Қазақстан тарихы. 9-10 сынып оқу материалдары



бет17/23
Дата23.10.2016
өлшемі3,59 Mb.
#90
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

Екінші бағыт бойынша Қазақстанды тек шикізат базасы ретінде пайдалану дұрыс емес екені, мұндағы индустрияландыруды жоғары жақтағылардың талабы бойынша жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере отырып өнерқәсіптер салу негізінде іске асыру керектігі баса айтылды. Үшініші бағыттағылар қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды. Олар көшпелі өмір-қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы, ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік ерекшелігі. Ал қарқыңды түрде индустрияландыру оның ұлттық болмысың бүзады, «түйеден социализмге» тікелей өту мүмкін емес деді.Келесі, тәртінші бағытты жақтаушылар шовинистік көзқараста болды. Олар қазақ халқының индустрияландырудың қарқыныңа ілесе алатыныңа күмән келтірді.

Қазақтармен «өнерқәсіп-қаржы жоспарын орындай алмайсың», «өндірісті қазақтандыру пайда бермейді», «қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді», «қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол қайтсе де далаға кашады» сияқты тұжырымдарды келтірді. Бұл соңғы екі бағыт негізсіз, жеткілікті дәлелсіз пікірлерге негізделген еді. Ал алғашқы екі бағытты жақтаушылар арасында күрделі тартыс жүрді. Бірінші бағытты Голощёкин мен оның төңірегіндегілер үстанды. Олар Сталин мен ортальщтағы кейбір ұкімет мүшелерінен қолдау тапты. Сондықтан бұлар өктемдеу болды. Соған қарамастан екінші бағытты жақтаушылар (Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов т.б.) ой-тұжырымдарының терендігімен ерекшеленді. қазақстанда «Кіші Қазан» науқанын жүргізуге үмтылған Голощёкин мен оның төңірегіндегілер қазақ жерінде ірі өнерқәсіп орындары ң салуды жақтамады. «Өнерқәсіп саласында ең негізгісі ірілендіру емес, кайта оны жергілікті үсақ және орташа (жарма тартатың, жұн жуатың, май шайқайтың орындар, жөндеу шеберханалары және т.б.) деңгейде, яғни бәрін ауыл шаруашылығыңа байланысты және оны неғұрлым пайдалы ететін дегейде үстау», — деп мәлімдеді олар.

 Голощёкин бұл бағытты 1927 жылы үсыңып, 1930 жылы мамыр-маусым айларыңда Алматыда өткен VII Жалпықазақтық партия конференциясыңда тағы да кайталады. Орталық Комитеттінің Саяси бюросьшың мҰшелігіне кандидат А. Андреев VI Жалпықазақтық партия конференциясыңда: «Біз КСРО-дағы индустрияландыру мәселесіне әрбір республиканың өз ауыр индустриясың күру, әрбір республиканы басбасьша индустрияландьфу жолымен жүрмейміз»,деп, Кеңес үкіметінің шет аймактарды орталықка бағыңдыру, тәуелді ету саясатың ашық білдірді.1928 жылдың 1 қазаныңан шартты түрде басталатың бірінші бесжылдық жылдарында Қарсақпай, Риддер сиякты қәсіпорындар, Ембі мұнай өндірісі, Степняк алтың кені және т.б. қайта қалпыңа келтірілді. Өңдеу өнеркәсібінің Семей тері, кірпіш, Петропавл ет комбинаты сиякты байырғы түрлері жөнделіп, қайта іске қосылды.

Ал бес жылдың ішінде жаңадан салынғандары: Іле аеаиі тілу, Балқаш мыс балқыту, Шымкент қоргасың, Ақтөбе фосфор тыңайтқыштары, Орал мен Алматыда ет комбинаттары, Гуръевте (қазіргі Атырау) балық консервілеу комбинаты, Мерке, Жамбыл және Талдықорганда қант зауыттары ғана болды. Олардың өзі, негізінен, шағың аумақты қамтамасыз етуге бейімделген қәсіпорындар еді.Кеңес үкіметінің басшылары да патша заманындағыдай Қазақстанға бай шикізат көзі ретінде карады. Табиғат байлықтарының күрделі ошақтарың табу мақсатында бірінші бесжылдық жылдарында КСРО Ғылым Академиясы кешенді ғылыми экспедициялар ұйымдастырды. Академик Н.С.Курнаков басшылық еткен Орталық Қазақстандағы геологтар мен геофизиктер тобы Қазақстан Республикасы «Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» болып табылады деген тұжырым жасады. Ал Орал-Ембі аймағын зерттеген академик И.М.Губкин бастаған топ оның мұнайға аса бай екенін дөлелдеді. Кеңес үкіметі осы байлықтарды пайдалануға баса көңіл бөлді.

Соның барысында соғыс басталғанға дейінгі кезеңде Қарағанды шахталары, Ембінің мұнай қәсіпшіліктері,Алтай мен Ащысай қәсіпорындары қайта жабдықталып, Зырян, Риддер полиметалл, Балқаш пен Жезқазған кен-металлургия комбинаттары салынды. Қазақстандағы түсті металлургия өнерқәсіптің жетекші саласына айналдырылды. Бірақ олар, негізінен, руда күйінде қазып алынған түсті металдарды өңдеумен айналысты. Тазартылып, өңделіп дайындалған түсті металл өнімдері шикізат ретінде орталықтағы ірі өнерқәсіп орындары ңа жәнелтіліп отырды.

Кенді Алтай өңірі Сібірдегі қәсіпорындарды қамтамасыз етті. Ембі мұнайы Орск сияқты мұнай өңдейтін зауыттарға жіберілді. Балқаштың мысы мен Шымкенттің қорғасыңы да Қазақстаннан тыс жерлерге тасып әкетілді. Түрксіб темір жолың салу. Индустрияландыру кезіндегі Қазақстандағы ең күрделі құрылыс темір жолың салуды аяқтау болды. Патша үкіметі Қазақстанды жаулап алу барысында, әскеристратегиялық мақсатта орынбор Ташкент бағытыңда темір жол салып, оны қазіргі Алматы арқылы Семеймен жалғастыруды көздеді. Бұл елімізді қоршай отырып, тұқырта үстауды және Қазақстан мен Орталық Азия байлығыңа қызығып отырған басқа да шет елдіктерді енгізбеуді көздеген саясаттың нәтижесінде дүниеге келген. Бірақ еліміздің батыс және оңтүстік-батыс бөлігінде темір жол салғанмен, ол бағытты шығыс бөлігі аркылы Сібірмен косу ісі аяқталмай калған еді. Патша үкіметі кезінде көптеген талас-тартыс тудырған бұл істі аяқтауды Кеңес үкіметі қолға алды.

Ол патша заманындағы Түркістан - Сібір темір жолы атауыңа кайта ие болды. Бұл жолды салу 1927 жылы қайта қолға алынып, оған екпінді құрылыс айдары тағылды. Орталық үкімет оған үлкен мөн беріп отырды. Түрксіб құрылысының бастығы болып В.С.Шатов тағайындалды. РКФСР үкіметі жанынан Түрксіб құрылысына көмектесетін арнайы комитет құрылды. Оны РКФСР Халық комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқулов басқарды. Құрылыс жұмыстарына бірнеше ұлт өкілдерінен құралған 100 мыңдай адам тартылды. Қысыжазы, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан еңбек еткен олар, сөз жоқ, ерліктің үлгісін көрсетті. Әсіресе қиын да күрделі қара жұмыстар қазақ еңбекшілерінің еншісінде көбірек болды.

Патша заманында тәулігіне орта есеппен 150 метр ғана темір жол салынса, Кеңес заманында ол 1500 метрге дейін жетті. Ертіс, Іле, Аягөз, Шу, Қаратал және т.б. өзендерден өтетін көпірлер де жылдам салынды. Түрксіб темір жолы жоспарда белгіленген бес жылдан екі жыл бұрын, яғни үш жылда салынып бітті. Түрксібтің оңтүстік және солтүстік бөліктері 1930 жылы 28 сәуірде Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша пайдалануға берілді. Ал 1931 жылдың каңтарынан бастап тұрақты түрде жұмыс істей бастады. Жалпы ұзындығы 1445 шақырымға созылған бұл темір жолдың ел өміріндегі маңызының зор екенінде дау жоқ. Сонымен бірге мыңаны да ескерген жөн.

Патша заманындағы сияқты кеңестік темір жол да, негізінен, еліміз аумағындағы шикізатты шетке тасу, ал шеттен дайын тауар алып келу үшін қызмет етті. қазақстан соныңмен Кеңес Одағының да шикізат дайындайтын шеткері аймақтарының бірі болып қала берді. Ал салынған өнеркөсіп орындары мен темір жолдар еліміз аумағынан шетке тасылатын шикізат көлемін көбейте түсті. Осылайша Қазақстандағы индустрияландыру кезіндегі басты құрылыс болып жарияланған Түрксібтің өзі кеңестік тоталитарлық орталықтың біржакты саясатының жемісі болып шықты. 



20 -30 жылдар кезеңінің қорытындысы:

Тиімді жағы:
1. Қазақ халқының саяси теңдікке территориялық автономия құқығына қолы жетті.
2. Индустриясы жедел дамыды.
3. Мәдениет, білім беру саласында табыстарға қол жетті.

Тиімсіз жағы:
1. Экономика мен мәдениет саласында қол жеткен табыстар тым қымбатқа түсті.
2. Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты.
3. Қоғамдағы табыстар сталиндік қатал идеологиялық қыспақ қоршауында қалды.
Терминологиялық сөздік:

  1. Индустриализация - ауыл шаруашылығы және өсімдік өндірісі кең дамыған экономикалар мен қоғамдарды негізі өндеуші және осымен байланысты өндірістін өндіру саласы болып табылатын экономикалар мен қоғамдарға айналдыру.

  2. Түрксіб теміржолы - 1926-1931 жылдары салынған КСРО-ның ірі құрылыстарың бірі, Орталық Азия мен Сібірді қосатын темір жолы. 1941 жылы жолдың пайдаланымдық ұзындығы 2088,4 шақырымды құрады. Жамбыл – Қаратау, Көксу – Текелі жаңа желілері салынды. Бекеттік жолдардың толық ұзындығы 557 шақырымға тең болды. Соғыс жылдарында Қазақстан майданның қуатты арсеналына айналды.

  3. Ауыл шаруашылығын коллективтендіру , ауыл шаруашылығын ұжымдастыру — КСРО-да ұсақ, жеке шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы ауыл шаруашылығын мемлекет мүддесіне толық бағындырып, қайта құрудың теориясы мен практикасы



Сұрақтар:

  1. Қазақстан экономикасын индустрияландыру саясаты нешінші жалдары басталды?

  2. Қазақстан экономикасын индустрияландырудың қандай жетістіктері болды?

  3. Экономиканы индустрияландырудың қандай кемшіліктері болды?Екі-үш салдарын айтыңыз.

  4. Түрксіб темір-жолы қашан салынды?

  5. Неліктен индустрияландыру кезінде Қазақстанда темір жолдар көп салынды? Нақты фактілермен жауап беріңіз.

-тақырып.1930 жылдардағы саяси өмір.1931-1933 жж. аштық
30 – жылдары КСРО – да социалистік қатынастар орнығып болды. Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс – құрал жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетіліп жатты. 1936 жылы КСРО конституциясы қабылданды. Бұл конституция әміршіл — әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы ескерілмеді. Қазақстанда жазалау шаралары (репрессия) басталды. Балама пікір айтқан адам халық жауы қатарына жатқызылды.

Одақтың ішкі істер халық комиссариаты құрамында жазалау шараларын қолдану: жер аудару, еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау, ату жазасы, КСРО – дан тыс жерлерге қудалау үшін ерекше комиссия құрылды.

Қазақстанда ең алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары: Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, Ж. Досмұхамедов т. б. ұшырады.

