Түркістан Уақытша кеңесі құрамына барлығы — 54 адам енді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтар Сырдария және Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ Мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, қаланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік «еуропалық» ұйымдардың 18 өкілі бар болатын. Басқаша айтқанда, Кеңестегі барлық орынның үштен бірі сол тұстағы Түркістан халқының 7%-ын құрған жергілікті емес, еуропалық тұрғындардың үлесіне тиген.
Түркістан Уақытша кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уақытша үкіметін бекітті. Үкіметтің негізгі міндеті, оның төрағасы болған атап көрсеткендей «байыпты да парасатты саясат жүргізе отырып, бүкіл түркі атаулыны бір қазанда кайнатып, ақырында, бір ұлттық мемлекет түзу» еді.
Съезд Түркістандағы барлық халықтардың құқын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, еврей, жұмысшы, солдат және шаруаларын, барлық тұрғындарын Түркістан билігі төңірегіне топтасуға шақырды.
1918 жылдың 11 ақпанында Кеңес өкіметі жұмсаған әскер күштері Қоқан қаласына басып кіріп, Түркістан автономиясы үкіметін күшпен таратып жіберді. Қаланың өзі талан-таражға түсті.
Қоқанда жарияланған Түркістан автономиясы мен Түркістан Уақытша үкіметі өлке үшін ең негізгі мәселе — жергілікті халықтардың өзін-өзі билеу құқығын мойындауда ескі империялық түсінік шеңберінде қалып қойған Ташкенттегі жаңа билікке балама есебінде өмірге келген жалпыөлкелік саяси құрылымдар еді. Жергілікті халықтарға түсінікті әрі жакын, сондықтан да болашағы зор мұндай саяси құрылымдардың өмірге келуі басында В.И.Ленин тұрған ұлыдержавалық күштердің зәресін алды. Түркістан мемлекетіне жол ашатын Түркістан автономиясы идеясын тезірек бесігінде тұншықтыру оларға тиімді көрінді.
Терминологиялық сөздік:
Панисламизм - XIX ғасырдың соңында пайда болған, мұсылман реформаторы Джемал ад-Дина ал-Афгани (1839- 1897) есімімен байланысты идеология және қозғалыс; жер бетіндегі барлық мұсылманқауымынын бірлігі концепциясы мен олардын біртұтас ислам мемлекетіне бірігу қажеттілігіне негізделген діни-саяси идеология және тәжирибе.
Сепаратизм - жікшілдік, оңашалануға тырысушылық. Халықтың мемлекеттен бөліну әрекеті сепаратизм деп түсіндіріледі. Көп ұлтты мемлекеттердегі аз ұлттың өкілдері алдына бөлек мемлекет болып бөлініп шығуға немесе автономия алуға ұмтылады. Ұлт-азаттық қозғалыстан ерекшелігі - оның жалпыхалықтық, бұқаралық сипаты болмайды, ол ұлттың бір бөлігінің мүддесін қамтиды. Сепаратизм территориялық қақтығыстың тудыратын бірден бір фактор болып табылады.
Автономия - (грекше: autos - өзі, nomos - заң, тәуелсіздік) - мемлекет аумағында жинақы, топтасып өмір сүретін әлеуметтік қауымдастыққа берілетін ішкі өзін-өзі басқару мүмкіншілігі немесе мемлекеттік билікті өзінше жүзеге асыру. Мемлекеттік құрылым құрамында конституциямен бекітілген, салыстырмалы түрде тәуелсіз саяси субъектілердің өзінше қызмет ету құқы.
Сұрақтар:
Түркістан мұхтарияты деп аталған мемлекет?
Мұстафа Шоқай құрған автономия?
Неліктен Қоқан автономиясы аз уақыт өмір сүрді?
Алаш партиясының ұзақ уақыт өмір сүре алмауының себебі не? Салдары қандай болды?
Қоқан автономиясы мен Алаш Орда үкіметінің ортақ идеясы неліктен жүзеге аспады? Себептері мен салдарын екі-үш оймен тұжырымдаңыз.
Тақырып. Азамат соғысы Қазақстанға қандай әсерін тигізді?
Қазан төңкерісінің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды. Буржуазия мен помещиктер казак – орыс офицерлерінің жоғарғы топтарымен, кулактармен және феодал байлармен бірігіп, елімізде орнаған пролетариат диктатурасына қарсы көтерілді, контрреволюциялық заговорлар мен бүліктер ұйымдастырылды.
Еліміздің бірқатар аудандарда, әсіресе казак – орыс аудандарында Дон, Кубань, Орынбор, Жетісу және басқаларында, еліміздің шығыс, солтүстік және оңтүстік шеткері аймақтарында контрреволюция күштері Совет еліне қарсы жау ошақтарын құрып, Совет үкіметіне қарулы қарсылық көрсетті.
Азамат соғысы ұзаққа созылып, шиеленісіп кетті, оның себебі Кеңес өкіметіне қарсы күресіне шет елдер көмектесті (АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Германия).
Интервенттердің негізгі мақсаты:
1) Большевизмді қоршауға алып, жою.
2) Антанта және АҚШ Бірінші дүниежүзілік соғысты соза түріп, Россияны әлсіретуді көздеді.
3) Кеңес үкіметінен монополистердің патша үкіметіне және уақытша үкіметке берген қарыздарын қайтаруды мақсат етті.
4) Кеңес үкіметі тәркілеген шетел капиталистерінің фабрика- заводтарын қайтаруды ойластырды.
5) Шетел империалистік мемлекеттер Орта Азия мен Қазақстанда экспанация жасау әрекеті де көздеді.
Сөйтіп, шетел мемлекеттер елдің ішіндегі төңкріске қарсы күштерге дем берді.
Осы мақсаттарына жету үшін, 1918 жылғы наурызда ағылшын, француз, американ әскерлері Мурманскіге, Архангельскіге енгізілді.
1918 жылы сәуір айында Қиыр Шығыста Жапон интервенциясы басталды. Нәтижесінде осы жылдың күзінде жапондықтар бүкіл Қиыр Шығысты жаулап алды.
1918 жылы герман империалистері Украинаны оккупациялады, Дондағы Ростовты, Таганрогты жаулап, Қырым мен Грузияға енді. Туркия Арменияны, Әзербайжанның көп бөлігін басып алды, ал ағылшындар Орта Азияны жаулауға әрекеттенді.
Интервенттер Россияға басып кіргеннен бастап ішікі контрреволюция күштерімен одақтасты. Ақ гвардияшыларды қару – жарақпен, қарыжымен жабдықтады. Біріккен соғыс операцияларын жоспарлады.
1918 жылы мамырдың аяғында (25) Антанта елдерінің көмегімен Сібірдегі чехословак корпусының (30 мыңдай соғыс тұтқындары мен эмигранттар) офицерлері бүлік шығарды. Олар іштегі төңкеріске қарсы күштермен бірігіп, Новосибирск, Челябинск, Томск, Пенза және Солтүстік Қазақстанның Петропавл, Ақмола, Омбы, Атбасар, Павлодар, Қостанай, Семей қалаларын басып алды. К. Сүтішов, И. Дубинин, П. Калюжная, Ғ. Ыдырысов, К. Шугаев, П. Салов және т. б азаптап өлтіріп, Өскемен Совдепінің төрағасы Я. Ушаковты тірідей кеменің оттығына тастап жағып өлтірді.
Оларға ақ гвардияшылармен бірге эсерлер, меньшевиктер және алашордашылар дем берді.1918 жылы 29 наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын алды. Сәуірде оларға қарсы «ерекше армия» құрылды.
Атаман Дутов 1918 жылы маусымда Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Россиямен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Алашорда үкіметі Орынбордағы Дутовпен, Омбыдағы Колчак басқарған Сібір Уақытша үкіметімен, Самарадағы Құрылтай жиналысының Комитетімен («Комуч») одақтасып, Кеңес үкіметіне қарсы шықты. 1918 жылы тамызда Семей қаласында бірінші Алаш атты әскер полкі ұйымдастырылды. Дутовқа қарсы барлық әскери қимылдарға жетекшілік еткен төтенше комиссар П. Кобозов болды.
1918 жылы қарашада генерал Колчак армиясы Жетісу бағытында операция бастап, атаман Аненков дивизиясы Жетісуды шабуылдады. Бұл кезде немістер Донбассқа қауіп төндірді. Краснов пен Деникин (генералдар) соғыс қимылдарын күшейте түсті.
1918 жылдың жазында Кеңес елі үшін ең басты Майдан – Шығыс майданы болды. Шығыс майданның жағдайы қиындауына байланысты 1918 жылы 2 маусымда Орынбор қаласынан Қызыл Армия бөлімдері кейін шегінуге мәжбүр болды. Осыған байланысты Ақтөбе майданы құрылды (1918 ж. шілде). Ондағы Қызыл әскерлерге Ташкент, Шалқар, Қазалы, Перовск (Қызылорда), Черняевск (Шымкент), Әулиеата және т. б. қалаларда құрылған шоғырлар келді.
1918 жылы шілде айында Жетісу майданы құрылды.
1918 жылы 29 мамырда «Міндетті әскери міндеткерлік негізінде еңбекшілерді мобилизациялау» туралы декрет жарияланды. Осы декреттен кейін әскери міндетті өтеуге еңбекшілердің белгілі жас мөлшеріндегілер шақырылатын болды. Сөйтіп, 1918 жылдың жазында ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады.
Алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында, Батыс Қазақстанда құрылды. Қызыл армияның құрамдас бөлігі ретінде 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында құрылған қазақ атты әскер полкінде Хамит Чурин, Ж. Сәрсеков, Х. Иманов, В. Жәнекешев т. б. болды.
1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында Ә. Жангелдин мен А. Иманов Торғайда екі атты әскер эскадронын кіші командирлер даярлайтын оқу тобын, пулиметшілер тобын, Ырғыз қаласында тағы бір атты әскер эскадронын құрды.
1920 жылы Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күштеп жинау жарияланды.
1920 жылы наурызда Торғай облысында 6 мыңнан астам адам мобилизацияланды. 1920 жылдың басында Жетісу облысында 5,5 мың адамдық полктер құрылды.
1920 жылы мамырда 19 – 35 жастағы орыс емес ұлттардың 25 мың өкілі армияға шақырылды.
Ә. Жангелдиннің экспедициясы Ақтөбе майданына қару – жарақ пен оқ – дәрі жеткізуде маңызды роль атқарды.
1919 жылы 22 қаңтарда Орынбор азат етілді, ал 1919 жылы 26 қаңтарда Орал қаласы жау шебінен босатылды. Бұл Кеңестік Россияның Қазақ өлкесі және Орта Азиямен тікелей байланысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
1919 жылы көктемде Антантаның Кеңес еліне қарсы біріккен жорығы басталды.
1918 жылдың аяғында Дутов, Анненков, Колчак топтарына қарсы партизан соғысы өрістеді. Партизандық астыртын жұмысты ұйымдастырушылар: Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, Ә. Майкөтов, М. Жәнібеков, А. К. Вайцеховский, А. В. Азаданов, К. М. Михалкович, В. В. Мей т. б.
Солтүстік Жетісуда партизан соғысы кең өріс алды. Мұндағы қорғаныс орталығы Черкасское селосы болды. Черкасск қорғанысы 1918 жылдың маусымынан 1919 жылдың қазаң айына дейін созылды, яғни партизандар атаман Анненков тобына 13 ай бойы тойтарыс берді. 1919 жылғы тамызда Жетісу майданының қолбасшысы Л. П. Емелев әскерлері көмекке келуге әрекет жасап, сәтсіздікке ұшырады. Шайқас барысында Л. П. Емелев ерлікпен қаза тапты, ақыры 1919 жылы қазан айында анненковшылар Черкасскіні алып, 1800 адамды қырып тастады.
Семей облысын ақ гвардияшылардан азат етуге құрамында 200 қазақ бар «Алтайдың қызыл тау қырандары» атты партизан полкі көмектесті.
Достарыңызбен бөлісу: |