Қазақ әліпбиі — қазақ тілінің әріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі
Төте жазу - 1924 жылы қазақ фонетикасындағы дауысты дыбыстарын дұрыс белгілеу үшін қайта құрастырылған. Жобаны дамытқан Ахмет Байтұрсынұлы «төте жазу» деп атаған (тағы да «Жаңа емле» деп де аталған
«Серке» газеті - Газет мақсаты - ислам дүниесін біріктіру, діни білікті көтеру, оқу-білімді насихаттау, ұлттық автономиялар кұрудың негізін қалау болған. М.Сералин «Айкаптың» алғашқы санында «Серкені» «1907 жылы II Мемлекеттік Думаның мүшесі Шаймерден Қосшығұлдың ыждиһатымен шықты» деп көрсетеді.
Сұрақтар:
Ахмет Байтұрсынов қай газеттің редакторы болды?
Оның қандай негізгі еңбектері бар?
Төте жазу дегеніміз не?
Араб графикасына негізделген қазақ алфавитін қашан жасады?
А.Байтұрсынов – ұлттық жазудың реформаторы.Бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? 2-3 нақты фактілермен жауап беріңіз.
Тақырып. Қ.И.Сәтбаев феномені неде?
Қазақстанның экономикалық даму перспективаларының болашағы оның жер қойнауындағы орасан зор табиғи байлықтарымен байланысты екендігі жасырын емес десек, өткен XX ғасырдың жиырмасыншы жылдарының ортасында геологиялық тұрғыдан Қазақстан аумағы "ақтаңдақ” болып есептелді және Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесінің шын мәнінде барлығы дерлік бар екендігін дәлелдеу үшін Сәтбаевтың және оның мектебінде тәрбиеленген қазақстандық геолог-ғалымдар мен өндірісшілердің көп жылғы жанқиярлық еңбегі қажет болды.
Бүгінде шетелдік инвесторлар өздерінің қаржыларын осы жер асты байлығымызға және біздің салыстырмалы түрде осы байлықтың дамыған өндіруші және өңдеуші өнеркәсібіне салуда. Осыдан жарты ғасыр бұрын-ақ Қаныш Имантайұлы: "Біздің табиғи байлықтарымызды ақылға қонымды пайдалану ғана халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін, оның экономикалық және әлеуметтік дамуын айқындайды”, деп айтқан болатын. 1926 жылдан бастап Жезқазғанда ресейлік академиктер Усов пен Обручевтің шәкірті болған жас тау-кен инженері Қаныш Сәтбаевқа зерттеушілердің шағын отрядымен рудалардың барланған қорын төрт жүз елу есе арттыруға мүмкіндік туып, әлемдегі ірі мыс кен ішінің атағын әйгіледі. Ал 1934 жылы күзде ең алдымен Мәскеуде Жезқазған проблемалары бойынша КСРО Ғылым академиясының сессиясын өткізуге (сол кезде Қазақстанда ғылым әлі өркендей қоймаған кез), содан кейін сессия қорытындыларына сүйене отырып, КСРО ауыр өнеркәсібінің халық комиссары Серго Орджоникидзенің қабылдауында болып, Жезқазған мыс қорыту комбинатының, Жезқазған кеншілер қаласының және оған баратын темір жолдың құрылысы туралы мемлекеттік шешім шығартуға қол жеткізеді.
Сол отызыншы жылдар ішінде Орталық Қазақстанның шикізат базасын кешенді зерттеу негізінде тау-кен инженері Қ.Сәтбаев байтақ өңірдегі темір құрамдас рудаларға, мұнай мен газға, тас көмірге жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстары болашағының зор екенін дәлелдей отырып, орталық және республикалық баспасөзге тұрақты түрде мақалаларын жариялап тұрды. Ол өзінің бірқатар жарияланымдарын Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін көтерудегі қара металлургияның маңызды рөлін алға тарта отырып, Қарағандыға жақын жерден металлургиялық комбинат құрылысын салу керектігін айтты. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қ.Сәтбаевтың жиырмасыншы жылдардың аяқ шенінде-ақ ашқан Жезді кен орнының марганец рудасы танк жасау ісінде бронь прокатын шығаруды арттыруда және елдің әскери қуатын нығайтуда орасан зор маңызға ие болғаны белгілі.
Қазақстанның мемлекеттік геологиялық қызметінің негізін салушылардың бірі, академик Қаныш Сәтбаевтың ұстанымы мен көзқарасы КСРО-да бірінші болып республикалық Геология министрлігін ұйымдастыруда шешуші рөл атқарды. Оның ұсынуымен алдымен А.Богатырев, кейін Ш.Есенов министр болды. Сөйтіп, бұрын бөлшектеліп келген көптеген ведомстволардың геологиялық қызметтерін бір колға біріктіру Қазақстанда геологиялық-барлау жұмыстарының тиімділігін шұғыл көтеруге мүмкіндік берді. Міне, осы кезең еншісіне Маңғыстауда ірі мұнай кенінің, Орталық және Шығыс Қазақстанда алтын және сирек кездесетін металдар кен орындарының ашылуы жатады.
1941 жылы маусымда Қаныш Имантайұлы жаңадан ашылған Геология институтын басқаруға Алматыға шақырылған болса, содан кейін КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалына басшылық етті. Соғыс жылдары Қазақстанға көптеген көрнекті кеңес ғалымдары эвакуацияланды, еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға, Қазақстан экономикасын көтеруге, оның ғылыми техникалық әлеуетін кеңейтуге әрі жаңартуға, отандық зерттеушілердің жас кадрларын тәрбиелеуге Қ.Сәтбаев мол еңбек сіңірді. Міне, сол соғыс жылдары Қазақстан ғылымының дамуында сапалық серпіліс болды (ғылыми-зерттеу институттарының саны соғыс басталған кезден оның аяқталғанына дейінгі аралықта 1-ден 15-ке жеткенін айтсақ та жеткілікті), бұл 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясын ашуға мүмкіндік берді, оның тұңғыш президенті болып осы лауазымға нағыз лайықты тұлға Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды.
Алғаш құрылған жылдарынан бастап Ғылым академиясы қызметінің басты мазмұны Қазақстанның өндірістік күштері мен мәдениетін дамытуға бағытталған кешенді зерттеулер болды. Жаңа институттар, атап айтқанда, ядролық физика, математика және механика, гидрогеология және гидрофизика, экономика, әдебиет және өнер, философия және құқық және т.б. институттары ашылды, ал Гурьевте мұнай химиясы және табиғи тұздар, Қарағандыда химия-металлургиялық, Өскеменде Алтай тау кен металлургиялық, Балқашта ихтиология және балық шаруашылығы институттары өмірге жолдама алды.
Қаныш Имантайұлының бастамасы бойынша Қазақстанның ірі өнеркәсіптік өңірлерінде – Қарағандыда, Жезқазғанда, Гурьевте, Өскеменде, Қостанайда, Шымкентте академияның көшпелі сессияларын өткізу дәстүрі қалыптасты. Бұл сессиялардың материалдары облыстардың және тұтастай алғанда республика экономикасын дамытудың ауқымын, сатылары мен бағыттарын үйлестіру үшін нақты негізге айналды. Қ.Сәтбаевтың Геология ғылыми-зерттеу институтын үзіліссіз басқарған көп жылғы жұмысының жемісі әлемдік геологиялық тәжірибеде баламасы жоқ Орталық Қазақстанның кешенді болжамдық металлогендік карталарын жасау мен әдістемесін әзірлеу болып табылады.
Бұл геологиялық теорияға қосылған баға жетпес үлес, өңірдің өзіндік ерекшелігі бар энциклопедиясы және геолог-өндірісшілер үшін бағдар сілтеуші десек, әбден орынды болмақ. Осы еңбек үшін Қ.Сәтбаев басқарған зерттеушілердің авторлық ұжымы кеңес ғалымдары үшін ең жоғары награда болып есептелетін Лениндік сыйлыққа ие болды.
