Қазақстан тарихы. 9-10 сынып оқу материалдары



бет13/23
Дата23.10.2016
өлшемі3,59 Mb.
#90
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23

1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіп, мемлекеттің қолындағы өнеркәсіп товарларының қоры одан әрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі әлеуметтік принцип негізінде жүргізілген азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі.

Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек жиналды. 1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді.

Майдан қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету шешіміне сәйкес 1919 жылы сәуірде Россияда алғашқы сенбіліктер өткізілді. Семейде 500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып, паровоздарды тегін жөндеуден өткізді.

Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті.

1919 жылы желтоқсанда Александров – Ғай – Ембі темір жол желісі салынды. Оның маңызы Орал – Ембі мұнайлы ауданын Орталық Россиямен жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл – Көкшетау темір жол желісі салынды. Маңызы: елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті.

Сөйтіп, осының бәрі Қызыл Армияны ұйымдастыруға, жау басып алған облыстар мен аудандарда партизан қозғалысын өрістетуге көмектесті.

Ақ гвардияшыларға қарсы партизан қозғалысы өрістеді. Партизан қозғалысына басшылық еткендер:

1.Қостанай уезінде Мәскеудегі Қазан қарулы көтерілісіне қатысушы М.Летунов.

2.Қара теңіз әскери фл0отының бұрынғы матросы Г.Муляр. 3.Қысқы Сарайға шабуылға қатысқан А.Миронов.

4.Торғай депутаттар Кеңесінің мүшесі К.Иноземцев.

5.Үш революцияға да қатысқан, Қостанай төтенше комиссиясының төрағасы И.Эльбе.

6.Әскерден қайтқан А.Жиляев.

7.Кеңарал болысында 1916 жылғы қозғалыс жетекшілерінің бірі Өтеп Ыбыраев.

8.Ой болысында Кəкімжан Саркин.

Терминологиялық сөздік:


  1. Азамат соғысы  мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес

  2. Интервенция (лат. interventio қол сұғу, араласу) — бір не бірнеше мемлекеттің басқа мемлекетке әскери басып кіруі, оның егемендігін бұза отырып ішкі істеріне қол сұғуы

  3. Әске­ри ком­му­низм са­яса­ты — 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.Аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы қалып­тасқан қиын­дықтар­мен бай­ла­ныс­ты Кеңес өкіметі 1918 жыл­дың ор­та кезінде ел­дегі бар­лық ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­мен, адам күштерін ба­рын­ша жұмыл­ды­ру, қала­лар­ды, өнеркәсіп жұмыс­шы­ларын, Қызыл Ар­ми­яны азық-түлікпен қам­та­масыз ету, ел­де қатал еңбек тәртібін ор­на­ту мақса­тын­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­тын енгізді.



Сұрақтар:

  1. 1918 жылы атаман А.Дутов басып алған қала?

  2. 1918 жылғы қарашада Жетісу майданына жіберілді?

  3. Дала өлкесінің төтенше  комиссары кім болды?

  4. Жетісу майданы қашан жойылды?

  5. Азамат соғысы Қазақстанға қандай әсерін тигізді? 2-3 тұжырым айтыңыз.

тақырып. Қазақ Кеңестік автономиясы құрылуының тарихи маңызы неде?

1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар кеңесі «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады. Ол өлкедегі ең жоғарғы әскери – азаматтық басқарма болып саналды. Казревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Казревком төрағасы С. Пестковский болды. Мүшелері: А. Байтұрсынов, Ә. Жангельдин, Ә. Әйтиев, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, С. Мендешов, М. Сералин, В. А. Радус – Зенькович, А. Авдеев т. б.



Казревком міндеттері:
1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу.
2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мәдени құрылыс орнату.
3. Өлке Кеңестерінің құрылтай съезін әзірлеу.

1920 жылы 9 наурызда Алашорданы тарату туралы Казревком шешімі қабылданды.



Казревком мәдени құрылыста біршама жұмыстар атқарды:
— «Ұшқын» газетін шығарды.
— Ақтөбе уезінде 300 мектеп ашылды.

— Қалаларда мұғалімдер даярлайтын мектептер жұмыс істеді. Сонымен бірге Казревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды.

1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды . Орынбор қаласы – астана (1920 – 1924 жж.).

 Территориясы – Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген болатын (1918 ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам.



Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (Қазақ АКСР, Қазақстан) (қаз. Qazaq Aptonom Sotsijalistik Sovettik Respublikasь, Qazaƣьstan, қаз. Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңестік Республикасы, Қазақстан) —Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.

1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Мұнда жоғарғы өкімет органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешев, ал қазақ АКСР – інің Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. А. Радус – Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. Декларацияда Қазақ АКСР – нің мемлекеттікбасқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.



Қазақ АКСР – нің құрылуының тарихи маңызы:
1) Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі.
2) Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі.
3) Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.

1920 жылы Түркістанда байырғы халықты əскерге тұңғыш рет күштеп жинау басталды. 1920 жылдың соңында Бөкей Ордасында, Орал, Торғай облыстарында 37 əскер бөлімдері құрылды.

Әскер бөлімдерін құру ісін ұйымдастырғандар:

1.Дала өлкесінің төтенше комиссары Ə.Жангелдин

2.Торғай уезінің əскери комиссары А.Иманов

3.Қазақ атты əскер бригада біріккен жорығы басталды. Басты соққыны Колчактың ақ гвардияшыл əскерлері берді.



Терминологиялық сөздік:

  1. Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (—Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді.

  2. Автономия - (грекше: autos - өзі, nomos - заң, тәуелсіздік) - мемлекет аумағында жинақы, топтасып өмір сүретін әлеуметтік қауымдастыққа берілетін ішкі өзін-өзі басқару мүмкіншілігі немесе мемлекеттік билікті өзінше жүзеге асыру. Мемлекеттік құрылым құрамында конституциямен бекітілген, салыстырмалы түрде тәуелсіз саяси субъектілердің өзінше қызмет ету құқы.

  3. Қазақ революциялық комитеті, Қазревком  Кеңес өкіметінің азамат соғысы жылдарында құрылған уақытша органы. Қазақ өлкесін басқару үшін РКФСР ХКК-нің “Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі уақытша әскери-революциялық комитет туралы” қаулысы бойынша 1919 жылы 10 шілдеде құрылған. Оның алғашқы құрамына: С.Пестковский (төраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғашин, С.Меңдешев, Б.Қаратаевкірді. Әр түрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып Ә.Әйтиев, С.Арғыншиев, А.Авдеев, Ғ.Әлібеков, Б.Қаралдин еңбек етті.

Сұрақтар:

  1. ҚазАКСР қашан құрылды?

  2. Автономияның бастапқы кездегі астанасы?

  3. Қазақ АКСР – нің құрылуының себеп-салдары қандай болды?

  4. Қазақ Кеңестік автономиясы құрылуының тарихи маңызы неде болды? Ойыңызды екі-үш нақты фактімен тұжырымдаңыз.

Тақырып. Сталиндік режим не себепті зиялыларға «халық жауы» деген айып тақты?

Кеңес өкіметінің 1924 – 1953 жылдардағы басшысы, 15 Республикадан тұрған. Одақты жеке дара билеген Сталин қазақ халқына өте ауыр қасірет әкелгені тарихтан мәлім. Кезінде, Лениннің өзі Сталиннің кемшіліктері туралы «Өсиеттер» атты хаттарында жазған болатын. Сондай – ақ, Сталин жайлы Н.С.Хрущев ХХ съезде баяндама жасап, Сталиннің жеке басына табынушылықты әшкерлеп, былай деген болатын: «Біз Сталиннің тұсында орын алған, басқалардың пікірлерімен бүтіндей санаспау, оның нұсқауларына қайшы келетіндердің барлығына өзіне тән күдікшілікпен және қаталдықпен, дөрекі күшпен қысым жасаған тап осыған ұқсас әрекеттердің қандайының болса да қайта туу мүмкіндіктеріне жол бермеу үшін, бұл мәселені мұхият зерттеуге және дұрыс қорытындылауға тиіспіз…»



Сталин билік еткен жылдары қандай қателіктер жасады десек, онда біріншіден, ол Ленин бастап кеткен жаңа экономиялық саясат бағдарламасын, жер – су реформаларын аяқсыз қалдырып, оның орнына бай-кулактарды, орташыларды, қазақ зиялыларын қудалау басталды.



Жер – су реформасының мақсаты, қазақтарға жерлерін қайтару болатын, бірақ бұл саясат аяғына дейін орындалмады. Себебі,

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет