Қазақстан тарихы



бет9/12
Дата20.11.2016
өлшемі1,37 Mb.
#2143
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

35. Шоқан Уәлиханов

1. Сипаттама: Қазақтың ұлы ғалымы,саяхатшы.

2. Хр.кезеңі: 1835-1865ж.

3. Туған жері: Қостанай өңіріндегі Аманқарағайда дүниеге келді.

4. Шыққан тегі: әкесі Шыңғыс Құсмұрында сұлтан болған.

5. Толық аты: Мұхамед-Қанапия.

6. Білімі:

6.1. 12 жасында Омбы кадет корпусына қабылданды.

7. Меңгерген ғылым салалары:

7.1. География.

7.2. Тіл білімі.

7.3. Әдебиет.

7.4. Тарих.

8. Еңбектері:

8.1. Жонғария очерктері.

8.2. Ыстықкөл сапарының күнделігі.

8.3. Қытай империясының батыс провинциясы мен Құлжа қаласы.

8.4. Қырғыздар туралы жазбалар.

9. Тарихтағы орны: Қазақ елін танытқан ұлы ғалым.

10. Қызметі:

10.1. Гасфорттың адъютанты.

10.2. Ыстықкөлдін картасын жасауға қатысты.

10.3. 1856ж. Құлжа қаласына барды.

10.4. 1858-59ж. Қашқария экспедициясына қатысады.



11. Қорытынды: Шоқан аз ғана ғұмырында аса құнды ғылыми еңбектер жазды.

36. Абай Құнанбайұлы – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы

1. Хр. кезеңі: 1845-1904.

2. Туған жері: Семей облысы, Абай ауданындағы, Шыңғыстау баурайында Ұлысай.

3. Шын есімі: Ибраһим, атасы еркелетіп Абай деп атап кеткен.

4. Шыққан тегі: Tобық руы, Әкесі-Құнанбай ел билген би әрі шешен болған.

5. Саяси көзқарасының калыптасуына ықпал еткен-әжесі Зере, анасы Ұлжан, орыс зиялылары, шығыстың ақындары Науаи, Низами, Фирдоуси.

6. Білім жолы: ауыл мектебінде, он жасында Семейдегі Ахмед Риза медресінде оқыды.

7. Шығармашылық, еңбек жолы:

7.1. Отыздан асқанда өлең жазумен айналысты.

7.2. Елуге тарта қарасөздер жазды.

7.3. Орыстың ақындарының шығармаларын ана тіліне аударды – Пушкиннің “Евгений Онегин” шығармасын.

8. Мақсаты:

8.1. Жастарды өнер, білімге және ғылымға шақырды.

8.2. Қазақ халқының сол кездегі болмысын, рулық қайшылықтарын ашу болды.

8.3. Жастарды ел басқару ісіне тартты.

9. Тарихтағы орны – Қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер, ойшыл, қазақ жазба әдебиеттінің негізін салушы.

36. Ыбырай Алтынсарин

1. Хр: 1841-1890 жылдар.

2. Туған жері: Қостанай облысы, Торғай жері.

3. Саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен атасы-Балқожа.

4. Білім жолы – Орынбор шекаралық коммисиясы жанындағы мектеп, 1857 Алтын медальмен бітірді.

5. Ғылыми, еңбек жолы:

5.1. Тілмәш-1857ж.

5.2. Торғай 1864-қазақ балаларына ұстаздық етті.

5.3. Торғай облысының мектеп инспекторы, 1879.

5.4. Ырғызда 1887 жылы қыздарға арнап мектеп ашты.

6. Меңгерген тілдері – араб, орыс, татар, парсы.

7. Жазған еңбектері:

7.1. “Қазақ хрестоматиясы” оқулығы, әңгімелер, аудармалар, өлеңдер.

8. Досы- Потанин.



9. Тарихтағы орны: педагог, ғалым, ағартушы.

38. Сәулет ескерткіштері

1. Анықтама: “мықтың үйі көне құрылыс”. Мық- ергежейлі, бірақ күшті адам деген сөз.

2. Xр. к.-б.з.б III-II мыңжылдық.

3. Көне құрылыстың тарихы:

3.1. Салынуы әдістері – жер бетіне, жеркепе(жерді қазып жасаған).

3.2. Құрылыс материалдар- тас, ағаш, шикі кірпіш, шымдары.

3.3. Күйдірілген кірпіштен қола дәуірінде салынған”Түгіскен кесенесі”.

3.4. Күйдірілген кірпіштен орта тас ғасырында жасалған-Түрік, Қарахандар заманында.

3.5. Киіз үй- арий, тур тайпалары қолданған

3.6. Киіз үй түрлері- күймедегі арбадан, үстіне киіз үй орнатылған арба

4. Орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштері:

4.1. Анықтама: Сәулет өнері- жобалау, салу деген мағынаны білдіреді.

5. Тарихы: қола дәуірінде Беғазы, Дәндібай, Түгіскен қорымдарынан басталды.

6. Айшықты туындылар: “Дың”,”Қозы Көрпеш-Баян Сұлу”,”Домбауыл”.

7. Орта ғасырдағы тарихи ескерткіштер: мешіт, кесене, керуен сарайлар, моншалар.

8. Сәулет өнерінің дамығанын көрсететін ескерткіштер- Айша бибі, Қарахан Жошы хан, Қожа Ахмет Иассауи т.б.



9. XI-XII ғасырда Тараз қаласынан он сегіз шақырым жерде ою өрнекпен өрнектелген ғимарат- Айша бибі кесенесі.

10. Қарахан кесенесі Тараз қаласының маңында орналасқан.

11. Жезқазған қаласынан қырық шақырымда Кенгір өзені бойында XIII ғасырда күйдірілген кірпіштен салынған – “Жошы хан күмбезі”.

12. Қарахан дәуірінде салынған ескерткіштер- Айша бибі, Аяққамыр, Болған апа, Қарахан, Бабаджа қатын.

13. Алтын орда заманында салынған – Жошыхан, Абай, Байтақ Сарайшық.

14. Қазах хандығының заманында салынған ескерткіштер- Алаша хан кесенесін Қасымхан салғызған.

15. Ислам дінінің ғұламасы, сопы Қожа Ахмет Йасауи кесенесі-Тараз қаласында Әмір Темір бұйрығымен 1396 -1404 жылы салынған.

16. “Пантеон” – грек тілінен аударғанда “құдайлар мекені” деген мағынаны білдіреді.



39. Наурыз мейрамы

1. Қазақ халқының ұлттық мейрамы.

2. Анықтама: Әр халықтың өзіне тән ұлттық салт-дәстүрлері мен ұлттық мәдениеті бар.

3. Қазақ халқының ұлттық мейрамдары:

3.1. Бесік той, шілдехана, тұсаукесер, сүндет той, үйлену тойы, қыз ұзату, жар-жар және т.б.

4. Наурыз мейрамы

4.1. Анықтама: Наурыз-парсы сөзі қазақша мағынасы “жаңа күн”, “Ұлыстың ұлы күні”.

4.2. Қазақтар үшін жыл басы 22 наурыз күн мен түннің теңелген уақыты. “Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің, үзілер шағы”.

5. Наурыз күнінің тойлану шарттары:

5.1. Бар жақсысын киіп, бір бірін құшақтап, төс қағыстыру.

5.2. Жеті түрлі тағам қосылған наурыз көже дайындалады.

5.3. Аула тазартылып, ағаштар отырғызылады.

5.4. Бірі-біріне жақсы тілектер айтып, ұлттық ойын сауық өткізіледі.

6. Наурызға қатысты бата тілектер айттылады, “Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын”, т.б.



.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет