ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ДП 042-1.01.-2014
|
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша
оқу-әдістемелік кешені
|
№2 басылым
13.09.2014
|
«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ»
пәнінің оқу- әдістемелік кешені (ПОӘК)
«Филология», «Қазақ тілі және әдебиеті», «шет тілі: екі шет тілі» мамандықтарына арналған
СЕМЕЙ
2014
Алғы сөз
1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
«Филология», «Қазақ тілі және әдебиеті», «шет тілі: екі шет тілі» мамандықтарына арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған. Құрастырушы: Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Каримов М.К.
«__04____» __09___ 2014 ж.
ҚАРАЛДЫ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының отырысында
Хаттама №__1____ «_04_»__09____ 2014 жыл
Кафедра меңгерушісі ____________ Н.А. Мухаметжанова
2.2 Факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды
Хаттама №_1_ «_09_»_09_____ 2014 жыл
ОӘБ төрағасы_________ С.Х. Тойкин
БЕКІТІЛДІ
3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды
Хаттама №__1__ «_11_»__09_ 2014 жыл
ОӘК төрайымы_________ Г.Искакова
4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ (немесе № 4 «_13_» _09_ 2012 ж. баспа ОРНЫНА)
Мазмұны :
1.Глоссарий.................................................................................................
2.Қысқаша дәрістер мәтіні...................................................................
3. Практикалық (семинар) сабақтары ...............................................
4. Студенттердің өздік жұмыстары......................................................
.1 ГЛОСАРИЙ
Палеолит – ерте тас дәуірі.
Мезолит – орта тас дәуірі.
Неолит – жаңа тас дәуірі.
Энеолит – мыстытас дәуірі.
Қола – мыс пен қоланың қорытпасы.
Сақтар – Ежелгі Қазақстанды мекендеушілер.
Ұлы Жібек жолы – Маңызды сауда жолы.
Авеста – зороастризмнің иқасиетті кітабы, «Авестаның» авторы Заратуштра деп аталады.
Адат – әдеттегі құқық, ислам таралған елдердің дәстүрлері мен салттарын қамтиды.
Анимизм- жан мен рухқа сенім.
Дін – әлемдегі табиғаттан тыс күш – Құдай жаратқан деген сенімге негізделген, ғылыми түсінікке жат дүниетаным.
Иерархия – жоғарыдан төменге қарай реттелген бүтін бөліктердің немесе элементтердің құрылымы.
Икта – моңғол кезеңінде Орталық Азия мен Қазақстанда кең тараған , алған аумағын, жерді, суды, адамдарды салықтан босатуға құқық беретін шартты түрдегі алажағы (пожалование).
Зекет – шариғатқа негізделген хандар мен сұлтандардың пайдасына малдан алынатын салық.
Ислам – мұсылмандық – дүниежүзілік діндердің бірі. VII ғ. басында Арабияда пайда болған. Исламның діни ілімі Құранда баяндалған. Мұсылман дінінің маңызды ұғымдары – «ислам», «дін», «иман».
Меншік – кез келген субъектіге тиесілі (адамға, отбасыға, қауымға, руға, мемлекетке, т.б.) және бір адамның, заттың толық иелігіндегі мүлік.
Өндіріс дегеніміз – еңбек заты (өнделетін зат), құрал-саймандар және адам күшінің қосылуы. Өндіріс үдерісінде адамдардың өзара әртүрлі қатынастарға түсуін өндірістік қатынастар дейміз.
Ру – өзінің шығу тегін, бір желіден (аналық немесе аталық) алатын, көбінесе, өздерін бір атаның ұрпағымыз деп сезінетін, ортақ рулық атты алып жүретін, қандас туысқандар тобы.
Төлеңгіт – хан мен сұлтандар кезіндегі жасақтар, олар, әдетте, тұтқындардан немесе азат етілген құлдардың ішінен, кейбір жағдайларда өзінің рулық қауымынан жырақ кеткен қазақтардан жиналды.
Эпос – ортақ ұлттық құндылық пен ортақ тақырыпқа біріктірілген әңгіме, поэма, батырлық жырлар жиынтығы.
Отан – адамның туып өскен жері, елі, мемлекеті Отаны болып табылады. Адамның азамат болып қалыптасуы, өмірі Отанына байланысты. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Әрбір адам Отан сүюге, Отан мүддесіне қызмет істеуге міндетті.
Отаншылық - өзінің туған халқын, ұлтын сүюшілік, Отан құрметтеу, қорғау, оның гүлденуі жолына қызмет көрсетушілік, Отанға деген сүіспеншілік.
Ашаршылық – тамақтың заттарын жетіспеуі немесе оның жоқтығынан болатын құбылыс. Кеңес өкіметі кезінде, Қазақстанды Ф.И. Голощекин басқарған жылдары халықтын малын, астығын жаппай алудан қазақтар 1932-1933 жж. жаппай ашаршылыққа ұшырап, 2 млн. аса адам қырылды, 1130 млн. аса адам шетелдерге басып кетті.
Қазақ – қазақ ұлты халқының аты. Қазақ халқының шығу тегі ежелгі қола дәуірінен басталды. Қазақ деген ат 15 ғ. екінші жартысында кеңінен тарап, Қазақстанның байырғы халқының аты болып кеткен. Ал «қазақ» деген сөздің шығуы туралы түрлі болжамдар бар. Бұл әліде зерттеуді қажет етеді.
Қанау – бай, алпауыт адамдардың өздеріне кіріптар болып жұмыс істеп, еңбегін пайдалануы және еңбектен тапқан табысының бір бөлігін иемдену.
Мемлекет – Жеке меншіктің пайда болуына, еңбек бөлісімен таптың шығуына байланысты қалыптасады. Тап болған жерде мемлекет болады. Мемлекет өкімет билігінің саяси ұйымы. Мемлекет әскер, полиция, сот тағы басқа орындар арқылы елді басқарды. Тарихта мемлекеттің төрт түрі белгілі.
Отар – ірі елдердің әлсіз елдерді күшпен басып алуы немесе дербестігінен айырылып, кіріптар болып, қанауға душар болған елдер, территориялар. Қазақстан өткен ғасырларда Ресей империясының, 1917 ж. кейін Кеңес империясының отары болып келді.
Өлке – мемлекеттің шет аймағына орналасқан сол мемлекеттің қарауындағы территория, кейіннен жер көлемі үлкен, құрамында бірнеше облыстары болатын әкімшілік территориялық аймақ. Кейде жер көлемі шағын территорияны да өлке деп атайды.
Республика – латын сөзінен шыққан қазақша қоғамдық, бүкілхалықтық дегенді білдіреді, мемлекетті басқару формасының бір түрі. Республикада мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары белгілі мерзімде сайланып қойылады. Жоғары өкіметтік билік сол сайлағандардың қолына беріледі.
Тарих – араб, парсы, сөзі, оның мағынасы зерттеу және оқиғалар туралы әңгіме. Адамзаттың пайда болуы мен алғашқы қауымдық құрылысынан бастап, қазіргі дәуірге дейінгі өмір сүруін, тіршілік жайын, оның өзгеруін, қоғамның дамуы, тоқырауы, өрлеу кезеңдерін жеке дәуірлерге бөліп те және жеке халықтар тарихы ретінде де зерттейді, Қазақстан тарихы Қазақстандағы басқа халықтар және көрші елдер тарихынан, мәдениетінен хабардар етеді.
Тәуелсіздік – мемлекеттің ішіндегі және сыртқы істерін өзі шешіп, өзі басқарып іс жүргізуі, өз билігінің өзінде болуы. Оған басқа өкіметтің араласуына жол бермейтіндігі, әғни саяси толық тәуелсіздігі мен дербестігі.
Хан – көне түркі сөзі – хаған, қаһан дегеннен шыққан. Монарх, тайпа көсемі, әмірші. Қазақ жерінде елді хан билеген. Көрші елдермен қатынас жасау, соғыс жариялау, бітім шартын жасау хан еркіне жатқан. Ол соғыс жағдайында жасақтардың қолбасшысы болған.
Ауыл – шаруа селосы.
Ұжымдастыру – ұсақ шаруашылықтарды үлкен коллективті шаруашылықтарды біріктіру
Отырықшыл – үнемі бір жерде отырып өмір сүру.
Ауыл шаруашылығы – халық шаруашылығының мал, егін, жеміс-жидек өнімдермен айналысатын саласы.
Конфискация – мемлекет қаулысы бойынша бай кулактардың дүние-мүлікін мемлекет пайдасына алу.
Пайда – ұлғалмалы өңдіріс үрдісінде шаруашылық қызметінің жемістігі.
Зиян – ұйымның, кәсіпорынның, шаруашылықтың дұрыс ұйымдастырмауында туатын шығын.
Дәрістердің қысқаша конспектісі
1 тақырып.
Кіріспе. Қазақстанның тарихи кезеңдері
Дәрістің мақсаты: Қазақстан тарихы курсының мазмұнымен таныстыру. ҚР дамуындағы негізгі тарихи кезеңдерді көрсету.
Дәріс сұрақтары:
«Қазақстан тарихы» пәні, оның мақсаты мен міндеттері
Қазақстан территориясындағы тас дәуірі
Қола дәуіріндегі Қазақстан
Әрбір азамат өз елінің өткені мен тарихын білуге, Отан тарихын үйренуге, тәжірибесі мен құндылықтарын келесі ұрпаққа үйретуге міндетті. Қазақ елінің ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихы әлемдік тарихтың құрамды және маңызды ажырамас бөлігі болып табылады.
Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты ұзақ-ұзақ кезендерге бөлінеді. Ол тас дәуірі, мыс (қола) дәуірі болып 3 кезеңге бөлінеді. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезеңде адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды.
Қазақстан жерінде ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе қоймағанына қарамастан олардың мекен еткен аудандарының бірі Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр. Арыс өзені жағасындағы кіші Қаратау жотасының солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ертедегі адамдардың еңбек құралдары болып табылатын ірілі-уақты шақпақ тастардың табылуы осыған айқын дәлел бола алады.
Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайының, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқыту температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді.Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қазақстан жерінде түсті металдар өңдеуге, әсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Сөйтіп, б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында – 1 мың мыңжылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі – көшпелі мал шаруашылығына ауысады.
Қола дәуіріндегі экономикалық 2 бағыт – мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшеюіне әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру (патриархат) пайда болды. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндірістік күштердің өсуіне, қоғамдық мамандануына, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты еді. Жеке отбасылар бөлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады.
Қола дәуірінде Сібірдің, қазақстанның және Орта Азияның кең-байтақ далаларын тегі және тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі Ачинск маңындағы Андронов селосының атымен ғылымда шартты түрде «Андронов мәдениеті» деп аталды.
Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі – қазақстан жері. Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я.Тугаринов ашты. Содан бергі өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты көптеген археологиялық материалдар жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін (б.з.б. XVIII-XVIғғ.) және орта кезеңін (б.з.б. XV-X ғғ.) түгелдей қамтиды.
Қоныстарды мекендеушілер арасында керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыған. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Ыдыстарға әшекейлеп өрнек салынған. Соңғы қола дәуіріндегі құмыралардың дені иіні дөңгелек, бүйірі шығыңқы болып жасалынды.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
Ерте палеолит дәуірінің уақытын анықтаңыз
Обыласай тұрағы орналасқан территория
Жаңа тас дәуіріндегі тас өңдеу әдістері
«Энеолит» терминнің мағынасы.
Әдебиет:
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
Медоев А.Г. Геохронология палеолита Казахстана А., 1982
2 тақырып.
Достарыңызбен бөлісу: |