Қазақстан тарихы


§15. Қола дәуіріндегі Қазақстан



бет4/12
Дата20.11.2016
өлшемі1,37 Mb.
#2143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
§15. Қола дәуіріндегі Қазақстан

1. Хронологиясы: б.з.б. ІІ-І мыңжылдықтар.

1.1. Ерте қола дәуірі (б.з.б. XVIII-XV ғғ.), Федоров кезеңі: Андронов мәдениеті.

1.2. Орта қола дәуірі (б.з.б. XV-XIII ғғ.), Алакөл кезеңі.

1.3. Кейінгі қола дәуірі (б.з.б. XIII-VІІІ ғғ.), Замараев кезеңі: Биғазы-Дәндібай мәдениеті.

2. Ерекшеліктері:

2.1. Түсті металдар мен алтын өндіретін кендер игерілді.

2.2. Бақташылық мал шаруашылығы, теселі егіншілік пайда болды.

2.3. Әкелік, рулық қатынас орнады.

2.4.Тайпалар бірлестігі құрыла бастады.

2.5. Андронов тайпалары көшпелі мал шаруашылығына көшті.

3. Мәдениеті:

3.1. Оңтүстік Сібір-Ачинск маңы (Андронов мәдениеті), 1914 ж. Андронов тапты.

3.2. Батыс Қазақстан, Минусинск, Орал тауы, батыс Сібір жазығы, М.П.Грязнов тапты.

3.3. Орталық Қазақстан, Андронов тайпасының негізгі мекені.

3.4. Арқайым, Ежелгі қала (Қостанай, Челябы шекарасы).

4. Шаруашылығы:

4.1. Теселі егіншілік: Бидай, қарабидай, тары.

4.2. Мал шаруашылығы: Қос өркешті бактриан түйесін өсіру, малды қолға ұстау, қой мен жылқы көбейді.

4.3. Көшпелі мал шарушалығына көшті.

4.4. Кен өндіру: жұмсақ (омыру арқылы), қатты (отпен уату), терең (үңгір қазу).

4.5. Қыш ыдыстар жасау: таспалық әдіс, қалыпқа салып пішіндеу, геометриялық өрнек салу.

5. Діни нанымы:

5.1. Табиғат күшіне табыну (күнге, айға, жұлдызға).

5.2. Мәйіттің қол-аяғын бүгіп жатқызу.

5.3. Кремация (мәйітті өртеу).

5.4.Отқа табыну: «Ошақ».

5.5. Қасиетті орын: Тіреуіш, «Адамды көкпен жалғастырушы».

5.6. Басты оңтүстік батысқа қаратып жерлеген.

6. Өнері:

6.1. Петроглифтер (қос өркешті бактриан түйесінің мүсіні (Үшқатты)).

6.2. 49 согыс арбасының суреті (Қаратау).

6.3. Соқамен жер жырту бейнесі.

7. Тілі: Үнді-ирандық.

8. Нәсілі: Еуропалық.

9. Қоғамдық құрылымы:

9.1. Абыздар (Әдет-ғұрып жоралғыларды уағыздаушы).

9.2. Ру басылар (Әкелік отбасы қатынасы артады).

9.3. Жауынгерлер (негізгі тобы).

10. Баспанасы: үңгір, жертөле.

11. Археологиялық ескерткіштер:

11.1. Орталық Қазақстан: Алғабас, Атасу, Дәндібай, Беғазы.

11.2. Шығыс Қазақстан: Қанай, Трезднесково, Малокрасноярко.

11.3. Оңтүстік Қазақстан: Тегіскен, Таутары.

11.4. Солтүстік Қазақстан: Арқайым, Бесбай, Тастыбұтақ, Кіргелді.

11.5. Батыс Қазақстан: Ахмет-ауыл, Бесбай, Чаглинка.

12. Археологтар:

12.1. 1946 ж. зерттеген Ә. Марғұлан.



12.2. В.П.Алексеев Андроновтар бет-бейнесін сипаттаған.

§16. Сақтар

1. Анықтама: арғы тегі: арилар, турлар.

2. Хронологиясы: б.з.б. І мыңжылдық-б.з. І мыңжылдық арасы.

3. Территориясы: Бүкіл Қазақстан.

4. Қоғамдық құрылысы: Әскери демократиялық.

5. Басқару жүйесі: патша (мемлекет билеушісі), жауынгер (соғыс басқару), абыз (ақ киім), қауым мүшелері (сары, көк түс).

6. Тайпалар:

6.1. Тиграхауда: Жетісу, Тянь-Шань, Амударияның төменгі ағысы.

6.2. Парадария: Арал, Қаратеңіз, Амудария, Сырдария.

6.3. Хаумаварга: Түркменстан маңындағы Мұрғаб аңғарында.

7. Деректер:

7.1. Гректер «Азиялық скифтер» Страбон «География».

7.2. Парсылар «Құдіретті еркектер», Геродот «Тарих» кітабі.

7.3. Ирандықтар «Жүйрік атты турлар», «Авеста» кітабы.

8. Тілі: шығыс Иран тілдес.

9. Нәсілі: еуропалық.

10. Діні:

10.1. Анимизм (ата-бабаға сыйыну).

10.2. Тотемизм (мәйітті бальзамдау, мумиялау).

10.3. Магия (мәйіттерге қызыл бояу жағу, қабір басына от жағу).

11. Наным-сенімі: отқа, жерге, күнге, аруақтарға табынды. «Жылқыны» күнмен, отпен байланыстырады.

12. Мәдениеті:

12.1. Сауда дамыды: Дала жолымен лазурит, нефрит тасымалданды.

12.2. Қолөнер дамыды.

13. Стилі: аңдық стильде.

14. Шаруашылығы:

14.1. Көшпелі мал шаруашылығы (Батыс және Орталық Қазақстан).

14.2. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы (Шығыс Қазақстан, Жетісу, Алтай).

14.3. Отырықшы мал шаруашылығы (Оңтүстік Қазақстан, Шу, Талас, Сырдария өзендері).

15. Малдары (түйе, жылқы, қой).

16. Халық аралық қатынас – Батыс елдермен.

§17. Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

1. Хронологиясы: б.з.б. VIIІ-ІV ғғ.

2. Басқару ісі. Тайпаны көсем басқарды (бас қолбасшысы, құдайдың қалаулысы болып есептелді).

3. Сақтардың әлеуметтік топқа бөлінуі.

3.1. Жауынгерлер – қызыл түс, ел тыныштығын қорғады «арбада тұрғандар».

3.2. Абыздар – ақ түс, әдет-ғұрып сақтаушы.

3.3. Малшылар мен егіншілер – сары түс «сегізаяқтылар».

4. Сақ патшаларының тәуелсіздік үшін күресі.

4.1. Б.з.б. VIIІ-ІV ғғ. Асирия Медиямен одақтасып б.з.б. 530-529 жылы парсы патшасы Кирмен соғысты.

4.2. Марафон шайқасы б.з.б. 490 ж.

4.3. Сақтардың Парсы патшасы І Дариймен соғысы б.з.б. 519-518 ж. Шырақ қулығын асырып, парсы әскерлерін түгел адастырып, қырғынғы ұшыратты.

4.4. Б.з.б. ІV ғ. Александр Македонскийдің Орта Азияға кіруі. Сақтар жан қайырлықпен шайқасып, өз жерін макендондықтардан қорғап қалды.



§18. Алтын киімді адам

1. Хр. кезеңі 1969-70 жыл – Кемал Ақышев.

2. Табылған құнды жәдігер – «Алтын киімді адам», б.з.б. V- ІV ғғ. Табылған орны – Есік қорғаны, Алматы облысы.

3. Жасы – 17-18 жасар сақ ханзадасы. Қолында екі жүзік, құрастырмалы белбеуі, қызыл қынапты ұзын семсер және темір қанжары бар.

4. Бойы - 165 см, бас киімінің биіктігі - 70 см.

5. Алтын адамның зооморфтық белгілері:

5.1. Алтын киім – күн түсті, патша – Құдайға, күнге теңестірілген.

5.2. Бас киімі – абыздықты бейнелейтін жоғарғы әлеуметтік тапты көрсетеді.

5.3. Кеудешесі – атты әскерлерді бейнелейтін ортаңғы әлеуметтік тапты.

5.4. Төменгі жағы – көшпелі малшыларды, төменгі әлеуметтік тапты көрсетеді.

6. Түстер туралы идеология.

6.1. Алтын түс – Күннің түсі. Құдай мен күннің буырқанған қуаты, құдіреттілігі.

6.2. Күміс түс – Айдың түсі.

6.3. Көгілдір түс – Аспан түсі.

7. Стилі аңдық – дем беруші күш.



8. Алтын адамның киім композициясындағы символикалық мәндер:

8.1. Бас киім «Алтын таулар мен ағаштар» - дүниенің келбеті.

8.2. Шаншылған алтын жебелер – күн сәулесі.

8.3. Алтын адамның өзі – патша, күн құдайымен теңестірілген.

8.4. «Алтын жебе, ешкі мүйізді, алтын қанатты пар ат» - Патшалықтың белгісі.

8.5. Құс – жоғарғы әлем, аспан.

8.6. Ат – ортаңғы әлем, жер.

8.7. Ешкі – төменгі әлем, жер.

8.8. Қанатты жебелер – жердің 4 тарабы, 4 құбыласы.

8.9. Қанаттар – абыздық белгі, абыздық қызмет.

9. Деректер:

9.1. Геродот «Тарих» еңбегі.

9.2. Страбон шығармалары «География».

9.3. Қытай деректері: Сыма Цянь «Тарихи жазбалар», Бан Гу «Хан тарихы».





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет