Десятина - 1,09 га тең жер көлемі
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс — 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды
Ұлт-Азаттық Қозғалыс - ұлттық тәуелсіздікті жеңіп алуға, шетелдік үстемдікті, отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталған күрес
Сұрақтар:
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің басталуына не түрткі болды?
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің негізгі ошақтары қай жерлер?
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің басшылары кімдер болды?
Көтеріліс көздеген мақсаттарына жетті ме? Сұраққа 2-3 нақты тұжырыммен жауап беріңіз.
3-тақырып.Қазақстанда 1917 жылы саяси белсенділіктің артуы қандай оқиғалардан көрініс тапты?
Қазақстан ақпан және қазан төңкерістері кезінде
Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды. Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды. Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917 жылы ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкерісі деп атайды.
Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевиктер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарының кеңестері құрылды. Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады. Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқай тағайындалды. Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азат алудың бастамасы ретінде қабылдады.
Достарыңызбен бөлісу: |