Руна әліпбиі. Әліпби жазу дүниежүзілік мәдениетке қосылған үлкен үлес болып есептеледі. Көне түркілер алғашқы әріп жазуының бір түрі — руналық жазуды ойлап тапқан және пайдаланған.Көне түркі руналық жазуы Қазақстанда Талас, Ертіс, Сыр, Іле өзендерінің қойнауларында табылған.Бұл жазуларды алғаш зерттеп, оларды оқудың "кілтін" тапқан — Дания зерттеушісі Вильгельм Томсен. Осы көне түркі жазуларын сыртқы нобайы жағынан Скандинавияның руналарына ұқсатып, бұл жазуларды да руналық, яғни "құпия" жазу деп атап кеткен.
Тоныкөк жазба ескерткіші.Ең алғаш табылып зерттелген түркі жазуы ескерткіштері Білге қағанға, Күлтегінге қойылған құлпытастардағы жазу. Көне түркі руна жазулары қашау әдісімен тасқа, түрлі бұйымдарға (ағаш қасық, күміс тостаған, ыдыс) ойып, сызып жазылған. Руналық жазбада 35 әріп бар, бұдан басқа төрт таңба лт, нт, нг,рт деген дауыссыз дыбыстар тіркесін береді. Жазу оңнан солға қарай оқылады. Түркі жазбаларына Тоныкөк (Улан-Батордың жанында) ескерткішіндегі жазулар да жатады.Қазақстан жерінен табылғандары — Талас өзені бойынан табылған тас мөрдегі жазу Алматы облысындағыКетпен тауындағы тастағы жазулар (үш жерде), Есік қаласының түбінен табылған күміс тостағандағы жазу. 1960 жылы Сыр бойындағы Шардара суқоймасын саларда ескі қамал орнынан саз балшықтан күйдіріліп жасалған түркі жазулы мөр табылды.Бұрынғы Семей облысыныңҮржар ауданынан, Шығыс Қазақстан облысыныңШемонайха ауданынан көне түркі жазуы бар екі қола айна табылған. 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданынан табылған көне түркі жазуы және Жайық өзені бойынан табылған қола айнадағы руна жазуының тарих үшін маңызы зор.Көне түркі жазуларында, әсіресе құлпытастардағы жазуда Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған, т.б. сияқты түркі елбасыларының істеген ісі, түркі жұртының сол кездегі жағдайы, басқа елдермен қарым-қатынасы, олардың дүниетанымы сипатталады. Күлтегін ескерткішін оның ағасы Білге каған қойғызған. Жазу мынадай сөздермен басталады: "Тәңірідей тәңірден жаралған Білге (дана) қаған бұл таққа отырдым. Сөзімді түгел естіңдер, жалғасқан іні-жиенім, ұлым, руым, халқым... Көңілдегі қандай сөзім болса, мәңгі тасқа жаздым. Оны көріп, сонша біліңдер!"Білге қаған тұсында түркі елі дәуірледі. Ол өте жігерлі, кайратты, әділ, ақылды елбасы болды. Ол жазуда өзі туралы былай дейді: "Түркі халқы үшін түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Қызыл қанымды, қара терімді ағыздым. Жалаңаш халықты киіндірдім, жарлы халықты бай қылдым, аз халықты көп цылдым".
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. Көшпелі өркениет әлемдік өркениеттің құрамдас бөлігі.
2. Көшпелілер дүниетанымы.
3. Көшпелі өркениеттің ерекшелігі.
4. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің табиғи ғарыштық негіздері.
5. Көшпелілер өміріндегі мал шаруашылығының ролі.
6. Кеңістікті игерудегі жылқы малы.
7. Көшпелілердің әдет ғұрыптары.
8. Қазақ мәдениетінің түпкі негізі.
9. Ежелгі көшпенділер мәдениетіндегі мифология және космогония.
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
1. Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі қазақ мәдениеті.Халық ауыз әдебиеті мен шешендік өнер.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті оның ұлт болып қалыптасуы мен өзіндік төл мәдениетінің пісіп-жетілуімен байланысты Заңдар негізінде халықтың бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрпының ережелері негізінде билік заң үрдістері елдік жөн-жоралары, салт-дәстүрі бір жүйеге түсті..Халықтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері ұлттық байланысты басқа халықтардан даралап тұратын ішкі рухани айна сияқты.
*оқыту: Өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру;
*тәрбиелік: адамгершілік тәрбиесін беру;
*дамыту: танымдық қызығушылықты дамыту;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. Көшпелі өркениет әлемдік өркениеттің құрамдас бөлігі.
2. Көшпелілер дүниетанымы.
3. Көшпелі өркениеттің ерекшелігі.
4. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің табиғи ғарыштық негіздері.
5. Көшпелілер өміріндегі мал шаруашылығының ролі.
6. Кеңістікті игерудегі жылқы малы.
7. Көшпелілердің әдет ғұрыптары.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: Дәстүрлі қазақ мәдениеті.Халық ауыз әдебиеті мен шешендік өнер.
Мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты дидактикалық бөлім:
1. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің ерекшелігі.
2. Халық ауыз әдебиеті бай мәдени мұра.
3. Шешендік өнер сөз жауһары.Айтыс өнері.
4. Материалдық және рухани мәдениет құндылықтары(қол өнер,тұрғын үй,киімі,қазақ күнтізбесі,халық білімі,Наурыз).
5.Халық ауыз әдебиетіндегі лирикалық поэмалар: «Қозы Көрпеш Баян Сұлу», «Қыз Жібек».Ұлттық аспаптар,күй,ән өнері.
Қазақ мәдениетінің архетипіне көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша орта ғасырларда қалыптасқан еуразиялық мәдени кеңістікті қамтыған түріктік халықтар мен тайпалардың негізінен көшпенді мәдениеті жатады.
Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті оның ұлт болып қалыптасуы мен өзіндік төл
мәдениетінің пісіп-жетілуімен байланысты.ХV ғ. Қазақ хандығы құрылып, әлемнің барлық халықтарына тән заңдылықтарымен қазақ этносы қалыптасты. ХV- ХVІІ ғғ.Қазақ хандығын билеген хандардың тұсында қазақтың шарушылығы, өмір сүру дағдылары ғана емес, ел таныған материалдық, рухани мәдениеттері қалыптасты.Заңдар негізінде халықтың бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрпының ережелері негізінде билік заң үрдістері елдік жөн-жоралары, салт-дәстүрі бір жүйеге түсті.Әр елдің өзіне тән әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бар.Халықтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері ұлттық байланысты басқа халықтардан даралап тұратын ішкі рухани айна сияқты.
ХV- ғасырдағы алғашқы қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің ақылшысы болған ақын және философ Асан қайғы атанып кеткен – Хасен Сәбитұлы. Қорқыт ата сияқты Асан қайғы үлгі тұтарлық Гүлстанды – идеалды қоғамдық құрылысты арман етті.
Халық ауыз әдебиетіндегі «Зарзаман» мәдени ағымының өкілдері бұрынғы төл мәдениет үлгілерін дәріптеді. «Зарзаман» идеясы – қазақ мәдениетінің өзінің болашағы туралы қам жеуінің уақыттық таңбалық белгісі.