Қазақстан тарихы



бет8/12
Дата20.11.2016
өлшемі1,37 Mb.
#2143
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
§31. Қазақ батырлары

1. Анықтама: Батыр (баһадүр – ержүрек, батыл) – әскери өнерді жақсы меңгерген, ерлігімен аты шыққан қаһарман адамға берілетін құрметті атақ.

2. Хр кезеңі XVIII ғ.

3. Жоңғар мемлекеті құрылу кезеңінде

3.1. XVII ғ 30 жылдарында батыс Моңғолияда Жоңғар мемлекеті құрылды.

3.2. Қазақ жеріне шапқыншылығы XVII ғ бас кезеңінен басталып, XVIII ғ ортасына дейін, яғни 150 жылға созылды.

3.3. 1723 ж-ғы «Ақтабан шұбырынды» қасіретті жылдар болып тарихқа енді.

3.4. Жоңғарлармен шайқаста қазақтардың Елім деген ерен, ер жүрек батырларының ерлік істерімен даңқы шықты.

4. Бөгенбай батыр.

4.1. Туған жылы: 1680-1778 ж.

4.2. Туған жері: Түркістан өңіріндегі Бөген өзенінің жағасында.

4.3. Шыққан тегі – әкесі Ақша батыр, Тәукенің 80 мың қолын басқарған сардар болған. Шешесі – Сандық баласын ел көзінен таса ұстауға тырысты.

4.4. Қалыптасуына әсер еткен: би-батырлардың өнегелі ерліктері. Әкесінің іскери өнерге баулуы.

4.5. Тарихтағы орны: 50 жылдан астам қазақ қолын басқарды.

4.6. Жоңғарларға қарсы 100-ден астам ерен ерлік көрсетті.

4.7. Алтай, Тарбағатай, Жетісу жерлерін азат етті.

5. Қабанбай батыр.

5.1. Шын есімі Ерасыл, жеңгелері Нарбала жеп атаған. Абылайханның жарлығымен «Дарабоз батыр» атанған.

5.2. Туған жылы: 1691-1769 ж.

5.3. Туған жері: Алакөл өңірі.

5.4. Шыққан тегі: Қаракерей.

5.5. Қалыптасуына әсер еткен: 7 жасынан жетім қалып, сол кезеңнің қиыншылықтарын жалғыз басынан өткізді.

5.6. Тарихтағы орны: аты ерлігімен 13 жасында шыққан, қырғыз, өзбек, жоңғарларға қарсы шайқасқа қатысқан. 1718 ж Аягөз өзенінің бойында, 1721 ж Түркістанды қоршауда, 1725 ж Алакөл маңында, 1728 ж Шұбартеңіз маңында шайқасқан. 1750 жылы аса ірі ерлік көрсетті.

6. Наурызбай батыр.

6.1. Туған жылы: 1706-1781 ж

6.2. Туған жері: Қазіргі Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Жалпақтас, Серіктас деген жерлер.

6.3. Шыққан тегі: Шапырашты.

6.4. Тарихтағы орны: 20 жасынан бастап Жоңғарларға қарсы шайқастарға қатысады. Ұлы жүз жерін қорғау үшін ат салысты. 1750 ж Алтай, Тарбағатай, Жетісу жерлерін жаудан босатты.



§32. Қазақстан және Ресей.

Қазақстанның Ресейге қосылуы

1. Алғышарттары:

1.1. XVIII ғ басында Қазақ елінің бірлігінің ыдырауы, Тәуке хан қайтыс болғанынан кейін.

1.2. Қазақтың шұрайлы жерлеріне Жоңғарлардың қызығуы.

1.3. Ру ішіндегі алауыздық, бірліктің болмауы.

1.4. Көрші елдермен қарым-қатынастың бұзылуы: шығыстан – Жоңғар мемлекеті, батыстан – Ресей, бір жағынан өзбектер мен башқұрттар қысым көрсетті.

2. Қосылуға түрткі болған жағдай:

2.1. Қазақ қоғамының ішкі жағдайы мен көрші елдердің тұрақты қысымы, Жоңғарлардың қауіпті шапқыншылығы.

3. Ресей имперасияның бодандығын қабылдаған хан – Әбілхайыр (Кіші жүз).

3.1. Ресеймен тек келіссөз жүргізуді тапсырған – Кіші жүздің ықпалды билері 1726 ж.

3.2. Қарсы болған сұлтан – Барақ.

3.3. Әбілхайыр елшіліктері – І-ші елшілігі 1726 ж жауапсыз қалды, ІІ-ші елшілігі 1730 ж сенбеді, ІІІ-ші елшілігі 1731 ж 19 ақпан ұсынысын қабыл алды.

3.4. 1731 ж Анна Ивановна Қазақстанға арнайы елшілік жіберді. Оны А.И.Тевкелев басқарып келді.

3.5. Әбілхайыр мақсаты – Питербург билеушілеріне арқа сүйеп, өз қарсыластарының сағын сындыру, Ресемен байланыс орнатып бар күшті ойраттарға жұмсау.

3.6. 1731 ж қазан айында Әбілхайыр, оның саясатын қолдаған 29 старшины Ресейдің қол астына кірді.

4. Әбілхайыр тарихи тұлға:

4.1. Әбілхайыр – 1723 жылдан жетекші хан, 1726 ж көктем айында Қаратаудың күнгей бетіндегі, Ордабаса тауында Қазыбек бидің ұсынысымен бас қолбасшы сайланған.

4.2. Қазақ – Жоңғар шайқасында бас сардарбек болып сайланған. Бұланты шайқасында тас-талқан етіп жеңген. «Қалмақ қырылған» деген атпен қалды.

4.3. Әбілхайыр – шекті руына сүйенді, 1742 жылғы Ор бекінісіндегі кездесуінен кейін Қазақ пен Ресей елінің жағдайы жақсарды.

5. Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижесінде:

5.1. Қазақ халқының жеңіске деген үміті оянды.

5.2. Ресей бодандығын 1731 жылдан бастап мойындады.

6. Салдары:

6.1. Сырттан келетін жаулардан қорғаймыз деген сылтаумен Қазақ жеріне бекіністер көптеп салынды.



6.2. Жайық өзені мен Ертіс өзенінің оң жағалауындағы жайылымдық жерлерді қазақтардан тартып алып, оларды ығыстыра бастады.

33. Абылай хан

1. Сипаты: Жошы ханнан тарайтын, Уәлиханның отбасында дүниеге келген.

2. Туған жылы: 1711-1781 ж.

3. Шыққан тегі: атасы – Орта жүздің билеушісі, Түркістанды билеген «Қанішер Абылай» болған.

4. Шын есімі – Әбілмансұр, лақап аты – Сабалақ.

5. Білімі: Мұсылманша білім алып, Шығыстың 7 тілін меңгерген.

6. Тарихтағы орны:

6.1. Арғын тайпасының Атығай атты ірі руының басшысы.

6.2. Аса дарынды дипломат, мемлекет қайраткері.

6.3. Сөзге шебер, әрі тапқыр, әділ, алғыр батыр, шежіреші, күйші (20-дан астам күйі бар).

6.4. 15 дастан атқа отырып ел қорғаған қаһарман.

7. Мақсаты:

7.1. Қазақ хандығының тәуелсіздігі мен аумақтық тұтақтығын сақтау.

7.2. Көрші мемлекеттермен саяси, мәдени, экономикалық байланыс орнату.

8. Абылай ішкі сыртқы саясатта:

8.1. 1730 ж Жоңғарлармен шайқаста көзге түседі – Шарышты жекпе-жекте жеңеді.

8.2. 1740 ж Әбілмәмбетпен бірге Ресей билігін мойындады.

8.3. 1757-60 ж Абылай Қазақ елінің дербестігін сақтап қалу мақсатында Қытай билігін мойындады.

8.4. XVIII ғ 70 ж соңында Түркістан, Сайрам; Шымкент, Созақ қалаларын күшпен қайтарып алып, Қазақ билігіне қаратты.

8.5. Абылай жер шаруашылығын қолдап, билер қызметіне шек қойды.

9. Ерекшелігі:

9.1. Темір ұстаханасы мен үй салушылардың бастамашысы.

9.2. Егіншілік, балық шаруашылығын дамытты.

10. Арқа сүйеген тұлғалары:

10.1. Абылайдың сүйікті ақыны – Тәттіқара.

10.2. Жанына жақын жырау – Үмбетей.



10.3. Өмірін жырға қосып, кеңесші болған – Бұқар жырау.

§ 34. XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес жылдары

1. Кенесары – 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген.

2. Мақсаты: Қазақ жерінінің дербестігін, тұтастығын сақтау, хандық билікті қалпына келтіру.

3. Түрткі болған жағдай: Жер мәселесі және салық түрлерінің көбеюі, Отаршылдық саясаттың күшеюі.

4. Сылтауы: 1836 жылы Қоқаң билеушілері Абылайдың немересі Саржанды өлтіруі.

5. Қамтыған жері: Бүкіл Қазақстан.

6. Қозғаушы күші: Қазақ шаруалары мен 80-нен астам би сұлтандар қатысты.

7. Көтеріліс жылдары:

7.1. 1838 жылы мамыр айында Кенесары отрядтары Ақмола бекінісне шабуыл жасады.

7.2. Кенесарының алғашқы қарсылығы 1837 жылы Ақтау бекінісіне қарсы шабуыл жасауы болды.

7.3. 1841 жылы көтерілісшілер қоқан әскерлері орналасқан Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт бекіністерін қоршады.

7.4. 1841 жылы Кенесары хандық билікті қолына алды.

7.5. 1845 жылы қазан және қараша айларында К. Қасымұлы Созақ, Жүлек, Жаңақорған, бекіністерін алды.

7.6. 1847 жылы Кенесары қырғыз жеріне басып кірді.

7.7. 1847 жылы Тоқмаққа жақын Майтөбе деген жерде Қырғыз манаптарымен шайқаста жеңіліс тауып, қаза болды.

8. Николай патшаның талабы

8.1. Қазақ ауылдарының жаппай көшіп қонып жүруін тоқтату.

8.2. Басқа елдермен қарым-қатынасты үзу.

9. Кенесарының қойған талабы Отарлау саясатына шек қою, салықты тоқтатып, бекіністерді салғызбау.

10. Нәтижесі Қазақ халқының толық қолдамауы, сатқындық салдарынан көтеріліс жеңіліске ұшырады



11. Кезеңі: 1836-1838.

12. Көтерілістің жетекшілері: Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы.

13. Сипаты: Ұлт азаттық, отаршылдыққа қарсы.

14. Себебі: Жер мәселесі.

15. Қозғаушы күші: Қазақ шаруалары, би старшындар.

16. Түрткі болған жағдай: Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің және қайын атасы Қарауылқожаның озбырлығы патшаның отарлау саясаты.

17. Көтеріліс болған жер: Бөкей ордасында(Еділ мен Жайық өзендерінің арасында).

18. Көтерілістің барысы 3 кезеңнен тұрады:

18.1. 1836 жылы ақпан айында басталып хан ауылдарын ойрандатты.

18.2. 1837 жылы қазан айында Исатай көтерілісшілерінің 2000-ғa жуық адам хан резиденциясын басып алды.

18.3. 1837 жылы қарашада 700 қазақ әскері, 400 жүзден асқан хан жасақшыларынан құрылған жазалаушылар Исатайға қарсы тұрды.1838 жылы шілденің 12-нде екі жақтың қарулы күштері Ақбұлақ деген жерде кездесті. Ауыр жараланған Исатайды қазақтар қылышпен шауып, атып өлтірді.

19. Нәтижесі: Көтеріліс жеңіліске ұшырады.

20. Жеңілу себептері:

20.1. Хан мен сыбайластарының опасыздығы.

20.2. Қару жарақтарының, басқару орталағының болмауы.

20.3. Халықтың толық қолдамауы, кейбіреулерінің сатқандығы

21. Тарихи маңызы:

XIX ғасырдың 30-40 жылдарыотаршылдық саясатқа бағытталған ірі көтеріліс болды.



Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет