін ажыратады: индуктивті және дедуктивті. Индуктивті ақыл қорытындысы жалпы жағдайға қатысты жеке жағдайлардан құралады. Дедуктивті ақыл қорытындысы керісінше, жалпы жағдайлардан жеке жағдайларға құралады. Ойлау логика мен ақыл әрекет ететін үрдіс ретінде әрдайым санала бермейді. Ойлау үрдісіне оның сезімінің өзгеруі көп араласады. Сезімдер ойлау қабілетін бұрмалап, зиян келтіреді. Ойлау қабілетінің бұрмалануының біртүрі ретінде аутизмді алуға болады. Аутистік ойлау кезінде ақылға емес, аффективті қажеттіліктерге бағанып, оның күші мен динамикасын көрсетеді. Аутисттік ойлау беталысты. Оның мақсаты қажеттіліктер қауымдастығын логиамен емес, ерікті ойлау қабілетімен қамтамасыз ету. Шынайы ойлау шындықты нақты көрсетсе, аутистік ойлау афффекті объекттерге сүйенеді. Аутисттік ойлау иллюзиялар тудырып, шындықты қабылдамайды.

Ойлау қабілетінің үрдіс ретінде жекеше ерекшеліктері бар:

Ойлаудың ауқымы – барлық үрдісті жеке кезеңдерін жіберіп алмай толығымен қамту.

Ойлау тереңдігі – қиын сұрақтарды түсіне алумен сипатталады.

Ойлаудың дербестігі – басқа адамдардың көмегінсіз мәселені шеше алу үрдісі.

Ойлаудың икемділігі – жағдай өзгерген сәтте әрекеттерді тез өзгерту қабілеті.

Ақылдың тездігі – жаңа жағдайда адамның тез талдауы мен оның шешімін табу қабілеті.

Ақылдың асығыстығы – жағдайды жан – жақты талқылап алмай шешім қабылдауға тырысу қабілеті.

Ақылдың сынауы – өзінің және өзгелердің ойын жан – жақты ойлап талқылай білу.

Қиял. Қиял – адам өмірінде шынай болмаған ойлар мен көріністерді құрастырудың психикалық әрекеті. Әлі күнге дейін ғалымдар елестетудің механизмін тапқан жоқ. Бұл үлгі адаммен оның ағза әрекетіне байланысты. қиял пассивті (түс көру,армандау), белсенді – құрастырылған ( заттың сипаттамасы бойынша үлгісін құрау), шығармашылық (ойдан шығарылған материалдарға байланысты жаңа үлгілер құру). Қиялдың бір түріне армандау жатады. Егер арман уақыт пен тәсілдері нақты болса ол мақсатқа айналады.

Шығармашылық қиял бірнее этаптан тұрады:

1– шығармашылық ойдың тууы;

2 – ойлаған затты «көтеру»

3 – ойды жүзеге асыру.

Адам өмірінде елес ерекше орын алады. Біріншіден шындықты үлгі ретінде көріп, мәселені шешуде қолдана алу мүмкіндігі. Еіншіден, сезім күйін реттеу. Елестердің көмегімен адам өз қажеттіліктерін жүзеге сыра алады. Үшіншіден, елестету танымдық үрдістердің қатысуымен жүзеге асады. Төртіншіден, адамның ішінен әрекет жопарын құрып, оны үлгілерді басқара отырып ақылда жүзеге асыру.



Қиял және органикалық процестер. Қиял психикалық сапа мінсіз болып саналатын ең жарқын психикалық құбылыс болып есептеледі. Осы жағынан елестеу органикалық тұрғыдан материалдыққа қарама – қарсы құбылыс болып келеді.

Белгілі америкалық психолог А. Маслоу «дербес белсенді адам» деген жалпылама түсінік енгізді. Ол бұл адамдарға дербестік, аутоұнату, уақытқа бағыныштылық, қатынас сияқты қасиеттерді жатқызыды. Оның басты аңғарғаны – оларда қорқыныштың болмауы. Олар өздері туралы басқалардың не айтатынына мән бермейді.олар адамдарға тәуелді емес, оларды қажет етпейді. Осы қасиеттер Маслоудың ойынша нағыз ұлы адамдарға тән.