1956 жылдың өзінде-ақ Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті Қ.Сәтбаев Қазақстан аумағын техникалық-экономикалық бағыттарының белгілеріне қарай он бір өңірлік кешендерге бөлді. Осы бөлуге сәйкес салалық институттар алдына өңірлерді кешенді зерттеу міндеттері қойылды.
Қаныш Имантайұлы жалпы міндеттер мен жоспарлар ішінен ең бастысын, ең маңыздысын бөліп қарады: энергетикада бұл Ертіс ресурстарын, Жайық-Ембі ауданы мен Маңғыстау түбегіндегі мұнай қорларын игеру, Қарағанды бассейні мен Екібастұзда көмір өндіруді одан әрі арттыру, Торғай ойпатындағы мұнайға барлау жасау. Өнеркәсіпте – Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинатының және Теміртаудағы металлургиялық алыптың құрылысы, Қаратау фосфорит қоры негізінде минералды тыңайтқыштар өндірісі... Бүгінде бұл міндеттер іс жүзінде шешілген және олардың кезінде шешімін табуының нәтижесінде қазір Қазақстан экономикасы сенімді түрде өсу мен ілгері қарай даму үшін айтарлықтай өнеркәсіптік әлеуетті, берік іргетасты иеленеді.
Академик Қ.Сәтбаевты XX ғасыр басында ұлы Абайдың ізгілікті және демократиялық идеялары мен өсиеттері ықпалымен қалыптасқан жоғары білімді қазақ философтарының, саясаткерлерінің, ғалымдары мен педагогтарының ғажайып шоғырының нағыз патриоттық және ағартушылық бастамалары мен атқарған істерінің тікелей ізбасары және істерін жалғастырушы деп батыл айтуға болады.
Аса қатыгез әрі аяушылықты білмеген большевиктік террор жылдарында өзінің аға буын әріптестері мен достары саяси қуғын-сүргін құрбанына айналғанда, оның туған ағасы Бөкеш Имантайұлы Сәтбаев, немере ағалары Әбікей Зейінұлы мен Әбдікәрім Жәминұлы Сәтбаевтар репрессияға ұшырағаңда және сталиндік түрмелерде қаза тапқанда жас тау-кен инженері Қ.Сәтбаевтың ондай зұлматтан аман қалуы бақытты жағдай еді. Бірақ та 50-ші жылдардың бас кезінде партияны басқарғандардың Қазақстанда жүргізген "буржуазиялық ұлтшылдар мен тексіз космополиттерге қарсы күрес науқанында” Қаныш Имантайұлы да қуғын-сүргіннен тыс қалған жоқ. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлы ғалымның 90 жылдық мерейтойында былай деп атап көрсеткен болатын: "Көптеген талантты, өзгеден ерекшеленіп тұратын адамдар тәрізді, Сәтбаевқа да өмірде оңай бола қойған жоқ: ғалымның білімдарлығы мен батылдығын айтпағанның өзінде, оған бірнеше рет өзіне азаматтық өрлікті жоғары қоюына тура келді. Сонымен қатар, ол біздің арамыздан мәңгілікке кеткеннен кейін де қазақстандық ғылымның сәтбаевтық кезеңін үнсіздік аймағына айналдырғысы келген жөнсіз әрекеттер жасалды. Бұл алып адамды өздерінің әлсіз ғылыми тұлғаларымен иілткісі келген бейшаралардың текке әуреленуі еді”.
Тәуелсіз Қазақстанның ғылыми-техникалық прогрестің жаңа жетістіктерін бағындырмай, экономикалық және мәдени гүлденуге жетуі екіталай. Ал мұның өзі жас қазақстандықтардың өз ғылымының тарихына және оның даңқты есімдеріне, инженерлік-техникалық шығармашылығын бүкіләлем мойындаған ұлы ғалымның және ғылымды ұйымдастырушының тұлғасына үлкен қызығушылық туғызып, бағыт-бағдар беретіні сөзсіз.
Терминологиялық сөздік:
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (12 сәуір 1899 жылы, Баянауыл ауданы,Павлодар облысы - 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) - геолог ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик.
ФЕНОМЕН – сезім мүшелерінің көмегімен түйсінілетін құбылыс. Философия тарихында Феномен ұғымы адамның пайымдау тәжірибесіне сай: мән мен идеяның көрінісі
Қазақстан Республикасы: Ұлттық Ғылым Академиясы (ҚР ҰҒА), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы – республиканың жоғары ғылыми мекемесі. 1946 ж. 31 мамырда КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесі негізінде құрылды.
Сұрақтар:
1.Қаныш Сәтбаев ХХ ғасырдағы қазақ ғылымына, жалпы, қазақ өнеркәсіптік әлеуетіне қандай еңбек сіңірді?
2.Мамандығы геолог болғанымен, Қаныш Сәтбаев басқа салаларға да өз үлесін қосқан. Ғалымның сол қырлары халыққа жетіп отыр ма?
3. Қ.И.Сәтбаев негізін қалап кеткен Ғылым академиясы бүгінгі күні лайықты мәртебеге ие болып отыр ма?
4.Қ.И.Сәтбаев феномені неде? Ойыңызды нақты фактілермен тұжырымдаңыз.
-тақырып. Не себепті Кеңес үкіметі Жаңа экономикалық саясаттан бас тартты?
1918-1920 жылдардағы азамат соғысы Қазақстан өлкесінің экономикалық жағдайын көптеген жылдарға кері шегерді. Өндіріс орындары жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұнай өндіру 4 есеге, көмір өндіру 5 есеге кеміді, ал мыс рудасын өндіру мүлде тоқтады. Халық шаруашылығының жалпы өнім өндіруіндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы бар болғаны 6,3 процент болды. Ауыл шаруашылығы да өте күшті дағдарысқа ұшырады. Орал губерниясында егістік жерлер 2 есеге, ал Жетісу аймағында 3 есеге кеміді. Ең бірінші кезекте ұлттық байлықтың негізгі көзі болып саналатын мал шаруашылығы құлдырады. Соғыс жылдарында мал саны 10,8 млн. басқа кеміді, оның 2 млн-ы жылқы, 6,5 млн-ы ұсақ мал болды.
Аштықпен күрес комиссиясының жұмысына есеп берген баяндамасында Т. Рысқұлов Түркістан өлкесінің байырғы халықтарының сұрапыл аштыққа ұшырап, қатты қырылуына революциядан бұрынғы патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен әсіресе, революциядан соң орнаған кеңес өкіметінің шовинистік саясаты басты себепкер болғандығын ашық атап көрсетеді. Қазақ Орталық Атқару Комитеті (ҚОАК) де аштыққа ұшыраған аудандарға өз тарапынан көмек көрсету шараларын ұйымдастырды. ҚОАК-ті жанынан аштыққа ұшырағандарға көмек көрсету үшін комиссия құрылады. Республикалық комиссияны ҚОАК-нің төрағасы Мендешев басқарды. Қазақстандағы ауыр жағдайды ескере отырып, КазАКСР ОАК-і ашыққандарға көмек беруші Орталық Комиссияның шешіміне сәйкес, бұл аудандардың тұрғындарын астық, картоп т.б. мемлекеттік салықтардан босатты.
Қазақ қоғамын жайлаған аштықты Орталықтағы Кеңес үкіметі мойындамады. Республиканың кейбір басшылары мен орыс жұртшылығы негізінен өлкенің көшпелі тұрғындарын қамтыған сұрапыл аштықты “кездейсоқ, тұтқиылдан тап болған зобалаң ” ретінде бағалады. Өлке халқының мұндай нәубетті бұрын-соңды басынан кешпегендігі Орталық үкіметті ойландырмады да. Мұндай жағдай Кеңес өкіметінің өзі жүргізіп отырған саясатқа еш күмән келтірмей, оны толық дұрыс деп есептегендігінің айғағы еді.
Республиканың экономикасындағы ауыр дағдарыс, яғни мемлекеттің күштеу саясатына негізделген азық-түлік саясаты 1920-1921 жылдары шаруалардың кеңес үкіметіне қарсы стихиялы қарулы көтерілістерінің тууына әкелді. Көктем–жаз айларында басталған шаруалардың наразылықтары “Азық-түлік салғырты жойылсын!”, “Большевиктерсіз Кеңестер үшін!”, “Ерікті саудаға жол берілсін”,–деген ұрандармен басталып, қарулы көтерілістерге ұласты. Өскемен, Павлодар, Семей, Петропвл, Қостанай, Көкшетау, Ақмола, Атырау, Орал, Шымкент уездерінде ашық түрдегі көтеріліс кеңінен орын алды. 1921 жылы наурызда Қазан төңкерісінің орталықтарының бірі болған Кронштадта матростар көтеріліске шықты. Кронштадтықтар негізінен Ресей селоларынан келген, флотта әскери міндетін өтеп жүрген шаруалар еді. Олар Азамат соғысының аяқталуына байланысты армияны таратуды, шаруаларға жер мен онда өндірілген өнімді пайдалануға бостандық беруді, ақшаның тұрақтылығын қамтамасыз етуді және жұмысшыларға жалақы төлеуді талап етті. Бұл және Қазақстанды да қамтыған басқа да көтерілістер ұйымдасуы және қару-жарақпен қамтамасыз етілуі нашар болғандықтан Қызыл Армия әскерлерінің күшімен талқандалды. Қазақстандағы көтерілісшілердің кей бөліктері Қытайға өтіп кетті. Елде көтеріліске қатысқаны үшін мыңдаған адамдар тұтқындалып, олардың 932-сі сотқа тартылды. Кеңес үкіметі бұл қарсылықтардың бәрін “контрреволюциялық баскөтерулер” деп бағалады.
Қазақстанда 1921-22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің территориясында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нәтижесінде Қазақстанда жер мәселесі өте күрделі мәселелердің біріне айналған еді. Осыған байланысты қазақ автономиясы құрамында жер саясатын жүргізуші жетекші орган – Жер комитеті құрылды. Ол қазақ автономиясы аясында қазақ жерлерін біріктіру мақсатымен 1921 жылы 7 ақпанда декрет қабылдады. Қазақ АКСР-нің Жер комитеті қабылдаған бұл декрет бойынша кезінде көш-қон қорына (переселенческий фонд) тартып алынып, пайдаланылмай тұрған Семей, Ақмола, Торғай және Орал облыстарындағы бос жатқан жерлер, олардың 1917 жылға дейін алынғанына қарамастан қазақтарға қайтарылады. 1921 жылы 19 сәуірде Жер комитеті кезінде патша үкіметінің Сібір және Орал казак әскерлерінің тартып алған жерлерін қазақтарға қайтару туралы шешім қабылдады. Осы декретке сай қазақтар Ертіс өзені бойында 177 мың, Орал өзені жағалауында 208 мың десятинадан астам жерлерді қайтаруға тиіс болды. 1922 жылы 26 тамызда Федералды Жер комитеті мен БОАК-ті “Қазақстанда негізгі еңбекпен жерді пайдалану туралы” заң қабылдады. Ол заң 31 тамызда күшіне енді. Бұл заң бойынша әркімнің өз жерінде қалуға және ол жерді пайдалануға құқығы болды. Жер заңға сәйкес құжатталған жағдайда ғана оны пайдаланушы сол жердің иесі болады. Ал даулы жерлерге заңға негізделген съездің немесе жер органдарының шешімі қажет болды.
Алайда осы негізгі заңнан соң 1922 жылы 30 қазанда Кеңес үкіметі Ресей территориясын түгел қамтыған “Жер кодексін” қабылдады. Осы кезден бастап жер туралы бүкіл мәселенің бәрі мемлекеттің идеологиялық құндылықтарына негізделген құқыққа ие болы. Бұл кодекс бойынша жермен тұрғылықты халық қамтамасыз етілуі керек болды. Сонымен бірге автономияларға қосымша ұсыныстар мен негіздемелер жасауға рұқсат етілді. Бұл кодекс отрықшы-егіншілікпен айналысатын аудандарды қамтыды да, көшпелі аудандар мүлде кірмей қалды. Соның салдарынан қазақ қоғамы мүлде жермен қамтамасыз етілмеді. Кеңес үкіметі патшалық үкіметтің жер мәселесіндегі отарлық саясатын жойғысы келгенмен, іс жүзінде жерді пайдалануды таптық тұрғыдан шешті. Соның нәтижесінде жергілікті қазақ халқы мен қоныс аударушылардың құқығы теңестірілді. Оның үстіне патша үкіметі кезінде жерге орналасқан басқа ұлт өкілдері ол жерден айырылғысы келмей үлкен қарсылық көрсетті.
Мұндай жағдай “соғыс коммунизм” саясаты тұсындағы әкімшілік басқару әдістерін жандандырды. Экономикалық даму жүйесіне әкімшілік тұрғыдан араласу большевиктердің негізгі жұмыс әдісіне айналды. Таңдау мүмкіндігі, еркіндік, шаруашылық еріктілік туралы заңдар тек қағаз жүзінде қалып отырды. Экономиканы жоспарлы түрде дамыту идеясы күш алды. Дағдарыстардың бәрі осы жоспарлаудағы кемшіліктерден деп есептелді. Жергілікті партия және кеңес органдары кооперацияны басқаруда әкімшілік әдіске жиі сүйенді.
Алайда экономиканы мемлекеттің тарапынан жоспарлы түрде дамыту мен әкімшілік басқару әдістері нарықтық қатынаспен сәйкес болмады. Соған қарамастан таптық идеологияны ту еткен Кеңес үкіметі экономиканы жоспарлы түрде дамыту идеясына сүйеніп, 1925 жылдың аяғында өнеркәсіп өндірісін халық шаруашылығының жетекші саласы етіп белгіледі және оның жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз етті. Бұл ЖЭС аясында қалыптасқан көпукладты ұдайы өндірістік жүйенің қатар даму барысын шектеді, яғни 20-жылдардың аяғында ұсақ товар өндірушілерге қарсы күресті күшейтті. Соның нәтижесінде нарықтық қатынас тоқырады, яғни ЖЭС тоқтатылды.
Терминологиялық сөздік:
Социализм (латын. socialis - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім. Қазіргі кезде социализм теорияларын бірнеше топтарға бөлуге болады:
Әскери коммунизм саясаты — 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді.
Соғыс Коммунизмі– Кеңес өкіметінің азамат соғысы жылдарында (1918 – 20) іске асырған экономикалық саясаты. Ол ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеуге қызмет етті. 1921 ж. наурызда жаңа экономикалық саясатпен ауыстырылды.
Сұрақтар:
Не себепті Кеңес үкіметі Жаңа экономикалық саясаттан бас тартты?Екі-үш себебін айтыңыз.
Неліктен 1921 ж. бұл аймақтарда астықтың жалпы түсімі 5 млн. пұт деңгейде ғана болды?
Көктем–жаз айларында басталған шаруалардың наразылықтары қандай ұрандармен басталып, қарулы көтерілістерге ұласты?
Қазақстанда 1921-22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі қай реформа болды?
тақырып. Неліктен индустрияландыру кезінде Қазақстанда темір жолдар көп салынды?
1925 жылы желтоқсанда өткен XIV съезінде Кеңес Одағың индустрияландыру бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздіктінгін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия, корғаныс және басқа да ірі өнер-қәсіптері бар жүйе күру қажет делінді.
Шаруашылықтың барлық салаларын, соның негізінде техникалық қайта жарақтандыру мен еңбек өнімділігін арттыру Үшін бүкіл экономиканың негізі ретінде ең алдымен ауыр өнер-қәсіпті дамыту, оның шаруашылықтағы жетекшілік рөлін бекіту арқылы шетелдермен экономикалық жарыста озып шығу мақсаты қойылды. Бұл сол кездер Үшін дұрыс, әрі күрделі максат еді. Кеңес Одағы көлемінде бұл бағытта біршама жетістікке қол жеткізілді. Оның біржақты жүргізілгенің дәлірек айтканда, ұлттық аймақтарды, соның ішінде қазақстанды патшалық билік кезіндегідей шикізат көзі дәрежесінде қалдырғаның атап айтқан жөн. 1925 жылдың қыркүйегі мен 1928 жылдың қыркүйегі арасындағы Ұш жылда өнер-қәсіп салу ісіне 3,3 млрд сом қаржы жұмсалды. Ол орасан зор қаржы, негізінен алғанда, Ресей аумағындағы ескі өнер-қәсіп орындары ң қайта жөндеу мен жаңа қуатты зауыт-фабрикалар, су-электр станцияларың салуға жұмсалды. Соған карамастан Қазақстандағы индустрияландыру ісі патриархалдықфеодалдық қатынастарды, яғни достүрлі шаруашылық жүйесін біржолада жою, феодализмнен капитализмге соқпай социализмге жедел қарқыңмен өту сияқты үрандармен басталды. Жерді қайта бөлу, мал-мүлікті тәркілеу, күштеп ұжымдастыру әрекеттері былайша жаңа науканмен ұласты.
1926 жылы 27-30 сөуірде сол кездегі республика астанасы Қызылордада өнерқәсіптің дамуы мәселесіне арналған арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді. Онда Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы атап өтіле отырып, зерттелген аймақтардағы жазба байлыцтарың кең турде барлау қажеттігі кәрсетілді. қазақ АКСР-нің ХШК (Халық шаруашылығы кеңесі) мен Мемлекеттік жоспарлау Комитетіне республиканы өнер-қәсіптік аудандастыру мен өнер-қәсіптің, ең алдымен, түсті металлургияның дамуының келешек жоспарын жасау тапсырылды. Кеңесте, сондай-ақ Қазақ АКСР-і жағдайында «әсіресе жер және мал шаруашылықтарымен тікелей байланысты жергілікті өнерқәсіпті кец тұрде әрістету» өмірлік қәжеттілік ретінде атап кәрсетілді.
Осы негізде өңдеу өнер-қәсіптерінің тері, май, ұн, тұз өндіру, балық аулау сияқты салаларының даму жолдары айқыңдалды. Пайдалы қазбалар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін орталықтағы ірі қәсіпорындар үшін өндіру басты міндет ретінде белгіленді. Бұл Қазақстандағы индустрияландыру ісінің отаршылдық, дәлірек айтқанда, шикізат көзі ретінде орталыққа кызмет еткізу бағытыңда басталғаның кәрсетеді.Бірнеше жылға созылған революция мен азамат соғысы кезінде капиталистік қатынастардың енуі кезеңінде пайда болған тау-кен орындары мен қәсіпорындар қаңырап, иесіз қалған еді. Тек жаңа экономикалық саясат кезінде олардың кейбіреулері қайтадан іске қосылды.
Соның барысында Орал-Ембі аймағындағы бірнеше мұнай қәсіпшіліктері, Орталық Қазақстандағы көмір, Алтайдағы түсті металл өндіру қәсіпорындары қайта жанданды. Әйтсе де, Қазақстан экономикасыңда олі де болса ауыл шаруашылығы негізгі сала болып қала берді. Осыңдай жағдайда бұрынғы ұлт аймақтары делінгендерді, оның ішінде Қазақстан да бар, Ресей төңірегіне — метрополияга топтастыру саясаты жалғаса берді.Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша бірнеше бағыттағы көзқарастар арасында қызу пікірталас жүрді. Солардың негізгілеріне тоқталып өтейік. Бірінші бағытты жақтаушылар қазақстан экономикасының шикізат көзі ретінде дамуың одақ көлеміндегі еңбек бөлінісімен байланыстырып, мұндай бағыттағы даму Қазақстан Үшін да тиімді екендігін дәлелдеуге тырысты.
Достарыңызбен бөлісу: |