Жергілікті зиялыларды қудалауда өлкелік партия комитеті ұйымдастырушы–нұсқаушылық бөлімнің меңгерушісі Н.И. Ежов зор «үлес қосты». Атап айтсақ 1927–1929 жылдары мемлекет қайраткерлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, М. Мырзағалиев республикадан аластатылды. Ж. Мыңбаев – Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы қызметінен, С. Садуақасов – Ағарту Халық комиссары қызметінен, Ж. Сұлтанбеков – жер ісінің Халық Комиссары қызметінен алынды.

1937 – 1938 жылдары террор жаппай сипат алды. Осы жылдары репрессияға ұшырағандар:. Кеңес үкіметін орнатуға ат салысқандар: Т. Рысқұлов, С. Шәріпов, Ә. Әйтив, Н. Төреқұлов, Б. Алманов, С. Мендешев, С. Арғыншаев, А. Асылбеков т. б.

— Партия, қоғамдық ұйым қайраткерлері: О. Жандосов, Т. Жүргенов, К. Тәштитов, Н. Нұрмақов, А. Досов, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов т. б.

— Революция жеңісін қорғап, ақ гвардияшыларға қарсы күрескендер: Т. Әлиев, С. Жақыпов т. б.

— Қазақ әдебиеті мен ғылымының белгілі өкілдері: Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Аспандиаров, К. Жұбанов, М. Төлепов т. б.

— Орталықтан Қазақстанға жіберілген қызметкерлері: Л. И. Мирзоян, К. М. Рафальский, В. Н. Андроников т. б. Бұлардың барлығы «халық жауы» ретінде жендеттердің қолынан жазықсыз қаза тапты.

Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерьлер пайда болды. Олар: Карлаг (Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг, ЧСИР – отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь. Кейінннен ол «Алжир» — халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері. «Алжирде» репрессия құрбандарының әйелдері, аналары, қыздары азап шекті. Қарағанды жеріндегі Осакаров ауданында орналасқан 25 поселок – обсервацияда Россиядан «халық жауы» ретінде жазалағандар орналастырылды.

1937 жылғы қыркүйек, қазанда Қиыр Шығыстан 110 мың корейлер, Әзірбайжан мен Армениядан 2 мың 400 отбасы жер аударылып Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына қоныстандырылды.

30–40 жылдар мен 50–жылдарда контреволюциялық қылмыскерлер туралы істерді негізінен сот органдары емес, ОГПУ алқасы «Үштіктер», ерекше кеңестер шешті.

101 мың Қазақстандық ГУЛАГ–қа жабылып, 27 мыңы атылды. Қазір де сол «халық жауларының» 40 мыңы ақталды.

Сталиншілдіктің басты қылмысы: 1) әміршіл — әкімшіл жүйені қолдану, 2) лагерьлер жүйесін құру, 3) халықтарды күштеп көшіру, 4) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу (31 мамыр – Ұлттық қаза күні болып белгіленді).1932-1933 жылдардағы ашаршылық. Қазақ халқы талай тарихтың ауыр кезеңдерін бастан өткерген қайсар да қайтпас халық. Тек өткен ғасырдың басында Қазақ халқы трагедияға толы түрлі оқиғаларды басынан кешірді: үлкен және кішілі революциялар, отарлық қанау, репрессия, ұжымдастыру, тәркілеу, аштық және т.б. сындардан өтті.


Осы аталған большевиктік саясат тұсында қазақ даласы екі ірі аштықты бастан өткерді.оның бірі 1921-1922 жылдардағы болса, екіншісі Ұлы Жұт жылы атанған 1932-1933 жылдары.
Олар, яғни кеңес өкіметі Мал шаруашылығын күйзелісті шығынға ұшырады. ¥жымдастыру карсанында- 40,5 млн. мал болды. 1933 жылы 4,5 млн. мал қалды. қыстың кездерінде келіп жүн салығы деп малды қырқызып жүндерін адып кетеді. Бірде келіп сүйек салығы деп, малдың сүйектерін алып кетеді. Бұлар әрине қолдан жасалған болатын.
Бұл жағдай бүткіл Қазақстанды қамтыды. Келіспегендері атылды, келіскендері артынан аштықтан қырылды. 930 жылы- 313 мың адам; 1931 жылы- 755 мың адам; 1932 жылы 769 мың адам қайтыс болды. 1930-1932 жылдары барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40% -ы жаппай кырылды. Актөбе облысында 1930 жылы 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы 725800 адамға кеміген (71%).Балқаш ауданында 1930 жылы 60 мың адам болса, 1932 жылы 36 мыңы қырылып, 12 мыңы баска аймақтарға көшіп кетті. 1930-1931 жылдар аралығында 1 млн. 70 мың адам Қытай, Иран, Ауған жеріне т.б. көшті. 616 мыңы қайтып оралған жоқ. 414 мыңы кейін елге оралды. 1930-1933 жылдары 2,1 млн. адам аштықтан қырылды.
Осы жылдары әр түрлі аймақтарда Көтерілісшілер пайда бола бастады. Бірақ олардың ағаш қаруларына орыстың зеңбіректері қарсы шықты. Кейбір жерлерде көтерілмей жатып басып тастап отырды, себебі олардың өз тыңшылары болатын
Малдың түбі көрінгесін адамдар адамдарды жеуге көшті. Амалы таусылғандар өзге елдерге елін тастап көшуге мәжбүр болды.
Терминологиялық сөздік:

  1. ЖҰТ  ауа райының аса қолайсыз құбылыстары (қуаңшылық, жерді көк мұз басуы, тағы да басқа) салдарынан белгілі бір аймақ тұрғындарының экономикалық күйзеліске ұшырауы.

  2. Ашаршылық — саяси-әлеуметтік процестер мен табиғаттағы қолайсыз ахуалдар салдары болып табылатын әлеуметтік апат. Оның ашық және жабық түрі бар. 

  3. халық жауы” - Қазақтың көзі ашық азаматтарын осындай жала жауып, деп жаппай қамауға алу.


Сұрақтар:

  1. «Ұлы Жұт»атанған аштық қашан болды?

  2. ГУЛАГ-қа қанша қазақстандық жабылды?

  3. Сталиншілдіктің басты қылмысы қандай?

  4. 1930 жылдардағы Қазақстандағы саяси өмір қандай болды?

  5. 1931-1933 жж. Аштықтың кең етек алуына не себеп болды?Аштықтың салдары қандай болды?

-тақырып. Қазақ КСР – інің құрылуы.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды

1936 жылғы желтоқсанның 5–інде КСРО Кеңестерінің Төтенше VIII съезі Кеңес мемлекетінің жаңа негізгі заңын – КСРО Конституциясын қабылдады. Он бір Одақтас республикасының социалистік федерациясы құрамына автономиялы республикадан одақтас республика етіп қайта құрылған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы да енді.

1937 жылдың наурыз айында Қазақстан Кеңестерінің Төтенше X съезі қабылдаған Конституциясында — Республикасының саяси негізі – еңбекшілер депутаттарының Кеңестері:

— Республиканың экономикалық негізі – социалистік шаруашылық жүйесі және өндіріс құралдары мен құрал – жабдықтарына социалистік меншік деп атап өтілді. Қазақ КСР – і КСРО құрамына ерікті негізде енді және мемлекеттік, экономикалық, мәдени құрылыс міндеттерін шешуде барлық құқықтарға ие болды. Қазақстан жалпыодақтық еңбек бөлісінде өз орнын алды.



1937 жылғы желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңестің сайлауы өткізілді. Оған республикадан 44 депутат сайланды.

1938 жылғы маусым — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Оған барлығы 300 депутат сайланды: 112 – сі жұмысшы; 116 – сы колхозшы; 152 – сі қазақ; 60 – сы әйел, оның 27 – сі қазақ әйелі.



1938 жылғы 15 шілде — Қазақ КСР – і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы болып, оны Ж. Жабаев ашты. 1939 жылғы желтоқсан – жергілікті Кеңестерінің сайлауы өткізіліп, оған 48762 депутат сайланды.



Тиімді жағы

Тиімсіз жағы

1.Қазақ халқының саяси теңдікке, территориялық автономия құқығына қолы жетті.

2.Индустриясы жедел дамыды.

3.Мәдениет, білім беру саласында табыстарға қол жетті.

 


1.Экономика мен мәдениет саласында қол жеткізген табыстар тым қымбатқа түсті.

2.Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты.

3.Қоғамдағы табыстар сталиндік қатал идеологиялық қыспақ қоршауында қалды.


Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалисттік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалды республика. Конституциясы Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж. 26 наурызда бекітілген. Мемлекет өкіметтің Жоғары органы — бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға сайланатынЖоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін — Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар мен аудандардақалалардаауылдарда еңбекшілердепутаттарының тиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған.

Қазақ КСР-ның жергілікті халқы — қазақтар (1970 жылғы санақ бойынша, 4234 мың) болған. Республикада басқа халықтар да тұрған: орыстар (5522 мың), украиндар (933 мың, олар негізінен солтүстік облыстардағы игерілген тың және тыңайған жерлерде, сондай-ақ қалаларда тұрған), татарлар (288 мың), өзбектер (216 мың), белорустар (198 мың), ұйғырлар (121 мың, Іле өзені жоғарғы ағысының бойын мекендеген), корейлер (82 мың, көбінесе Алматы облысы және Қызылорда облыстарында), дүнгендер (17 мың) т. б. халықтар. 1913 жылғымен салыстырғанда, Қазақ КСР халқы 1974 жылға дейін 2,5 есе өскен.

Республика халқы табиғи өсім және өнеркәсіптің қызу қарқынмен өркендеуіне, сондай-ақ тың және тыңайған жерлердің игерілуіне байланысты басқа республикалардан көшіп келген халық есебінен өскен. Халқының табиғи өсімі жағынан (1972 жыл әр мың адамға шаққанда 17,2 адамға өсті) Қазақ КСР басқа одақтас республикалардың көбінің алдында келді (КСРО-да орта есеппен 9,6 адам).
Терминологиялық сөздік:


  1. ҚАЗАҚ КЕҢЕСТІК СОЦИАЛИСТІК РЕСПУБЛИКАСЫ (ҚКСР) – 1936 – 91 ж. КСРО құрамында болған одақтас республика. 1936 ж. жаңадан қабылданған КСРО Конституциясына сәйкес РКФСР құрамынан шығып, жеке одақтас республикаға айналды.

  2. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі (1937 – 91) Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасындағы (Қазақ КСР-і) мемлекеттік биліктің бір палаталы ең жоғары органы

  3. Жоспарлы Экономика КСРО-да және басқа да “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық қорлармемлекет меншік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың экономика қызметі директивалық жоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып, үйлестіріліп отырды. 


Сұрақтар:

  1. Қазақстанның одақтас республика болып құрылуының тиімді жақтары қандай?

  2. Қазақстанның одақтас республика болып құрылуының тиімсіз жақтары қандай?

  3. Қазақ КСР қашан одақтас республикаға айналды?

  4. 1938 жылғы 15 шілде — Қазақ КСР – і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясын кім ашты?

  5. ҚазақКСР-нің құрылуының біздің тарихымыздағы маңыздылығы қандай?

-тақырып.Қазақ КСР – і соғыс алдындағы жылдарда.
1939 жылы Коммунистік партияның XVIII съезі болып өтті. Онда КСРО – ның индустриялық қуатын кеңейту, қорғаныс қабілетін нығайту бағыты көрсетілді. Үшінші бесжылдықта (1938 – 1942 жж.) Қазақ КСР – іне көрнекті орын берілді, ол түсті металдар (мыс, мырыш, қорғасын) өндіру жөніндегі ірі базаға, көмір, мұнай өндіретін ауданға, сондай – ақ ауыл шаруашылығы (етті мал шаруашылығы, дәнді және техникалық дақылдар) дамыған ауданға айналуға тиіс еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет