Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары


Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігі



бет103/107
Дата11.12.2021
өлшемі328,42 Kb.
#99094
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107
Байланысты:
Тарих жауаптары

86..Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігі.

Қазақ мемлекеттігінің тұп-тамырын зерттеуді сақ, үйсін, қаңлы және ғұн тайпаларының әлеуметтік құрылымынан бастаған жөн. Ғылымда бұл көшпелі тайпалардың әлеуметтік құрылымы аз зерттелген.

Сақтар мен үйсіндер өмір сүрген (б.з.д. VII ғ. — б. з. V ғ.) көшпелі қоғамда малға жеке меншіктің шығуына байланысты қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді. Сейтіп, мемлекеттік құрылымның пайда болуы жүзеге асты. Сақтардың мемлекеттік құрылымынан олардың көршілері Ахеменидтік Иран мен Грек-Бактриялық мемлекеттердің әсерін байқауға болады. Ал үйсіндерден Хань (Қытай) патшалығының әсері сезіледі.

Сақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарды қалпына келтіруде жазба деректері мардымсыз, сондықтан археологиялық деректерге көбірек жүгінетін боламыз.

Жетісудағы сақ дәуірінің обалары біршама жақсы зерттелген. Биіктігі 18—20 метрге дейін жететін патша обалары ағаштан салынған. Мұндай сақ пирамидаларының ішіндегі зәулімі — Үлкен Бесиштыр қорымы (Іле өзені маңы).

Орасан зор Бесшатыр патшалық обасының салынуы қоғамда әлеуметтік жіктелудің болғандығын көрсетеді. Жекелеген адамдардың әлеуметтік артықшылығын білдіреді. Ал әлеуметтік теңсіздіктің болуы мемлекеттіліктің алғашкы баспалдақтарының біріне жатады.

Алғашкы кездегі сақ қоғамын әскери-демократиялық жүйе деп түсіну керек. Ал әскери-демократиялық қоғамда ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен қатар қолбасшылардың, батырлардың қолында болады. Әскери-демократия заманында байлық тек шаруашылықты ұйымдастыру жолымен ғана жасалмайды. Байлық — ендігі жерде — соғыс, басқа жұрттардың мал-мүлкін тартып алу арқылы жасалады. Түскен олжа жауынгерлер арасында тең бөлінбейтін. Тайпа көсемдері, қолбасылар, батырларға үлес бастапқыда көбірек, кейіннен тіпті толығымен тиетін болған. Бұл бара-бара мүлік теңсіздігіне әкеліп соқты, бара-бара қоғамда бай, кедей топтар қалыптаса бастады. Бұл әлеуметтік теңсіздікке, таптық жіктеліске алып келді. Соңында таптық қоғамдағы меншікті қорғайтын, әлеуметтік қайшылықтарды шешетін, өндіріс пен соғысты, қорғанысты ұйымдастыратын аппарат — мемлекет пайда болды.

Антикалық авторлардың деректері бойынша, сақтарда патшалар мен патшайымдар болған. Олардың қол астындағы жұртына әмірі күшті болды. Сақ патшалары соғыс пен бейбітшілік мәселесін шешті, басқа елдерге елші тағайындады, сырт елдермен одақ құру мәселесіне басшылық жасады, әскерді басқарды. Патшаны бір рудан ғана сайлады. Егер патша өлсе, оның орнына інісі патша болып сайланды. Үлкен мемлекеттік істерді шешуде патша кейде ел құрылтайын шақырды. Бұл сақтар мемлекеттік жүйесінде демократиялық қағиданың болғандығын көрсетеді.

Антикалық автор Аррианның дерегіне сүйенсек, сақ патшасы елді езінің сатраптары (қызметшілері) арқылы басқарды. Олар патшаның белгілі бір аймақтағы немесе тайпадағы өкілі болып есептелді. Сақтардың басқару жүйесіндегі келесі бір буын — әскери-тайпалық ақсүйектер болатын.

Сақтардың әлеуметтік құрылымы жөнінде тікелей жазба деректер жоқ. Сақтармен мәдени-генетикалық туыстас, қоғамдық дамуы деңгейлес скиф тайпалары жөніндегі жазба деректерді сақтар тарихына қатысты ғалымдар жиі пайдаланады. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, сақтардың әлеуметтік құрылымында қоғамдық- әлеуметтік сатының ең басында патшалық ру тұрған. Патша тек сол рудан ғана сайланған. Бұл дәстүр жерімізде сақтардан кейін өмір сүрген ғұндарда, одан түріктерде, тіпті бергі Қазақ хандығында да жалғасын тапқан.



Алтайдағы, Шілікті жазығындағы, Жетісудың Бесшатыр, Есік алқабындағы сақтардың "патша қорғандары" осы патша әулеті мен ел басқарған ірі ақсүйектердің молалары.

Скифтер мен сақтарда ел басқарудың ұлыстық қағидасіл болғанға ұқсайды. Олардың патшалығы үш белікке бөлініп басқарылған.

Ел басқару жүйесінде, қоғамның келесі әлеуметтік биік тұғырында тайпа, ру көсемдері, ақсүйектер тұрды. Антикалық жазбалар деректеріне сүйенер болсақ, скифтердің осындай ақсүйектерінің сыртқы ерекшелігі — олардың ерекше қалпақ киюі.

Сақтар мемлекетінде жауынгерлердің, әсіресе қолбасшылар мен батырлардың орны жоғары. Патша маңайындағы нөкер әскердің де қоғамдық байлықтан алатын үлесі мол болған.

Мемлекеттін келесі бір әлеуметтік тобын дінбасылар, сәуегейлер, бақсылар, ем-домшылар құрады. Бұлар да сақ қоғамының сыйлы адамдарына жатты. Жалпы, ғылым-білім әлі дұрыс дамымаған ерте кездегі, тіпті орта ғасырлардағы мемлекеттерде елді өзінің тылсым өнерімен соңынан ертетін, діни сеніммен ұйытатын адамдар сол заманның идеологтарының рөлін аткарған. Сондықтан діни адамдар мен олардың арасынан шыққан үлкен басшылармен, көрнекі тұлғалармен кейінгі замандардағы мемлекеттер де санасып отырған.

Сақ мемлекетіндегі келесі әлеуметтік топ — қауымның еркін мүшелері. Мемлекеттің көпшілік халқын да осы әлеуметтік топ құрады. Олардың әрқайсысының өз меншік малы, жеке үй-жайы, шаруашылығы болды. Бұлардың еркек кіндіктілері тыныштық кезде өз шаруашылығымен айналысты да, ал жаулап алушылық немесе ел корғау соғысы кезінде әскер сапынан табылды. Сақтардың кішілеу, орташа қорғандары осындай еркін қауым мүшелерінікі. Олардың барлығына жуығынан жебенің ұшы, қанжар, найзаның ұшы сияқты қарулар табылуы жоғарыда айтқан ойымызды дәлелдейді. Сақтардың ерлерімен қатар әйелдерін де кейде қарумен жерлеген. Мұның өзі сақ әйелдерінің де жауынгер болғандығын көрсетеді.

Сақ-скиф қоғамында өз малы, мінетін аты, қосын тігетін арбасы жоқ өте кедей-кепшіктер де болды. Олар қоғамның баскалардан тәуелді бөлігін құрады.

Сақ мемлекетіндегі әлеуметтік сатының ең төменінде құлдар болды. Әдетте, құлдар басқа елді жаулаған кезде қолға түскен тұтқындар құлға айналдырылатын. Жалпы, көшпелі елді мекендегі құлдық мәселесі — көп талас тудырған мәселе. Бүгінгі ғылыми тұжырымдар бойынша, көшпелі елдерде құлдық отырықшы елдердегідей аса дамымаған. Көшпелілерде құлдықтың тек алғашқы түрі — үй-ішілік түрі ғана болатын. Яғни, құлдар қоғамдық өндірісте елеулі рөл атқармаған, тек ауқатты адамдардың есігінде жүріп, үй-ішілік жұмыстар атқарған.



Сонымен, сақ қоғамы — патшасы, нөкер-жасақтары, ел басқарушылары, елшілері, әскері, діни идеологтары, байлары, кедейлері, құлдары бар қоғам болған. Ал мұндай әлеуметтік құрылымды басқару мемлекеттіліксіз мүмкін болмағандығы анық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет