Қазақстан тарихы. 9-10 сынып оқу материалдары


– 1941 жылдары іске асырыл



бет18/23
Дата23.10.2016
өлшемі3,59 Mb.
#90
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

1938 – 1941 жылдары іске асырылған шаралар:
1) Қарсақпай мыс балқыту заводын қайта құру мен кеңейту.
2) Жезқазған мыс балқыту заводын салу.
3) Алтайда түсті металлургияны дамыту.
4) Ембідегі геологиялық жұмыстар мен барлау – бұрғылау ісін жеделдету шаралар қолданды.

Осы жылдары еңбек кітапшалары енгізілді, мемлекеттік сақтандыру тәжірибесі жақсартылды, 8 сағаттық жұмыс күнінен, 6 күндік жұмыс аптасына көшірілді.



1940 жылдың аяғында мемлекеттік еңбек резервтері жүйесі пайда болды. Әйелдер ірі өнеркәсіп жұмысшыларының 26,1 % -ын кұрады (1940 ж). Жаппай ерлер мамандығын меңгеру қозғалысы басталды: М. Д. Рогозина – ұңғылау машинасы, Р. Бүкірова – электровоз машинасы, Б. Досбаева – Байшонос мұнай кәсіпшілігінің аға операторы. 1941 жылы маусымда Батыс Қазақстан облысы Теректі МТС – те істеген П. Ангелинаның «Трактордыұ меңгеріңдер» бастамасын 26 мыңнан астам әйелдер тракторшы мамандығын меңгерді.

Тұрақты механизаторлар кадрлары қалыптасты, 116 мың маман даярланды. Соғыс қарсаңында Халық шаруашылығында 11 мыңнан астам инженер, техниктер еңбек етті. Стахановшылар мен өндіріс жаңашыларының қозғалысы өрістеді. Риддердегі алғашқы стахановшы – шахтер Б. Ықыласов болды.

Соғыс алдындағы жылдарда құрылыстарды салу жеделдеді. 1940 ж. басы – ұзындағы 806 шақырымдық Ақмола – Қарталы жолы 9 айға толмайтын мерзімде салынды. Бұдан басқа Атырау – Қандығаш, Қандығаш – Орск, «Шығыс Орамы» (806 км. Шығыс Қазақстан мен Семей облысы), Алматы – Сарыөзек, Жамбыл – Алакөл темір жолдары (2681 км.) салынды. 1938 – 1940 жж. 1,4 мың шақырым жаңа темір жол төселді.

Үшінші бесжылдықтың 3,5 жылындағы өнеркәсіптегі тасымал мен байланыстағы күрделі қаржы – 3,1 млрд. сом болды.



Республика өнеркәсібінің жалпы өнімі – 57,3 % -ға артты.

Түсті металлургия Қазақстан өнеркәсібінің жетекші саласына айналып, түсті металлургия бойынша Қазақстан екінші орында болды. Бұл сала кәсіпорындары: Шымкент, Қорғасын, Балқаш мыс қорыту, Лениногорск, Зырянов полиметалл заводтары, мыс балқыту комбинаты, Ащысай, Қоңырат кеністері. Салынып жатқан құрылыстар: Ақтөбе ферроқорыту заводы, Текелі полиметаллургия, Жезқазған мыс балқыту комбинаттары.

Шымкент қорғасын заводының қорғасыны елдегі ең таңдаулы деп танылды. 1939 жылы завод ұжымы одақта 1 – орынды жеңіп алып, Ленин орденімен марапатталды.

Химия өнеркәсібі, радиохабары және радиоландыру жоғары қарқынмен дамыды.



Қазақстан Одақ көлемінде қорғасын өндіруден бірінші орын, Мұнай мен көмір өндіруден 6 – орынға шықты.

1940 жылы 2580 ірі кәсіпорын жұмыс істеп, индустрияның жалпы өнімі 1940 жылы 1913 жылмен салыстырғанда 7,9 есе өсті. Олардың бірі Кеңес өкіметі жылдарында салынған еді. 1940 жылы Қазақстан Одақ бойынша: көмірдің – 4,2% -ін; мұнайдың – 2,2% -ін; қорғасынның – 87% — ін; мыстың – 21% — ін өндірді.

Соғыс алдындағы жылдарда Орталық Қазақстанның өнеркәсіпті шикізат аймағы қалыптасты.

Соғыс алдындағы жылдарда колхоз құрылысы дамыды. 1940 жылы колхоз бен совхоздарда: 41 мыңнан астам трактор, 11,8 мың комбайн, 14 мың жүк автомобилі жұмыс істеді. Ауыл шаруашылық техникасы 330 МТС және 194 совхозға шоғырландырылды. 116 мың механизатор, тракторшы, комбайыншы даярланды. 1940 жылы жоғары және арнаулы орта білімі бар 4 мың 600 агроном, зоотехник, мал дәрігері, орманшы болған.



1938 – 1940 жылдары 1338 ТОЗ ауылшаруашылық артельдерінің жарғысына көшіп, 6 мың 900 мыңға көбейді. Халықтық құрылыс әдісімен 100 мың колхозшы каналдар мен суландыру жүйелерін салуға қатысты. 1938 – 1940 жылдары 145 мың га – дан астам жаңа суармалы жер игерілді. Батыс Қазақстанда Орал – Көшім каналы салынды.

1940 жылы әлеуметтік – мәдени шараларға мемлекеттен бөлінген қаржы – 1 млрд. сомға жақындады. (1932 жылмен салыстырғанда 12,5 есе көп).

1938–1940 жылдары республикада тұрмыстық қызмет көрсету орындары салынды: 3100 – ден астам дүкен, 600 – ден астам асхана, ресторан, 200 жаңа емхана, 120 аурухана.

Үшінші бесжылдықтың жарты жылында тұрғын үй құрылысына жұмсалған қаржы – 876 млн. сом болды (екінші бесжылдықта 351 млн. сом болды).

1938 – 1940 жылдардағы шешілмеген проблемалар.

- Мал шаруашылығының дамуы артта қалды.

— Колхоз өндірісінде материалдық ынталандыру төмен болды.

— Ауылшаруашылық мамандары тұрақтамады.

— Колхоз өмірінде демократия жеткілікті дамымады.

— Тұрғын үй қоры социалистік құрылыс қорынан кейін қалды.



Сонымен, елде орын алған кейбір келеңсіз процестерге қарамастан, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы бүкіл тарихи даму барысымен соғыс жылдарында зор ауыртпашылықтың бір бөлігін өз мойнына алуға және Жеңіс ісіне елеулі үлес қосуға әзірленген еді.

Терминологиялық сөздік:


  1. Филипп Исаевич Голощёкин, Қазақ Халқының Жауы, басқа аты Шая Ицкович (9.3. 1876, Витебск облысы, Невель қаласы – 18.10.1941) – саяси жау, Қазақстан өлкелік партия коммитетінің 1-хатшысы (1925 – 33).

  2. Концлагер - мемлекеттердің, саяси тәртіптердің, тағы сол сияқты нақты немесе ықтимал қарсыластарын күштеп оқшаулап, бір жерге бөлектеп жинақтауға пайдаланатын орны. Әскери тұтқындар мен босқындарға арналған түрмелер мен әдеттегі лагерлерден айырмашылығы - Концентрациялық лагерь соғыс кезінде не саяси күрестің шиеленісіп асқынуы барысында айрықша декреттермен құрылып отырған.

  3. Социализм (латын. socialis - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім.

  4. Репрессия - [лат. repressio - басып-жаншу] - бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары (мысалы, реакциялық тәртіптерді). Үкімет басшыларының заң орындары арқылы өз халқын, оның жекелеген өкілдерін қуғынға ұшыратып, жазалау шаралары.

  5. Колхоз - Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында пайда болған ұжымдық шаруашылық - өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық,меншік және ұжымдық еңбек негізінде ірі социалистік ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін шаруалардың ерікті түрде бірігуі жолымен құрылған кооперативтік шаруашылық.

  6. Совхоз (советтік шаруашылық) - КСРО ауыл шаруашылығындағы жоғары сапада тауар өнімін өндіретін механикаландырылған социалистік мемлекеттік кәсіпорын. Ол жерге және басқа да өндіріс құрал-жабдығына мемлекеттік (жалпы халықтық) меншік негізінде құрылған, шаруашылық есеп бойынша жұмыс істеген.


Сұрақтар:


  1. 1938 – 1941 жылдары қандай шаралар іске асырылды?

  2. Үшінші бесжылдық жылдары қашан болды?

  3. Қазақстан Одақ көлемінде қорғасын өндіруден нешінші

  4. 1938 – 1940 жылдардағы шешілмеген қандай проблемалар болды?

  5. Голощекиннің қитұрқы саясаты қазақ халқының тағдырына қалай әсер етті? Ойыңызды 2-3 нақты жауаппен тұжырымдаңыз.

 -тақырып.Қазақстандағы мәдениет құрылысы және мәдениет жетістіктері (1920-1940 жж). 



Кеңестік білім мен ғылымның қандай жетістіктері мен кемшіліктері болды?

Қазакстанда болып жатқан жағдайлар мынадай міндеттердің жуық арада шешілуін қажет етті. Ол еңбекшілердің сауатсыздығын жою еді. Осы мақсатга 1924 жыддың көкегіңде "Республикада сауатсыздықты жою" қоғамы құрылды. Осықоғамның күшімен 1927 жылы Қазақстанда 200 мыңдай адам оқытыла бастады.

Алайда бұл уақытгың талабына және сол кездегі қалыптасқан жағдайға жауап бере алмады. Сондықтан да 1931 жыдцың желтоқсанында республикада 15 пен 50 жас арасындағы еңбекші тұрғынға міндетті түрде сауатсыздықты жою мақсатында оқу жүктелінді. Жылдан жылға халыққа білім беру мақсатында жұмсалатын қаржы арта тусті. 1939 жылы Республика тұрғындарының сауаты 65 пайызға көтерілді. Қазақ тұрғындарының арасында 60 пайызға жетті. Түгелдей сауатгандырылган аудандарға Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент, Тараз, Риддер, Лениногорск қалалары жатқызылды. Республиканың қүрылғанына 20 жыл толуына қарсы сауатсыздықты жою негізінен аяқталды. Сауатсыздықты жою мен қатар оқу-ағарту жұмыстары белсене түрде дамыды. 1926 жылдың мамыр айында республикалық СНК "КАЗССР-де бірдей еңбек мектебінің уставы" қабылданды. 1930-1931 жылдары көшпелі және отырықшы  аудандарда жалпыға бірдей білім беру ендірідді. Жалпыға міндетті 7 жылдық білім енгізілді. 1935 жылы мектеп жасындағы балалардың 91%-ы оқыды.

1940 жылы еңбекке жарамды халық арасында сауатсыздықты жою ісі аяқталды.

Қазақ тіліндегі оқулықтар жазылды. Мұндай оқулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. 

Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулығын Қаныш Сәтбаев. 

Географиядан Әлихан Бөкейханов. 

Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров құрастырды.

1924 жылы А. Байтұрсынов араб әрпінің негізінде жасалған қазақ әліпбиін жетілдірді.

1921 жылы алғашқы «Есеп туралы», «Оқу туралы» және «Тіл құралы» оқулықтары басылып шықты. «География», «Қазақстан тарихы», «Педагогика», «Дидактика», «Алгебра» оқулықтарын жазуға ұлттық зиялылардың белгілі өкілдері тартылды. 

1928 жылдың соңына қарай қазақ мектептері үшін 30-дан астам оқулықтар жарық көрді.

   1929 жылғы араб әрпінен латын әрпіне көшу білім беру жүйесі үшін қатты соққы болып тиді. 

Жоғары оқу орындары, мамандар даярлау. 

1919-1920 жж. Орынборда, Ордада және Семейде Халық ағарту институттары ашылды

1921 ж Қазақстанда тұңғыш жұмысшы факультеті Орынборда құрылды

1928 ж Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты 

1935 жылы оған Абай есімі берілді 

(қазіргі Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті)

1929 ж Алматы мал-дәрігерлік институты 

1930 ж Қазақ ауыл шаруашылық институты 

1931 ж Алматы медициналық институты 

1934 ж С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті

(қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті),

1938 ж ҚазМУ жанынан аспирантура ашылды.

1940 ж Қазақстанда 35 кәсіби оқу орындары ұйымдастырылды.

     


   1918 ж        Ташкентте Түркістан Шығыс институты Қолданбалы ғылымдар дамыды. 1919 жылы Қазақ әскери комиссариаты штабының жанынан тарихи-статистикалық бөлім құрылды.   Бөлім тарих, этнография және жаратылыстану - география секцияларынан тұрды,кейіннен археология секциясы да ашылды.1919-   1920 ж       Қазақ өлкесін зерттеу қоғамы құрылды

Қоғамның мүшелері А. Чулошников, Ф. Рязанов,         Ә. Диваев, М. Тынышбаев, В. В. Бартольд, В. Радлов, М. Дулатовтардың алғашқы ғылыми еңбектері жарық көрді.

 1932 ж К         КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды Республикада 12 ғылыми-зерттеу институты,  15 тәжірибе станциясы, 186 тірек пункті, зертханалар, су және ауа райын бақылау станциялары болды.

1938 ж            Ғылыми-зертте институттары  (ҒЗИ) ашылған КСРО ҒА-ның Қазақ филиалына айналды.Профессор ғылыми атағы аса көрнекті қазақ тарихшысы С. Асфендияровқа берілді. Қазақстанда 430 мыңнан астам адам ой еңбегімен айналысқан, олардың 27454-інің жоғары білімі болған



Орта мектептерде жоғарғы кластарды нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Колхоздар мен совхоздардың қаржысына интернаттар ашу жүйесі кеңейтіле түсті.  1940 жылы Қазақстанда 44 мыңнан астам оқушылар бодды. Соғыстың алдында 20 жоғарғы оқу орны, 118 арнаулы орта білім беретін орын жұмыс істеді. Оларда 40 мың адам оқыды. Одан басқа 1940 жылы еліміздің әр түрлі аудандарында 20 мыңнан астам қазақстандықтар оқып, білім алды.

Республиканың ересек тұрғындарының арасындағы сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей бастауыш мектепті оқуды ендіру, халыққа білім беруді дамыту немесе жетілдіру, профессионалдық білім беру, мектепке Шығыс халықтарыньщқыздарына жоғарғы білім беру осылардың барлығы ұлтгық интелегенцияның қалыптасуына қажетті жағдай туғызды.

Әлеуметтік саясатты іске асыруда бірқатар жетістіктерге қол жетті. 1940 жылы Қазақстанда 3100 -дей магазин, 600-дей асхана мен ресторандар, 200-дей жана емхана және 120-дай аурухана салынды. Мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесі қалыптасты.

Сонымен сауатсыздықты жою жалпы білім беретін мектептерді көбейту жөнінде елеулі табыстарға қол жетті: жаңа советтік интеллигенцияны қалыптастыру процесі жүргізідці. Советгік Қазақстанның ғылымы өркендеді, әдебиетпен өнер дамыды. 1930 жылы жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру тәртібі енгізідді. 1932 жыддың аяғында Қазақстан тұрқындарының 42%-і сауаттанды.

Бастауыш мектепте оқитындар саны 1928 жылғы 305 мыңнан 540 мыңға дейін орта мектепте оқитындар — 23 мыңнан 65 мыңға дейін көбейді. Жұмысшылар мен шаруалар қатарынан қазақ совет интеллигенциясын даярлау кең көлемде жүргі-зідді. Абай атындағы қазақтың педагогикалық институты, С.М.Киров атындағы қазақтың мемлекеттік университеті, кен-металлургия, медицина, зоотехникалық- мал дөрігерлік, а.ш. т.б. институттары, ондаған арнаулы орта білім беретін оқу орывдары ашылды. Мыңдаған қазақ жігітгері мен қыздары РСФСР, Украина, Белоруссия, Өзбекстан т.б. туысқан республикалардың жоғары оқу орындарында білім алды. 

Республикада ғылымды өркендетуде 1932 жылы СССР Ғылым академиясының қазақстандық базасының ашылуы маңызды қадам болды. Ол 1938 жылы СССР Ғылым академиясының филиалына айналды. Мәдени даму руханиөмірдің бүкіл саласын қамтыды. 1936 жылы майда Москвада қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті.

Совет ғылымының көрнекті өкілдері — академиктер: А.Д. Архангельский, И.П.Бардин, С.И.Вавилов, И.М.Губкин, А.П.Карпинский, В.Л. Комаров, В.А. Обручевт.б. респуб-лика халық шаруашылығының маңызды проблемаларыншешуге, жоғары мамандығы бар ғылыми ұлт кадрларын даярлауға тікелей араласты.

Қазақ әдебиетінде социалистік реализм қалай көрініс тапты? Қазақтың әдеби тілі жетіле түсті, халық бүқа-расының тілегіне сәйкес орыс графикасына көшірілген альфавиті қайта құрыдды. Біздің көп ұлтты еліміздің, оның ішінде Қазақстанның экономикасында, саяси және мәдениөмірінде, әлеуметтік қүрылысында түбірлі өзгерістер болды.

Қазақтардың ұлттық қауымдастығын нығайта түсетін аса маңызды факторлардың бірі казақ тілі болып табылды. 

Ол ұлт болып қалыптасуға дейін-ақ ортақ тіл болып саналған. Жергілікті алуан түрлі диалектілердің болуына қарамастан қазақ тіліндегі халық ауыз әдебиетінің "Алпамыс", "Қобылаңlы", "Ер Тарғын", "Қозы Керпеш-Баян сұлу", "Қыз Жібек" т.б. эпостық поэмалары Қазақстанның жер жеріне кең таралып, халық арасында зор сүйіспеншілікке ие болды. Көрнекті халық ақындары мен әншілері Бүқар жырау, Махамбет Өтемісүлы, Ақан сері, Біржан, Жаяу Мұса, Жамбыл т. б. өлеңцері мен өндері, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Сұлтанмахмұт Торайғыров және басқа да жазбаәдебиеті өкілдерінің шығармалары жайлы да осыны айтуға болады. Алайда, Қазан революциясына дейін қазақ тілі бір жақты дамыды.

Ол негізінен өлі де жете дами қоймаған көркем әдебиеттің поэзия тілі болып қала берді. Бұл тілде саяси әдебиеттер өте аз, ал ғылыми әдебиеттер мүлде шығарылмады деуге болады. Қазақ тіліне Қазақстан экономикасының кенже қалуы: өнеркәсіптің көптеген салаларының болмауы, шаруашылыңтың нашар дамуы және баска да жағдайлар сөзсіз әсерін тигізді. Тілдің даму деңгейі қоғамдык өмір салаларында қол жеткен прогресс деңгейіне, ендіргіш күштердің, қоғамдық қатынастардың, рухани мәдениетінің, ғьшым мен техниканың даму дәрежесіне байланысты.

Совет өкіметі жылдары қазақ халқының өмірінде қазақ тілі қазақтардың және Қазақстан халықтарының толыққанды, жан-жақты дамыған тілдерінің біріне айнала алмады, дегенмен оның лекциялық қоры байып, морфологиялық, синтаксистік және стилистикалық жүйесі жетіле түсті, әдеби және сөйлеу нормасы үндесіп, алфавит пен орфография жүйесіне елеулі өзгерістер енгізідді, ең бастысы тілдің қоғамдық функциясы анағұрлым кеңіді.

Коммуникативтік, яғни қарым-қатынас құралы ролін атқара отырып, қазақ тілі мектептерде, жоғары оқу орындарында оқу тілі, саясат тілі, жоғары дамыған көркем өдебиет пен ғылым, мерзімді баспасөз, радио мен телевизия тілі болып отыр. Елімізді индустрияландыру, ұжымдастыру кезеңі 30-жылдардағы қоғамымыздың алдыңғы қатарлы азаматтарының репрессияға ұшырау кезеңіне дәл келді.

Қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуі неден байқалды? 20—30-жылдарда репрессияларға қарамастан Қазақстан мәдениеті жетіліп, әдебиеттін дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті. 20-жылдардың ортасына дейін Қазақстанда әуесқой театр топтары болды. 

Семей әуесқой театр. 

Орынбордағы қазақ институты

Институт негізінде 1926 жылы қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М. Әуезов, Ж. Шанин, С. Қожамқұлов, Қ. Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, 3. Атабаева және басқа да дарынды драматургтер, режиссерлер және артистер жұмыс істеді.

  Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі Ә. Қастеев керемет туындылар жазды. Оның шығармашылығы 20-жылдардңің соңында басталды. Ол жазған көптеген акварель туындылар «Ескі және жаңа тұрмыс» деген топтама ретінде белгілі. 

 Ә. Қастеев жазған мыңнан астам картиналар мен суреттер «республиканың көркемсурет қолжазбасы» деп бекер аталмаған. 

Соғысқа дейінгі кезеңде Ә. Ысмайылов, Қожахмет және Құлахмет Қожықовтар, Б. Сәрсенбаев, О. Таңсықбаев сияқты қазақ суретшілері жұртшылыққа кеңінен танымал болды.

Қазақ Советі әдебиеті мен өнері гүлденіп өсті. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұканов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин т.б. көрнекті сөз шеберлері осіп шықты. Қазақ поэзиясының алыбы Ж.Жабаевтың жалынды жырлары бүкіл әлемге тарады. Қазақ сахнасының шеберлері К.Байсеитова, Ә.Қашаубаев, Ж.Шанин, Қ. Жандарбеков, Қ.Байсейітов, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов т.б. өнері лайықты бағасын алды. Қазақ халқы орыс және дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының үздік жетістіктерімен танысты.



Терминологиялық сөздік:

  1. Интеллигенция -  адамға тән рухани, зерделі қабілет, тар мағынада - тез арада шешім табу; өзгеше жағдайларда шешім табу; дұрыс және тез ұғу, бастысы бұл ақылнысаны ; бейнелеу, ақылды үйрену тез ойлау және қорытындылау қабілеті. «Интеллегенция» сөзімен халықтың рухани бастаушыларын атайды.

  2. Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.

  3. Фольклор — халық шығармашылығы, яғни аңыздар, қиссалар, ертектер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде пайда болған фольклор дамыған қоғамның этностарында да сақталған.

  4. Мәдени революция - коммунистік партия белгілеген міндеттерге сәйкес білім беру, ғылым мен мәдениет мекемелерінің қызметін түбірімен өзгерту

Сұрақтар:

  1. "Республикада сауатсыздықты жою" қоғамы қашан құрылды?

  2. Көшпелі және отырықшы  аудандарда жалпыға бірдей білім беру қашан ендірілді?

  3. Республиканың қүрылғанына 20 жыл толуына қарсы қандай үрдіс аяқталды?

  4. 1926 жылы қаңтарда қай қалада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды?

  5. Қазақ жұртына танымал қандай суретшілерді білесіз?

  6. Кеңестік білім мен ғылымның қандай жетістіктері мен кемшіліктері болды?


Тақырып.Ұлы Отан соғысындағы қазақ батырларының ерлігі
Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері (1941–1945 жж.)

Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының ұл-қыздарымен қатар біздің республиканың жастары да жаумен Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет