Қазақстан тарихы


§25. Орта ғасырлық Қазақстан қалалары



бет7/12
Дата20.11.2016
өлшемі1,37 Mb.
#2143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
§25. Орта ғасырлық Қазақстан қалалары

1. Хронологиялық кезеңі – VI-X ғ.

2. Қалалық мәдениеттің қалыптасуы – Орталық Қазақстан, Солтүстік Қазақстан.

3. Шоғырланған орталықтары – Түркістан, Талас, Шу өңірінде.

4. 3 бөлікке бөлінуі:

4.1. Цитадель (орда – патша сарайы және әкімшілік басқару орындары орнатқан).

4.2. Шахристан – кіші билеуші топ өкілдері, түрлі кәсіп иелері.

4.3. Рабат – еңбекшілер, қарапайым халық.

5. Қалалардың маңызы:

5.1. Халық саны көбейіп, қала саны артты, Х-ХІІ ғғ. Оңтүстік Қазақстанда 37 қала болған.

5.2. Жаңа қалалар: Отырар, Тараз, Талғар, Баба-ата, Құйрық төбе. Көлемі 30-дан асатын қалалар: Испиджаб, Отырар, Сауран.

5.3. Отырықшылдық мәдениет – шеберхана, монша, жәрмеңке, мешіт,ақша сарайлар, металлургия орталары қалыптасты.

6. Халықаралық, сауда, саяси қарым қатынас қалыптасады.

7. Тарихи маңызы бар қалалар:

7.1. Тараз – көпестер қаласы. Қытай фарфоры, Византияның сәнді әшекей бұйымдары мен күміс құмыралары табылған. Саудагерлердің бас қосқан жері. 2 шығыс моншасы бар (Х ғ жататын), шыны ыдыстар шеберханасы бар. Тараз қаласында Қарахан ескерткіші бар.

7.2. Иасы IV-X ғ-да, Шауғар IX-X ғ, ал XV ғ бастап Түркістан деп аталған. Орны – қазіргі Шымкент қаласынан 225 шақырым. Түркістан атауы – «түріктер елі, мекені». Орта Азия билеушісі Әмір Темірдің бұйрығымен (XIV ғ соңы – XV ғ басы) Қожа Ахмет кесенесі салынған.

Есім ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы болған.

7.3. Сығанақ – ХІ ғ салынған, Оңт Қазақстанда Сырдария өзенінің бойында. Қыпшақ мемлекетінің саяси және мәдениет орталығы. Дешті-Қыпшақтың сауда айлағы.



§26. Отырар – қаһарман қала

1. Шығу тарихы – 2500 жыл бұрын қоныс ретінде танымал.

2. Отырар – VI-VIII ғғ Сырдария бойында салынғын қала. ІХ-ХІІ ғғ Оңт Қазақстанда басты қалалардың біріне айналған.

2.1. Халықаралық сауда орталығы (Ирак және Орта Азиядан Сібірге, Моңғолия Қытайға).

2.2. Мықты дуалмен қоршалған қалаға кіретін бес қақпасы бар.

2.3. Өнеркәсіп ортасы дамыған қала (қыш құмыра, шыны ыдыс, ақша шығаратын шеберхана).

2.4. Екі шығыс моншасы бар (ХІ-ХІІ ғ салынған).

3. «Отырар опаты» атымен белгілі.

3.1. 1218 жылы Шыңғыс хан басқарған моңғолдың әскерлері Жетісуға кірді.

3.2. Отырар қаласын басып алуға себеп. Моңғол көпестерінің керуенінің тоналуы және өлтірілуі.

3.3. 1219 ж Қайырханның Отырарды ерлікпен 5 ай қорғауы.

3.4. Шыңғыс ханның 150 мың әскерімен қаланы 6 айда жаулап алып, жермен жексен етуі.

3.5. Отырардың құлауының себебі: сатқын Қарашаның қақпаны ашып беруі және қаланы опасыздықпен 1220 жылы басып алынуы.

§27. Қазақ халқының қалыптасуы

1. Анықтама: Қазақ этнонимі «еркін адам, ерікті қоғам» мағынасында.

2. Қазақ халқының арғы ата-бабалары.

2.1. Атау шығуы – энеолит дәуірінен басталады.

2.2. Антропологиялық ерекшеліктері – қола дәуірінен – арий, тур, қиян тасты кезең қалыптасты.

2.3. «Қазақ» халқы – аралас нәсіл. Өкілі: моңғолоидтық (ХІІІ ғ. – Шыңғыс хан империясы), еуропоидтық (30% - қола дәуірі).

3. Қазақ халқының арғы атасы – Алаша хан. Қазақ жүздерінің пайда болуы туралы аңызында айтылған.

4. Қазақ халқының тайпалары: сақ, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, түріктер, түркештер, қарлұқтар, оғыздар, қимақтар, қыпшақтар, наймандар, алшындар. Қазақ атауының шығу тарихы:

4.1. Түрік дәуірінде «қазақ» сөзі пайда болған – «еркін адамдар» мағынасында қолданылған.

4.2. «Қазақ» атауы - ІХ-Х ғғ Шығыс Дешті-Қыпшақта пайдаланған.

4.3. ХІІІ ғ – «қазақ» сөзі Хорасан түркмендерінде кездескен (Б. Көменов).

4.4. «Еркін», «кезбе» - деген мағына, араб сөздігінде беріледі.

4.5. «Қазақ» атауы толық этникалық сипатқа ие болды – XV ғ ІІ жартысында Қазақ халқының құрылуына байланысты.4.6. «Алаш» алғаш рет пайдаланды ІХ-Х ғ. «Қазақ» деген сөз орнында қолданған.

4.7. Алаш тайпалары – қазақ халқының құрылуына негіз болды.

4.8. «Қазақ» термині XV-XVIII ғ-да толық атауға ие болды.

4.9. «Қазақ» мемлекетінің негізін қалағандар Керей мен Жәнібек.



§28. Қазақ хандығының құрылуы

1. Анықтама: хан – тайпа көсемінің, кейіннен мемлекет билеушісінің лауазымы.

2. Басқару құрылымы:

2.1. Билік: республикалық, монархиялық (әкеден балаға беріліп отыратын мұрагерлік билік қазақ елінде ХІХ ғ дейін сақталды).

2.2. Хан – ел билеуші. Саяси-экономикалық мәселелерді шешті, бұйрық шығарып отырған.

2.3. Сұлтан – ханның мұрагері.

2.4. Төлеңгіт – ханның жеке шаруашылығын жүргізген. Кейбір жағдайларда соғысқа да қатысып отырған.

3. Аты аңызға айналған қазақ хандары:

3.1. Алаша хан – қазақтың арғы атасы. Б.з.б. IV-III мыңжылдықта билеген. Алаша хан көшпелі түркі тайпаларын біріктіріп, тұңғыш Алаш мемлекетінің құрушы. «Атасыз Алаш – керегеміз ағаш».

3.2. Уыз хан – б.з.б. І мыңж – б.з. І мыңж. Уыз (Оғыз) ата тегі – Алаша хан бабасы, әкесі – Қарахан. 16 жыл ел билеген.

3.3. Жоша хан (1187-1227 ж) – Шыңғыс ханның үлкен ұлы. Шешесінің аты – Бөрте. Шыңғыс ханның Жошыға бөліп берген иелігі: Ертістен Еділге дейін «Дешті Қыпшақ». Қайтыс болды – 1227 ж, жерлеген жері – Кеңгір өзенінің бойында (Жезқазған облысы).

4. Қазақ хандарының тарихының кезеңі – 1466-1847 ж. Қазақ хандар әулеті – Жошы ханнан басталады – ал Шыңғысхан ұрпақтары төре руын құраған.

5. Қазақ хандығы құрылды: 1466 ж (XV ғ 50-60 ж). Негізін қалаған алғаш хандар – Керей, Жәнібек.

5.1. Қазақ хандығының құрылуына түрткі болған жағдай – Әбілхайыр хандығынан бөлініп, Жетісуға келіп орнығуы. Моғолстан ханы Есен Бұқа Шу, Қозыбастан жер берді.

5.2. Шекара: Шығыста – Моғолстанмен, Оңтүстік-Батыста – Темір ұрпағы мемлекеті және Әбілхайыр хандығымен шектеседі.

5.3. Мемлекеттік құрылысы: Хандық – үш жүз (қаған (Ұла хан)); Жүз – бірнеше ұлыс (Кіші хан); Ұлыс – бірнеше арыс (Сұлтан); Арыс – бірнеше ру (би); Ру – 10-15 аймақ (Ру басы); Ата-аймақ – 7-10 ауыл (Ақсақал); Ауыл – ауыл басы міндеті: Шаруашылықты басқару, дау-жанжалды шешу, салық төлеу, жарлықтарды орындау, маусымдық көшуді басқару.

6. XV ғ Қазақ хандарының басқару жүйесі. Үш жүзге бөлінді – билеушілері кіші хандар.

6.1. Ұлы жүз – албан, суан, дулат, жалайыр, сарыүйсін, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, қаңлы, шақшам (Жетісу).

6.2. Орта жүз – арғын, керей, найман, уақ, қыпшақ, қоңырат (Сарыарқа).

6.3. Кіші жүз – үшке бөлінді. Байұлы (12 ата) – адай, алшын, жаппас, байбақты, беріш, масқыр, таз, есемтемір, қызылқұрт, шеркес, ысық, алаша (Батыс Қазақстан).

Жеті ру – табын, тама, кердері, төлеу, керейт, жағалбайлы, рамазан.

Әлімұлы (6 ата) – қаракесек, кете, шекті, төртқара, қарасақал, шөмекей.

7. Әз Тәуке

7.1. Хр 1626-1715 ж.

7.2. Тегі: Есімханның немересі, Салқаш Жәңгір әкесі. 1652 ж қалмақтарға қарсы шайқасқан.

7.3. Билік етуі: 1680-1718 ж.

7.4. Тәуелсіз билеуші – XVII ғ 80 ж танылды.

7.5. Еңбегі: құқықтық жүйе «жеті жарғыны» қалыптастырды.



§30. Қазақ билері

1. Анықтама: XIV-XV ғғ «би» сөзі – «басқарушы, ел билеуші» мағынасын берген.

2. Атқаратын қызметі:

2.1. Елшілік

2.2. Қолбасшы

2.3. Даналық иесі

2.4. Шешен

Төле би Әлибекұлы

1. Сипаты: Ұлы жүздің басшысы, Төлеби атанған шешен де тапқыр би.

2. Туған жылы: 1663-1756 жыл.

3. Туған жері: Жамбыл обл, Жайсан жайлауында дүниеге келген.

4. Тарихтағы орны:

4.1. Халықты алауыздықпен қырқыстан сақтандырды.

4.2. Жоңғар қаупінің алдын алу үшін дипломатикалық қарым қатынас орнықтырды.

4.3. Ресейге екі рет елшілік жіберді.

5. Еңбегі: Әз Тәукенің «Жеті жарғысын» жасауға қатысқан.

6. 93 жасында қайтыс болды, Ташкентте жерленген.



Қазыбек би Келдібекұлы

1. Сипаты: Көрнекті қоғам қайраткері, мәмлегер, Орта жүздің бас биі.

2. Туған жылы: 1659-1765 ж.

3. Туған жері: Қарағанды обл,Қарқаралы ауд,Теректі бұлағындағы қыстауда дүниеге келген.

4. Шыққан тегі: Қаракесек руынан.

5. Тарихтағы орны:

5.1. 18 жасында Жоңғар хандығына жіберілген елшіліктің құрамында болды, мәмлегер ретінде.

5.2. 1740 жылдары Малайсары және 90 биді ертіп, Абылай ханды жоңғар тұтқынан босатты.



5.3. 40-60 жылдары Қазақ хандығының Қытай және Ресеймен қатынасын нығайтуға ат салысты.

Әйтеке би Байбекұлы

1. Сипаты: Кіші жүздің әйгілі биі.

2. Туған жылы: 1682-1766 ж.

3. Туған жері: Өзбекстан, Қазбибі тауы, Қызылша мекені.

4. Шыққан тегі: Төртқара руынан.

5. Білімі:

5.1. Ауыл молдасынан сауатын ашқан.

5.2. «Ұлықбек» және «Арыстанды» медресесінде оқыған.

6. Ықпал еткен жағдайлар:

6.1. Ақшадан ел басқару, елшілік байланыстар жасауды үйренді.

6.2. Жалаңтөс батырдан әскери өнерді меңгерді.

7. Тарихтағы орны:

7.1. «Жеті жарғыны» құруға атсалысқан.

7.2. Бұқара Самарқанд төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақ жұртына бас би болған.

7.3. Қазақ хандығының бірігуі біртұтас, әрі күшті мемлекет болуы үшін әділетті қоғам жолында күресті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет