Азат елдің ономастикасы – мемлекетіміздің рухани қазынасы атты ғылыми-тәжірибелік конферецияның материалдары


ОНОМАСТИКА ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТАНЫМ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ



Pdf көрінісі
бет15/22
Дата11.11.2019
өлшемі2,08 Mb.
#51559
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
19 Асанбаева
SBORNIK-80-leti-Nez-RK-16

ОНОМАСТИКА ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТАНЫМ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ  
 
Кушербаева Г. М., «Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ 
«№4 орта мектеп» КММ.
 
Жітіқара қаласы 
 
Халқымыз  тарихында  жерді,  елді  сыртқы  жаудан  қорғаған,  Тәуелсіздікті  аңсап, 
бодандыққа қарсы бас көтерген батырлар да, қайраткерлер де жетерлік. 
Тәуелсіздіктің  ширек  ғасырлық  межесінде  дара  жолымыздың  тағылым-сабақтарын 
парықтадық.Үздіксіз,  үзіліссіз  алға  жылжыған  тарих  көшінде  ұлтты-ұлт,  елді-ел  еткен 
құбылыстар, оқиғалар, тұлғалар бағамдалды. Тәуелсіздік болмаса, қазақ халқының болашағы 
күмәнді  екенін  айтып,  бодандық  құрсауынан  шығуды,  еркіндік  үшін  күресті  білімділікпен 
ұйымдастыра білген үркердей топ-Алаш ардақтылары.Осы аяда Алаштың ұлт зиялыларының 
шоқтығы биік екені айқындалды. 
Алаш  қайраткерлері  өткен  ғасырдың  30-шы  жылдары  өздері  саяси  қуғын-сүргінге 
ұшырағанға  дейін  халқы  мен  елінің  білім,  әдебиет,  мәдениет,  экономика,  ғылым 
салаларындағы  жауапкершіліктің  бәрін  арқалаған,  бодандықтан  шығып,  жеке  мемлекет 
болуын  армандаған,  сол  үшін  саяси  талап  қоя  білген.  Алаш  қозғалысынсыз  Тәуелсіздіктің 
тарихы болмас та еді. [1,10б]  
Біріншіден,Қазақ  тарихында  тұңғыш  саяси  ұйым  ретінде  құрылып  1917-1920  жылдар 
аралығында  қызмет  жасаған  «Алаш»  партиясы  дәл  өз  уақытында  замана  талабына  сай 
құрылған  және  өзіне  жүктелген  міндеттерді  жүзеге  асыру  жолында  жан  аямай  күрескен 
ұлттық  ұйым  болған.  Ол  қазақ  тарихында  тұңғыш  рет  қалың  бұқара  санасына  Бостандық, 
Теңдік,  Туысқандық  деген  мәңгілік  ұғымдардың  ұрығын  шашты,  оларды  естіген  халық 
еңсесін  көтерді,  қараңғылық  пен  ұлттық  езгінің  түнегінен  азаттықтың  таңына  қол  созды. 
Екіншіден,  18  ғасырда  отарлық  езгінің  салдарынан  ыдырауға  ұшыраған  қазақ  ұлттық 
мемлекетін  жаңа  заман  талабына  сай  жаңа  сапада  қайтадан  құру  міндеті  болды.  Алаш 
зиялыларының  ортақ  түсінігі  бойынша  отарлық  езгі  жағдайында  аяқ  асты  болып  келген 
ұлттық  мүддені  қорғай  алатын,  сол  арқылы  қазақ  елінің  әлем  халықтарымен  бірге  үдемелі 
прогресшіл  дамуын  қамтамасыз  ете  алатын  ең  негізгі  фактор    ол  ұлттық  мемлекеттік 
құрылымның болуы еді. «Алаш» партиясы қабылдаған бағдарламаның  жобасы кішігірім 10 
бөлімнен  тұрады,  онда  мемлекет  қалпы,  жергілікті  бостандық,  негізгі  құқық,  дін  ісі,  билік 
һәм сот, ел қорғау, салық,  жұмысшылар, ғылым,білім үйрету, жер  мәселесі  қарастырылған. 
[2, 1 б.].  
Еліміз  егемендік  алып,  тәуелсіздік  тұғырынан  көрінген  тұста  халқымыздың  асыл 
қазыналарына  жаңа  жол  ашылды.  Осы  жолда  бұрын  белгісіз,  зерттелмей  келген 
мұраларымыз қайта жарық көріп, халыққа орала бастады. Қазақстанның тәуелсіздігі елімізде 
тұратын  азаматтардың  ұлтына,  жасына,  өңіріне  қарамастан  баршамыз  үшін  қалай  бағалы 
болатын  болса,  мемлекетіміздің  егемендігін  танытатын  белгілердің  қай-қайсысы  да 
барлығымыз  үшін  сондай  қымбатты  болуы  тиісті.  Бұл-еліміздегі  ономастикалық 
жұмыстарға, әсіресе, елді-мекендердің атауына да тікелей қатысты қағида. 

111 
 
Ономастика  ұғымы  кең,  қамтитын  саласы  сан  тарау  әрі  соның  бәрінің  де  ойдағыдай 
жүруі  аса  маңызды  іс  екені  белгілі.  Бұл  істе  қоғамдық  пікір  қалыптастыру,  түсінік 
жұмыстарын жүргізу, елдің, жердің тарихын насихаттау үлкен рөл атқарады және оған біраз 
түсінік  беруге  болады.  —  Ономастика  –  ақпарат,  ол  өткен  мен  бүгіннен  көп  мәлімет  те, 
мағлұмат та бере алады; — Ономастика – тарих, ел шежіресі, бұл – этнография, салт-дәстүр; 
— Ономастика – ғылым, тіл ғылымы, онда сөз сыры жатыр; — Ономастика – саясат, ол ел 
тәуелсіздігіне,  сол  тәуелсіздікті  баянды  етуге,  қорғауға  қызмет  етеді;  —  Ономастика  – 
ұлттық санаға ықпал ететін көрнекті ақпарат  
Шығыстың  кемеңгер  ойшылы  Конфуций  осыдан  екі  мың  жыл  бұрын  Қытай 
билеушілерінің  біріне  мемлекеттегі  істерді  оң  жолға  қоюды  атауларды  дұрыстаудан  бастау 
керектігі туралы: «Егер атаулар дұрыс болмаса, сөздердің негізі болмайды. Сөздердің негізі 
болмаған  жағдайда,  іс  те  жүрмейді  және  халық  та  не  істерін  білмейді»,  –  деген  екен. 
[3,2б].Жер-су  атауларының  феномені  неде  жатыр  десек,  олар  –  тіліміздегі  ең  көне  сөздер 
ретінде аса  ерте, есте  жоқ замандардан күні бүгінге дейін жеткен ұлтымыздың ұлы рухани 
мұрасы.  Өзінің  айрықша  тілдік  табиғаты,  тұрақтылығымен  бізге  беймәлім  арғы  ата-
бабаларымыздың тілінде өрнектелген ежелгі атаулардың қазіргі тілдік айналымында болып, 
қоғам  қажетін  өтеуінің  өзі  феномендік  факт  екендігі  даусыз.  Бүгінгі  күні  ономастика 
ғылымының өзекті мәселелері қандай деген сауалға келсек, ономастика ғылымы – қоғамның 
ажырамас бөлігі. Өйткені адам дүниеге шыр етіп келгеннен бастап, оның есімі, оның туған 
жері,  ата-анасы,  тәрбиеленген  балабақшасы,  білім  алған  мектебі,  оқыған  кітаптары,  тұрған 
көшесі,  т.т.  барлығы  да  онимдер  арқылы  анықталып  отырады.  Қазақ  жер-су  атауларын 
жасауға қатысатын халқымыздың рухани, мәдени дүниетанымдық жүйесі мен материалдық 
тұрмыс-тіршілігіне байланысты ұғымдар кешенінің ортақ,  бірегей екендігі тәуелсіздігімізді 
алғаннан соң ғана айқындала бастады. [4,9б]. 
Қазіргі  таңда  еліміздің  тарихын,әсіресе  ұмытыла  бастаған  тарихи  жер-су  атауларын 
зерттеу  өзекті  тақырыптардың  біріне  айналуда.  Өйткені  еліміздің  тәуелсіздігін  айғақтауға 
тиісті атаулар кейбір жерлерде өзінің лайықты шешімін әлі күнге дейін таба алмауда. Соның 
салдарынан тіпті сонау патша заманынан, кешегі кеңестік дәуірден қалған, қазақтың елі мен 
жерін  қанауға  салған  отаршылдық  саясатты  еске  салатын,  тәуелсіздік  мұраттарымен  еш 
қабыспайтын, елдік санамызға үйлеспейтін атаулар әлі күнге дейін сіресіп тұрғаны – бүгінгі 
күннің көрінісі. [5,9б]. 
Көне  географиялық  атауларды  зерттеудің  тарихи-географиялық,әрі  этногеографиялық 
мәні мен маңызы өте зор.Жер-су атаулары ана тіліміз бен ұлттық тарихымызды зерттеуде аса 
қажетті  құнды  дерек  болып  табылады.Географиялық  атауларда  әр  түрлі  дәуірдің  тарихи 
оқиғалары,көрнекті  тұлғалардың  ,батырлардың  есімдері  және  сол  жердің  географиялық 
сипаты 
бейнеленген. 
Сондай-ақ 
атаулар 
халқымыздың 
тұрмыс-тіршілігінен, 
шаруашылығынан, әдет-ғұрпынан хабар береді. 
Халқымыз  ғасырлар  бойы  түрлі  саяси  оқиғалардың  куәсі  болғандығы  баршамызға 
белгілі.Соның  бірі  патшалық  Ресейдің  отаршылдық  саясаты  болатын.Бұл  жүйе  тұсында 
ұлтымыздың  тарихы,жер-су  атаулары  жаппай  өзгертіле  бастады.Əсіресе  Кеңестік  дәуірде 
қазақ  жеріне,елімізге  қоныс  аударушылардың  ағыла  келуі  салдарынан  көптеген  тарихи 
ұлттық атаулар жойылып,олардың орындарына өзге тілді атаулар пайда болды. 
Республикамыздың  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  даму  жолына  бет  бұруы,  халқымыздың 
демократиялық  үрдістерге  қол  жеткізіп,  ұлттық  сана  деңгейінің  өсуі  елімізде  үлкен 
өзгерістерге ұшыраған  географиялық  елді мекен, жер-су  атауларын ұлттық  негіздегі  ежелгі 
19  халықтың  қалпына  келтіруге  айқын  бағыт  ұстанып  отыр.  Ұлттық  тіл,  салт-дәстүр,  әдет- 
ғұрып, мәдениет және ономастикалық таным мен көзқарас жаңаша қалыптасу жайын бастан 
кешіріп отырған қазіргі кезеңде этникалық аймақтағы бірқатар елді мекендер мен қалаларға 
бұрынғы  тарихи  атаулары  қайтарылып,  тарихи  әділеттілік  орнады.  Тәуелсіздік  алғаннан 
кейін  кейбір  тарихи  атаулар  қайтарылып,кейбіреуіне  жаңаша  атау  берілгенмен,бүгінгі  күні 
тарихи  атауларды  зерттеуді  және  қалпына  келтіруді  қажет  ететін  қалалар  мен  елді 
мекендер,географиялық нысандар жетерлік. Əңгіме түйіні – өзіміз өмір сүріп жатқан ортаға, 

112 
 
тілге,  мәдени  нысан,  көше,  дүкен  атауларына  дейін  қай  тұрғыдан  алып  қарасақ  та 
жауапкершілікте  екенімізді  сезіне  білу.  Бүгінгі  таңдау  ертеңгі  бейнеміз,  ұрпақ  еншісіне 
жәдігер болатынын ұмытпауға тиістіміз. [6, 2 б.]. 
Қорыта  айтсақ,  ономастикалық  атаулар  елiмiздiң  тыныc-тipшiлiгiне  қaжеттi  бaғыт-
бaғдap беpетiн тaңбaлық қызметiнен бacқa үлкен қоғaмдық-caяcи мaңызғa ие. Оның ұлттық, 
тaнымдық  cипaттapы  aлдыңғы  қaтapғa  шыққaн.  Cебебi,  oнимдеp  aдaмзaт  қоғaмымен  пaйдa 
болып, оның өмip cүpуiмен қоғaмғa қызмет етедi, iлгеpi дaмып, қоғaмдaғы өзгеpicтеpден тыc 
қaлмaйды. Бүгiнгi Қaзaқcтaн қоғaмы өзгеpicтеpiнiң бacты бaғыты  – мемлекеттiк тiл caяcaты 
болca,  қaзaқ  ономacтикacы  сол  тілдің  оның  құpaмдac  бөлiгi  болып  тaбылaды.  Қaзipгi  тaңдa 
ономacтикa  ғылымы  pеcпубликaлық  ұлттық  тiл  caяcaтының  жетекшi  бaғыттapының  бipi 
pетiнде  қолдaнылып  отыp.  Осы  кезеңде  ұлттық  ономастиканың  көкжиегі  кеңейе  түсіп, 
еліміздің ғалымдары мен ономаст мамандары әлемдік ономастика жетістіктерін ескеріп және 
жаңа зерттеу  әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, тәуелсіздігіміздің ширек ғасырында іргелі  де 
кешенді  теориялық  мәселелерді  шешуге  қол  жеткізді.Егемен  ел  екенімізді  білдіретін, 
ұлттығымызды    ұлықтайтын  атаулар  арқылы  бабалар  мұрасын  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізу 
біздің басты міндетіміз. 
  
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Дихан Қамзабекұлы «Алаш арқауы»-10б]. 
2.  Қойгелдиев М. Алашорда // Егемен Қазақстан. 1992.  18 қаңтар. –1 б.].  
3.  Телғожа  Жанұзақ,  Қыздархан  Рысберген.  Қазақ  ономастикасы:  жетістіктері  мен 
болашағы. — Алматы: «Азия» баспасы, 2004.  
4.  Егемен Қазақстан. 2017. 3 қазан. – 9 б.].  
5.  Ана тілі-№10.15 наурыз.2017. 
6.  Өзбекұлы  С.  Қазақ  Республикасының  конституциясы  (жоба)  //  А.    1991.  –  қаңтар 
(№1). – 2 б. 
 
 
ЗАМАН БЕЙНЕСІ АСҚАР АЛТАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДА 
 
Құдасова Ш. О., Ақтөбе,Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, филология факультеті, қазақ 
филологиясы мамандығының 3-курс студенті 
Тәңірбергенова Г. К.,  магистр, оқытушы 
 
Қазіргі  қазақ  прозасында  ерекше  орны  бар,  қара  сөздің  хас  шеберлері,  қоғамдық 
проблемаларды  қарастырып  жазып  жүрген  қаламгерлер  қатарында  Жүсіпбек  Қорғасбек, 
Нұрғали Ораз, Асқар Алтай, Дидар Амантай, Думан Рамазан, Нұржан Қуантайұлы және т.б. 
аталып  жүр.  Солардың  ішінде,  қазақ  прозасында  өзіндік  қолтаңбасы  бар,  көркем 
туындылары көпшілікке танымал, көрнекті қаламгер – Асқар  Алтай. Жазушының «Қыр мен 
қала хикаялары»  атты повестер мен әңгімелер жинағы (1998),  «Алтай новелласы»  прозалық 
шығармалар жинағы (2001) бар.  «Нарық  нақыштары» (2003) және  «Қызыл бөлтірік» (2006)  
атты  ұжымдық  жинақтарда  прозалық  шығармалары  жарық  көрді.  Сондай-ақ,  қазіргі  таңда 
интернет парақшаларында жазушының көптеген туындылары жарияланып жүр.Асқар Алтай 
–  проза  жанрының  шебері.  Қазақ  әдебиетінде  өз  орнын  тапқан  әңгімеші.  Қоғамдық 
проблемаларды  қарастырып  жүрген  қаламгер.  Ю.М.Лотманның  пайымдауынша,  прозаны 
эстетика тұрғысынан қабылдау поэтикалық мәдениет арқылы ғана мүмкін болады.  Проза  – 
поэзиядан кешірек пайда болған құбылыс. Бөлшектілік және өлшемдік ұғымдары бір-бірімен 
байланыста  болмауы мүмкін. 

1

 
А.Алтайдың  тұңғыш  жинағы  «Қыр  мен  қала  хикаяларына»  (1998  ж.)  енген  «Қара 
бура», 
«Қаладағы 
құтпандар»  хикаяттары  жазылу  формасы  соны,  тұщымды 
туындылар.«Қара  бура»  хикаятындағы  қара  бура  –  символ.  Қара  бура  –  қазақтың  езіп-
жаншылған,  сорлаған,  қорланған  рухы.  «Қара  бура»  –  ұлттық  намысты  қамшылайтын,  ес 

113 
 
жиғызатын  һәм  қазақтың  өткенін  ғана  емес,  бүгінгі  кескін-келбетін  де  қанын  сорғалатып 
көрсетуімен  құнды  шығарма.  Ал  Асқар  Алтайдың  «Қаладағы  құтпандары»  өзгеше  дүние. 
Қаладағы  қоғам  келбетін  бес  ит  көзімен  суреттеп  шыққан,  шеберлікке  таң  қалмау  мүмкін 
емес.    «Салқын  ұрған»,  «Прописка»,  «Мәйіт»,  «Салқын  ұрлаған  жапырақтар»,  «Кентавр» 
сынды  жазушы  қаламынан  шыққан  әңгімелер  жинағы,  «Қыр  мен  қала  хикаялары»  атты 
повестер  мен  әңгімелер  жинағы,  «Нарық  нақыштары»,  «Қызыл  бөлтірік»  атты  ұжымдық 
жинақтарда  прозалық  шығармалары,  «Қызыл  бөлтірік»  кітабы  (Халықаралық  Сорос 
қорының  бас  жүлдесі  —  грантын  жеңіп  алған)  және  де  соңғы  жарық  көрген  «Казино» 
әңгімелер жинағы, «Дық» сынды әңгімелері топтастырылған. Жалпы Асқар Алтайдың қырық 
жетіге жуық әңгімелері бар. Оның көлемді прозалық туындысы «Алтай балладасы». Жалпы, 
Асқар  Алтай  қазіргі  қазақ  әдебиетіндегі  әңгіме  жанрының  жан-жақты  дамуына  еңбек  етіп 
жүрген,  қаламы  жүйрік  авторлардың  бірі.  Оның  көлемді  прозалық  туындысы  «Алтай 
балладасы».  Осы роман жөнінде Сәкен Иманасов былай дейді: «Бұл бір шынында табиғаты 
бөлектеу  біткен,  танымдық  тереңдігі  көркемдігінен  кем  түспейтін  кесек  шығарма  екен. 
«Алтайдың  алқызыл  модағайының»  авторы  алдымен  не  жазатынын  жақсы  зерттеп  біліп 
алған.  Аңызбен  астасқан  шығармадағы  аңшы  мен  аю,  тіршілік  пен  тұрмыс  шынайылығы, 
жазушы  шеберлігі  кім-кімді  де  селт  еткізеді.  Асқардың  аюы  аюша  ойлайды,  аюша  әрекет 
етеді»,  түйесі  –  түйе,  жылқсы  –  жылқы,  сөйте  тұра  солардың  әрекетіне  имандай  ұйып 
сенесің,  иланасың.  Нанымсыз,  жалаң  сөйлеу  деген  атымен  жоқ.  Романның  өзі  баяндау 
бағытында  жазылғанымен,  оқырманды  жалықтырмай  тартады  да  отырады.Бүгінгі 
қолданыстан  шығып  қалған  «модағай,  қаптағай,  дең,  шеріп»  сияқты  тағы  басқа  көне  ұғым 
атауларын осы кітап арқылы білгенімді намыс көрмеймін» [2;1]. 
Жазушы  болмысы  мен  шығармаларының  табиғатын  тануды,  біз  алдымен  автордың 
шағын жанрынан бастауды жөн көрдік. Мәселен, жазушының «Түсік» әңгімесін оқи отырып 
қиял-ғажайып  әлеміне  өткендей  боласыз.    Əсіресе,  кейіпкердің  ішкі  және  сыртқы  жан 
дүниесін, сырын ашып көрсетуге керемет шеберлік көрініс береді.   
Əңгімесі  үш  шағын  бөлімге  жинақталған.  Алғашқы  бөлімі  авторлық  баяндаудан 
тұрады. Автордың  әңгімесінде тәуелсіз еліміздің жастарын адамгершілікке, парасаттылыққа 
үндеп, түрлі зиянды заттармен айналыспауын, олардың адам өміріне ешқандай пайдасы жоқ 
екенін, оның бақытсыздыққа бастар жол екеніндігін ашық айтып  көрсетеді.  Оған дәлел:  
«Түлен түртті пендені... 
Түсінде түсік көрді. Түсік – түсік емес, түсікке айналған мұның өзі. Бармақтай ғана жан 
иесі екен. Ештеңемен ісі жоқ. Жөнімен жүзіп жүр. 
 
Жүзіп  жүрген  мекені  –  жатыр.  Биттің  қабығындай  жұқа  жатыр  іші  –  жұмбақ  әлем. 
Жұқа  жарғақ  жарылып  кетердей  толқып-толқып  қояды.  Жұмсақ  құрсақ  баяғы  балалық 
шағында  шаңырақта  үрлеулі  тұрған  қарындай  шайқала  толқығанда,  көгілдір  әлемде 
балықтай жүзген бұл бесіктей тербеледі. Бірақ тұншықпайды. Емін-еркін тыныстайды». Ары 
қарай 
әңгіме 
адамның 
сана-сезіміндегі 
алғаш 
ойлаған 
ойлары 
рет-ретімен 
беріледі.Оқырманға  тым  түсініксіздеу  болмау  үшін  бұл  жағдайға  персонаждың  қалай  тап 
болғандығын  әңгіменің  екінші  бөлігінен  көреміз.  «Пендеге  тән  түлкі  бұлаң  тірлік  кешкені 
рас. Түсікке айналмай тұрып жалғанды жалпағынан басты ғой, шіркін! Шіркіннің шылауына 
кім ілінбеді, шаңына кім ілесе алды?   
Жігітшілік  жолында  жұмақ  кешті.  ...Жұрт  жел  жағынан  жүрмейтін,  оң  жағынан 
күңкілдейтін  күйге  жетті.  Оның  соңы  –  Биболдың  Балкенжедей  жас  қызға  «бүлдіргі» 
салғаны. [3;1]. 
«Бүлінгеннен  бүлдіргі  алма»  дегендей,  Балкенжеден  бойына  бітіп  қалған  шарана 
туралы естігенде Бибол «бүлдіргі» деп бұрқанған. Бір «бүлдіргі» аз саған дегендей, Санабике  
Биболдың  әйелі  құрсағы  да  құр  қалмапты.  Үш  бала  аздай  тағы  бір  «топалаң»  түсіпті.  Енді 
бұл  екі  оттың  ортасында  қалды»,  [3;3].–  деген  автор  баяндауының  өзін  түспен  астасып 
жатқанын  келесі  сөйлемдерде  білдіртеді.  «Өң  мен  түс  астасып  кетті.  Ақыры  бірін  болмаса 
бірін  түсіртіп  тастауға  бел  байлайды.  Түсікті  көзі  көрмесе  де,  керең  болғыр  құлағы  естіп, 
көңілі нілдей бұзылған». Автор осы әңгімесінде дүниедегі болып жатқан оқиғалардың,  яғни 

114 
 
әке  мен  бала  арасындағы  қарым-қатынастың  көрсетеді.  Жатырдағы  тар  дүние  тыстағы 
дүниемен қоштасардай болып жатқанда автор түсікке айналған пендеге тағы бір ой салады. 
Қаламгер  әлі  адамға  айналмаған  ұрықтың  өмірде  тастанды  болғысы  келмейтінін  ашық 
береді.  Əңгіме  кейіпкердің  өз  дауысынан  өзі  шошып  түлен  түртіп  оянғанын  түсінуімен 
аяқталады.  Қорытындылай  кеше  "Түсік"  әңгімесінен  қазіргі  заманның  ащы  шындығын 
көреміз. Қоғамдағы белең алып  тұрған проблемалық жағдай. 
 
«Стакан»  әңгімесінде  қаламгер  осы  мәселені  тосын  тәсілмен,  көркем  әдебиетке  тән 
стильмен, ыңғаймен ишаралайды. Аяқ-астынан ойда жоқта жаңа пәтерге көшкен Жәнібектің 
арақпен өмірінің күл-талқан болуы айтылады. «Стаканның сырттағы қожасы  бұған ыдысты 
бос  әкелмейді.  Міндетті  түрде  түбіне  елу  грамдай  қалдырады.  Оған  Жәнібек  те  үйренді. 
Алғашқы  жолы  стакандағы  сарқыннан  жиіркенген  де,    әрі  таңырқанғанда»  [4;3].    Алғаш  
арақты    көргенде  жиіркеніш  сезімі  бойлағанымен,  ол    Жәнібектің  өмірінен  басты  көрініс 
тапты.  Тіпті,  өмірін  түбегейлі  өзгертңп,  оны  құрдымға  тарта  берді.  Ақыры  түбіне  жетті: 
«…Жәнібек те, Василий де  қатты қорылға басқан сәтте, қапталған мол кітаптың етегінен от 
көрінді.  Жалынның  жарығынан  қараңғы  бөлменің  ішін  қараң-құраң  толқынды  сәуле 
қыдырды» [4;14]. Автор өз әңгімелері арқылы жастарды, келешек ұрпақты ең бірінші дұрыс 
жолға,  ақиқатқа  бағыттайды.  Қателіктердің  әсерінен  қоғамдағы  ажырасудың  артуы, 
отбасылардың  бақытсыздыққа  ұшаруы,  жастардың  теріс  әрекетке  бейім  тұратындығын 
тереңнен түсіндіріп, дәлірегі оқырманның өзі түсініп, өзі шешім шығаруын мақсат етеді. Сан 
ғасырлардан  бері  айтылып  келе  жатқандай,  «заман  жастардікі».  Ендеше,  теріс  әрекет  пен 
қылықтардан  аулақ  болып,    жастар  адал  еңбек  пен  кәсіпке  ұмтылуы  тиіс.  Автордың 
қаламынан  шыққан  қазіргі  заман  көрінісін  бейнелейтін  тағы  бір  туындысы  «Казино» 
әңгімесі.Бүгінгі өміріміздің суреттерін беруде түрлі амалдарды, суреткерлік құралдарды осы 
туындыда қолданған. Əңгіме шағын ғана алты бөлімнен құралған. Көркем шығармада автор 
кейіпкердің  мінез-құлқын,  ішкі  жан  дүниесін,  рухани  әлемін,  оның  сыртқы  ортамен 
байланысын  ашып  көрсету  үшін  түрлі  көркемдік  әдіс-тәсілдерді  қолданады.  Оның  бірі  – 
портрет.  Портреттік  очерк  қызықты,  адамның  назарын  аударарлық  жайт  жөнінде 
әңгімелеумен  ерекшеленеді.  Портретті  очерк  міндеті  –  кейіпкердің  жанды  кескіндерін 
суреттеп беру, оның көрсеткен ерлігі туралы, істеген іс-әрекеті, өмірге енгізген жаңалықтары 
туралы хабарлау болып есептеледі. «Құдайсыз қоғамға, имансыз адамға бәрі рұқсат... ештеңе 
жат  емес  екен.  Ал  мұндай  мұндар  дүниеде  өртті  жүрек,  дертті  сана  ақылға  қонақ  бермей, 
асау сезімге ғана бой алдырмақ» [5;1], деп басталған әңгімеден астаң-кестең әлемге кезігеміз. 
Қарынның  тоқтығы,  ақшаның  көптігі    Жошының    осы  жолды  таңдауына  бірден-бір  себеп 
болып  есептеледі.  Бар  мақсаты:  «Хрусталь  Храм»  есімін  алып  журген,  сұлу  Есілаймен 
кездесу, адасушылық жолда құмарлығын басу.   «Кейін үйленді, сәбиді  де сүйді,  бірақ әйел 
затына  деген  суық  бір  сезім  қалып  қойды.  Ол  сезім  ажырастырып  та  жіберді.  Оған  да  еш 
қиналыссыз,  қайта  құтылғанына  көңілі  жайлана    келісті.  Тіпті,  бауыр  еті  –  баласынан  да 
суып кеткен» [5;7].  
Жасы  қырыққа  келсе  де  көңілі  жас  жан  иесі  Жошы  өзінің  іс-  әрекетіне  титтей 
өкінбегенін көруімізге болады. Жошы бейнесінен қатыгездік қасиеттерді   молынан көрсету 
арқылы,  автор  заманның  шынайы  бет-пердесінен  хабар  береді.  Жошы  бәрін  ұмыту  үшін 
тапқан бағыты – Есілайға келуі. Бас кейіпкер өзінің бақытсыз күйін ата-анасынан да көреді: 
«Бәріне кінәлі – әкем. Əкем о қызға «ешқашан да үйлендіртпеймін» деді. Жолаушы болмады 
деді. Шешем мен әжем мені жақтады. Олар – ана ғой... Мен мына тұрған Қаскелең ауданына 
қарасты «Райымбек» ауылында, «апамның баласы» боп, сол ауылдағы мектепте оқитынмын» 
[5;5]  –  деп  ішкі    жайын  күйін  Жошы  Есілайға    сыр  қып  айтқан.  Осы  тіркестерден  ойлы 
оқырман  өзіне  біршама  жайды  түйері  анық.  Ессіз  құмарлық,  жауапсыз  әрекет  Жошыны 
әбден  шатастырды.  «Қызыл  қыш  кірпішпен  төрт  құлақтап  көтерген  зиратқа  іштей  тағзым 
етті.  «Апа,  кешір!  Мен  ақымақпын.  Бүгін  өзіңізге  бас  иіп  кетуге  келдім.  Ендігі  тағдырым 
қалай шайқарын білмеймін... Білетінім  – сіздің мейіріміңіз. Сол ғана сүйеу, сол ғана медет. 
Қош,  апа!  Қоштасуға  келдім,  енді  жолым  түсуі  екіталай...  Кеш,  апа!»  [5;7]  –  деп  анасымен 
қоштасып,  Есілайға  жолығады.  Казино  ендігі  өмірінің  мәні,  өмірінде  оның  құмарын 

115 
 
тарқататын, жн азабын басатын да сол – құмархана. Осылайша, жас ғұмырдың нүктесі Ажал 
мен Жошы арасындағы диалогпен тәмам. 
Асқар Алтайдың  «Түсік»,  «Стакан»,  «Казино»  әңгімелері   қоғамдық шындықты ашық 
жеткізу  арқылы  оқырман  көңіліне  ой  салу,  өкініші  зор  әрекеттерден  сақтандыру.  Əр  түрлі 
әлеуметтік  топтағы  кейіпкерлері  арқылы  қоғамның  ащы  шындығын,  жастардың 
адасушылыққа,  қателікке  бой  алдырып,  теріс  бағытқа  түсіп,  бақытсыздыққа  ұшырауын 
айқын  көріністер  арқылы  береді.  Қазіргі  қазақ  әңгімесінде  бұл  әңгімелер  астарында  бұғып 
жататын  автордың  ақылман  бейнесі  ретінде  көрініс  береді.  Автор  әңгімес  заманалық  қазақ 
әдебиетінің  дамуы  процесіндегі  ерек  құбылыс.  Жазушы  әңгімелері  типтік  ситуацияға 
құрылған.  Қаламгер  қаламымен  сомдалған  түрлі  персонаждар  бастарына  түскен  жағдаятты 
сан алуан жолмен өзгерткілері келеді. Жоғарыда біз қарастырып өткен үш әңгіме бір-бірімен 
тығыз байланыста. Үшеуі де ХХІ ғасыр қоғамының ақиқатын бүкпесіз көрсетіп, жастардың 
жан  ауыртар  ащы  тағдырын  баяндайды.  Асқар  Алтай  әңгімелеріндегі  әлеумет  шындығын 
оқырманы  өз  танымы  арқылы  пайымдай  алады.  Əр  оқушы  өз  ойлау  деңгейіне  сәйкес 
қабылдап,  түсініп,  қорытынды  жасайды.  Міне,  жазушының  өзге  қаламгерлерден  басты 
ерекшелігі  осында.  Жазушы  әңгімелерінде  қоғамда  болып  жатқан  өзекті  мәселелерге, 
адамның  жеке  басының  мүддесі  мен  ішкі  рухани  әлемі  туралы  көбірек  айтылады.  Асқар 
Алтай қазірдің өзінде, кейінгі қалам ұстаған буынға проза саласында өзіндік үлгі-өнегесі бар, 
әдеби  бағдар  десек  артық  болмас  деп  ойлаймыз.  Шығармалары  реалистік  сипат  пен 
көркемдік қиял тұтастығы өмір шындығын  жан-жақты түсінуге жетелейді. 
Асқар Алтай әңгімелерінің құдіреті де осында ма деген ойға қаласың... Қорытындылай 
келе айтарымыз, Асқар Алтай – өз дәуірінің жүйрігі. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Ю.М.Лотман. Текст как обьект 
лингвистического исследования
. М., «Наука», 1981 
2.  Иманасов С. Алтай балладасы//«Ана тілі.» 14.01.2013 
3.  Алтай А. Түсік- 14 бет http://kitap.kz/ 
4.  А. Стакан- 17 бет http://kitap.kz/ 
5.  Алтай А. Казино -24бет http://kitap.kz/ 
6.  Қазақ  әдебиетінің  тарихы.  Он  томдық.10  том.  Тәуелсіздік  кезеңі  (1991-2001жж).  – 
Алматы, 2006. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет