Қазақстандағы жоғары білім


//Сыр бойы.-2013.-5 қараша.- 1 б



бет7/8
Дата04.11.2016
өлшемі4,13 Mb.
#197
1   2   3   4   5   6   7   8

//Сыр бойы.-2013.-5 қараша.- 1 б.


Рая МЫРЗАҒАЛИЕВА, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі, қазақ тілі мен педагогика пәндер бірлестігінің жетекшісі.
КӘСІБИ БІЛІМ БЕДЕРІ

Жуырда Қызылорда қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі базасында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыру» тақырыбында республикалық семинар өтті.

«Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты техникалық және кәсіптік білім берудің сапасын, тиімділігін және өзектілігін арттыруға ықпал ету болып табылады. Семинарға аталған республикалық орталықтың қызметкерлері мен облыстағы колледж басшылары, оқу бөлімінің меңгерушілері, әдіскерлер, оқытушылар және өндіріс шеберлері қатысты. Шара үш бөлімнен тұрды. Атап айтқанда, бірінші бөлімде қатысушылар үлгілік оқу жоспары моделінің негізінде оқытудың толық мерзіміне оқу жоспарын әзірлесе, екіншісінде техникалық және кәсіптік білім берудегі дуалдық оқыту жүйесінің мәні түсіндірілді, ал соңғы бөлімде кәсіптік дайындық деңгейін бағалау жүйесін жетілдіру бағытында жұмыстар жасалды. Сондай-ақ, семинар барысында аталған тақырыпқа қатысты бірқатар баяндамалар оқылып, талқыланды. Соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді.

//Сыр бойы.-2013.-5 қараша.- 4 б.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қызметкерлері баспасөз беттерінде

Аягөз ӘБДІРАЗАҚОВА, Қорқьгг Ата атыңдағы ҚМУ-дың аға оқытушысы

Құқығын білген қапыда қалмас

Біз ақпаратты ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Қазір ақпараттың өзіндік құны бар. Құнды ақпарат қымбат тұрады. Газет, журнал оқысаңыз, телеарна көрсеңіз немесе интернетте қажетті ақпаратты іздесеңіз, сіз әрқашан ақпарат үшін төлейсіз. Бұл — жиырма бірінші ғасырдың аксиомасы. Кез келген адамның құқығының реттелуін екі жақты қарастыруға болады. Оның бірі адамның шынайы, туғаннан бергі ажырамас кұқығы болса, келесісі — мемлекет тарапынан шығарылатын заңдар негізіндегі адамның құқығы мен бостандығының өлшемі.

Журналист ретінде ақпарат алу мен тарату барысында сақгауға тиісті заңдар бар. Журналисттің құпия ақпарат және оның түрлерін білу заңдық сауаттылығы болып табылады. Құпия ақпарат шектеулі ақпарат деп нақтыланып көрсетілген. Оның біріншісі мемлекеттік құрылымдардың құқықтарына арналған. Бұл ақпараттың түріне заңмен қорғалған бірнеше құпия кіреді. Ең негізгісі — қызмет құпиясы. Ақпараттың бұл түрі мұқият қорғалады. Егер акша төлеп, қорқытыпжолы арқылы бұл ақпаратка қол жеткізсеңіз, ҚР Азаматтық Кодексінің 126-бабы бойынша жауапқа тартылатындығыңызды естен шығармаңыз.

Қылмыстық оқиғаларға қатысты материал жазатын журналистер үшін білуге тиісті тағы бір маңызды бір мәселе — тергеу жүргізу құпиясы. Жауап алу немесе алдын ала тергеу туралы ақпарат заңмен қорғалады. Тергеуші немесе жауап алушы журналистке қандай көлемде мәлімет беруді өзі шешеді. Осы салада қалам тартатын журналистер судьялардың кеңесу құпиясының бар екендігі де қаперлерінде ұстауы тиіс. Сотқа құрмет көрсетпегені үшін ҚР Әкімшілік құқық-бұзушылық Кодексінің 513-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Шектеулі ақпараттың үшінші категориясы әркімнің жеке құқықтарын қортауға қатысты. Бұл маңызды ақпарат болып табылады. Жеке азаматгардың кұқықгары мен бостандықтарына қатысты ақпараттар шектеледі. Мысалы, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта жәңе басқа да байланыстар құпиясы. Бұл құпия Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабының 2-тармағымен қорғалады. Бұл талапты орындамаған жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 143-бабы бойынша жауап беруге дайындала беруіңіз қажет. Заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпаратқа келетін болсақ. Мемлекеттік органдар, қоғамдық және басқа да ұйымдар қандай меншік формасына жататынына қарамастан, сол сияқты лауазымды адамдар, өз қызметі жайында БАҚ-қа ақпарат беруге міндетті екендігін де біле жүргеніңіз абзал. Заңмен қорғалатын құпияларға кірмейтін басқа ақпаратгар журналистерге ешқандай шектеусіз берілуі тиіс. Бұл дегеніңіз, жоғарыда аталғандардан басқа ақпаратты бермеу заңсыз болып табылады.

Осы зандылықтарды сақтай отырып, оқырманыңа қызықгы, әсер ететіндей, айтатыны бар ақпарат беретін журналист қызметінің оңай еместігі ақиқат. Ең бастысы, өсек-аяң мен ресми ақпаратты айыра білу қажет.


//Халық.-2013.- 7 қараша.- 3 б.

Гүлнар Дүйсебаева, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің студенті



Демография дегенше, қалың мал құнын айт
Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп, бірлігі жарасқан елмен бірге жасасып келеміз. Қаймағы бұзылмаған еліміздің әл-ауқаты жақсарып, біршама жетістіктерге жетгік. Соның бір айқын көрінісі - елді де, Елбасын да елеңдетіп отырған демографиялық жағдай. Халқымыздың саны біршама көтерілгеніне қуанамыз. Уақыт ағымында өткізіліп отырған халық санағы, жас аналарға жағдайдың жасалуы, халқымыздың санының артуы жолындағы игілікті істер сөзімізге тұздық болады. Десек те, кешегі зұлматты жылдардың зардабын тартқан жәудір көздеріміздің қыршынынан қиылып, өрімдей жастардың өлім құшканы, ашаршылық сияқты нәубет жылдардьщ салдарынан еліміздің өсіп-өркендеуінің біршама кешеуілдегені белгілі.

Қазіргі кезде республика көлемінде 16 млн. 954 мың халық бар. Бір кездері небәрі 4 млн. 400 мың халық болған. Олардың 7 пайызы қалада қоныстанушылар болса, 93 пайызы ауылда тұрған. Тарих беттері осылайша ақпар береді. Дегенмен осы күнімізге шүкіршілік еткенімізбен, өркениетті елдер қатарында көш бастаған азулы мемлекеттермен тереземізді тең ұстап, халқымыздың өсіп-өркендегені артықтық етпеген болар еді. Осындай сәтге әйел затының орны ерекше. Тұрмыс құрып, бала сүю әйел затының міндеті болса «ұлын ұяға, қызық қияға қондыру» - әрбір ата ананың арман тілегі, әрі парызы. Құда түсу, қыз ұзату – қазақтың қашанғы салт-дәстүрі. Қыз бар жерде қалың мал мен жасау бар. Ерте кезде құда түскен қыздың артынан ірі қарасын әкеліп берсе, бүгінгі күні қалың малдың құлқыны «ерді жарсыз, жасты арсыз» етуде. Осылай дейміз, себебі мансап куған кей аруларымыздың ойында тұрмыс кұру қайдан болсын. «Отырған қыз орнын табар» деген аталы сөздің астарындағы мән біршама өзгерген бе?

Жоғын жоқтап, мұңын мұндағанымызбен, шешіле қалар іс те жоқ. «Қалың мал қайда барасың?» деп екі қолды қалтаға салған ерлердің саны көбейген. Осыдан шығар қорытынды, ер-азаматтарымыз қалың малдың күйін күйттесе, қыздарымыз тұрмысқа шықпай мансап куып жүре берсе, не болады? Өткен зұлматты жылдардың лебі қайта есіп, халқымыз тоқырамаса игі... Қазақтың бітпейтін салт-дәстүрінің озығы да, тозығы да бар. Жағасы жайлаудағылардың жасаған жөн- жоралғыларын жасамаққа талпынатындарға аз-маз елеп, ескеретін біршама дүниелердің бар екенін баса айту керек-ак.

//Халық.- 2013.- 7қараша.- 8 б.



Жамал Әбенова, ғылыми-техникалық кітапхана директоры

«Абай жолы» жас ұрпаққа мол мұра

Университеттің ғылыми-техникалық кітапханасының қызметкерлері 2013 жылдың 23 қазанында «Қазақ тілі және әдебиеті, журналистика» кафедрасының К-11-1 оқу тобының студенттеріне мерейтойлы кітаптар аясында «Абай жолы» - эпопеясы –тағылымы терең тәрбие құралы» атты танымдық сабақ өткізді. Іс-шара мақсаты Ұлы классик, заманымыздың заңғар жазушысы, әдебиетіміздің шыңы М.Әуезовтің «Абай жолы» романы арқылы қазақ поэзиясының алыбы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімді тереңдету. Студенттер ұлы жазушының ұлы туындысы туралы өз ойларын ашық айтып, сабақтың тартымды өтуіне белсене ат салысты. Шабыттанған жастар Махамбетова Айдана, Жүзеев Серікхан, Тәшімов Нұрлан, Әбілда Елжас, Бектай Ақнұр, Қалдыбай Таңшолпан, Матназарова Айдана, Маратова Меруерт, Алмағанбетова Жанерке және т.б. ақын өлеңдеріне қоса өздерінің жүректерінен шыққан жыр жолдарын мәнерлеп оқыды. «Абай жолы» -рухани асыл мұра» атты кітап көрмесі де оқырмандар назарына мол мәліметтер ұсынды. Іс-шараға қатысқан филология ғылымдарының кандидаты Ш.Бекмағанбетов танымдық сабақтың маңыздылығына тоқталып, ұйымдастырған кітапхана қызметкерлері К.Ахметова мен Р.Доспаеваға ризашылығын білдірді. Үздік оқырмандар бағалы сый кітаппен марапатталды.

//Сыр түлегі.- 2013.- №8,қазан.- 6 б.

Икрам ЖҰБАНИЯЗОВ,тарих ғылымдарының кандидаты

ТАРИХТЫ ОҚЫТУДЫҢ ТАҒЫЛЫМЫ

Президент Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор» деп айрықша атап көрсеткен еді. Сондықтан да жоғары оқу орындары алдында педагогтар дайындауда басты мақсат – кәсіби тарихшыларды дайындау талаптары тұр. Себебі соңғы жылдары тарих ғылымының барысында әр түрлі методологиялық тәсілдер қалыптасқан және жасалып та келеді. Сондай-ақ, тарих оқулығының мазмұнына байланысты және тарихшылар алдында күрделі ғылыми теориялық мәселелердің шығуы, ғалымдарға жаңа мазмұнды әдістерді іздеу мен тарихты оқыту технологиясын үйренуде үлкен еңбек ету қажеттігі тұр.

Кеңес дәуірінде бүкіл дүниежүзілік процесті түсіндіруді үстем болған маркстік-лениндік методология бойынша дәйектілікпен алмасып тұратын қоғамдық-экономикалық формация процесі деп саналатын теорияны қабылдауды талап етіп келгендігі белгілі. Бірақ маркстік-лениндік теория бірыңғай методология болғандықтан көп ұзамай кеңестік кездің өзінде ғылыми зерттеуде, тарих ғылымының дамуына мүлде дұрыс ықпалын тигізбеді және елдегі тарих білім жүйесіне де кедергі бола бастағандығы жұртшылыққа белгілі. Маркстік-лениндік методология антогонистік таптарға барынша көңіл аударған еді, революцияны абсолюттендірді, эволюциялық дамудың маңызын төмендетті және инволюциялық мүмкіншілікті жоққа шығарды. Демек, маркстік формациялық тәсіл социализмнің теориясы мен практикасы төңірегінен аса алмады және білім мен тәрбие теориясында осылайша қаралды. Сондықтан 90 жылдардан бастап маркстік-лениндік методологиядан бас тарту жаңа методологияны іздеуге әкеліп соқтырады. Дегенмен де тез арада басқа методология табылды. Осы кезден бастап өркениеттік методология тәсілі ел ішінде кеңінен таралып насихаттала басталған еді. Алғашқы кезде ғалымдар арасында бұл теорияны маркстік ілімнің орнына механикалық түрде алмыстыра салу керектігі де кеңінен айтылған еді. Аталмыш теорияда адамзат баласының қоғамы, өркениеттің кейбір әлеуметтік жүйе циклінің жиынтығы болып табылатындығын атап келеді. Бірақ қазіргі кезде ғалымдар циклдік даму іс жүзінде мүмкін еместігін түсініп отыр, себебі ол ішкі тұрғыдан алғанда тұйықтылықты қажет етеді және бірде-бір өркениет басқа әлемнен оқшаулана өмір сүре алмайтындығы айтылып отыр. Сонымен бірге, өркениеттің ыдырауының өзі жаңа өркениеттің қалыптасу процесіне әсерін тигізетіндігін тарихтың өзі дәлелдеп берді. Өйткені ежелгі Грек өркениеті ежелгі Рим өркениетіне зор мәдени әсерін тигізді, өз кезеңінде ежелгі Рим Батыс Европа өркениетінің қалыптасуына ықпал жасаған, византиялық – орыс өркениетіне, советтік – қазіргі Ресейге және т.б. Яғни, тарихи цикл тұйық еместігі және ол адамзаттың тұтас үдемелі дамуын да жоққа шығармайды. Бұл теорияны әр кезеңде жете зерттегендер – Джамбатиста Вико, О.Шпенглер, кейбір жақтарын Дж.Тойнби, Ф.Бредель және Н.Я.Данилевский, А.Н.Гумилев және басқалар. Дегенмен де, өркениеттік методология әлі де болса толық жете зерттелмеген.

О.Шпенглер өздеріне бөлінген әрбір өркениеттің ерекшелігіне қарады. Ал, Дж. Тойнби жете түсінген, тарихты бір ізге салу фактілердің өрескел бұрмалауына және тарихи ой өрісінің тарылуына әкелетіндігі, адамзат баласының ерекше қайталанбас жеке өркениеттегі жалпы қозғалыстың сырын ашқан еді. Ф.Бредельдің пікірінше, әрбір өркениет өзіне көршілес және онда арғы өркениеттің белгілі бір құндылығын қабылдайды және өзінің құндылығын өз шекарасынан әрі қарай кеңінен таратады деп көрсеткен. Өркениет теориясы ХІХ-ХХ ғасыр аралығында белсенді түрде формациялық тәсілді толық ысырап ауыстырды деп есептей бастаған. Себебі бұл теория да бұрынғы сияқты, негізінен, ағарту және тәрбие бағыттарын сақтай отырып, ұлттық идеяларды нығайтты. Бұл теорияның көмегімен отандық және жалпы тарихты түсіндіру мүмкін деп есептеді. Өркениеттік тәсілдің үлкен артықшылығы бар екендігі талас тудырмайды. Себебі бұл да әлеуметтік-мәдени тарихпен үйлесімді келеді. Қазіргі таңда анықталғандай, бұл теориялық тәсіл де универсалды емес, бұл да шектеулі және жеткілікті түрде жете зерттелмеген. «Өркениет» ұғымын талдау негізінде жиырмадан астам анықтамасы белгілі болып отыр. Бұл өркениет теориясының мәнін толық түсінуде қиындықтар туғызатыны анық.



Соңғы жылдары жоғары оқу орнында және орта мектептерде тарихтан саналы білім беруде теория мен әдістеме мәселелерін жетік білуге үлкен мән беруде. Ғалымдардың пікірінше, тарихтан сапалы білім беруді орта мектептен бастап, тарихтың іргелі пәндеріне үлкен көңіл аударуды талап етіп отыр. Атап айтқанда, «Дүние жүзі тарихы», «Адам және қоғам», «Құқықтану негіздері» мен «Алғашқы қоғам тарихын» оқытудың кейбір кемшілік тұстары аталып, оларды жою жолдары белгіленеді. Әсіресе, орта мектептің төменгі сыныптарында тарих пәнінен сабақ беруді, тәжірибесі аз оқытушыларға емес, керісінше тәжірибесі мол, білікті оқытушыларға тапсыруды және 5-7 сыныптарда тарих пәнін жүргізетін оқытушыларды арнайы курстан өткізуді мектеп директорынан талап етуді ұсынып отыр. Себебі орта мектептен бастап жоғары оқу орнында тарихтың іргелі пәндерін оқытатын оқытушылар теориялық мәселелердің негізін терең білетін тәжірибелі әдіскерлер болуы тиіс. Бұл ретте, орта мектептерге арналған іргелі пәндердің оқулықтары мен бағдарлама мазмұнын жақсартуға үлкен мән беріліп келеді. Соған байланысты «Ежелге дүние тарихы» пәніне арналған бағдарламаның мазмұны талапқа сай жасалып, оның бірінші бөлімінде алғашқы қоғам тарихын оқытудың теория және әдістеме мәселелеріне ерекше мән берілген. Себебі «Ежелгі дүние тарихының» кіріспесінде алғашқы қоғам құрылысының жіктелу процессі оқылатыны ескерілген. Әрине, орта мектеп тарихында іргелі пәндермен қатар, Отан тарихы оқылатыны белгілі және оның қажеттілігі түсінікті, себебі егеменді елдің жас ұрпақтары өз Отанының тарихын мақтан етуге міндетті. Сондықтан да орта мектеп тарихының басты міндетті ісі ағартушылық және тәрбиелік мәселелерді іске асыру болып табылады. Ал, жоғары оқу орнында тарихтан білім беру өзгеше. Онда мектеп курсында оқылып кеткен тарихи оқиғаларды қайталап оқыту өзекті мәселе емес. Басты мақсат студенттерге іргелік пәндердің теориясын білумен қатар қабілеттілікті, дағдылықты үйретумен бірге, өзін қоршаған ортадан емін-еркін хабардар болуды үйретеді және оларға тарих тұрғысынан ойлауды қалыптастырады. Тарих тұрғысынан ойлау (историзм мышления) – қазіргі таңда білімді адамның маңызды бір мәдениеттілігі, оның шексіз тізбектелген тарихи фактілерге баға бере алатын қабілеттілігін сипаттайтын бірден-бір көрсеткіші. Тарихты оқыту процесінде тарих тұрғысынан ойлауды қалыптастыру үшін бұл ғылымның методологиялық негізін қалыптастыруға ерекше көңіл аудару өте қажет, себебі оның қоғам дамуын түсінуге маңызды және шынайы білімге барынша жақындап жетуге әсері бар.

Жоғары оқу орнында тарихтан сапалы білім беруді арттыруда теория мен практиканы үйлестіру әдістерін қолдану өте маңызды. Оны бірінші курста өтетін алғашқы қоғам тарихы пәнінен бастаған жөн. Себебі пәннің зерттейтін объектісі – адамзаттың пайда болуынан бастап, алғашқы қоғамның жіктелуімен таптық қоғамның қалыптасуы және мемлекеттің пайда болуына дейінгі кезеңді теория тұрғысынан зерттейтін іргелі ғылым. Кеңес дәуірінде алғашқы қоғам тарих пәні ежелгі дүние тарихының кіріспесіндегі Энгельстің «Семья, меншік және мемлекеттің пайда болуы» атты еңбегінің негізінде оқылғандығы белгілі. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының бастап өркениеттік методология тәсіліне ауысуға байланысты алғашқы қоғам тарихы «История первобытного общества» деп аталатын жаңа оқулық негізінде оқылып келеді. Біріншіден, оқулықтың ерекшелігі – егерде бұрын алғашқы қоғам тарихы Энгельстің еңбегімен шектеліп оқылса, енді б.з.д. антик ойшылдары еңбегінен бастап, ХІХ ғасырдағы атақты ғалымдардың алғашқы қоғам тарихын зерттеудегі өзектілігі мен оны қалпына келтірудегі жасаған ұсыныстарының маңыздылығы көрсетілген. ХІХ-ХХ ғасырлар аралығында жаңа ғылыми жетістіктерге сүйеніп, адам және қоғамның қалыптасуы, кемелденген алғашқы қауым құрылысының коллективтік табиғатын және жеке меншіктің пайда болу барысында оның ыдырау процесі, қоғамдық таптар мен мемлекеттің шығуы көрсетіліп, қорытынды бөлімінде алғашқы қоғам мен өркениеттің ара қатынастары және олардың нәтижелері баяндалған. Екіншіден, мақалада теория немесе әдістемеге байланысты мәселелердің бәрін қамтымай, тек танымал теориялық қағидаларды практикамен үйлестіру жақтарын студенттерге түсіндіру мақсаты қойылып отыр. Жоғары оқу орнында тарих факультеті студенттері «Ерте таптық қоғам және мемлекеттік қалыптасуы» атты тақырып бойынша алғашқы сабақтары өтетіндігі мәлім. Бұл тақырыптың Шығыс елдері мемлекеттерінің тарихынан басталатындығы да түсінікті. Өйткені б.з.д. мыңдаған жылдар бұрын пайда болған мемлекеттердің тарихы күрделі де қызықты. Сондықтан, оқу процесінде оларды түсіндіру барысында тарихи фактілерді тізбектелген факталогияға айналдырмас үшін, Ежелгі Египет мемлекетінің пайда болу қарсаңында оның алғышарттарының жасалуына әсер ететін негізгі факторды анықтау арқылы алғашқы қоғамның ыдырауы мен қоғамдық таптардың қалыптасуын қысқаша теориялық тұрғысынан түсіндірген дұрыс. Мысалы, кеңес кезіндегі теорияда көп уақытқа дейін қоғамдық таптардың қалыптасуына өндірістік фактор ең басты деп қаралған, ал кейде қазірдің өзінде металдың шығуы немесе оның пайдалы қасиетін игеруді, тастан металға ауысуын айтып келді. Бірақ қазір белгілі болғандай, қоғамдық таптардың қалыптасуы дәуірінде, металл түгелдей бар жерлерде бірдей игерілмеген, бар жерде бірдей әсер еткен шаруашылықтың одан әрі дамуы, бірінші кезекте өндіруші, сондай-ақ соған ұқсас жоғары дәрежеде мамандалған тұтыну шаруашылығы деп көрсетілуде. Өндіруші шаруашылықтың алғашқы қауым сатысында қалыптасуы оның таптар пайда болу дәуірінде прогрессивтік дамуына мүмкіншілік жасады. Әр түрлі жүйедегі егін шаруашылығы қалыптасып, кешенді егінші мал өсіруші шаруашылық және мал шаруашылығы қалыптаса бастаған. Дегенмен де, алғашқы қоғамдағы егіншіліктің эволюциясы қалай дамығандығы белгісіз. Бірақ бұл туралы үстем етуші пікірлерде, жер жыртатын құралдардың шығу тегі тырмалау құралдардан басталатыны айтылуда, онымен жол-жол (борозда) салуға және егіншілікті тырмалау үшін пайдаланғандығы туралы археология және этнография ғалымдары растап отыр. Алғашқы кезде бұтақты таяқ арқылы жерді бірнеше адамның күшімен тартып өңдеп отырса, көп ұзамай қолмен жер өңдеудің орнына мал жегіп жерді өңдеуге көшкен. Қол еңбек құралымен жер өңдеуге қарағанда, мал жегіп айдалған жердегі еңбек өнімділігі бірнеше есеге арттырылады. Мал күшін жегіп айдаудың қажеттігі жегетін малды өсіруге ынталандырып, мал шаруашылығының түрлері одан әрі тереңдеп және тармақтанып бөлініп шыға бастады. Ақырында егіншіліктен мал шаруашылығының бөлінуі бірінші ірі қоғамдық еңбек бөлісін шығарды. «Бірінші ірі қоғамдық еңбек бөлісінен қоғамда бірнеше ірі екі тап пайда болды: мырзалар және құлдар, қанаушылар және қаналушылар». Демек, егіншіліктегі эволюциялық даму негізінде өндіруші шаруашылықтар бар саласындағы еңбек құрал-жабдықтардың жетілуі қоғамдағы жіктелу процесін жеделдетіп отырды.

Мемлекеттің пайда болуы мен таптардың қалыптасу дәуірінде бірінші қоғамдық еңбек бөлісінің тереңдеуі және екінші ірі қоғамдық еңбек бөлісінің қалыптасуымен қатар, алғашқы қауым құрылысында алмасу ере жүріп дамыды. Ерте алғашқы қауым дәуіріндегі коллективтер ерекше табиғи орта берген байлықпен алмасты, ал кешеуіл алғашқы қауымда анағұрлым кең тараған алмасудың басқа түрі, сый алмасу болды. Енді мәдени-шаруашылық түрлерінің жіктелуі және осы алмасуларға негізделген экономиканың одан әрі дамуы, бұл алмасудың екі түрі одан да бетер үлкен маңызы болды. Бірақ, олардан да маңызды болған – шынайы экономикалық алмасудың пайда болуы. Бұның ерекшелігі – сый алмасуға қарағанда байланысты соншалықты қадірлеу емес, алмасу жолымен алынған заттарды бағалау болды. Беделді, әсіресе, шынайы экономикалық алмасу қоғамында заттарды айырбастау кезінде баламасы туралы түсініктің қалыптасуына мүмкіндік туды. Олар әр түрлі заттардан құралды айырбастаушылар өздерінде сирек кездесетіндіктен алмасатын заттары құнды болып саналады, экзотикалығымен немесе оларға сіңірген еңбегімен бағаланады. Айырбастау операциялардың артуы көп уақытқа дейін осы салада арнайы мамандарды – саудагерлерді қажет етпеді. Бұл операцияларды қоғамда өнім өндірушілердің өздері айналысқан, әсіресе, көсемдер мен бигмендер, олар үшін айырбастаудағы делдалдық және айырбастағы баламалықтан қор жинап, өздерінің мәртебесін көтеруде ең маңызды тәсіл болды. Бірақ, кәсіби немесе жартылай кәсіби саудагерлердің шығуы үшінші ірі қоғамдық еңбек бөлісінің пайда болуын көрсетті. Энгельс енді мұны ерте таптық қоғамға жатқызды. Алғашқы қауым құрылысында мамандалған саудагерлердің пайда болуы бірден емес, кем-кемнен қоғамдық таптар қалыптасу дәуірінде пісіп-жетіліп отырды.

Қорыта келе, алғашқы қоғамның ыдырауына және қоғамдық таптардың қалыптасуына әсер еткен негізгі фактор – өндіруші шаруашылықтағы кешенді дамыған, егіншілік пен мал шаруашылығы және металлургияның негізінде пайда болған қолөнер мен сауда. Оқу процесінде студенттерге осы қысқаша жасалған теориялық тұжырымды практикамен үйлестіру әдісін қолдану негізінде түсіндірген дұрыс. Бұл іргелі ғалымдардың жалғасы жоғарғы курста оқытылатын іргелі пәндерде жалғасын табады.

Әрине, егемендікті алғаннан кейінгі кезде халқымыздың өткен тарихы және тәуелсіз үшін күрескен тарихы тұлғалар мен әр ру тайпалардың өз батырлары, ақындары мен жыраулары және молдалары туралы тарихы зерттеулердің құндылығы мен қажеттілігі белгілі. Дегенмен де, жоғары оқу орнының басты мақсаты орта мектептер оқушыларына адамзат тарихының даму процесінде бастан кешкен бес қоғам тарихынан теориялық білім беру кәсіби тарихшының қасиетті міндеті. Сондықтан тарих кафедрасының міндеті студенттерге, магистранттарға іргелі ғылымдар теориясы мен әдістеме мәселелеріне үлкен мән беру көзделіп отыр. Ғылыми методикалық семинарларда іргелі ғалымдардың өзекті мәселелері мен жаңа методологиялық тұжырымдар туралы зерттеулерді талқылау қарастырылуда. Әсіресе, студенттер мен магистранттардың диплом жұмыстарын іргелі ғалымдарға байланысты ізденістердің аясын кеңейтуді ойластырып келеді. Сондай-ақ курстық, бақылау жұмыстарының тақырыптарын іргелі ғылымдарға сәйкестендіруді қарастыруда. Іргелі пәндердің сапасын арттыру барысында тәжірибелі оқытушылардың жастарға үйрету жақтарын үнемі тұрақты бақылауға алуды ескеру керек.




//Сыр бойы.-2013.- 9 қараша.- 7 б.


Қамар БЕКЕТОВА, ҚМУ-дың аға оқытушысы, экономика ғылымдарынын кандидаты.

ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ НАРЫҚ

Баға құрылыс мекемелеріндегі шарауашылықта басты рөл ойнайды. Сондықтан олар жиі өзгеріске ұшарамауы керек. Кешегі "өтпелі кезең” деп айдар таққан қиын-қыстау жылдарда баға құрылыс өнімінің шынайы құнынан ұшып, тым шарықтап кетті. Ал, олардың табиғи өсуі инфляцияны өршітті және өндірістің тиімділігін төмендетуге әкеліп соқты. Қазір әртүрлі өнім, өндіріс және материалдар бағаларының өсуі әр тоқсан сайын индексацияны болдырады. Сонымен қатар, елдің әр аймағында индекстер өздерінің ерекше белгілеріне ие. Құрылыс мекемелерінің көбісі өндірілетін өнімге баға қою құқығын пайдаланбайды. Ол аймақтық басқару органдарымен 1991 жылы басылып шығарылған сметалық құнның қайта есептеу коэффициенті бекітілген құралмен анықталады.

1990 жылдардың ортасында шаруашылық байланыстың бұзылуының нәтижесінде құрылыстағы бағаның өзгеруі қалыптасты. Бұған инвесторлардың қаржы мүмкіншіліктерінің қысқаруы да әсер етті.

Баға факторы – тұрғын үй нарығындағы даму тиімділігінің негізгі өлшемі болып табылады. Баға сұраныс пен ұсынысқа байланысты жинақталады. Екінші кезең, Қазақстандағы тұрғын үй нарығының тұрғын үй бағасының тиімді өсімімен қатар жүрді. Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің бағасы соңғы жылдары соншалықты жоғары болып, тіпті шетелдік үйлердің (Канада, Чехия, Испания, АҚШ) баға ұсынысын да басып озды.

Бұл үрдістер абсолютті спекулятивті (алыпсатарлық) факторлармен қатар жүрді. Тұрғындардың көпшілігі тұрғын үйлерді қайта сату мақсатында сатып алып жатты. Соңғы жылдары тұрғындардың көп қаражаттары тұрғын үй мүлік объектілерінде финансты құралға салым ретінде қолданысқа ие болды. Тұрғын үй алуға арналған ипотекалық несиелердің көпшілігі адамдарды ипотека алуға итермеледі. Адамдар тұрғын үй бағасының тұрақты өсуіне сенім артты, соңғы 3 жылда қатты өсіп кетті.

Нақты кезеңде ел тұрғындарының басым бөлігі тұрғын үйді мемлекеттік "Тұрғынүйжинаққұрылыс банкі” арқылы сатып алуды жөн санайды. Чехияда ел тұрғындарының 60%-ы, ал Германияда 55% отбасы баспананы мемлекеттік тұрғын үй банкі арқылы алады екен.

Құрылыс материалдар нарығындағы бағалардың қозғалысы өнімнің отандық өндіруші және импортталатын аналогтардың динамикасына байланысты болады. Республикадағы құрылыс активтілігі көптеген құрлыс материалдарының өндіріс көлемі өсуіне әкелді. Қазіргі уақыттағы инвестициялық материалдардың ішкі нарығында орта есеппен өзіндік өндірістің есебінде қамтамасыз етіледі. Жетіспегендері басқа елдерден әкелінеді.
//Сыр бойы.- 2013 ж.- 12 қараша. – 4 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет