Қазақстан тарихы. 9-10 сынып оқу материалдары



бет22/23
Дата23.10.2016
өлшемі3,59 Mb.
#90
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Ерлер мен Әйелдер Фашистерге қарсы күресте батырлық пен ерлік көрсетті. Поляк партизандық жасақтарында Жамбыл облысынан Салтынбек Төлешов, Шығыс Қазақстан облысынан Константин Трокин, Қарағанды облысынан Михаил Авдейчик, Қызылордадан Омар Тойымбетов тағы басқалары шайқасты. Чехословакияны неміс фашистерінен азат етудегі партизандық ұрыс қимылдарына алматылық Алексей Ильин, семейлік Николай Мошкин, Оңтүстік Қазақстан обл.-ң тұрғыны Жұбандық Сұранқұлов, Павлодарлық Николай Тарановтар қатысты.

Югославия жерінде Фашистерге қарсы шайқаста Көкшетаулық Телжан Желқожинов, Ақтөбе облысының тұрғыны Арық Есентаевтар ерлік көрсетті. Грекия, Француз жерлерінде фашистерге қарсы күресте алматылық Петр Рев, Дәулет Қаражұмынның батырлығымен аты шықты. 1943  жылдың жазында Белгияда фашистік тұтқыннан қашып шыққан Кеңес әскерлері партизандық бөлім құрды.

Олардың ішінде қазақстандық- Ақтөбе облысынан Өтеген Абдуллин, алматылық Иван Карасев, Ақтөбеден Борис Бондаренко, Талдықорғаннан Федор Малаховтар болды. Қазақстандық 23  жауынгер итальяндық қарсыласу қозғалысы құрамында –Қарағандыдан Тәкіш Әлпеисов, Қызылордадан Қалданбек Дүйсенбеков, Ақтөбеден Жаймақ Көлшіков т. б. жаумен қасық қаны қалғанша шайқасты.



Қасым Қайсенов — Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғы­сының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті. 
Терминологиялық сөздік:

  1. Диверсия  (лат. diversio ауытқушылық, аландатушылық) —қарсылас тылындағы әскери, өнеркәсіп және басқа нысандарды істен шығару, әскерлерді басқаруға кедергі жасау, коммуникациясын бұзу, адам күші мен әскери техниканы жою мақсатына сай қимыл жасайтын жеке адамдар,топтар (бөлімшелер, бөлімдер, партизан жасақтары).

  2. «Қырғи қабақ соғысы» немесе Қырғи Қабақ Соғыс— 1945 — 1991 ж. аралығында әлемдегі екі саяси жүйедегі аса ірі мемлекеттер КСРО мен АҚШ арасындағы бақталастық саясат. 

  3. Партизан қозғалысы – жау басып алған территорияда өз Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі және әлеуметтік өзгерістер жолындағы халықтық күрестің бір түрі; оған жау тылында қимыл жасаушы әскери бөлімдер де қатысуы мүмкін.

  4. Фашизм (лат. fascismo, fascio диктаторлық шыбық будасы, билік белгісі) — 1919 жылы Италияда пайда болған саяси ағым, I дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге, оның ішінде Германияға лезде таралып, национал-социализм аталуы.

Сұрақтар:

  1. Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?

  2. Қай шайқастарда қазақстандықтар елеулі еңбек көрсетті?

  3. Партизан қозғалысының танымал өкілі?

  4. Қазақстандық партизандардың саны қанша болды?

  5. Ұлы Отан соғысындағы қазақ батырлары қандай ерлік жасады?

  6. Қазақстандықтар қандай ірі шайқастарға қатысты?

Тақырып."Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!" ұраны қалай жүзеге асты?

1941 жыл 22 маусым – фашистік Германия КСРО-ға тұтқиылдан соғыс ашты. Ұлы Отан соғысы басталды.

Еңбекшілер Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жазыла бастады. Республикада 2 миллионнан астам адам әскери даярлықтан өтті.

Соғыстың алғашқы кезеңінде 14-атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып майданға жіберілді. Қазақстандық 36-жеке атқыштар бригадасы 30 дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы (командирі – генерал М. В. Панфилов) жасақталды.

Армия қатарына 1млн. 196164 (1 млн. 196.300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.



Еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР-нен 700мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16мың офицер даярлап шығарды. 1941–1945 жылдары әскери оқу орындарына 42мыңнан астам қазақстандық жіберілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет