Қазақстан тарихы. 9-10 сынып оқу материалдары



бет19/82
Дата22.12.2021
өлшемі3,59 Mb.
#926
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82
Терминологиялық сөздік:

  1. Кадет партиясы - Ресейде 1905-1917 жылдары жұмыс істеген конституциялық-демократиялық партия. Бұл партия құрамында Ә.Бөкейхан болған. Оның «Мен Кадет партиясынан неге шықтым?» деген мақаласы бар.

  2. Қоқан автономиясы - жалпы мұндай автономия тарихта болмаған. Тарихи аталу жөні - Қоқан қаласында жарияланған Түркістан автономиясы немесе түрік-мұсылманша ныспысы - Түркістан мұхтарияты

  3. Түрікшілдік,  пантюркизм  – түркі халықтарын  бірлікке, өзара байланыстарын нығайтуға үндейтін қоғамдық-саяси ағым; XX ғ. басында саяси доктриналардың  және саяси  көзқарастардың  жүйесінде пайда болған діни-саяси идеология. Түркі тілді халықтардың бір мемлекетке Турцияның камкорлығымен «ұлы  Тұран»  мемлекеті болып бірігуін мақсат ететін көзқарастар менсаяси доктриналар жүйесі.[

  4. Жәдидшілдік (араб.: жаңа әдіс) — 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ресей империясындағы  түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық қозғалыс.

Сұрақтар:

  1. Алашордашылар деп әдетте кімдерді атайды?

  2. Алаш партиясының орталық баспасы қандай газет болды?

  3. Бірінші және екінші съездер қашан болды?

  4. Алаш партиясының халықтың қолдауына ие болу себебі неде? Себебін түсіңдіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет