Қазақстан тарихы. 9-10 сынып оқу материалдары



бет10/23
Дата23.10.2016
өлшемі3,59 Mb.
#90
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
1918 жылдың көктемінде Алашорда мен Кеңес үкіметі арасында өзара түсінушілікке ұмтылыстың нышандары байқалды. Осы жылдың наурызында Оралдан Мәскеуге Алашорда үкіметінің тапсыруымен Халел және Жанша Досмұхамедовтер аттанып, барған бетте Халык Комиссарлар Кеңесінің Төрағасы В.И.Ленинмен және Ұлт істері бойынша Халық Комиссары И.В.Сталинмен кездесіп, оларға II Жалпықазақ-қырғыз съезінің (Орынбор, 1917 ж. желтоқсан) қаулысын табыс етеді.

20 наурыз күні И.В.Сталин Семейдегі Алашорда үкіметінің орынбасары Х.Ғаббасовпен телефон арқылы екі билік орындарының бірін-бірі өзара мойындау шарттары жөнінде сөйлеседі. 1918 жылы 21 наурыз күнгі отырысында Алашорда үкіметі Кеңестік билікті ресми түрде мойындайтындығы жөнінде шешім қабылдап және ол жөнінде Мәскеуге хабарлап, Алашордаға байланысты тура осы мазмұндағы шешімнің Кеңес үкіметі тарапынан да қабылдануын талап етті. Бірак Алашорда үкіметінің толық заңды талабы жауапсыз қалды.



Оған себепші болған Алашорда үкіметінің «Алаш автономиясында закон шығаратын һәм ел билейтін үкімет Алашорда болады, ал жергілікті советтер Алашордаға жәрдемші қызметін атқарсын, сондай-ақ Жалпықазақ- қыргыз съезінің (1917, желтоқсан) шешіміне сәйкес Алаш әскері құрылады» деген ашық та анық ұстанымы еді. Алашорда үкіметінің бұл ұстанымы кеңестік орталыққа ұнамады. Міне, осы кезден бастап Мәскеу большевиктер билігі жағына шыққан қазақ саяси тобын қолдап, оларды ұлт-азаттық идеологиясы ұстанымындағы топқа қарсы кою әдісіне көшеді.

1918 жылдың көктемінде басталған азамат соғысының жалыны Қазақстанда да қамтыды. Кеңестік билік тарапынан түсінбеушілік пен қолдау табудан күдер үзген Алашорда енді большевиктерге қарсы ымырасыз күреске шыққан Сібір уақытша үкіметі мен Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы мүшелерінің Самара комитетінің қолдауына сүйеніп, Алаш автономиясын өмірлік шындыққа айналдырудан үміттенді. Өз ретінде Алашорда үкіметі аталған Кеңестік билікке қарсы күштерге жай арқа сүйеп қана койған жоқ, өзі де әрекетке көшті. Яғни, ел арасынан қол жинап, әскер жасақтап большевиктер құрған жүйеге қарсы нақты іс-шараларға барды. Бірақ қақ жарылып өзара соғысып кеткен империядағы саяси күштердің екеуінің де Алаш автономиясын мойындау ойларында болған жоқ. Алдымен, өзін Уақытша үкіметтің мұрагері санаған Уфа директориясы 1918 жылғы 14 қарашадағы каулысымен Алашорда билігінің таратылғанын мәлім етті. Дәл осындай шешімді 1920 жылдың 9 наурызында Кеңес үкіметі де қабылдады.

Ресей империясын қамтыған дағдарыс жағдайында отарлық тәуелділікте болып келген халықтардың саяси дербестікке ұмтылысы бұрынғы Түркістан генерал-губернаторлығына карасты әкімшілік-аумақтық ауқымда да анық көрініс тапты. Қазақстанның Сырдария және Жетісу облыстары 1924—1925 жылдары Түркістан өлкесінің құрамында еді.

Түркістан (Қоқан) автономиясының жариялануы. 1917 жылы 22 карашада Ташкент қаласында өз жұмысын аяқтаған Түркістан өлкелік Кеңестер съезі Түркістанда Кеңестік биліктің орнағанын ресми түрде жария ете отырып, бірақ жаңадан құрылған үкіметтің құрамына жергілікті ұлттардың бірде-бір өкілін енгізбеді. Бұл іс жүзінде Кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі билеу құқын мойындамайтындығының айғағы еді. Саяси жағдайдың мұндай бағыт алуы М. Шоқай төрағалық еткен Түркістан өлкелік мұсылмандар Кеңесін нақты жауап әрекетке көшуге итермеледі.
IV Төтенше өлкелік мұсылмандар съезі 26 карашада Қоқан қаласында өз жұмысын бастады. Тау-кен жұмысшылары, мұсылман солдаттар, мұсылман кәсіподақ мүшелерінен, барлығы 200-ден астам өкіл қатысқан бұл съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы (Туркистан мухтариат) деп жариялап, Түркістан құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады.
Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет