Қазыбай Құдайбергенов, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың профессоры
Нан қадірін өсиет еткен
Сыр-Ана өзінің аяяы қүшағына талайларды тартып, оларды алаламай өмірге қанаттандырған. Арғы тарихқа бармай-ақ сонау Оралдан келіп, Сыр елі тарихын зерттеп оның ерекшеліктерін екшеп үрпаққа қалдырған профессор Мәди Кереев, Сарыарқаны сағынышым деп армандап жүріп, өзінің барлық саналы өмірін Сыр еліне арнап өмірден өткен профессор Абылай Айдосовты айтсақ та жеткілікті. Қазақтың кең даласының әр түкпірінен келер Сырананың қүшағында мәңгі байыз тапқандар да жеткілікті. Мен олардың ішінен өзім білетін екі түлғаны ғана атадым. Ерекше құрмет тұтқан, қызметтес болған екі ағама тағы біреуін қосып, өздеріңізге үсынбақпын. Ол - Қазақ ССР- нің еңбек сіңірген агрономы, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, КРОС-35В күріш сортының авторы, даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтың әлемдік рекордының ғылыми жетекшісі агроном Әнес Алтынбеков.
Ә.Алтынбековпен бірнеше жылдар ғылыми пікірлес, қызметтес болған Жақсылык Төлепов деген азамат маған оның «Дән қадірі» (Алматы, «Қайнар» баспасы, 1982ж.) атты шағын кітапшасын ұсынып тұрып: «Бұндағы кұріш жайлы ұсыныс, пікірлер қанша уақыт өтсе де, қазіргі уақыт талабымен үндесіп жатканына назар аударсаңыз», — деді. Бас көтермей окып шығып, Әнес аға арқылы Ыбырай атаның ішкі дүниесінен тұратын зертханасын аралағандай болдым, кітап құдіретіне тәнті болғаным сонша, қазір онша кездесе бермейтін, ұмытыла бастаған 50-ден аса мақал-мәтелдерді көшіріп алдым.
Әнес Алтынбеков Балқаш көлінің теріскей бетінде «Дересін» деген жерде Балқашқа құятын Тоқырауын өзеннің бойында өмірге келген. Дересін моңғолдың «нулы, шилі жер» деген мағынаны береді екен. 10 жасында еңбек жолын қойшылықтан бастаған ол «Алтын алма, алғыс ал, алғыс алтын емес пе?» — дегендей, қой терісін иін қандырып илеп, одан шалбар, тон тігіп, талайлардың алғысын алыпты.
Тоқырауын бойына бидайдың «Қожа бидай», «Ақбидай» деп аталатын сортгарын егіп, әр гектардан 40-50 центнерден өнім жинаған. «Бір жыл тұт еккен кісі жүз жыл гаухар тереді» деген қағиданы ұстанған Әнес аға осылайша егіншілікке бой ұрады.
Әкесімен аталас Алматыдағы Бейіс ағасының үйінде жатып, Алматының ауыл шаруашылығы техникумына түседі. Бейістің қарындасы Күләш Байсейітова да осында тұрып, кейін Қанабек Байсейітовке тұрмыска шығып, аты әлемді шарлап кетеді. Бұл техникумды Асаннын ардакты ұлы Ораз Жандосов та бітірген. Әнес ағаның ауылға яғни, 1931 жылы Қызылорда облысындағы Қаркеткен МТС-не бас агроном болып келуіне тікелей ақыл берген де сол аға.
Әнес аға Сыр еліне келгенде диқандар күріштің «Қазақ салы», бидайдың «Сыр бидайы», тарының «Дөкей тары» деген тұқымдарын егіп, мол өнім алыпты. «Қазақ салының» дәні ірі мықты тез өскенмен су тартылысымен жығылып қалып, орып жинауға қиындық әкеледі екен. Күріштің қадір-қасиетіне енді ене бастаған жас агроном Әнестің ойына қасиетті күріш түқымының осы кемшілігін жою туралы идея ұялай береді. Оның ғылымға деген алғашкы қадамы осы ойдан туындады. Жергілікті басшылардан колдау таппаған Әнес аға 1934 жылы Советтердің өлкелік съезіне делегат болып сайланып, жоғары мінберден сөз алып, нақты фактілермен ұсыныстарын дәлелдеп, Сыр бойындағы егін шаруашылығындағы кемшіліктерді жайып салып, одан шығудың жолдарын ұсынады.
Сыр бойында колхоздар ұйымдастырылып, күрішке деген көзқарас өзгере бастайды. Қырқыншы жылдары егіс тәжірибесіне ене бастаған ауыспалы егіс талабын батыл қолдап, күріштің күрмектен арылуына жол ашады. Себебі жер тоза бастағанда бидайды қарамық басса, күрішті күрмек басатынын, Сыр бойының топырак құрамын, ауа райын, су ыңғайын 9 жыл зерттеп Әнес аға дәлелдеп береді. Ол кезде Сыр өңірінде 40 түрлі дақылдар: күріш, үпілмәлік, зығыр, бұршақ, мақта, судан шөбі, күнжіт, т.б. егіліп мол өнім алынатын.
Елбасымыздың жақындағы Сыр еліне сапарында айтқан ұсыныс пікірлері сол кездегі Әнес аға басы- касында жүрген, араласқан егіншілік тарихы беттерін қайта қарауға жетелейтін тәрізді.
1940 жылы Ә.Алтынбеков Шиелі аудандық жер бөліміне агрономдыкқа тағайындалып, еңбек географиясы, жауапкершілігі арта түсті. Иә, өмір- саты, біреу өрге жылжиды, біреу төмен сырғиды деген осы да. Бұл мүмкіндік жас ғалым-агрономды күріштің қыры-сырын терең зерттеуге ынталандырды. Осы уақытта күріш егудің агротехникасына: оны өндіріп егу,ерекше болды. Шиелі халқының «Алтынбековті Алтынбеков еткен — Жақаев, Жақаевты Жақаев еткен - Алтынбеков», - деген сөз бүгінде ел есінде. Соғыстың қайнап тұрған кезінде де күріш егудің агротехникасы тыңайтқыш беру ережесі, күрішті арам шөптерден тазарту сияқты ғылымға негізделген практикалық жұмыстар тоқтаған жоқ. «Қазақ салысын» егуден таймаған Ыбырай ақсақал мен ғалым Әнес ағаның түсіністікке негізделген еңбегі әлемді таңғалдырған рекордқа әкелді. 1947 жылы 4 гектар жердің әр гектарынан 172 центрнерден өнім алынып, бүкіл әлем таңырқаған рекордқа кейбір шетел ғалымдары сенбестік тетаныт- ты. Бірақ дала академигі Ы.Жақаев бұдан кейінгі жеті жыл қатарынан әр гектарынан 155-170 центнерден өнім жинау арқылы, олардың күдіктерін сейілтгі. Ыбыкенңің өмір жолы жайлы Жапонияда сол жылдарда кітабы жарық көрді. «Ыбырай түбегінен» басталған әлемдік рекорд Сыр елін әлемге паш етгі.
Әнес ағаның 1952 жылы Қызылорда күріш-тәжірибе алаңына басқарушы болып тағайындалуы оның өмірінің күрішпен байланысты өтетінінің түп қазығы десек, асыра айткандық болмас. Енді ғалым ағаға күріш өндірісінде көп танапты егіс тәсілін қолдануға мүмкіндік туды. Қазақ ССР Жер халық комиссиариатының орынбасары Хайдар Арыстанбековтің ұсынысымен Халық комиссарлары Советінің председателі, мамандығы агроном Нұртас Ондасынов Шиеліге келіп, 7-8 танапты күріш ауыспалы егісінің жағдайымен танысып, нақты көмек көрсетті. Сөйтіп облыстың басқа аудандарында бұл әдіс көптен қолдау тапты.
Сырдария суының азая бастауы кезінде Әнес аға күрішті үнемді суартудың жүйесін жасап, күні бүгінге дейін маңызын жоймаған ұсыныстар айтгы. Олар егіс көлемін ұлғайтпай жердің өнімділігін артгыру, оны тиімді пайдалану, «Инженерлік жүйені дұрыс қалыптастырып, жердің тозуына жол бермеу, мал өндірісі үшін шабындық жерлердің колемін азайтпау, т.б.
Сыр бойы егісінің өнімін арттырып, топырағын жақсартуда Қызылорда аймақтық агрохимиялық лабораторияның ұйымдастырылуы да үлкен роль атқарды. Оның да алғашкы басшысы Әнес аға еді.
Өткен ғасырдың 80-жылдары Сыр бойына келіп, облыстық партия активіне қатысып сөз сөйлеген Дінмұхамед Ахметұлының екі ұсынысы Әнес аға шабытына қамшы болды. Ол — Жезқазған мен Сырдария арасын даңғыл жолмен қосу, екіншісі тары өсіруді қолға алу. Данагөй Қонаевтың екінші ұсынысын жүзеге асыруда да ғалым-агроном Әнес аға біршама тер төкті. 1965 жылы басталған «Жақаевшылар козғалысы» кен етек алды. Бұл жылдары Ыбырай ата мен ғалым Әнес аға «Шабан аттың бабын тапсаң — тұлпар, күйкентайдың күйін тапсаң — сұңқар» деген тағылымнан бір елі ауытқымай, жастарға өз тәжірибелерін беруге еш жалыкпады. Сол ұстаныммен 75 жасында, 1981 өмірден өтті. Зиба апамызбен тату-тәтті жұбайлық өмірлерінің жалғасы ұл-кыздары, одан өрбіген немере-шөберелері ата-ана деген қасиетті ұғымдарға каяу түсірмей өсіп келеді. Ол өзінше ұзақ хикая.
Мақаланы жазғандағы мақсатымыз Ыбырай ата мен Әнес ағайдай азаматтардың игі-істерін жастардың естеріне салу, олардың санасында өмірден өткен еңбек пен өскен бабаларының ұлы есімдері кайта жаңғырту, кейбір ғылыми пікірлерінің күні бүгінге дейін маңызын жоймағандығын атап өту. Ал ғылым жолындағы толағай табыстарынан қасиетті тәбәрік болатындай белгі болуы қажеттігін Ыбырай Жақаев атындағы Күріш ҒЗИ ұжымының есіне салу.
//Сыр бойы.-2013.- 23 қараша.- 9 б.
Кенес МАХАМБЕТОВ, г. Астана
Сердце, открытое людям
Сособым трепетом и волнением в нашей семъе произносится имя государственного и общественного деятеля страны, Героя Социалистического Труда Исатая Абдукаримовича Абдукаримова, которому в этом году исполнилось 90 лет.
Во многом это связано с его открытой душой и сердцем для окружающих, добрыми поступками. Многих руководителей высокого ранга мне довелось повидать, но, наверное, не преувеличу, если скажу, что среди руководителей земли Сыра Исатай Абдукаримович - это глыба, которая выделяется щедрой душой и теплом.
Думаю, коллеги Исатая Абдукаримовича по работе (Б. Кульманов, И.К. Калиев, А.С. Стыкбаев, А.Д. Даулетов, К. Бекхожаев, Н.А. Подольских, К. Табынбаев, Н.Т. Токмырзаев, С.Ш. Шаухаманов и др.) поделятся своими воспоминаниями об организаторских способностях, стиле и методах работы этого незаурядного руководителя региона и страны.
Я бы хотел в этой статье остановиться на одной из основных его черт — безграничной душевной щедрости. Где бы он ни появлялся, его сразу же окружали люди, а атмосфера вокруг него становилась светлой и лучезарной. От него шел удивительный свет добра, который автоматически передавался окружающим людям.
Исатай Абдукаримович прошел через суровые испытания жизни. Голод, пришедший на землю Сыра в голощекинские времена, лишил жизни из потомков Калмена (дед Исатая по отцовской линии) двух сыновей, сестру и десять внуков.
Когда маленькому Исатаю не было и десяти лет, его отца, простого «шыгыршы», энкаведешники арестовали на глазах мальчика, увели из дома в наручниках, посадили в тюрьму за то, что он в честь гостя зарезал своего единственного барашка и учил арабскому языку детей. Ему предъявили обвинение, что он, привечая дорожного путника, обучая грамоте детей, оказывал помощь повстанцам созакского восстания. Только через три месяца справедливость восторжествовала, и отец вышел на свободу.
Но это клеймо сына муллы Абдукарима еще долго преследовало семью. Не мог устроиться на работу по этой причине Жапар, старший брат Исатая Абдукаримовича. А в 1938 году его как «врага народа» надолго упрятали в сталинские лагеря.
Несколько раз Исекен писал в НКВД, что его брат ни в чем не виноват. Но в ответ только казенные слова: «Дело рассматривается. Ждите ответа». В 1944 году их семью известили, что Жапар Абдукаримович расстрелян по решению пресловутой «тройки». Реабилитирован он был после смерти Сталина.
Исекен рассказывал, что из 14 детей, которых родила его мама, к концу войны у неё на руках остались он и его сестра Назым. Но Исатай Абдукаримович не озлобился на власть, не стал черствым. Он достойно прошел дорогами Великой Отечественной войны, принимал участие в боевых сражениях на Западном фронте. Под Калугой при переправе через реку Жиздра получил тяжелое ранение, находился на излечении в госпиталях, переко- чевывая из одного в другой. Военная канцелярия потеряла из вида бойца Абдукаримова, и дважды родителям в Озгент уходила похоронка — «кара кагаз». Уже после войны он столкнулся с еще одной несправедливостью. Знакомясь с материалами архива Президента РК (бывший архив ЦК КП Казахстана), я узнал, что Исатай Абдукаримович был освобожден от должности первого секретаря обкома комсомола в 1953 году только за то, что отец батрачил у бая, а брат был осужден по пресловутой 58-й статье.
Политическая оттепель, наступившая после XX съезда КПСС, позволила раскрылся деловым и организагорским способностям Исекена, стать настоящим лидером, партийным вожаком коммунистов низовьеев Сырдарьи. Свыше 15 лет он возглавлял Шиелийскую, Кармакчинскую и Жалагашскую районные партийные организации, а в 1972-1978 годы был первым секретарем Кызылординского обкома партии.Именно в эти годы благодаря большим организаторским способностям и деловой хватке, умению Исатая Абдукаримовича сплотить людей и нацелить их на решение общегосударственной задачи были достигнуты большие позитивные результаты в мелиоративном и дорожном строительстве, развитии агропромышленного комплекса Приаралья.
Много внимания уделялось литературе, искусству, подготовке профессиональных специалистов. Кызылординский политехникум и филиал ДГМСИ, в становление которых много сил вложил Исатай Абдукаримович, стали настоящими кузницами технических иинженерных кадров. В эти годы был построен ряд новых учебных и лабораторных корпусов, студенческих общежитий, что значительно укрепило материально-техническую базу этих учебных заведений, бьши созданы все условия для учебно-воспитательного процесса. Ряды преподавателей пополнились молодыми перспективными научными кадрами и менеджерами из других регионов во главе с нынешним депутатом Парламента РК, академиком В.К. Бишимбаевым.
Чтобы открыть филиал Жамбылского филиала ДГМСИ в Кызылорде, Исатаю Абдукаримовичу пришлось применить все свое умение и авторитет, проявить принципиальность и решимость, так как противников было предостаточно, начиная от руководства ДГМСИ до чиновников республиканского и союзного уровня.
Марс Фазылович Уркумбаев, бывший ректор ДГМСИ, при встрече в 2000 году в Шымкенте сказал: «Я был категорически против открытия филиала в Кызылорде, так как здесь не было ни материальной базы для учебного заведения, ни подготовленных научно-инженерных кадров. Более того заручился поддержкой в лице руководства Госагропрома Казахстана и управления вузов Минсельхоза СССР, Исатай Абдукаримович, зная это вооружившись цифрами, историческими данными, пошел по выскоим кабинетам убеждать союзных руководителей о необходимости открытия вуза для подготовки мелиораторов. Был у министра сельского хозяйства СССР Валентина Карповича Месяца, министра мелиорации и водного хозяйства СССР Е.А.Алексеевского, председателя Госплана СССР Н.К.Байбакова, республиканских руководителей, начиная от первого секретаря ЦК Д.А.Кунаева до А.А.Тыныбаева, Э.Х.Гусакова...
Исатай Абдукаримович пригласил меня в область, познакомил с председателем облисполкома Шаймерденом Бакировичем Бакировым и поручил ему повезти меня в районы и показать масштабы мелиоративного строительства, введенные орошаемые земли и гидротехн ические сооружения низовьев Сырдарьи, чтобы наглядно продемонстрировать мне остроту проблемы нехватки специалистов-гидротехников.
Вот так зарождался филиал ДГМСИ!». На протяжении всей жизни Исатай Абдукаримович помогал талантливым людям, создавал необходимые условия для их творческого роста. Писатель Калмахан Абдукадыров, автор перевода на казахский язык средневековых персидских сказок «Тысяча и одна ночь», возвратившись в 1956 году из Алматы на свою малую родину из-за болезни, нашел всестороннюю поддержку со стороны первого секретаря Шиелийского райкомапартии. Благодаря энергичности Исекена в 1958 году в Алматы был выпущен сборник избранных произведений К Абдукадырова «Тандамалы өлендер мен поэмалар».
В свое время благсловение и поддержку Исатая Абдукаримовича получили известные в нашей стране творческие люди, уроженцы земли Сыра. Выделил Мадину Ералиеву — эстрадную певицу, народную артистку Казахской ССР, обладавшую уникальным и неповторимым голосом, Иранбека Оразбаева (Ирана Гайыпа) — поэта и драматурга, лауреата Государственной премии РК, обладателя платинового Тарлана, Алмаса Алматова - песенного сказителя, поразившего своим необычным горловым пением любителей музыки многих стран мира.
Исатай Абдукаримович искренне уважал людей труда, их профессионализм и самоотверженность, ценил и доверял им, дружил с ними, бывал у них дома, интересовался их делами. Ни одно семейное торжество Абдукаримовых не обходилось без их участия. Герои труда, рядовые труженики Шырынкуль Казанбаева, Улбала Алтайбаева, Захира Ержанова, СалимаЖумабекова, Арапбек Абиев, Орынбай Бидашев, Бакытжан Серимбетов, Ахмет Халыков всегда были рядом с Исатаем Абдукаримовичем.
Наш сосед Василий Степанович Георгица из семьи раскулаченных молдаван был виртуозным садовником, его руками был заложен не один сад и виноградник в Кызылорде и окрестностях. Он недолюбливал чиновников, но, видимо, высокая внутренняя культура, обаяние и харизма Исатая Абдукаримовича сыграли свою роль.
Они стали настоящими друзьями. И когда у Василия Степановича скончалась супруга, и когда его самого не стало, несмотря на всю свою занятость, Исекен одним из первых пришел на помощь семье Георгица.
Он никогда не забывал своих друзей, которые учились вместе с ним в Жанакорганской школе-интернате крестьянской моло- дежи, в семилетней школе в Шаулдире и в Шымкентском сельскохозяйственном техникуме. Поддерживал связь со многими из них до последних минут своей жизни. Вот что рассказывает мой бывший коллега по работе в Южно-Казахстанском облакимате Уалихан Аймен, сын Талкы Айменова, известного строителя-гидротехника страны, с которым Исекен учился в семилетней Шаулдирской школе и Шымкентском техникуме в конце ЗОх-начале 40-х годов прошлого столетия: «Исатай Абдукаримович в трудные минуты всегда поддерживал нашу семью. У нас в доме до сих пор хранятся правительственные телеграммы Председателя Президиума Верховного Совета Казахской ССР и первого секретаря Кызылординского обкома партии, адресованные нашему отцу, по поводу кончины нашей матери и дяди Ануархана (брат Талкы). Мы их передаем из поколения в поколение как ценные реликвии».
Исекен был прост и доступен, вел себя с окружающими на равных, не допуская какого-либо превосходства. Уроженцы Кокше Кайыржан Темирович Айтимбетов, один из руководителей УВД, и его супруга Рахима Алмагамоетовна Шарипова, секретарь облсовпрофа Тургайской области, в конце 70-х годов отдыхали вместе с Исатаем Абдукаримовичем в санатории «Сарыагаш». Он жил в кунаевском корпусе санатория, и вокруг него всегда были люди, приезжали коллеги и родственники из Кызылординской, Жамбылской и Южно-Казахстанской областей. По вечерам любил рассказывать разные истории из своей жизни. И все были поражены тем, что Исатай Абдукаримович, несмотря на то, что он Герой Труда, депутат Верховного Совета СССР, руководитель региона, наравне с другими людьми, стоял в очереди на медицинские процедуры.
А для семьи Махамбетовых Исатай Абдукаримович был и остается ТҰЛҒА. Дружба между ним и моим братом Аралбаем, между нашими семьями, зародившаяся в 50-е годы прошлого столетия, продолжается и по сей день. Исекен и мой брат в те годы были комсомольскими вожаками (один возглавлял обком комсомола, другой — комитет комсомола педагогического института, горком комсомола), но близко познакомились на свадьбе своего товарища, комсомольского работника Камархана Абдрахманова (впоследствии он возглавит одно из подразделений КНБ республики). Они оба учились на историческом факультете пединститута. Если фронтовики учились экстерном, то вчерашние выпускники школ — на очном отделении.
Исекен вместе с бывшим фронтовиком Ермагамбетом Жусуповым из Теренозека готовились к государственному экзамену по истории со студентами очного отделения Кожахметом Бекхожаевым и моим братом, что позволило фронтовикам лучше подготовиться к экзамену. С годами их комсомольская дружба переросла в семейную. Когда мой брат тяжело заболел и лежал в больнице в одной из московских клиник на протяжении почти полутора лет, Исатай Абдукаримович, будучи первым руководителем Кармакчинского района, вместе с супругой Магульсим-апай дважды наведывался к нему, оказывал ему моральную и материальную помощь.
Когда Исатая Абдукаримовича порекомендовали на должность первого секретаря обкома партии, мой брат, председатель партийной комиссии обкома партии, находился рядом с ним и провожал его на собеседования в Алматы и Москву.
Исекен оказал нашей семье неоценимую помощь и поддержку при похоронах моего брата в 1973 году. Позже, являясь первым секретарем обкома партии, он находил время для общения с детьми моего брата, оказывал его семье всяческое содействие, касалось ли это улучшения жилищно-бытовых условий, пенсионного обеспечения, оказания моральной и материальной помощи. Так, в 1974 году семье моего брата была выделена трехкомнатная квартира в «обкомовском доме». Помню, в 1986 году, когда живым и невредимым с афганской войны вернулся мой племянник Сакен, награжденный за боевые заслуги орденом Красной Звезды, Исекен запраздничным дастарханом произнес очень искренние, сокровенные и теплые слова, что побудило моего отца, которому шел 84-й год, выпить с ним несколько стопок водки. А ведь мой отец 40 лет не употреблял спиртного.
Исатай Абдукаримович был сильной и волевой Личностью, но при этом его сердце всегда было открыто для людей. Этот божественный дар был присущ его супруге Магульсим, его он передал своим детям Шамшие, Альфие, Розе, Шолпан. Они всегда готовы помочь окружающим, принимают чужую боль как свою. Пусть этот священный дар, унаследованный от Исекена, живет как можно дальше в его внуках и правнуках.
//Кызылординские Вести.-2013.- 23ноября.- С.8
Шанжархан БЕКМАҒАНБЕТОВ, ҚМУ-дың доценті, филологня ғылымдарының кандидаты,
Тіл табиғатын таразылаған ғалым
Арал топырағындағы Бөген жерінде туып, теңіз жағалап, көк толқынмен жарыса ойнап өскен қара домалақ бала, бүгінде елге белгілі ғалым, азамат, ұстаз. Жерлесіміздің ғылымдағы, қоғамдық өмірдегі жеткен табыстары мақтанышпен айтып, көңіл марқайтуға жарап жатса, бұл бір ғанибет емес пе!
Өткен ғасыр деп бөле атасак та, сонау 70-ші жылдардың орта шенінде ол кездегі қазақ халкы- ның маңдайындағы жалғыз университет - КазГУ-дың филология факультетінде білім алып жатқан кезі күні кешегідей есте. Мандайына шаң тимейтіндей көрінетін талантты деген бақытты жас жігіттер мен қыздар елдің түкпір-түкпірінен осында бас косатын. Солардың қатарында Манасбай Қожанұлы да сол кезден-ақ өзінің тиянақты ізденгіштігімен көзге түсті. Міне, содан бері әр салада, әр тарапта енбек етіп жүрсек те табысты қадамдарын тілектес көңілмен қадағалап, жетістіктеріне риза болып жүретін едік. Жерлесіміздін Астана қаласынан жарық көрген комақты бір ғылыми еңбегі колымызға тиіп отыр. Бұл кітап «Қазақ этнонимдер жүйесі» деп аталады. Қызыға қарадық, кұныға окыдық.
Ғалым: «...этноним немесе этногенез мәселесі — өте күрделі де киын, жан-жақты ғылымдармен байланыстыра отырып зерттеуді қажет ететін, тарихи- этнографиялық, әрі философиялық, әрі тілдік проблема және кызығы мен киындығы мол, ешкімді жайбаракат калдырмайтын ономастиканың бір саласы» дейді. Туған тіліміздің осындай сүбелі бір пұшпағын өзінің ғылыми бағытына тақырып етіп алып, осы салада ерінбей тер төгіп келе жаткаң М.Қожанұлының көп жылғы ізденістерінің жиынтығы іспетті бүл еңбегі елеулі дүние екені, ә дегеннен аңғарылады. Ел тарихы тіл тарихымен егіз десек, «жер-судын аты - тарихтың хаты» деп таныған халқымыздың ұлттық тілінің ғасырлар қойнауынан келе жатқан мол қазынасының бір шиыр саласы этнонимдерді тарата зерттеудің арғы бастаулары ертедегі рулык қоғаммен, онан да арғы жалпыадамзаттық мәдениетпен байланысты каралуы занды құбылыс. Автор осы үдеден шығуды максат ете отырып, такырыпты кең аукымда алып, практикалық мақсаттарды шешу бағытында бірқатар теориялык жайларға да дендеп баруға талап жасағанын көреміз. Автордың аталған еңбегі негізінен, Қазақстанның Батыс өңірінің этнолингвистикалық материалдарын карастыруға арналғанымен, жалпы казақ халқының өзекті тарихи, тілдік, мәдени-рухани өміріне дендеп барып, мәселеге қатысты қазіргі ғылым дамуының жаңаша көзкарастары тұрғысынан келуді мақсат еткені аңғарылады. Енбекте тарихи тілдік материалдар ауыз әдебиетінің деректерімен, шежірелік, тарихи жәдігерлердің сан қилы нұсқаларымен, алуан түрлі ғылыми көзқарастарымен байланысты саралана отырып, этнонимдердің еліміздің бүгінгі саяси, рухани өміріндегі орнымен, яки елдің елдік рухын көтерудегі кызметімен тікелей байланыста карастырылады.
Толымды-толымды төрт тараудан тұратын үлкен кітаптың өне бойына қазақтың рулык коғамы мен әдеби-тілдік, тарихи-мифологиялық, шежірелік деректерінен өре отырып, автор бүгінгі ұрпаққа жеткен рулық, шежірелік атаулардың арғы астарында бабалар өмірінің қалың құпиясы жатқандығын, соны танып түсіну елдігімізді танудың бір берік тұғыры екендігін таразылауды мұрат тұтады. Айталық, ғылымда көп айтылса да, әлі күнге жүйесін таба алмай келе жатқан мәселелердің бірі — таңба жайы. Қазақтың осынау бір ауыз сөзінің түпкі табиғаты мен тұңғиык сырын түсіну қазіргі әлемтікпен «белгі» деп алып, орыс тіліндегі «знак» сөзімен шатыстырып, сонымен косыла өзі де адасып жүрсе, казірде «таңба» жайы. Қазақтың осынау бір ауыз сөзінің түпкі табиғаты мен тұңғиык сырын түсіну қазіргі әлемдік ойдың тамыр-тамырына қозғау салып отырғаны жасырын емес. Бір ғалымдар оны білместікпен «белгі» деп алып, орыс тіліндегі «знак» сөзімен шатыстырып, сонымен косыла өзі де адасып жүрсе, казірде «таңба» терминсөзінің тарихи тілдік, мәдени-танымдық, генетикалық негіздерін өзгеше жүйелеу бағытын ұстанған жаңа көзкарастар да ұсынылу үстінде.
М.Қожанұлы қазак ру таңбаларының арғы төркінін тарата келіп: «Сонымен, тіліміздегі таңба (термин) сөзінің тарихи атауы туралы деректерге хроникалык талдау жасағанымызда төмендегідей кезеңдерді байкауға болады, — дейді.
1. белгү - атау ретінде б.з. VII-VIII ғасырлардан бастап қолданыста
болған.
2. туғрағ — туғра — атау ретінде б.з. УІІ-ҮІІІ ғасырлардан
3. тамға — таңба атау ретінде б.з. Ү-ҮІІ ғасырлардан бері
мүһүр — мөөр — мөр атауы XIV ғасырдан бері тарихи деректерге белгіленіп, бізге жетіп отыр» - деген уәждер келтіреді де, таңбалық белгілердің казактың елдік болмысындағы кызметін бүгінгі егемендік рәміздерімен байланыстыра карайды. Біркатар тұстарда автор сөздердің этимологиялык негіздерін саралау бағытында да өзінің ойларын батыл ұсынып отырғанын аңғарамыз. Айталық, таңба (тамға) сөзінің түп-төркінін күйдіру, өртеу, жағу ұғымындағы там (тамыздық) сөзінен таратқан А.Дж. Эмре мен А.Н.Кононов тәрізді ғалымдар пікіріне косыла отырып, н/б дыбыстарының алмасуын тілдік метатеза кұбылысына жатқызады. Қырғыз тілінде «там» - тұтану, от алу деген ойларды білдіретінін, ел арасында «Сексеуіл оты тамғанша, сексендегі шал өлер. Тамуына таз өлер, қызуына кыз өлер» деген сөз бар екендігін уәж етеді. Біз таңба / танба сөздерінің түп негізін тан (тану, білу) + ба (жазу, әріп) түрінде таратып жүрміз. Ғылым жолы әр алуан қисындарға жол беретіні белгілі.
Әр алуан жол демекші, Манасбай Қожанұлының еңбек жолдары да сан қилы. Ол ҚРҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінде, К.А.Йассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Астана медицина университетінде доцент болып, ұстаздық етті. Казакстан Республикасы Әділет министрлігінде, КР Білім және ғылым министрлігінде, ҚР Қорғаныс министрлігінде әр салада қызмет етіп, қай тарапта жүрсе де туған тілдің өзекті мәселелерін талкылауға бір адамдай атсалысып келе жатқан жанашыр азамат.
//Сыр бойы.-2013.-30 қараша.- 11 б.
ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА – ЭКСПО-2017
Ж.ӘЛМАХАНҰЛЫ,
«ЭКСПО-2017» ЖӘНЕ УНИВЕРСИАДА
«ЭКСПО» көрмесі – жаһандық ауқымдағы оқиға. Оны маңыздылығы жағынан ірі экономикалық форумдармен, туристік тартымдылығы бойынша әлемдегі ең танымал спорттық ойындармен салыстыруға болады. Көрме біздің елімізге ірі инвестиция тартуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ, «ЭКСПО» көрмесін өткізу арқылы Қазақстан «жасыл экономиканы» дамытуға тікелей септігін тигізетін жаңа технология мен инновация алады, – деді Мемлекет басшысы жуырда өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында.
Қазақстан Президенті елдің көрме тақырыбына тығыз байланысты бастамаларының көп екенін атап өтті. Бұлар энергиялық-экологиялық стратегия, «жасыл көпір» және «жасыл өсім» стратегиялары болып табылады.
Елбасының атап көрсеткеніндей, «болашақтың энергиясына» көшуге мүдделілік идеясын елдің өзі көрсете білуі тиіс. Үкімет біздің елімізде бұл бағыттың тиісті деңгейде дамуы мәселелерімен жұмыс істеуі керек. Алдағы бес жыл ішінде Қазақстан таза энергия түрлерінің әзірлемелері мен енгізілуі саласында инновациялық серпіліс жасауы қажет. Сондықтан ол болашақтың энергиясын дамытудың 2013-2017 жылдарға арналған тиісті кешенді жоспарын қабылдау жайын анықтап алуды тапсырды. Ол жоспар барлық өңірді, ұлттық холдингтерді, зерттеу институттары мен әлеуетті отандық және шетелдік инвесторларды қамтуы тиіс. Бағдарламалық барлық құжаттарды үйлестіру керек.
«ЭКСПО» кезінде бес миллион шамасында келушілер қабылдау жоспарланып отыр. Осыған орай Президент тиісті органдарға қаланы дамыту жоспарын қайта қарау мәселесін жүктеді. Сондай-ақ баспананың және жайлылықтың ең заманауи талаптары мен стандарттарына сай келетін «ЭКСПО-Сити» құрылысын анықтауға кірісу міндеті жүктелді. «Ауылшаруашылық жерлер қатаң түрде мақсатқа сай қолданылуы қажет. Астана мен облыс төңірегінен жер телімдері берілуіне тыйым салу керек. Тек «ЭКСПО-2017» символына айналып қана қоймай, әлемдік архитектура мен қала құрылысы қазынасының қатарына енетін бірегей сәулеткерлік ғимарат құрылысы туралы ойлану да аса маңызды. Оған қоса, жаңа коммуникациялар құрылысы мен оларды басқару «ақылды қаланың» қағидаттары бойынша жүзеге асырылуы тиіс», – деді Мемлекет басшысы.
Президент «ЭКСПО» көрмесін өткізу нәтижесін барынша игілікке жарату, ең алдымен туризмді дамытуға пайдалану мәселесіне назар аударды. Мемлекет басшысы, сонымен қатар, Мемлекеттік комиссияға туристік бағыттардың еншісіндегі автожолдардың бойындағы сервисті осы заманға сай жабдықтау жөнінде ұсыныстар енгізуді, сондай-ақ, қалалар арасындағы көлік жүйесінің жаңа жүктемелерін ескеруді тапсырды.
Мемлекет басшысының атап өткеніндей, «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындалу және өткізу кезінде отандық экономиканың ресурстарын, әсіресе шағын және орта бизнестің жетістіктерін барынша пайдалануды жүктеді. Осы шараға арналған құрылыс материалдары мен қызмет көрсету импортын төмендету үшін біздің барлық ішкі өндірісті іске қосу керек. Өз кезегінде шағын және орта бизнес сондай қызметтер мен тауарлар көлемін көрсетуге дайын болуға тиіс. Олардың қызметі сапаның ең жоғары талаптарына сай болуы керек.
Қазақстан үшін 2017 жыл спорт саласында да ерекше жыл болады. Жуырда Yкімет отырысында 2017 жылғы 28-ші қысқы Бүкіләлемдік универсиадаға дайындық мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, бұл елеулі спорттық шара 2017 жылы Алматыда өтетін болады. «Студенттік олимпиадаға дайындық мәселесі тек Алматыға ғана емес, сонымен қатар, барлық өңірлерге де қатысты. Бұл ауқымды спорттық шараға 5 жылға жуық уақыт қалды. Ал уақыт тез өтеді, 2017 жылғы қысқы студенттік олимпиада ойындары мен «ЭКСПО-17-ні» өткізуге дайындықты қазірден бастау керек. Бүгінде осы спорттық шараға әзірленіп жатқан жастар, оқушылар, студенттер 100 пайыз даярлықтан өтуі тиіс», – деп тапсырды Премьер-министр Серік Ахметов. Осы орайда, Премьер-министр Білім және ғылым министрлігіне, ҚР Спорт және дене тәрбиесі жөніндегі агенттікке, барлық облыс әкімдерімен және Алматы мен Астана әкімдіктерімен бірлесе спорттық резервін даярлау бойынша тиісті шараларды қабылдауды жүктеді.
Сонымен алдағы жылдары Қазақстан халықаралық көрме мен бүкілдүниежүзілік универсиада өткізілетін әлемдік өркениеттің орталығына айналады. Бұл Қазақстанның жаһандық ортадағы өзінің лайықты орнын анықтауға жетелейтін шаралар болып табылады. Президенттің «Қазақстан-2050» стратегиясымен қаруланған ел-халқы осынау маңызды саяси-экономикалық шараларды өз деңгейінде өткізетініне сенімдіміз. Бүгінгі дайындық барысы бұл ойымызды дәлелдей түседі.
//Сыр бойы.-2013.-30 қараша.- 4 б.
Достарыңызбен бөлісу: |