Зейін .Зейін – психологтардың жеке қараудағы келсімі берілмеген таным үрдісі. Көп психологтар зейін деген жеке, дербес үрдіс жоқ, ол басқа психологиялық үрдістің немесе адам әрекетінің бір қыры ретінде зерттеледі деп пайымдайды. Басқалары зейін ерекше ішкі үрдіс деп есептеген. П. Я. Гальперин өнімі бақылау болып келетін психикалық үрдіс деп есептеген. Көптеген псиологтар таным әрекетінің динамикалық үрдісін сипаттайтын психофизиологиялық үрдіс деп есептейді. Сезім мүшелері арқылы бір ақпаратты саналы және санасыз түрде таңдау және біреуін елемеу.

Адам зейіні бес негізгі қасиетпен сипатталады:

Тұрақтылық – бір затта ұзақ уақыт бойы зейін тоқтату қабілеті.

Жинақталу – басқа объектілердің алаңдатуына қарамастан зейінін бір объектке аудару.

Ауысу – бір объектіден екіншісіне, бір әрекеттен басқасына назар аудару.

Бөлу – нақты кеңістікте бір нәрсеге назар аудара отырып, басқа әрекеттер жасау.

Көлем- аса зейін қою кезіндегі адамның сақтай алатын ақпараты.

Назарды топтаудың негізгі ұстанымдары:


1. Маңызды нәрсеге көңіл аудару. Зерттеләп жатқан объектке бар назарыңызды аударып оның жаңа қырларын, ерекшеліктерін, белгілерін, байланысын көруге тырысыңыз

2.Маңызы жоқ ақпаратты бекітпеу. Зерттелген затқа қатысы жоқ ақпаратты тек қана қабылдау қажет, оны есте сақтаудың саңызы жоқ.

3.Маңызы жоқ ақпаратты жою. Маңызы жоқ ақпаратты жаңа ақпарат қабылдай отырып, санадан лақтыру керек.

Зейін қабылдау қабілеті мен тығыз байланысты. Сондықтан еске сақтаудың ұстанымдырын білген жөн:



  1. Еске сақтауды «Мен есіме сақтаймын» деп бастаған дұрыс.

  2. Таным байланыстарын дұрыс таңдау. Сақтауға тиіс ақпараттың танымдық байланыс түрін таңдау қажет.

  3. Таным байланысын еске сақтаудың ұзақ уақыттық мақсатында құру. Аз уақытты есте сақтау құрылымдық байланыспен жүзеге асады.

  4. Сәйкес таным байланыстарын қолдану. Сақталған ақпарат пен білім арасында байланыс орнату.

Менеджер зейіні – үлкен тәрбиелік күш. Егер қол астындағы басшының өзін бақылап отырғанын сезсе жұмысын тыңғылықты атқаруға тырысады.

Негізгі ұғымдар: танымдық процестер түсінігі, назар аудару, түйсік, түйсіктің классификациясы, қабылдау, кеңістіктегі қабылдау, жалпылай қабылдау,нақты қабылау, иллюзия, иллюстрация, есте сақтау, оперативті ес, ұзақ және қысқа мерзімді ес, ойлау, абстракция, логикалық ойлау, көрнекі –бейнелік ойлау, талқылау, анализ, синтез, дедукция, индукция, аналогия, ой-қорытындысы, қиял, шығармашылық қиял, зейін, зейіннің шоғырлануы, зейін аудару, менеджердің зейіні.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Басқару процесіндегі негізгі танымдық процестердің ролі қандай?

  2. Менеджер немесе жетекшіге басқару ісін тиімді жүргізу үшін қандай танымдық процестің басымдылығы жоғары?

  3. Түйсіктің классификациясын жіктеу?

  4. Қабылдаудың басқару процесіндегі ерекшелігі қандай?

  5. Шығармашылық қиял басқаруда не үшін керек?

  6. Менеджердің зейіні қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Самыгин С.И.,Столяренко Л.Д. Психология управления. – Ростов – на – Дону, 2008

  2. Власова Н. Справочник по психологии управления.Новосибирск,1994

  3. Обозов Н.Н. Психология менеджмента. С-пб.1994



6 тақырып. Басқару үрдісіндегі тұлғаның эмоцияналды ерікті аумағы


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет