Қазақстан республикасынын білім және ғылым министрлігі


IP адресіндегі адрестеу.IP-адрестерді түрлері:жергілікті,желілік,символдық



бет6/13
Дата23.01.2023
өлшемі63,27 Kb.
#166121
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
желі практика Азиза
тәуелді және тәуелсіз ауыстырғыштар, тәуелді және тәуелсіз ауыстырғыштар, Автоматтандырылған басқару жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігінің қатерлері, Tema-4-Arhitektura-EVM, osn mpt uch p, Вариант №1, Технологии, Техника қауіпсіздігі ережелерімен танысу, Алгоритм практика Азиза 2пвт (1), 2пк, 8, 1пк, «Операциялы ж йелер» п нінен о у- дістемелік кешен 5B060200 – «, «Операциялы ж йелер» п нінен о у- дістемелік кешен 5B060200 – «
IP адресіндегі адрестеу.IP-адрестерді түрлері:жергілікті,желілік,символдық
IP-адрес (v4) 32-биттен тұрады. Кез-келген өзін құрметтейтін админ, онымен бірге айти маман (желі инженерлері туралы үндемей-ақ қояйық), түн ортасында ұйқысынан оятқанда «IP-адрес қанша биттен тұрады» деген сұраққа дұрыс жауап бере алуы керек. Онымен қоса IPv6 туралы білген де артықтық етпейді, IPv6 128 биттен тұрады.
IPv4-адрес қалай жазылатынын бәрі біледі деп ойлаймын. Ондық жүйеде, басындағы нөльдерсіз, нүктелермен бөлінген төрт октет (октет – байт дегенді білдіреді): «192.168.11.10».

IP-адрес пакетінің тақырыбында (заголовок) source IP және destination IP өрістері бар: жіберушінің адресі және қабылдаушының адресі (кімге жіберіліп жатыр). Почта конвертіндегі секілді. IP-адрес пакеттерінің ішінде маска туралы ешқандай мәлімет жоқ. Октеттердің арасындағы бөлу белгілері де жоқ. Жай ғана 32-бит қабылдаушының адресі және тағы 32 бит жіберушінің аты. Тағы да қайталаймыз: маска IP-пакет тақырыбы құрамында жіберілмейді.

Компьютерлерге маска ішкі желі (подсеть) шекараларын (басқаша айтқанда диапазонын) анықтау үшін қажет. Яғни, әр компьютер кімнің онымен бірге бір [ішкі] желіде, кімнің осы желіден тыс орналасқандығын білуі үшін. 
Мұндағы негізгі мақсат, бір желі ішінде орналасқан компьютерлер пакеттермен «тікелей» алмасады, ал егер пакеттерді басқа желіге жіберу керек болса, онда пакеттер үнсіз келісім бойынша шлюзге жіберіледі. Осы жағдай қалай іске асатынын қарастырайық.

Ішкі желі маскасы – ол да 32 бит. Бірақ, онда нөльдер мен бірліктер алмасып, кезектесіп кездесуі мүмкін емес. Әрқашан, бірінші тек бірнеше бірліктер, содан соң ғана бірнеше нөлдер. Яғни, келесі түрдегі маска болуы мүмкін емес:

120.22.123.12=01111000.00010110.01111011.00001100.

Бірақ, мына түрдегі маска болуы мүмкін:

255.255.248.0=11111111.11111111.11111000.00000000.

Басында N бірлік, содан соң 32-N нөлдер. Мұндай жазу түрі артықшыл (яғни, көп символ жазуға тура келеді) екенін түсіну қиын емес. Негізінде масканың ұзындығы деп аталатын N саны да жеткілікті. Көбінесе осылай жазу түрі пайдаланылады:
192.168.11.10 255.255.248.0 деп жазудың орнына 192.168.11.10/21 деп жазылады. Жазудың екі түрі де бір мағынаны береді, бірақ екінші жазу түрі ыңғайлылау екені көрініп тұр.

Ішкі желінің шекараларын анықтау үшін, компьютер IP-адрес және маска арасында биттік көбейту (логикалық ЖӘНЕ) орындайды. Көбейтіндінің нәтижесінде масканың нөлдері тұрған позициялар нөлге айналдырылған адрес алынады. Мысал қарастырайық 192.168.11.10/21:

11000000.10101000.00001011.00001010
11111111.11111111.11111000.00000000
_________________________________________________
11000000.10101000.00001000.00000000 = 192.168.8.0

Желілік операциялық жүйелерді орнату және баптау
Операциялық жүйе дегеніміз - бұл командаларды іске қосқан кезде барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа.
Windows ОЖ –нің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту ОЖ баптау деп аталады.
Шартты түрде баптау 3 топқа бөлінеді:
1. Буманың терезесінің параметрлерін баптау;
2. Негізгі мәзірді баптау;
3. Басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау;

Бума терезесінің параметрлерін баптауды Түрі-Параметрлер...командасы бойынша орындауға болады.
Бума (Папка) қосымша бетінен сізге бір бумадан екінші бумаға өту үшін экранда буманы «алмастыру» режімін таңдаудың батырмалар жұбын көресіз.
Қарап шығу (Просмотр) қосымша бетінде көрінбейтін файлдарды бейнелеуге тыйым салуға болады және ол бума терезесі басында файлдың (буманың) толық адресін бейнелейтін жалаушаларды қосады және алып тастайды.
Жалпы қосымша бетті келесі режимдерді қосатын 5 жалаушадан тұрады:
1) Барлық терезелердің үстінде орналастыру (Расположить поверх всех окон)- тапсырмалар тақтасы қосымшалардың барлық терезелерінің үстінде орналасады;
2) Экраннан автоматты түрде алып тастау (Автоматические убирать с экрана)- тапсырмалар тақтасы оның орнына тышқан сілтемесін апарғаннан соң ғана пайда болады;
3) Негізгі мәзірдегі ұқсас белгілер (мелкие значки в главном меню)- негізгі мәзір ұсақ белгіленіп, олар өте аз орын алады.;
4) Сағатты бейнелеу (отображать часы)- тапсырмалар тақтасына сағат индикаторы отнатылады.;
5) Қысқартылған мәзірді пайдалану (использовать сокращенные меню)- мәзірді ашқанда соңғы пайдаланған командалар пайда болады.
Жүйені жалпы баптау Басқару тақтасы арнайы бумасының көмегімен орындалады.
Басқару тақтасы бумасының терезесінде сіз мына жазулар мен көптеген белгілер көресіз.Экран, Шрифтер, Күні мен уақыт, Клавиатура, Тышқан (Экран, Шрифты, Дата и время, Клавиатура, Мышь) және т.б.
Егер кез келген белгіні екі рет шертсеңіз, экранда нақты баптау мақсатына қарай атқаратын қызметін түсінуге болатын сұхбат терезе пайда болады. Параметрлерді берген соң ОК немесе Болдырмау (Отмена) батырмасын басу керек.
Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желілің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
* ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;
* желінің бір ДК-сында сақталу есебінен бір ақпаратты қосарлау мүмкіндігінің жойылуы;
* ақпарат сақталуы сенімділігінің жоғарылуы;
* ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;
* ұйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.
Компьютерлік желілерді аймақтық таратылу дәрежесі бойынша классификациялауға болады. Оларды ауқымды (глобальный), аймақтық (региональный) және жергілікті (локальный) желілер деп бөлуге болады.
Жергілікті желіге қосылған компьютерлер бір-бірімен мәлімет алмасу үшін арнайы бағдарламалық құралдар қажет.Негізінде базалық желілік бағдарламалық құралдар операциялық жүйелер құрамына кіреді немесе операциялық жүйе сәйкес бағдарламалармен толықтырылуы мүмкін. Желілік қамтылған операциялық жүйеге Windows XP мысалға келтіруге болады.
Желімен жұмыс кезінде компьютер екі рольді атқара алады:
- Егер компьютер ақпараттар мен сервистерді желідегі басқа компьютерлерден алатын болса, онда мұндай компьютерлерді жұмыс станциясы деп атайды.
- Егер компьютер өзінің ақпараттары мен сервистерін желідегі басқа компьютер-лерге берсе, онда ол компьютер сервер деп аталады.
Сервер түрлі сервистарды ұсынады, соның ішінде ең көп тарағандары төмендегілер:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет